Балалардың спазмофилиясының ұстамасының диагностикасы мен бақылау тактикасы»
Медициналық симуляцияның сценарийі
Клиникалық жағдай: «Балалардың спазмофилиясының ұстамасының диагностикасы мен бақылау тактикасы».
Ситуациялық есеп:Сіз – жедел жәрдем дәрігерісіз. Сізді 7 айлық балаға үйге шақырды.
Ø Сұрастыруды жүргізу: анамнез және шағымдарды жинау
Ø Қарау жүргізу
Ø Болжамалы диагнозды қою.
Соңғы қорытынды (outcomes):
Ø Гипокальциемиялық ұстама кезінде көмек көрсете білу.
Ø Клиникалық диагноз қою
Ø Бақылауды және емнің тактикасын анықтау
Ø Спазмофилиясы бар балаға зертеу жоспарын тағайындау.
Ø Спазмофилияның клиникалық ерекшеліктерін анықтау.
Ø Жалпы қан анализін (6 параметрлер) және жалпы зәр анализін талдау және биохимиялық қан анализін интерпретациялау
.
Бағалау беті (check-list)
Клиникалық жағдайды
Балалардың спазмофилиясының ұстамасының диагностикасы мен бақылау тактикасы».
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Баллмен бағалау | ||
Выполнил правильно | Выполнил с замечаниями | Не выполнил | ||
Анамнез жинау. Барлық сұрақ қойылды ма? | 1,0 | 0,5 | ||
Гипокальциемиялық ұстаманың ауырлық критериін анықтады ма | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді – жалпы қарау | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді – тыныс алу жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді –жүрек қантамыр жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
Болжамалы диагноз | 1,0 | 0,5 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
Дифференциальды диагностиканың жоспары | 1,0 | 0,5 | ||
Өмір анамнезін дұрыс жинады | 1,0 | 0,5 | ||
Ауру анамнезін дұрыс жинады | 1,0 | 0,5 | ||
Вит Д-ны дұрыс тағайындай білді | 1,0 | 0,5 | ||
ЖҚА интерпретациялады | 2,0 | 1,0 | ||
Биохимиялық қан анализін интерпретациялады. | 2,0 | 1,0 | ||
Емдеу жоспарын тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Ұстама терапиясынан кейінгі тағайындама | 1,0 | 0,5 | ||
Емнің тиімділігін бақылау | 1,0 | 0,5 | ||
Пациентпен дұрыс қарым қатынас жасады,қорқыныш сезімін басты. | 2,0 | 1,0 | ||
қорытынды БАЛЛ |
Стандартталған актер үшін мәтін сценариі және оның рөлінің сипаттамасы:
Балаға 7 ай. Жедел тырысу ұстамасы дамуына байланысты жедел жәрдем шақырған.
Сұрақтың мәні | Актер үшін сұрақтар реттілігі | Актер жауабы. |
Ауру басталған уақыт | Баланың ауруы қашан басталды, немен байланыстырасыз? | Кенеттен айғалап тынысы тоқтап қалды, есінен танды, терісі көгеріп кетті, басында тоникалық, одан кейін клонико-тоникалық ұстама басталды. |
Жүктілік анамнезі | Нешінші жүктілік, калай өтті, қалай тамақтанасыз? | Бала тамыз айында II жүктіліктен босанды,I жартысында токсикозбен өтті, мерзіміне жетіп туылды.Туған кездегі салмағы 3400 г, бойы 51 см. |
Өмір анамнезі | Бала қалай өсіп, дамып жатыр? | Бала көп салмақ қосты,казіргі салмағы 9,5 кг. |
Бала қаншалықты жиі аурады? | Бала сирек аурады | |
Бала Вит Д қабылдады ма? | 2 ай бұрын рахит диагностикаланған, витамин Д ем қабылдап жатыр, тәуліктік дозасы 3000 МЕ. Соңғы уақытта анасы баласымен күн көзінде жиі серуендейтін болған. |
Анамнезі: Бала тамыз айында II жүктіліктен босанды, I жартысында токсикозбен өтті, мерзіміне жетіп туылды. Туған кездегі массасы 3400 г, бойы 51 см. 2 айынан бастап рациональды емес жасанды тамақтанады, сүтқышқылды қоспа қабылдады, 4 айынан бастап айран. Қазіргі уақытта 200,0 мл күніне 2 рет айран ішеді, сүт ботқасын 200,0 мл 2 рет күніне, жеміс-жидекті пюре 200,0 г 1 рет күніне.
Объективті:Жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 36,8° С, мұрын біту, сирек дымқыл жөтел, қарау кезінде қарсылық көрсетеді, айғайлайды. Кенеттен айғайлап тынысы тоқтап қалды, есінен танды, терісі көгеріп кетті, басында тоникалық, одан кейін клонико-тоникалық ұстама басталды. Ұстама басылғаннан кейін дене температурасы қалыпты, менингеальды симптомдар жоқ. Баланың шүйде аймағы жалпайған, маңдай төмпешігі айқын, үлкен еңбегі 3,5х3,5 см. «Гаррисон жүлгесі» айқын, «қабырға таспихі» пальпацияланады, тістері жоқ. От карпо-педальды спазм байқалады, Хвостек симптомы оң. Терісі таза. Өкпесінде пуэрильды тыныс , ТЖ=32/мин. Жүрек тондары ашық, ЖСЖ=140 уд/мин. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұр. Үлкен дәреті қалыпты. Бала өз бетімен отырмайды, ауддарылмайды, қозғыштығы жоғары. Өкпесінде перкуторлы өкпелік дыбыс. Аускультативті: везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары ашық, ритмді.
ЖҚА: Hb – 110 г/л, Эр – 3,2х1012/л, Лейк – 10,4х109/л, п/я – 4%, с/я – 23%, эоз – 3%, лимф – 60%, мон – 10%, ЭТЖ – 12 мм/ч.
ЖЗА: түсі-сры, салыст. тығыздығы – 1015, лейк – 2-3 к.а, эр – жоқ.
Биохимиялық қан анализі: жалпы белок – 55 г/л, альбумины – 30 г/л, мочевина – 3,4 ммоль/л, кальций ионизир. – 0,75 ммоль/л, фосфор – 1,8 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 980 ЕД/л (N до 600), глюкоза – 3,5 ммоль/л.