Электр тоғымен жарақаттану
I-Кіріспе бөлім.
Улы заттар және химиялық зақымдалу дегеніміз не?
II-Негізгі бөлім.
1) Улы заттармен улану:
а)электр тогымен жарақаттану;
2) Химиялық зақымдалу ошағына сипаттама.
а) Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет.
III.Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе бөлім.
Улы заттар және химиялық зақымдалу дегеніміз не?
Улағыш заттар — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді.
Химиялық зақымдану ошағының мөлшері химиялық қауіпті заттың төгілу көлеміне, төгілу сипатына (еркін, түбіне немесе үйілу), метеожағдайға, заттардың уландырғышына және адамдардың қорғану дәрежесіне байланысты.
Химиялық зақымдану аймағы химиялық зақымдану ошағын құрайтын бөлім болып табылады. Ол зақымданған ауа бұлтының алғашқы және қайталама таралу масштабымен сипатталады. Химиялық зақымдануы мүмкін аймақты және іс жүзіндегі химиялық зақымдану аймағын ажыратады.
II-Негізгі бөлім.
1) Улы заттармен улану:
Уланған кезде алғашқы көмек жұмысшылардың өздеріне (өзіне және бір-біріне көмек көрсету) және арнайы, медицина қызметкерлері көрсететін шараларынан тұрады.
Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.
Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.
Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.
Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.
Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін ( жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.
Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.
Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты, қосымша шаралар жасалады.
Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.
Алғашқы медициналық көмек:
- ауырсынуды басатын егу жасау;
- зардап шеккен адамды құстыруға, оның асқазанын шаюға, ауыз арқылы іш жүргізетін және ауырсынуды басатын дәрілер беруге болмайды.
Ауыр металлдармен, олардың тұздарымен және күшәнәмен уланудың белгілері: ауыздағы темірдің дәмі, жүрек айну, құсу. Тамағының қызаруы, Жұтқанда ауырсыну, іштің ауыруы мен өтуі. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету.
Бір мезгілде асқазан-ішек жолдарының зақымдалуынан жүрек айну, құсу, іш өту, асқазанан қан кетуі мүмкін.
Сынап және қорғасын тұздарымен уланғанда қызылиекте қою түсті жиек жаралар пайда болады. Тістің түбі босайды. Сонымен бірге, сынап тұздары асқазан-ішек жолдарының шыршты қабаттарын күйдіреді. Ағзаға у дем алу органдары арқылы түссе, дем алу жолдары ауыр зақымдалады: қалтырау, мұрын бітелу, жиі құрғақ жөтел, ентігу пайда болады. 1,5-2 сағаттан кейін улы пневмония дамып, өкпе ісініп кетеді.
Бір мезгілде орталық жүйке жүйесі зақымдалады, артық шамданғыштық, қозу, көзде қос көріну, ұйқы бұзылу, сананың ауысуы пайда болады. Аяқ-қолдың тырысып қалуы мүмкін, ол әрі қарай ессіз күйге айналып, зардап шегуші қаза табуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек:
- зардап шеккен адамға мақта -дәке таңғышты таңып, тез арада оны таза ауаға шығар;
- таза сумен көзін шайып, аузы мен мұрынын шаю үшін таза су бер;
- терінің ластанған тұстарын сабынмен жу;
- егер зардап шеккен адам ояу болса, құстыруға тырыс;
- оған 1-1,5 л суды ішкіз де екі саусақпен жұтқыншақты қоздыру арқылы қайта құсқыз (асқазанды шаю). Осындай асқазанды шаюды 2-3 рет қайтала. Асқазанға барған сумен шыққан судың мөлшері бірдей болу керек;
- асқазанды шайып болғаннан кейін 30-50 гр сіңіргіштердің бірін - ақ топырақты немесе активтендірілген көмірді бер;
- зардап шеккен адамға тұзды іш жүргізетін дәрі беру керек. Егер зардап шегуші ерекше қозып тұрса құрамында магниі бар іш жүргізетін дәріні бер, ол орталық жүйке жүйесін қалпына келтіреді;
- зардап шегушіні тез арада емдеу мекемесіне жеткізуге тырсу қажет.
Электр тоғымен жарақаттану
Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық әлектр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді.
Тоқтың соғуы - организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі әсерден туындайтын құбылыс.
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрсуы, дірілдеу.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.
Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денедегі ауырылықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді.
Естен айырылу, дене температурасының төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызыметінің әлсіреуі, дененің құрысуы.
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы тоқ ілгегі деп аталады. Ол төменгі, жоғары және толық ілгек болып бөлінеді.
Төменгі ілгек - аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).
Жоғары ілгек - қолдан -қолға (қауіптірек)
Толық ілгек - өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ- қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
I - дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
II - дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есіне айырылады;
III - дәрежеде зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
IV - зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек: алғашқы көмек көрсеткен сәттердің бірі - зардап шегушіні электр тоғына тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, мұхият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбекті тоқтан ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізігштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұхият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиялық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайындағы адамға «ауыздан - ауызға» және «мұрынға - ауыз» әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.
Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.
Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыру мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.