Бақылау сұрақтары
1. Power Point программасы қалай іске қосылады?
2. Power Point программасының мүмкіндіктері қандай?
3. Power Point программасының терезесі элементтері қалай орналасқан?
4. Презентация құру тәсілдері қандай?
5. Автомазмұн шебері қалай қолданылады?
6. Презентация құру дегеніміз не?
7. Бос презентация қалай құрылады?
8. Шаблон көмегімен презентация құру қалай орындалады?
9. Слайд дегеніміз не?
10. Анимация дегеніміз не? Оларды презентацияға қосу қалай жүзеге асады?
Тапсырмалар
1. Автомазмұн көмегімен «Жеке» «Хабарлама/жарнама» (Личное-объявления/реклама) тақырыбында презентация құрыңыз.
а) Осы құрылған презентация мәтіндерін «Спорт әлеміне саяхат» атты секция жарнамасы болатындай етіп өзгертіңіз.
ә) Слайттар режимдерін қолданып құрылған презентацияны өңдеу жұмыстарын жүргізіңіз.
2. Шаблондар ішінен өзіңізге ұнаған үлгіден таңдап, тағы бір презентация құрыңыз. Схемасын диаграмма мен мәтін болатындай етіп таңдаңыз.
а) «Рейтінгілік бақылау» тақырыбын енгізіп, өздеріңіз оқитын пәндерді таңдап, студенттердің бағаларымен толтырыңыз.
ә) Осы слайдта студенттердің бақылау жұмысынан алған бағаларының диаграммасын көрсетіңіз.
3. Бос презентация құру тәсілімен «Компьютер және біз» тақырыбындағы баяндамаңызды презентация ретінде ұйымдастырыңыз.
а) Презентация құру барысында әртүрлі анимациялық эффектілерді пайдаланып презентацияңызды жандандырыңыз.
Power Point программасын іске қосу
Power Point программасы MS Office-тің құрамындағы басқа программалар сияқты әрекеттегі тәсілдермен іске қосылады. Солардың бірі программаны басты меню арқылы іске қосу. Ол үшін Пуск -> Программы -> Microsoft Power Point командалық қатарын орындаймыз. Программа іске қосылғаннан кейін, презентация құру тәсілдерін таңдау және презентацияны оқуға мүмкіндік беретін командалар тізімі бар сұхбат терезе шығады (суретте).
Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) командасы таңдалынса, жаңа презентация белгілі тақырыптарға сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, салылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.
Презентация шаблоны (Шаблон презентации) Презентацияны бұрынан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түрінде дайындауға мүмкіндік береді.
Бос презентация (Пустую презентацию) ешқашан безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құруға мүмкіндік береді.
Презентацияны ашу (Открыть презентацию) бұрыннан құрылып, сақталып тұрған презентацияларды ашуға мүмкіндік береді.