Тәжірибе. а) Оксохлорат бес иондарының тотықтырғыштық активтілігіне ортаның әсері.

Екі пробиркадағы ерітіндісіне КІ ерітіндісін қосыңдар. Содан соң пробиркалардың біріне сұйылтылған күкірт қышқылын құйыңдар. Тәжірибе нәтижелерін салыстырыңдар және түсіндіріңдер.

б) Концентрлі тұз қышқылының оксохлоратпен (V) тотығуы (тяга).

Бертолле тұзына концентрлі тұз қышқылымен әсер етіңдер. Реакция нәтижесінде қандай газ бөлінетінін тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.

16–Тәжірибе. Иодты қышқылдың түзілуі және оның тотықтырғыш қасиеттері (тяга).

а) Суы бар пробиркаға 2-3 тамшы КІ және бензол ерітінділерін құйыңдар, содан кейін тамшылатып хлор суын қосыңдар. Алдымен ерітіндіде түстің пайда болып, сосын түссізденуін түсіндіріңдер.

б) ерітіндісіне тамшылатып натрий сульфаты ерітіндісін қосыңдар. Алдымен ерітіндіде түстің пайда болып, сосын түссізденуін түсіндіріңдер.

Бақылау сұрақтары:

1. Галогендердің тұрақты тотығу дәрежелері қандай және олар табиғатта қандай қосылыстар түрінде кездеседі?

2. Олардың жай заттарын техникалық жағдайда және лабораторияда алу жолдарының ортақ принципі неге негізделген?

3. Мына қатарда мәні қалай өзгереді және оны немен түсіндіруге болады?

4. МО теориясын пайдалана отырып молекуласының дессоциациялану энергиясы неліктен салыстырмалы аз екенін түсіндіріңдер. Мына қатардағы ядроаралық қашықтық қалай өзгереді және ол немен түсіндіріледі: ?

5. Галогендердің стандартты электродты потенциалдарының өзгеруін және иондарының өзгерісін салыстырыңдар. Галогендер қатарында тотықтыру активтіліктері қалай өзгереді?

6. Галогенсутектер қатарындағы келесі қасиеттердің өзгерісін салыстырыңдар: H –Г байланысын; молекулалардың диссоциациялану энергияларын; қайнау және балқу температураларын; тотықсыздандырғыштық қасиеттерін (реакция теңдеулерін келтіріңдер); сулы ерітінділерінің қышқылдық қасиеттерін. Байқалған заңдылықтарды түсіндіріңдер.

7. Мына заттардың мен , мен қышқылдық негіздік қасиеттерін сипаттаңдар. Берілген галогенид жұптарының гидролизі мен бір бірімен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

8. қатарындағы келесі қасиеттердің өзгерісін салыстырыңдар: молекулалардың геометриясын; термиялық тұрақтылығын; қышқылдық қасиеттерін; тотықтырғыш қасиеттерін (екі реакция теңдеуін келтіріңдер). Байқалған заңдылықтарды түсіндіріңдер.

9. Галогендердің сумен әрекеттесу реакциясы теңдеуі мен тепе теңдік константасының мәнін жазыңдар. Галогендердің сулы ерітінділеріне қышқылдар мен негіздерді қосқанда тепе теңдік қай бағытқа ығысады?

10. Сілтілердің суық және ыстық ерітіндісіне хлордың әсері немен ерекшеленеді? Фтордың су мен сілтілерге әсері басқа галогенидтердің әсеріне қарағанда немен ерекшеленеді? Стандартты потенциал мәндерін ескеріңіз.

11. тің бос күйінде кездеспейтіні белгілі, онда тің тұрақтылығын қалай түсіндіруге болады. қышқыл және бейтарап ерітінділеріне КІ ерітіндісін құйғанда реакция жүре ме? Жауаптың негізіне сәйкес жартылай реакциялардың стандартты мәнін келтіріңдер.

12. Сәйкес жартылай реакциялардың мәндерін пайдалана отырып, келесі әрекеттесулер болғанда не байқалатынын анықтаңдар: 1) КІ ерітіндісінің хлор суының артық мөлшерімен; 2) және ерітінділері. Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

13. қатарындағы келесі қасиеттердің өзгерісін салыстырыңдар: молекулалардың геометриясын; термиялық тұрақтылығын; қышқылдық қасиеттерін; тотықтырғыш қасиеттерін (екі реакция теңдеуін келтіріңдер). Байқалған заңдылықтарды түсіндіріңдер.

14. Стандартты электродтық потенциалдарды пайдалана отырып, хлор суына тамшылатып бром (йод суын) және иод суына бром суын қосқанда жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

Наши рекомендации