Асептикалық жағдайды әзірлеу.
ТАРАУ 5. СТЕРИЛЬДІ ЖӘНЕ АСЕПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ДАЙЫНДАЛАТЫН ДӘРІЛІК ТҮРЛЕРІ.
Асептикалық жағдайды әзірлеу.
Белгіленуі әртүрлі бірқатар дәрілік препараттар асептикалық жағдайда дайындауды қажет етеді.
Асептикалық жағдайда дайындауды талап ететін дәрілік түрлерге:
-шаншуға арналған дәрілік түрлер;
-микроорганизімдері жоқ қуыстарға енгізілетін ирригациялық ерітінділер;
-көзге арналған дәрілік түрлер (көз тамшылары,офтальмологиялық ерітінділер);
-құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлері;
-жарақаттарды, кілегей қабықтарды емдеуге арналған дәрілік түрлер (сеппелер, жағар майлар, ерітінділер);
- жаңа туған және бір жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер жатады.
Қазіргі кезде дәріхана рецептурасында стилильдік дәрілік түрлердің меншікті салмағы өсіп, құрамы күрделеніп ассартименті көбейді. Бұл дәрілік түрлер құрамында микроорганизімдер мен олардың спораларының болмауымен, микроорганизімдердің минималды мөлшерінің болуымен сипатталады.
Бұл дәрілік түрлерді асептикалық жағдайда дайындау және стирильдеу қажеттілігі келесі жағдайларға негізделген:
1. Құрамында микроорганизімдері бар дәрілік заттарды
тікелей қанға енгізген кезде, ағза зақымданады.
2. Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің
асептикалық жағдайда дайындау қажеттілігі, дәрілік
түрге түскен микроорганизімдердің ферментімен
олардың бұзылуына байланысты,эффективтілігі
жоғалады. Антибиотик белсенділігі
микроорганизімдердің өсуін тоқтатуға шығындалады,
сонымен қатар антибиотиктер жоғары температура
әсерінен белсенділігі жойылады, сондықтан оларды
стирельдеуге болмайды.
Дәріхана жағдайында стерильді дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын негізгі құжаттар: 1.МФ Х, ХІ басылымдарының жалпы фармакопеялық
мақалалары: «Шаншуға арналған дәрілік түрлер»,
«Formae medicamentorum pro injectionibus», «Көз
тамшылары», «Guttae ophthalmicae».
МФ ХІ басылымына кірген ескертпелер, жеке
мақалалар: «Стерильдеу», «Стерильдігін тексеру»,
«Микробиологиялық тазалығын тексеру»,
«Пирогендігін сынау».
2.ҚР 25.03.2002 жылғы N9 «Дәріхана ұйымдарын
орналастыру, жабдықтау және пайдалану санитарлық
ерекшеліктері мен нормалары» бұйрығының сәйкес
бөлімдері:
а) 6-шы бөлім. Дәрілік түрлерді асептикалық жағдайларда дайындау кезінде қойылатын санитарлық талаптар;
б) 9-шы бөлім. Тазартылған суды және инъекцияға арналған суды алуға, тасмалдауға, сақтауға қойылатын санитарлық талаптар;
в) N 4 қосымша. Дәріхана ыдыстарын стерилизациялау және сақтау режимі.
г) N 5 қосымша. Дәріхана ыдысын өңдеудің технологиялық процессі.
д) N 6 қосымша. Жуылған ыдыстың сапасын бақылау.
е) N 12 қосымша. Дәріханаларды микробиологиялық зеріттеу әдістемесі.
Асептикалық жағдайда дайындалатын барлық дәрілік түрлер үшін негізгі және жалпы талап дайын өнімнің стерильдігі, яғни дамудың барлық сатысында болатын микроорганизімдердің барлық түрлерінің болмауы. Ол үшін, біріншіден дәрілік түрді дайындау кезінде асептика жағдайларын сақтау және екіншіден, сәйкес әдіспен (тәсілмен) дәрілік түрді стерильдеу қажет.
