Ртті сөндіру құралдары мен жолдары
Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5 м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.
Көлiк апаттары
Қазiргi таңда кез келген көлiк қауiп көзi. Темiр жол апаттарының негзгi себептерiне жолдың қозғалмалы құрамының ақауы, диспечерлердiң қателiгi, машинисттердiң жауапкершiлiксiздiгi. Көп жағдайдағы апаттар темiр жол көлiктерiнiң жолдан шығып кетуiнiң, соқтығысуының, вагондардағы өрттер мен жарылыстың арқасында болып жатады. Қазiрiгi заманның негiзгi проблемеларының бiрi автомобиль жолдарындағы қауiпсiздiктi сақтау болып отыр. Жол көлiк оқиғалардың арқасында адам шығыны көптеп саналуда. Олардың 75% көбi жүргiзушiлердiң жол қозғалысының ережелерiн сақтамаудан болуда. Қолданылып отырған iс әрекеттерге қарамастан әуе көлiгiнiң апаттары азайар емес. Атап айтқанда, двигательдiң өшп қалуы, байланыс, тоқ беру жүйелерiнiң iстен шығуы апатқа әкелiп соқтыруда. Кемелердегi көптеген iрi апаттар борандар мен дауылдардың, тұман және экипаждың қателiкренiң арқасында орын алуда. Көптеген апаттар кеменi жасаған және жобалаған қателiктердiң кесiрiнен де болып жатады.
Бақылау сұрақтары:
- Зардап шеккен жердегі құтқару жұмыстары.
- Қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары.
- Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар.
- Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі.
- Панаханалар.