Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету электр тоғымен зақымданудан

Тоқ жүру бөліктерінің қол жетімсіздігі оларды сенімді оқшаулау жолымен, қорғайтын қоршауларды қолданумен (қаптамалар, қақпақтар, торлар және т.б.) қол жетімсіз биіктіктегі тоқ жүретін бөліктерін орналастыруға рұқсат етіледі. 1000 В дейінгі кернеулі қондырғыда оқшауланған сымдарды қолдану жеткілікті қорғануды қамтамасыз етеді. Сенімді оқшаулау немесе тоқ жүретін бөліктің қоршауына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қауіпті аумаққа адамның түсуі кезінде қауіпті кернеуді автоматты түрде өшіру үшін, қоршау (электрлік және механикалық) қолданылады. Оқшаулауды конструктивті орындау қондырғының кернеуіне байланысты. Қоршаулар кілт пен аспаптың көмегімен оларды ашуға және алуға болатындай етіп жасалуы қажет. Тұрғын, қоғамдық және басқа тұрмыстық жайлардағы тоқ жүргізетін бөліктерді сеткамен (тормен) қоршауға рұқсат берілмейді. Қоршаулар мұнда тұтас болуы қажет.

56. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету қосарлы оқшаулар потенциалдарды теңестіру. Қосарлы оқшаулау. Тоқ жүргізетін бөліктердің негізгі жұмыс оқшаулауынан басқа қос оқшаулауларына кернеуде қалып қоюы мүмкін металл тоқ жүргізбейтін бөліктерімен жабылады. Электр аспаптарының корпустары оқшаулайтын материалдардан жасалуы мүмкін (пластмассалар, капрон). Қосарлы оқшаулауды кеңінен пайдалану механикалық бүлінуіне төзімді пластмассалар мен жабындылардың жоқ болуына орай, шектеледі. Сондықтан, қосарлы оқшаулауды пайдалану шектелген. Ол шағын қуатты электр жабдықтарында қолданылады (аспап, тасымалданатын тоқ қабылдағыштар, тұрмыстық аспаптар).

57. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету кернеудің жоғары жағынан төменгі жағына ауысу қауіпінен қорғану. Кернеудің жоғары жағынан төменгі жағына ауысуы қауіпінен қорғану. Атаулы шамадан едәуір асатын желідегі кернеудің пайда болуы осы кернеуді оқшаулауға есептелмеген тоқ қабылдағыштардың істен шығуына да, жұмыскерлердің тоқпен зақымдануына да әкеп соқтыруы мүмкін, өйткені корпуста тұйықталу болуы мүмкін және де қауіпті кернеулі жанасу мен адымның пайда болуы мүмкін. 1000 В дейінгі кернеулі желіден қорғау осы желіге жоғары кернеудің өту мүмкіндігінен оқшауланған бейтараппен тесіп өтетін тежегіш қондырғының көмегіме жүзеге асырылады. Жерге тұйықталған бейтарапты желілерге тежегіштер орнатылмайды. Оларды қорғау RЗ жергі тұйықтауға қарсы тұруды дұрыс таңдауды қамтамасыз етіледі.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету электр тоғының зақымдау дәрежесі

Электр желілері мен қондырғылары олардың тоқ жүргізетін бөліктері кенеттен жанасуына қол жетімсіз болатындай орындалуы керек.Тоқ жүру бөліктерінің қол жетімсіздігі оларды сенімді оқшаулау жолымен, қорғайтын қоршауларды қолданумен (қаптамалар, қақпақтар, торлар және т.б.) қол жетімсіз биіктіктегі тоқ жүретін бөліктерін орналастыруға рұқсат етіледі. 1000 В дейінгі кернеулі қондырғыда оқшауланған сымдарды қолдану жеткілікті қорғануды қамтамасыз етеді. Сенімді оқшаулау немесе тоқ жүретін бөліктің қоршауына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қауіпті аумаққа адамның түсуі кезінде қауіпті кернеуді автоматты түрде өшіру үшін, қоршау (электрлік және механикалық) қолданылады. Оқшаулауды конструктивті орындау қондырғының кернеуіне байланысты. Қоршаулар кілт пен аспаптың көмегімен оларды ашуға және алуға болатындай етіп жасалуы қажет. Тұрғын, қоғамдық және басқа тұрмыстық жайлардағы тоқ жүргізетін бөліктерді сеткамен (тормен) қоршауға рұқсат берілмейді. Қоршаулар мұнда тұтас болуы қажет.