Дәрілік түрлердің құрамына кіретін дәрілік заттардың табиғаты және дайындаудың технологиялық процессіне байланысты стерильді дәрілік түрлер екі топқа бөлінеді.
1. Соңғы орамасымен стерильденетін дәрілік түрлер (инъекциялық ерітінділер, көз тамшылары, жууға арналған ерітінділер және т.б.);
2. Стерильдемей, дәрілік түрді дайындау үшін стерильді еріткіш, ыдыс, қосымша заттарды және т.б пайдаланады. Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер, термолабильді заттары бар шаншуға арналған ерітінділер асептикалық жағдайда дайындалады.
Ерітінділерді дайындау процесінде микробтармен ластану мүмкін болғандықтан, асептика ережелерін қатаң сақтауға, өнімнің микробтық ластануын максималды болдырмаудың жағдайларын жасауға көңіл бөлу қажет.
Стерильді дәрілік түрлердің сапасына қойылатын талаптар - халықаралық стандарттардың санитарлық- гигиеналық талаптарына жауап беретін асептикалық жағдайды дайындауды білдіреді.
Асептика- дәрілік препараттарға микроорганизімдердің технологиялық процестің барлық сатысында түсуін минимумға келтіруге мүмкіндік беретін іс - шаралар комплексі, жұмыс режимі.
Асептика жағдайын қамтамасыз ету үшін микробтық контаминация көздерін ескеру қажет. Оларға: бөлме, ауа, дәрілік заттар, қосымша және орамдау материалдары, еріткіш, сонымен қатар жұмысшы персонал жатады.
Асептикалық жағдайда дайындау, бір - бірін толықтыратын, міндетті шарлардың берік тізбегі. Бір этапта жіберілген қате, барлық істелген жұмысты жоққа шығаруы мүмкін. Бұл жағдайларды міндетті түрді орындау, барлық стерильді дәрілік түрлерді, сонымен бірге стерильденетін дәрілік түрлерді дайындау кезінде қолданылады. Стерильдеу өлген микроорганизімдердің жасушалары немесе микроорганизімдердің метаболизімдері болатын, пирогенді заттарды жоймайды. Асептикалық жағдай, термиялық стерильдеуге төзімсіз дәрілік түрлерді дайындаған кезде өте маңызды.
Асептикалық жағдайды әзірлеу келесі мәселелерді қарастырады:
1. Арнайы бөлмелердің – асептикалық блоктардың болуы.
2. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлерді дайындау кезінде санитарлық ережелерді сақтау.
3. Қосымша материалдарды, дәрілік заттарды дайын дәрілік түрлерді стерильдеу.
Арнайы бөлмені дайындау. Асептикалық блок келесі бөлмелерден тұрады: тамбур, асептикалық бөлме, аппараттық бөлме.
Тамбурда, фармацевт - технолог стерильді халат, қалпақ, аяқ киім сыртына бахила киіп, төрт қабатты дәке таңғыш байлайды. Қолын сабынмен щеткамен, дезинфекциялық ерітіндімен (70оС спирттегі хлоргексидин ерітіндісімен, хлорамин ерітіндісімен) жуып, стерильді орамалмен (сүлгімен) кептіреді. Стерильді санитарлық киіммен асептикалық болктың сыртына шығуға тыйым салынады. Асептикалық бөлмеде дәрілерді дайындау жүргізіледі, аппараттық бөлмеде жылу және бу бөлетін аппараттар орналасады (автоклав, дистиляциялық аппараттар және т.б ).
Асепикалық және аппараттық бөлмелер ауа ластануын болдырмайтын, шлюз рөлін атқаратын тамбурмен байланысады. Асептикалық бөлмені аппаратық бөлмеден бөліп тұратын қабырғада дайын дәрілерді және қосымша материалдарды тасымалдауға арналған, қажетті ультра- күлгін ағынымен жабдықталған терезе- шлюз болуы керек.
