БаҚылау сҰраҚтары

1.Қан қызметтері

2. Плазмада жалпы белоктардың жоғарлау қалай аталады? Төмендеуі?

3.Қанның ферменттері

4.Гииперазотемия деген не?

Дәріс

Тақырыбы: Жүйке тіні биохимиясы

Мақсаты:Студенттерді жүйке тінінің химиялық құрамымен таныстыру, жүйке тінінде жүретін зат алмасу, еске сақтаудың биохимиялық негіздері тұралы түсініктер қалыптастыру

Дәрістің жоспары

1.Жүйке тінінің химиялық құрамы

2.Жүйке тінінің зат алмасуының ерекшеліктері

3. Еске сақтаудың биохимиялық негіздері

Дәріс тезистері

Жүйке жасушасының құрамы:

Жасуша денесі (сом)

Қосымша бұтақтар (аксон және дендрит)

Соңғы ұшындағы пластинкалар

Дендриттер арқылы нейрондар қозуды қабылдайды, ал аксондар арқылы береді. Аксондардың шетінде шванн жасушалары болады. Олар жоғары изоляциялау қабілеті бар миелин қабатын құрайды.

Жүйке тінінің қызметтері

Жүйке импульсінің туындауы

Жүйке импульсті өткізу

Ақпаратты есте қалдыру және сақтау

Сезім әрекетінің (эмоция) және қылықтың (поведение) қалыптасуы

Ойлау қабілеті

Мидың салмағы түгел дене салмағының 2% құрайды.

Түгел организм пайдаланатын оттектің O2 25% -н ми пайдаланады. Әсіресе оттекті қарқынды жұмсайтын мидың қыртысының жасушалары және мишық

Фосфаттардың (АТФ, креатинфосфат) қорының есебінен ми оттексіз 6 минут қана өмір сүре алады. Мида фосфаттардың жаңастырылу қарқындылығы өте жоғары жүреді.

Ми белоктары

Мидың құрғақ затының 40% белоктар болып табылады. Ми тінінде 100 астам белоктар бар.

Күрделі белоктар

Нуклеопротеиндер, липопротеиндер, протеолипидтер (миелинде табылады, липидтік компоненті белоктық компонентке қарағанда жоғары) фосфопротеиндер, гликопротеиндер.

Ми тінінде көп мөлшерде өте күрделі қосылыстар болады. Оларға липонуклеопротеиндер, липогликопротеиндер, липогликонуклеопротеиндік комплекстер жатады

ОЖЖ тінінен кристалл түрінде алынған ферменттер: ацетилхолинэстераза және креатинфосфокиназа. Ми тінінде ЛДГ, альдолаза, ҚФ, МАО және басқа ферменттер болады.

МАО –ФАД- тәуелді фермент, биогенді аминдерді (адреналин, норадреналин, дофамин, серотонин) тотықтырады

Жәй белоктар

Нейроальбуминдер (барлық белоктардың 90%), нейроглобулиндер, нейросклеропротеиндер (ақ затында), нейроколлаген, нейроэластиндер, нейростроминдер.

Мида АҚ мөлшері қанға қарағанда 8 есе жоғары болады

Мидың құрамындағы аминқышқылдардың 75% глу, асп және олардың тұындылыры ( N-ацетиласпарагин, глутамин, глутатион, ГАМҚ). Көп мөлшерде таурин және цистатионин кездеседі.

Цистатионин –ОЖЖ-ның тежегіш медиаторы, жұлындағы жүйке жасушаларының активтілігін тежейді (тырыспаға қарсы әсері бар).

Аммиак глу және асп арқылы байланысып, амидтер түзеді. Амидтер қанға немесе ликворға түседі. Дезамидтену бауырда және бүйректе қарқынды жүреді.

Асп ацетил-КоА-мен байланысып, тек қана мида түзілетін ацетиласпартат түзеді. Оның гидролизі кезінде, энергия көзі болып табылатын, аспартат және ацетат түзіледі. Ацетат ацетилхолин, БМҚ, ацетилденген қанттар үшін ацетил тобының көзі болып табылады.

Глутаминнің түзілуі – мидағы аммиакты залалсыздаудың негізгі жолы болып табылады .

Мидың синаптосомасына глутаматтың әсері NO-синтазаның активтілігінің жоғарлауы, оттектің активті формаларының көбеюі, тиолдардың тотығуы, Na, K – АТФазаның ингибирленуі және синаптосомадан ЛДГ-ның шығуыменен сипатталады. Осының барлығы глутаматтың нейротоксикалық (зақымдау) әсерінің себебі болады

Нейропептидтер карнозин и гомокарнозин ми тінінде гидрофильді антиоксиданттар қызметін атқарады . Карнозин организмнің гомеостазын оқыс (экстремалды) жағдайда сақтайды.

Гомокарнозин –ГАМҚ және гистидиннен туратын дипептид, ОЖЖ тежегіш нейромедиаторы болып табылады, ГАМҚ-ның қоры.

Эндогенді морфиндер. Олар гипофизде түзілетін беталипотрофиннен түзіледі. Опиаттарға ұқсайды, өйткені , ауру сезімді азайтады , көңіл күйге әсер етеді . Эндорфиндердің тізбегінің соңғы жағында энкефалин болады

Ұзақ физикалық жаттығулар кезінде организмде адреналин бөлінеді, бұлшықет ауырады, нәтижесінде ауру сезімді азайтатын, организмнің физикалық жүктемеге деген бейімделу реакциясын және жылдамдығын жоғарлататын эндорфиндер түзіледі

Лей-энкефалин NH2-тир-гли-гли-фен-лей-СООН

Мет-энкефалин- NH2-тир-гли-гли-фен-мет-СООН

Энкефалиндердің және эндорфиндердің ауру сезімді төмендететін әсері бар (оларды тікелей миға еңгізген жағдайда), АІЖ (АҚЖ) қозғалысын тежейді, көңіл күйге әсер етеді.

Дебиет

Негізгі

1.Плешкова С.М и др.Основы частной биохимии,Алматы,2004 г.

2.Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии.Часть 3.Биохимия жидкостей и тканей организма человека.Алматы,2009 г

Қосымша

1.Сеитов З.С.Биохимия,Алматы,2012 г.

Наши рекомендации