ПУЭ сәйкес, электр тоғымен адамдардың зақымдану дәрежесі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жоғары қауіпі бар жайлар.

Жағдайлардың бірінің болуымен сипатталады:

- ток өткізуші шаңдар;

- ток өткізетін едендер (металлды, жерлік және т.б.);

- жоғары температура (35°С жоғары 1 тәуліктен астам);

- салыстырмалы ылғалдылық ( 75% жоғары 1 тәуліктен астам);

- ғимараттың металл конструкцияларына, бір жағынан жермен, екінші жағынан электр жабдықтарының металл корпусына байланыстырылған технологиялық жабдықтарға адамның бір сәтте жанасуы мүмкіндігі.

2. Өте қауіпті жайлар.

Электр тоғымен зақымданудың ерекше қауіпін тудыратын келесі жағдайлардың біреуінің болуымен сипатталады:

- ерекше ылғалдылық (ылғалдылығы шамамен 100%);

- химиялық белсенді немесе қоршауларға әсер ететін органикалық орта (қышқыл, сілтілі булар, көгеру, саңырауқұлақтар және т.б.);

- жоғары қауіпті жайларға арналған бір уақыттаға екі немесе одан да көп жағдайлардың болуы.

3. Жоғары қауіпі жоқ жайлар

Оларда жоғары немесе айрықша қауіп тудыратын жағдайлар жоқ.

59. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету сақтандырғыш жерге тұйықтау, нөлдендіру, сөндіру. Сақтандырғыш жерге тұйықтау – әдейі жасалған жермен электр байланыстары немесе оның кернеулі болуы мүмкін металлды тоқ жүргізбейтін бөліктерінің эквиваленті. Сақтандырғыш жерге тұйықтаудың мақсаты – кернеуі жоқ дұрыс жатқан жабдықтардың металды бөлігіндегі жерге қатысты қауіпсіз кернеу шамасына дейін төмендету. Жерге тұйықталған жабдықтардың корпусында тұйықталу нәтижесінде, жанасу салдарынан, корпусқа жанасуынан адам арқылы өттін тоқ кернеуі төмендетіледі. Сақтандырғыш жерге тұйықтау жердегі тоқтың жайылуынан жерге тұйықталуға қарсыласуы төмендеуімен ұлғаймайтын жерге тоқтың тұйықталуы жағдайында ғана тиімді болуы мүмкін. Бұл RЗ қарсыласуға шамамен байланысты емес IЗ тоғының қысқаша тұйықталуы кезінде бейтарапты оқшауланған желілерде ғана мүмкін, ал ол негізінде сымдарды оқшаулауының қарсыласуымен айқындалады. Жерге тұйықталатын қондырғылар шығарғыш және контурлы болады. Шығарғыш жерге тұйықталатын қондырғылар жерге тұйықталған аз тоқ қолданылады, ал контурлы-көп кезінде. ПУЭ сәйкес, қондырғыларды жерге тұйықтауды келесі түрде орындау қажет:

- ауыспалы токтың 50В жоғары кернеуінде, 120В және одан жоғары қалыпты тоқ-барлық электр қондырғыларында;

- ауыспалы тоқтың 25В жоғары кернеуінде және 60 В жоғары қалыпты тоқ – жоғары қауіпі бар жайларда және сыртқы қондырғыларда өте қауіпті;

- барлық кернеудегі жарылыс қауіпі бар жайларда.