Асептикалық жағдайда дәрілік түрлерді дайындауға арналған үй жайлардың қабырғалары майлы бояумен сырлануы немесе ашық түсті кафельді плиткалармен қапталуы қажет, олар дөңестерсіз, жарықшақсыз болуы керек. Төбесі желімді немесе эмульсиялық бояулармен сырланады. Едендерінде линолиум немесе релин төселіп, қиыстырылған жерлері міндетті түрде дәнекерленген болуы керек. Есіктері мен терезелері тығыз жабылатын, саңылаусыз және мұқият тазалауға, дезинфекциялауға ыңғайлы болуы керек. Асептикалық блок сүзгілер орнатылған сорып -тартып шығару вентиляциясымен жабдықталып, ондағы ауаның кіруі, сорылып шығарылудан артық болуға тиіс. Бөлмедегі ауаны зарасыздандыру үшін, үй- жайдың әр 1м3 көлеміне 2-2,5 ВТ қуаттан бөлінетіндей есеппен, экрандалмаған бактерицидтік лампалар орнатылып, оларды қызметткерлер болмайтын жұмыс аралығындағы үзіліс кезінде, түнде немесе арнайы бөлінген уақытта - жұмыс басталғанға дейін бір – екі сағатқа қосып қояды. Асептикалық блокқа кіретін тұсқа ашық лампалы қосқыштар: «Кіруге болмайды, бактерицидтік сәуле тартқыш қосулы», немесе «Бактерицидтік шамдар жанып тұр» қосылуы керек. Бұл бөлмелерге бактерицидтік лампалар сөндірілген соң ғана кіруге рұқсат етіледі.
Қызметшілер болатын кездері экрандалған бактерицидтік шамдар пайдалануы мүмкін. Оларда үй – жайдың әр 1м3 1 Вт келетіндей есеппен еденнен 1,8-2,0 метр жоғары орнатылған, үй – жайдағы адамдар олардың сәулесіне тікелей шалдықпайтындай, нақтырақ айтқанда, көлбеу жазық бетіне 50 С-тан 800С аралығында бұрыш жасап шашырайтындай етіп орналастырады.
Асептикалық блокқа кіргізілетін жабдықтар мен жиһаздар алдын -ала өңдеуден өткізіледі. Қабырғаларды сүртуге арналған тазалағыш материал ретінде поролон губкаларды немесе айналасы капрон жіппен әдіптелген салфеткаларды қолдану ұсынылады. Еденді тазалау үшін айналасы қатты материалмен тігілген, дезинфекциялайтын ерітіндімен жібітілген шүберек қолданылады (25.03.2002 жылғы N 9 бұйрықтың 3 қосымшасы). Асептикалық блокта жуып – тазалауға арналған барлық құралдарға (шелек, щетка, еден жуғыш) « Асептикалық блок» деген айқын белгі соғылады және арнайы бөлмеде немесе шкафта сақталады.
Асептикалық блокта тыңғылықты жинап сүртуді сатылап жүргізу қажет. Алдымен есік пен қабырғаларды төбеден еденге қарай жуып сүртеді. Одан кейін стационарлық жабдықтарды жуып дезинфекциялайды, олардың астыңғы бөлігін тазалап, ең соңында еден жуылады. Үй- жайды дезинфекциялағаннан кейін бактерицидтік шамдарды екі сағатқа қосып қояды.
Асептикалық блокқа кіре берісте мөлшері 40х40 см болатын, ауысымда бір рет дезинфекциялайтын ерітіндімен шыланыпотыратын кеуекті резеңкеден жасалған кілемшелер төселеді ( 3 қосымша). Асептикалық блокта жұмыс істейтін қызметшілер санитарлық талаптар мен асептикалық жағдайларда жұмыс істеу ережелерін білуі керек. Асептикалық блокта жұмыс істемейтін қызметшілердің онда кіруіне мүлде тыйым салынады. Стерильдеуге ыңғайлы болу үшін, стол таразылары тот баспайтын болаттан жасалған, ал қол таразылардың металдық майда тізбешеге (шынжырға) ілінген фарфор табақшылары бар болуы керек. Штангластар жақсы тығындалынатын және стерильденген болуы керек.
Барлық құралдар, аспаптар, воронкалар, шпательдер, сүзгіштер, фильтрлер қолдану алдында стирельденеді және оларды бикстерде сақтайды (3 тәуліктен көп емес).Дәрі босататын ыдыстарды бикстерде сақтайды (24 сағаттан көп емес).
