Зертханалық жұмыс №13
Тақырыбы: Эмульсияны алып, қасиетін зерттеу
Мақсаты: сұйытылған майшыты алып, тегін анықтау; бензол-су майшытындағы көріністі айналдыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұсақ әртекті жүйеге қандай жүйелер жатады? Оның коллоидты жүйемен қандай жалпы қасиеті бар?
2. Майшыт дегеніміз не және олар қалай жіктелінеді?
3. Майшыт тұрақсыздығы неде?
4. Орнықтырушыға қойылатын талап.
5. М/В және В/М тектегінің суретін сал.
6. Майшыттағы жүзгіндік көрініс айналуының мәні неде?
7. Майшыт тегін анықтау әдістері.
Аспаптар мен ыдыстар: микроскоп, шыны әйнек, сыйымдылығы 100 мл, берік тығындалынатын тығынды колбалар.
Реактивтер: натрий олеатының 3% ерітіндісі, бензол, қаныққан СаСl2 ерітіндісі, суданIII және метиленді көк бояулары.
Жұмыс реті: сыйымдылығы 100 мл болатын екі колбаны алады. Оның біріншісіне 10 мл натрий олеатының 3% судағы ерітіндісін, судан III бояуымен боялған 10 мл бензолды құяды. Егер судан III бояуы жоқ болса, онда суды бояйтын метиленді көкті пайдаланады. Енді екінші колбаға 10 мл таза су мен 10 мл бензолды құяды. Мұнан кейін екі колбаны да мықтылап тығындайды да біртекті майшыт алынғанша сілкілей араластырады. Сосын екеуін шамалы уақытқа қояды. Бірінші колбадағы майшыт тұрақты болады да екіншідегі тез бұзылып, екі қабаттағы сұйыққа бөлінеді, мұны тұрақсыз майшыттың бұзылуы дейді.
Алынған майшыттардың түрліше тұрақтылығын түсіндіріңдер.
Колбада түзілген майшыттың тегін анықтау үшін, біріншіден, яғни тұрақтыдан алынған тамшыны шыны әйнекке тамызып, микроскоппен қарап, ненің, қандай боялғанын анықтайды.
Сол сияқты майшыт тегін, шыны әйнектегі тамшылардың бірігуі арқылы да анықтауға болады.
Мұнымен қатар бірінші колбадағы қалдыққа кальций хлоридінің қаныққан ерітіндісінен қосып, сілкілей араластырады. Мұның нәтижесінде пайда болатын жаңа майшыттың тегін микроскоп көмегімен анықтайды.
Жұмыс соңындағы есепте екі жағдайдағы және кері тұстағы майшыт тамшыларын сызып, ондағы тамшы бетінің құрылысын, молекуланың орналасу бағытын суретке салып, көрсетеді.
Зертханалық жұмыс №14
Тақырыбы: Суспензияны алып, қасиетін зерттеу
Мақсаты: сұйытылған майшыты алып, тегін анықтау; бензол-су майшытындағы көріністі айналдыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұсақ әртекті жүйеге қандай жүйелер жатады? Оның коллоидты жүйемен қандай жалпы қасиеті бар?
2. Майшыт дегеніміз не және олар қалай жіктелінеді?
3. Майшыт тұрақсыздығы неде?
4. Орнықтырушыға қойылатын талап.
5. М/В және В/М тектегінің суретін сал.
6. Майшыттағы жүзгіндік көрініс айналуының мәні неде?
7. Майшыт тегін анықтау әдістері.
Аспаптар мен ыдыстар: микроскоп, шыны әйнек, сыйымдылығы 100 мл, берік тығындалынатын тығынды колбалар.
Реактивтер: натрий олеатының 3% ерітіндісі, бензол, қаныққан СаСІ2 ерітіндісі, суданIII және метиленді көк бояулары.