Жерге тұйықталатын қодырғы үшін біріншіден, кәдімгі жерге тұйықтағыштар қолданылуы қажет:

- жерге төселген су құбырлары;

- жермен сенімді байланыстырылған ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкциялары;

- металл қабықты кабель (алюминдіден басқа);

- артезиан ұңғымасын шегендеу құбыры.

Жанғыш сұйықтықтары мен газдардың құбыр өткізгіштерін, жылу жолдарының құбырларын жерге тұйықтау ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Табиғи жерге тұйықтағыштар екіден кем емес әртүрлі жерлердегі жерге тұйықтау магистраліне байланыстырылуы қажет.

Жасанды жерге тұйықтағыштар ретінде қолданылатындар:

- 3,5 мм, 2-3 м ұзындықтағы 3,5 мм қалыңдықтағы болат құбырлары;

- 4 мм кем емес қалыңдықтағы тілме болат;

- 4 мм кем емес қалыңдықтағы бұрыштық болат;

-12 мм диаметрден кем емес, 5 м дейінгі және одан артық ұзындықтағы шыбық мырышпен қапталған болат.Жерге тұйықталатын қондырғылардың барлық элементтері бір-бірімен дәнекерлеудің көмегімен біріктіріледі, дәнекерленген жерлері таушайыр (битумный) лагімен жабылады. Бұрандамалардың көмегімен электр жабдықтарының корпустарына жерге тұйықтағыш өткізгіштерді байланыстыруға рұқсат беріледі. Нөлге жеткізу – кернеулі болуы мүмкін металды тоқ жүргізбейтін бөліктерін нөлдік қорғау өткізгіштерімен әдейі электрлі байланыстыру. Нөлдік қорғау өткізгіші – тоқ көзі немесе оның эквиваленттерінің ораманың бейтарап нүктесімен байланыстыратын нөлге келтіретін бөліктері.Нөлге келтіру жерге тұйықталған бейтараппен (TN жүйелері) қолданылады. Фазаның бұзылуы туындаған жағдайда электр жабдықтарының металл корпусында бір фазалы қысқа тұйықталу пайда болады, ол қорғаудың жылдам іске қосылуына және сонымен бірге қуат желілерінің зақымданған қондырғыларының автоматты түрде өшуіне әкеп соқтырады. Осындай қорғау болып табылатындар: қысқа тұйықталу тоғынан қорғау үшін, орнатылған созылмалы сақтандырғыш немесе максималды автоматтар; жинақталған тіркеуін ағытатын автоматтар.Қорғау сөндіргіштері – адамның электр тоғымен зақымдану қауіпінің пайда болуы кезінде электр қондырғыларын атоматты түрде сөндіретін қорғау жүйесі (зерге тұйықтау кезінде, тежеу қарсыласуын төмендету, жерге тұйықтаулардың ақаулығы немесе нөлге келтіру). Қорғау сөндіру жерге тұйықтау немесе нөлге келтіруді, сонымен қатар оған қосымша бірнеше жағдайларды орындау қиындық тудырған жағдайда қолданылады. Кірме шамасы болып табылуына байланысты өзгеріске жауап қайтаратын қорғау сөндіргіштері қорғау сөндіргішінің сызба нұсқасын белгілейді: жерге қатысты кернеу; жерге тоқтың тұйықталуы; кернеуге немесе нөлдік реттілік тоғы; жерге қатысты кернеу фазасына; қалыпты және ауыспалы жедел тоқтар; жинақталған.Нөлдік реттіліктегі ток кернеуіне жауап беретін қондырғы оқшауланған бейтарап пен шағын ұзындығымен 1000В дейінгі кернеулі үш өткізгішті желілерде қолданылады.Тұйықтауға жауап беретін қорғау сөндіргіш қондырғысы жерден оқшауланған қондырғының корпусы үшін қолданылады (қолды электр аспаптары, жылжымалы қондырғылар және т.б.).Нөлдік реттіліктегі тоққа жауап беретін қондырғылар жерге тұйықталған және оқшауланған бейтарапты желілерде қолданылады.

60. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ӨҚҚЕ) "Өрт қауіпсіздігі туралы"

Қазақстан Республика заңындағы түсініктер: өрт, өрт қауіпсіздігі, өрт

қауіпсіздігінің талабы, өрт қауіпсіздігінің бұзылуы, өрт қауіпсіздігінің

режимі, өрт қауіпсіздігінің шаралары, өрт қорғау, мемлекеттік өрт

қауіпсіздігі бақылау, ведомствалық өрт қауіпсіздігінің бақылау, өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестілік, өрт қауіпсізділігінің нормативтік

құжаттары, өрттің алдын алу шаралары. Өрт қауіпсіздігін жалпы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету ҚР 2013 ж «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңында негізделген. Бұл заңда мынадай түсініктер қарастырылған:

- өрт – материалдық шығынға әкеліп соқтыраты және басқару мүмкін емес жану болып табылады да, ол адамдардың ден саулығы мен өміріне және мемлекет мүддесіне зиян келтіреді;

- өрт қауіпсіздігі – ол адамдардың, олардың мүлкінің, әлеуметтің және мемлекеттің қаупсіздігі;

- өрт қауіпсіздігі талабы – әлеуметтік және техникалық сипатты арнайы шарттар да, олар заң тұрғысынан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған;

- өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы – өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы немесе оның жеткілікті түрде орындалмауы;

- өрт қауіпсіздігі режимі – адамдардың өзін ұстау ережелері, өндіріс үрдісін және өндіріс бөлмелерін өрт қауіпсіздігі тұрғысынан ұйымдастыру;

- өрт қауіпсіздігі шаралары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс – әрекеттер де, сонымен бірге өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау шаралары;

- өрттен қорғау – қабылданған тәртіппен құрылып өрттің алдын алуды, оны сөндіруді және оған жүктелетін авариялық құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын басқарушы орган;

- мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау – ҚР заңына сай өндіріс орындары мен жеке тұлғалардың орт қаупсіздігі талаптарының орындалуын бақылау мен оны тексеру өорытындылары бойынша шара қолдану жөніндегі әс-әрекеттері;

- ведомствалық өрт қауіпсіздігін бақылау – құрылымдар мен олардың қарамағындағы атқарушы органдардың өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын бақылайтын және шара қолданатын ведомствалық өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасы;

- өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілік – өнімнің немесе басқа объектілердің, сол сияқты келісім шартқа сай жұмыстың орындалу нәтижесінің техникалық регламент талабына, стандартқа және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;

- өрт қауіпсіздігінің нормативтік құжаттары – Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалық регламенттер, стандарттар және жаңадан пайдалануға берілген өрт қаіпсіздігі ережелері мен орындалуға міндетті басқа да инструкциялар.

- өрттің алдын алу шаралары – өрт қаупін туындатуы мүмкін себептерді болдырмау да, егер өрт бола қалған жағдайда оның салдарын өршітпей тоқтату;

- өрт қауіпсіздігінің алғашқы шаралары - өрттің алдын алу мақсатында қабылданған нормалар мен ережелерді жүзеге асыру, өртті сөндіруді ұйымдастыру іс-шараларына жататын алғащқы өрт-техникалық және интелектуалды құралдар, соның ішінде өрт техникачы мен қондырғылары және өрт сөндіргіштер, өртке төзімді заттар мен электрондық есептеу машинасы және базалық ақпараттар көмегімен, өрттен адамдар мен дүние-мүлікті құтқару, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен алдын алу.