Стерильді дәрілік түрлерді дайындау үшін дәріханаларда асептикалық блоктан басқа, сонымен қатар столдық бокстер қолданылады.Олар 2 типті болады.Бірінші типті стол боксы-беті шыны футлярмен жабылған екі тумбалық столдан тұрады. Футлярдың оң жағында жылжымалы есігі болады. Екінші типті столдық бокс футлярдың оң жағының төменгі бөлігінде қолға арналған қуысы болады.
Персоналға қойылатын талаптар.Бір минут ішінде адам,қозғалмай тұрып 100 мың бөлшектер бөліп шығарады.Интенсивті жұмыс үстінде бұл цифра 10 млн.бөлшектерге дейін өседі.1 минут ішінде адам бөліп шығаратын микроорганизімдердің орташа мөлшері 15000-30000, сондықтан жұмысшы персонал жеке гигиенаны міндетті түрде, қатаң сақтауы керек.Персоналға көлемді қылшықты киім киюге болмайды. Асептикалық бөлмеге персонал тек ақ стерильді халат, қалпақ, аяқ киім(бахил),4 қабатты дәке таңғыш киіп кіруіне болады.
Стерильдеу
Стерильдеу(лат.сөзі Sterilis-ұрықсыздандыру)- дамудың барлық сатысында болатын микроорганизімдердің барлық түрлерін объектіде жою, өлтіру процесі болып табылады.Бұл кезде стерильденетін заттардың қасиеттері өзгермеуі қажет.Шаншуға арналған дәрілік түрлерді жасауда стерильдеу өте маңызды роль атқарады.Бқл кезде ыдыстарды, көмекші материалдарды, еріткіштерді және дайын ерітіндіні стерильдеу қажет.Сонымен, инъекцияға арналған ерітінділерді жасапшығару бойынша жұмыс стерильдеумен бастап, стерильдеумен аяқталуы қажет. Стерильдеудің күрделі проблемалылығы бір жағынан микрооргонизімдердің өте әртүрлілігі жіне жоғары өмір сүргіштігі, екінші жағынан көптеген дәрілік заттардың және дәрілік түрлердің (эмульсиялар,суспензиялар және т.б) термолабильдігі немесе басқа стерильдеу әдісін қолдану мүмкіншілігі болмайтын жағдайлар болып табылады.Сондықтан стерильдеу әдістеріне дәрілік түрдің қасиеттерінің сақталуы және оларды микроорганизімдерден ажырату талаптары қойылады.
Стерильденетін объектілердің түріне, (дәрілік заттар тығын материалдары, қосымша материалдар, арнайы киім т.б) олардың химиялық және физикалық қасиеттеріне , салмағына , көлеміне байланысты стерильдеудің әртүрлі әдістері қолданылады.
МФ XI, басылымына »стерильдеу» мақаласы еңгізілген, онда стерильдеудің келесі әдістері берілген: термиялық-бу және ауа арқылы, химиялық, фильтрлеп стерильдеу радияциялық.
Стерильдеу тәсілін жалпы екі топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық.
Стерильдеудің физикалық әдістері-жоғары температураны (жылумен стерилизациялау), жиіліктің ультра жоғары тоқтарын, ультракүлгін және иондаушы сәулелерді, ультрадыбысты, фильтрлеуді қолдану арқылы жүргізіледі.Медициналық мекемелерде іс жүзінде ең жиі тараған стерильдеу әдісі- бумен немесе құрғақ ыстық ауамен (жылумен)қыздыру.
Жылумен стерильдеумикроб клеткаларын пирогенетикалық бұзуға,ақ уыздарды(белоктарды) қайтымсыз коагуляциялау немесе микроорганизімдердің ферменттік жүйелерін зақымдауға негізделген.
1.Ыстық ауамен стерильдеу.Ауа стерилизаторларында 180-200 С температурада құрғақ ауамен жүргізіледі.Стерильдеу эффекті температураға және уақытқа байланысты. Бұл кезде ақ уыздардың пирогенетикалық ыдырауынын нәтижесінде микроорганизімдердің барлық формалары жойылады.
