Андерс әскерінің Иранға кетуі
Генерал Андерс Лондоннан қайтып келген соң Поляк әскерінің бір бөлігін Иранға көшіру басталды. Әскерлермен бірге бірталай поляк азаматтары,әйелдер мен балаларда Иранға көшуге дайындалды. 1942 жылы 28 наурызда Ташкент қаласында көшіру мәселесімен Кеңес – Поляк комиссиясы айналысты.Бірінші комиссия отырысына мемлекеттік қауіпсіздік майоры Г.С.Жуков, Қызыл Әскер Бас штабының офицері полковник Черствой, ал поляктар жағынан Поляк әскерінің Бас қолбасшысы генерал – лейтенант В.Андерс, поляк әскерінің тылдағы жұмыстарын басқаратын полковник Васьниновский және ротмистер Климовский қатысты.
Отырыста қаралған мәселелер, Поляк әскерлерін Иранға көшіру, Кеңес – Иран шекарасынан поляк әскерімен олардың жүктерін тасымалдауды жеңілдету шараларын белгіледі. Кеңес – Поляк комиссиясы Поляк әскерінің Веревск, Вемико-Алесеевск,Шоқпар,Маргелан,Луговая,Отар Қарибалтада (Қырғызстан) орналасқан 8,9 және 10 жаяуәскер дивизияларын көшіру мәселелерін талқылады. Көшірілетін бөлімдердің адам санын, керек – жарақ мүмкін тағы басқа материалдық иеліктерін еске алу жұмысы 1942 жылдың 1 – сәуіріне дейін аяқталуға тиісті. [97].
1942 жылы 2 – мамырда Кеңес Одағы жеріндегі Поляк әскері штабының бастығын генерал – майор З. Шишко – Бокуш, Панфиловқа, Польша эмиграция үкіметінің басшысы генерал Сикорский, КСРО мен Польшаның Иранда орналасқан қарулы күштерінің Бас қолбасшысы етіп генерал – лейтенант Андерсті тағайындалғанын жазды. Сонымен қатар Ливия мен Полестинадагы Поляк моторлы корпусына бақылау жасау міндеті жүктелгенін айтты.
Андерстің бұйрығымен "КСРО жерінде поляк әскерлерін толықтыру жұмысын тоқтатпауын өтінген" - деп жазды Шишко – Бокуш.
Генерал Андерс поляк армиясын Қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалғаннан кейін Ирандағы Миихед қаласында поляк әскері үшін әскери база салу ісін жүзеге асыруға кірісті. Бұл әскери базада Англиядан келетін жүкті (қару – жарақ, әскери киім – кешек) түсіріп алуға қажетті жабдықтауды дайындауға кірісті. Миихед қаласы ең ыңғайлы жер болды. Себебі Тегеран темір жол және тас жолдардың тоғысында. Захединнан Индиядагы әскери жабдықтар қоймасымен байланыс жасауға мүмкіндік береді.
"Әскери базадан арнайы адамдармен қатар 58 офицер, 763 унтер – офицер және механиктер, қару ісі шеберлері, көлік жүргізушілерде жұмыс істеуде. Генерал Андерс Миихед қаласындағы Поляк әскерлері базасында жұмыс істеу үшін Англиядан келетін мамандарға арнайы рұқсат кұжат (виза) беруіңізді сұраймын. Олардың аты-жөні тіркелген кұжат Миихед қаласына келгеннен кейін сізге арнайы тапсырылады. Қазірше біздің орталығымыз Ашхабатта болмақ" - деп генерал-майор А.П. Панфиловқа жазған хатында [ 98 ].
Поляк әскерін Иранға көшіруде генерал Андерстің қызметіндегі әжептәуір күрделі мәселе – КСРО жерінде қалып қойған отбасылары мен әскерде жоқ поляк азаматтарын қоса Иранға көшіру болды. Бұл мәселе Ұлыбритания премьер – министрі У. Черчильдің араласуымен шешілді. 1942 жылы 26 маусымда Янги – Юльге Г. С. Жуковтан хат келді. Онда: " Поляк әскерлерін Орта Азиядан Таяу Шығысқа көшіруіне қарсы емес, Иранға көшірілетін поляк әскерлерінің саны 70 мыңнан аспауы керек. Көшіру жұмыстары 1942 жылдың 5 – 25 тамызы аралығында жүргізілсін. КСРО жағы арнайы көмек бөліп, Красноводскіге жеткізіледі, одан әрі Британдық жолмен Иранға жеткізілуі керек."