Өрт қауіпсіздігі жүйесі деп құрал жабдықтар мен адам ресурсын айтада да, мұнан басқа оған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және өрт қаіпсіздігіне бағытталғвн әлеуметтік, ғылыми-техникалық іс-шаралар жатқызылады. ҚР заң құжаттарына сай өрт қаупсіздігін қамтамасыз ететін негізгі жүйеге мемлекеттік басқару органдары, жергілікті жердің мемлекеттік өзің өзі басқару органдары, ұйымдар, және өрт қауіпсіздігіне өзінің үлесін қосатын азаматтар жатады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе негізінен мынадай функцияны жүзеге асырады:

- өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік-құқықтық үйлестіру мен мемлекеттік шараларды жүзеге асыру;

- өрт қауіпсіздігі қызметін жасау және оның жұмысын ұйымдастыру;

- өрт қауіпсіздігі жұмыстарын жолға қою;

- өрт қауіпсіздігі құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін жүзеге асыру;

- өрт қауіпсіздігін насихаттау мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету;

- ерікті өрт қауіпсіздігі қоғамына жәрдем жасау және тұрғындарды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларына тарту;

- өрт қауіпсіздігін ғылыми техникалық жетістіктермен қамтамасыз ету;

- өрт қауіпсіздігі саласын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;

- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік бақылау мен инспекциялау;

- өрт-техникалық бұйымдарын жасау;

- өрт қауіпсіздігі саласында жұмыстар істеп, қызмет көрсету;

- өрт қауіпсіздігі саласында жасалынатын жұмыстар мен қызметтерді лицензиялау мен өнімдерді сертификациялау;

- өртке қарсы қамсыздандыру, салықты жеңілдету сияқты өрт қауіпсіздігіне жұмылдыратын жұмыстар атқару;

- өртті сөндіру мен оған байланысты кезек күттірмейтін авариялық құтқару жұмыстарын атқару;

- өрт пен оның салдарларын тізімдеу;

- маңызды өртке қарсы шараларды тағайындау

61. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету потенциалды тұтандыру көздері. Потенциалды тұтандыру көздері. Тұтандыру көздері жанудың алғы шарты болып табылады да олар ашық жалын, қыздырғыш элементтер мен приборлар жылуы, электр энергиясы, механикалық ұшқын энергиясы, статикалық және найзағай разряды, заттардың өздігінен жану энергиясы т.б. Өздігінен жану жылулық, химиялық және биологиялық болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылулық өздігінен жану жылу энергиясын жинаумен түсіндіріледі де, бұл үрдіс нәтижесінде заттардың өздігінен түтанып жануы басталады. Мұндай жағдайда заттардың өздігінен тұтану температурасы өрт қауіпсіздігінде маңызды орын алады да, ондай температура 80 – 150 °С аралығында жатады.Химиялық өздігінен жану бірден жалындап жанып, анорганикалық заттар, мәселен натрий гидросульфаты суланғанда өздігінен жанады да, ал органикалық заттар қышқылмен жанасқан кезде ғана заттардың өздігінен жануы басталады.Микробиологиялық өздігінен жану микроағзалардың тіршілігі барысында қоректік ортада жылу шығаруымен байланысты (сұлы, торф, ағаш жаңқасы т.б.).

