Алкалоидтардың сапалық реакциясына сараптама жүргезіңіз
Алкалоидтар өсімдіктердің организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотты қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас деген сөзден аталған.
Алкалоидтардың өсімдіктердегі сапалық және сандық анықтауын XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры Г. Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Елімізде алкалоидтар химиясының негізін академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты 120.
Сапалық реакциялар.
Көбінесе алкалоидтарды тұнбаға түсіру үшін калий иодиді (Вагнер реактиві), калий иодидіндегі сынап ерітіндісі (Майер реактиві).калий иодидіндегі висмут иодиді (Драгендорф реактиві), танин ерітіндісі, пикрин қышқылы және т.б..
Алкалоидтарға сапалық реакция жүргізу үшін шикізатты 5%- сірке қышқылымен немесе хлорсутекті қышқылмен 1:10 қатынаста, 5 минут қайнатып экстракт алып, соған сапалық сараптау жүргізеді. Бұл сараптаулар алкалоидтардың ең аз мөлшеріменде жүреді.
Жалпы алкалоидтық реактивтер
Пп | Реактивтер аты | Реактивтер құрамы | Реакция нәтижесі |
Майер | Сынап дихлоридінің және калий йодидінің ертіндісі | Ақ немесе сарғыш тұнба | |
Вагнер-Бушард | Калий йодидтегі иод ертіндісі | Коңғырт тұнба | |
Драгендорф | Сірке қышқылының қатысындағы негізгі висмут нитраты және калий иодидінің ертіндісі | Қызғылт-сары немесе қызыл кірпішті тұнба | |
Марме | Кадмий йодидінің калий иодидіндегі ертіндісі | Ақ немесе сарғыш тұнба, ертіндінің артық мөлшерінде ериді | |
Кремнийвольфрам қышқылының ертіндісі | Ақ тұнба | ||
Фосфорномолибден қышқылының ертіндісі | Сары тұнба, уақыт өткен соң көк немесе жасыл түске ауысады | ||
Фосфорновольфрам қышқылының ертіндісі | Ақ тұнба | ||
Пикрин қышқылының ертіндісі | Сары түсті тұнба |
Көрсетілген сапалық сараптау алкалоидтардың барын көрсетеді, ал нақты алкалоидтың белгілі тобына сараптау жасау үшін тазартылған алкалоидтар кешеніне және таза алкалоидқа сараптау жүргізу керек. Спецификалық реакциялар үшін концентрлі күкірт және азот қышқылын, сонымен қатар құрамында формалин бар күкірт қышқылын (Марке реактиві), аммоний молибдатын (Фреде реактиві) пайдаланады. Соңғы кездері алкалоидтарды құрлысын сараптау үшін: хроматографиялық, УК-, ИҚ-, ЯМР-спектрлерін қолданады.
Блок
1. Алкалоидтарды алудың экстракциялық әдісінің біріншілік модификациясы
Экстракциялық әдіс (біріншілік модификация)
Алкалоидтарды экстракциялық әдіспен бөлу және тазалаудың сызба-нұсқасы 1-суретте келтірілген. Шикізаттың экстракциясын сумен немесе қышқылдың сұйытылған ерітіндісімен жүргізеді, яғни алкалоидтарды тұздары түріде экстракциялайды. Егер алкалоидтар әлсіз сілтіге жататын болса және оның тұздары сулы ерітінділерде тез еритін болса, онда сұйытылған қышқыл ерітінділері қолданылады. Сосын тазарту үшін сулы тартқышты аммиактың ерітіндісімен рН=10-11 болғанша сілтілейді.
Алкалоидтарды дихлорэтанмен, хлороформмен және сумен араласпайтын басқа да органикалық еріткіштермен экстракциялайды. Егер сулы тартқышта органикалық еріткіштер айтарлықтай көп болса, онда оны айдау арқылы бөледі.
Сұйықтықты сұйықтықпен экстракциялау алкалоидтарды басқа балласты (қанттар, тұздар,ақуыздар) заттардан тазартуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір қосалқы заттар (мысалы, пигменттер, органикалық қышқылдар мен спирттер) органикалық еріткішке өтіп кетеді. Олардан алкалоидтарды бөлу үшін дихлорэтанды тартқышты 10% күкірт қышқылының ерітіндісімен экстракциялайды. Осы кезде алкалоидтар тұз күйінде сулы еріткішке өтеді. Экстракция процесінде көбінесе сулы тартқышты буландыру қолданылады, ол концентрлі еріткіш алу үшін қажет. Пигмент және темір тұздарының қалдықтарынан тазарту үшін алкалоидтардың сулы ерітіндісін белсендірілген көмірмен өңдейді, ерітіндіні сүзіп, алкалоидтарды араластыра отырып тұндырады да 25% аммиак ерітіндісімен рН=11-12 жеткенше салқындатады. Түзілген тұнбаны бөліп, кептіреді.
Егер алкалоидтар суда ерігіш болса, аммиак қосқаннан кейін оны органикалық еріткішпен экстракциялайды, кейіннен оны айдап, алкалоидтардың сілтілік қоспасын алады. Бөлініп алынған алкалоидты қоспа жаңагалогенді препараттар алуда қолданылуы мүмкін немесе алкалоидтардың жеке қосылыстарын және оның тұздарын бөлу сатысына қатыса алады. Қарастырылған әдіс негізінде шығымы 45-60% тазартылған алкалоид комплексін алуға мүмкіндік береді.
Әдістің артықшылығы – өсімдік шикізатын экстракциялауда қолжетімді, қауіпсіз, арзан экстрагент судың қолданылуы.
Әдістің кемшіліктері:
· Шикізаттың экстракциясы кезінде сұйытылған ерітінді құрамында зиянды заттардың көп болуы;
· Заттарды тазарту процесі көпсатылы, ұзақ уақытты және күрделі құрылғыларды қажет етеді, әсіресе фазалардың бөліну бетінде тұрақты эмульсия түзілгенде. Бұл алкалоидтарды бөлуді қиындатады және шығын келтіреді;
· Сулы ерітіндіне концентрлегенде алкалоидтардың ыдырауы немесе тотығуы жүруі мүмкін.