Дәріхана жағдайында ауамен стерильдеу үшін кептіргіш-стерильдегіш ШСС-250 маркалы шкаф, кептіргіш СС-200 стерилизатор, сонымен қатар кіші көлемінде ВП-10, ГП-20 және ГП-40 маркалы стерилизациялық камералар қолданылады.Үлкен аурухана дәріханаларында жиі кептіргіш-стерильдегіш ШСС-500, ШСС-1000 П, ШПП-500П және Шсс-100П маркалы шкафтар қолданылады.
ШСС маркалы шкафтар стерилизациялық камераның конструкциясымен қуатына (көлеміне) байланысты ажыратылады.
Стерильденетін объектілер тиісті ыдыстарға салынып, тығыз жабылған және стерилизаторларға емін-еркін орналасқан болуы керек.
Ауаның жылу өткізгіштігі жоғары болғандықтан, стерильденетін объектілердің қызуы баяужүреді,сондықтан, тиеу қыздырылмаған стерилизаторларға немесе ішіндегі температураға 60 С аспаған кезінде жүргізіледі.
Бұл әдіспен қандай заттарды стерильдеуге болады:
А) Ауамен стерильдеу әдісі- температураға тұрақты ұнтақ тәрізді дәрілік заттарды стерильдеу үшін қолданылады (натрий хлориды,мырыш тогтығы, тальк, ақ балшық және т.б) Стерильдеу тәртібі 16 кестеде көрсетілген.
Кесте 16
Ұнтақ заттарды стерильдеу тәртібі
Үлгі салмағы, г | Температура, С | Минималды стерилизацияға төзім уақыты, мин |
25 дейін | ||
25-нан 100 дейін | ||
100-нан 200 дейін |
Біркелкі қыздыру мақсатында ұнтақтар қабатының қалындығы 6-7 см жоғары болмауы керек.
Б) Минералды және өсімдік майлары, тоң майлар,ланолин, вазелин,балауыздары ыстық ауамен стерильдеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі.(кесте 17)
Кесте 17
Минералды және өсімдік майларын стерильдеу тәртібі
Үлгі салмағы, г | Температура, С | Минималды стерилизацияға төзім уақыты, мин |
100 ға дейін | ||
100-нан 500 ға дейін |
Сенімді стерильдеу үшін шекті салмақ 500 г аспауы керек.
А) Шыны, металл, силиконды, резина, фарфор заттары, фильтрлеп стерильдеуге арналған фильтрлі қондырғылар, фильтрат қабылдағыштары 180 С температурада 60 минут стерильденеді, майда шыны және металл заттарын (воронкалар, пипеткалар және т,б) кептіргіш шкафтарда арнайы бикстерде стерильдейді.
Дәрілік заттардың ерітінділерін кептіргіш шкафтарда стерильдеуге болмайды, себебі, 180-200 С температурадағы ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан ерітінділерді стерильдеу температурасына дейін тез қызуын қамтамасыз ете алмайды.
Флакондардың ішкі және сыртқы қысымдарының айырмашылығы әсерінен құтылар жарылады.
2.Стерильдеудің термиялық немесе жылумен стерильдеудің II тәсілі – бумен стерильдеу болып табылады.
Жоғары температурада және ылғал қатысына жүргізіледі.Фармацевттік іс-тәжірибеде бумен стерильдеудің бірнеше әдістері қолданылады, солардың ішінде әлдеқакйда сенімді, тез және үнемдісі- қаныққан су буы және артық қысыммен, атап айтқанда: 0,11 +=0,02 Мпа (1,1+=0,2КГС/СМ) температура (120+2) С; 0,2+ 0,02 мПА (2,2+0,2кгс/см), температура (132+2) С,стерильдеу болып табылады.
Қаныққан су буы- ол, түзілетін сұйықтықпен тепе-теңдікте болатын су.Қаныққан будың белгісі температураның қысымға қатаң тәуелділігі ( кесте 18)
Кесте 18