62. Өрт пен жарылыстың қауіпті факторлары. Өрт пен жарылыстың қауіпті факторлары.Өрттің қауіпті факторларының біріне сол өрт болған жерде оттегінің жетіспеушшлігі жатады да, ол оттегінің жану үрдісіне жұмсалатындығымен түсіндіріледі. Ауадағы оттегі 16 – 18%-ға азайғанда жүрек соғысы жылдамдап, қозғалу координациясы қалыпты жағдайдан ауытқып, адамның ойлау қабілеті төмендейді. Ауада оттегі 9%-ға төмендегенде адам есінен танады да, оның 6%-ға төмендеуінің бир минут уақыты адамды өлім халіне душар етеді. Себебі ауада оттегінің азайғанын адам сезбей де қалады. Оттегінің ауадағы шектік рұқсат етілген деңгейі 17%. Өрттің қауіпті факторының біріне ауадағы СО жатады да, қалыпты жағдайда ол жанғыш, иіссіз және түссіз газ болып табылады. СО-нің әсерінен қанның оттегіні еріту қасиеті жоғалады да, оның ШРД-сі 0,1%-дан асқан кезде бас ауруы, жүрек айнуы, адамның жалпы өзін нашар сезінуі байқалады. СО-нің 0,5%-мен 20 – 30 мин. тыныс алу адамды өлім халіне ұшыратып, ал СО-ның 1%-ымен демалу оны 1 – 2 минутқа дейің қысқартады.СО-мен салыстырғанда СО2-нің аздап қышқыл дәмі болады да, ауда СО2 10% болған кезде адам есінен танады. СО2-нің ШРД-сы 6%.Өртті жабық кеңістікте СО2-өрт сөндіргішімен сөндіру барысында онымен уланып қалу мүмкіндігі туындайды. Улану өртті қолмен және автоматты СО2 өртсөндіргіштермен сөндіру баысында орын алуы мүмкін.Өрт түтінденіп жанғанда аса қауіпті болып табылады. Себебі түтінде адам ориентациясын жоғалтады да, бұл жағдайда адам өрт ортасында ұзақ уақыт болып, оның СО және СО2-мен улану уақтысы ұзарады. Мұнан басқа өрт ортасында, жанып жатқан заттардың түрдеріне байланысты күкірт, тұз, күкіртті, фторлы сутек, кремний т.б. қышқыл булары болады. Оған қоса, өрт түтінденіп толық жанбаған кезде, әсіресе теріден жасалынған заттар шала жанған кезде, ауада өткір иісті альдегидтер және кетондармен бірге циан қсылыстары мен күкірт қосылыстары пайда болады. Мұндай жағдайда ауада пайда болатын синиль қышқылдарының 0,01өмірге қауіпті болып табылады да, оның 0,027% өлімге әкеліп соқтырады.

63. Өрт профилактикасының негіздері. Өрт профилактикасы негіздері.Өрт қаупін шектеу өрт профилактикасында негізгі роль атқарады да, ол мынадай техникалық және ұйымдастырушылық жүйесімен жүзеге асырылады:

- өрттің сипатына байланысты өрт сөндіргіш құралдар мен қондырғылар және өрт сигнализациясы;

- материалдарды өртке қарсы антипиренмен және өртке тұрақты боямен сырлау;

- өрттің таралуын шектейтін қондырғылар;

- өрттен қорғану жүйелерін пайдалану;

Бұл көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы номалық-құқықтық құжаттарды білу мен онда көрсетілген талаптарды орындау міндетті болып табылады. Бұл орайда қызметкерлерді өрт қауіпсіздігіне үйрету өртке қарсы инструктаждармен таныстыру арқылы орындалады да, олар сипатына және өткізу уақытына байланысты кіріспе, жұмыс орнында алғашқы, қайталау, жоспардан тыс және арнайы болып бірнеше түрге бөлінеді. Бірақ өндірісте өрт-техникалық минимумында оқып жүрген қызметкерлер кіріспе және алғашқы инструктаж өтуден босатылуы мүмкін.

64.Жарылыс және өрт қауіпсіздігі категориялары бойынша ғимараттар мен үйлердің жіктелуі. Жарылыс және өрт қауіпсізідігі категориялары бойынша ғимараттар мен үймереттерді классификациялау. Жарылыс және өрт сипатына байланысты бөлмелер А, Б, В1 – В4, Г және Д категорияларына, ғимараттар А, Б, В, Г және Д категорияларына, ал сыртта орналастырылған қондырғылар Ас, Бс, Вс, Гс және Дс категорияларына бөлінеді.Егер ғимарат ішінде А категориясына жататын заттар 5%-дан ассатын болса нмесе олар барлық бөлмелердің 200 м2 алып жатса, онда ғимарат өрт қауіптілігінің А категориясына жатқызылады. Егер А категориясындағы бөлмелер ғимараттағы барлық бөлмелердің 25% - нан аспаса және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіштермен жарақтандырылса, онда аталған ғимаратты өрт қауіптілігінң А категориясына жатқызбаса да болады.Ғимаратты Б ктегориясына жатқызу үшін мынадай екі шарт қатар орындалуы керек:а) ғимарат А категориясына жатпауы керек;б) А және Б категориясындағы бөлме аудандарының жиынтығы 5%-дан асуы немесе ғимараттың 200 м2 ауданынан асып түсуі керек.

65. Өрт қауіпсіздігі саласына өндіріс басшылығының жауапкершілігі мен міндеттері. Егер ғимаратта орналасқан А және Б категорияларындағы бөлмелердің жиынтық аудандары 25%-дан аспаса (бірақ 1000 м2-тан артық емес) және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталса, мұндай жағдайда ондай ғимаратты Б категориясына жатқызбаса да болады. Егер мынадай екі шарт орындалса ғимарат В категориясына жатқызылады:а) ғимарат А және Б категориясында емес; б) А және Б категориясындағы бөлмелер ауданы ғимараттың барлық жиынтық ауданының 5%-нан асатын болса (егер ғимаратта А және Б категориялар жоқ болса, онда 10%).Ғимаратты В категориясына жатқызбауға болады, егер А, Б, В категориясындағы бөлмелердің жиынтық аудандары ғимараттың жиынтық аудандарының 25%-нан аспаса (бірақ 3500 м2-тан артық емес) және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіштермен жарақталса.Ғимаратты Г категориясына жатқызбауға болады, егер екі шарт бірдей орындалсы:а) ғимарат А, Б және В категориясында емес;б) А, Б, В және Г категориясындағы бөлмелер ауданы ғимараттың барлық жиынтық ауданының 5%-нан асатын болса. А, Б, В және Г категориясындағы бөлмелердің жиынтық аудандары ғимараттың жиынтық аудандарының 25%-нан аспаса (бірақ 5000 м2-тан артық емес) және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіштермен жарақталса.Егер ғимарат А, Б, В немесе Г категорияларына жатпаса, онда өрт қауіптілігі жөнінен ол ғимарат Д категориясына жатқызылады.Өндіріс басшылығы өрт жөніндегі барлық құжаттар талаптарын орындауға міндетті де, ол орындамаған жағдайда олар аминистративтік және қылмыстық жазаға тартылады.

66. Өрт - техникалық қорғаныс және өртті сөндіру құралдары. Өрт-техникалық қорғаныс және өртті сөндіру құралдары.Өрт сөндіру құралдары сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларынан, өрт басталғанын хабарлау және оны өшіру құралдарынан тұрады.Өртті хабарлау жүйесі өрт басталғанын анықтау және оның басталуының бастапқы уақытын, орнын және қажет болса автоматты өрт сөндіргіштерді және түтінді аластау қондырғыларын іске қосуға бағытталған. Хабарлау принципіне байланысты хабарлау жүйесі қолмен іскн қосылатын және автоматты болып екі түрге бөлінеді. Автоматты хабарлағыш температураның өзгеруіне, жарықтың таралуына немесе түтіннің пайда болуына байланысты автоматты түрде іске қосылады. Қолмен жұмыс істейтін хабарлағыштар өрт бола қалған жағдайда адам саусағымен арнайы тетікті басқан кезде ғана іске қосылады. 67. Өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіру құралдары.Өрт сөндіру құралдары іске қосылу ерекшелігіне байланысты қолмен жұмыс істейтін және автоматты өрт сөндіргіш құралдары болып екі түрге бөлінеді. Өртті сөндіретін заттармен жарақталуына байланысты өрт сөндіргіштердің мынадай түрлері болады:- сумен жұмыс істейтін өрт сөндіргіштер (спринклерлік, дренчерлік, реактивті су ағыны);- көбікті (спринклерлік, дренчерлік);- ұнтақты;- газбен жұмыс істейтін (СО2-мен, хладонмен, азотпен, су буымен).Өрт сөндіргіштерді сөндіргіш материалдармен жарақтау өрт қауіптілігіне, өндірілетін өнімге, оларды сақтау және пайдалану ерекшкліктерін қаперге ала отырып таңдалынып алынады.

Наши рекомендации