Лабороториялық жұмыс №11. Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу
Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға үйрету.
Негізгі түсініктер:
Логикалық функцияларқандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь)функциясы,функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,
лог_выражение– бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.
значение_если_истина – бұл лог_выражениеАҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .
значение_если_ложь – бұл лог_выражениеЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .
Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15)формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1ұяшықта15саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.
И, ИЛИфункциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.
ЕСЛИнемесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.
1-жаттығу.Электрондық кестедастуденттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.
1. Excel программасында Работа3деген атпенжаңа құжат құрыңыз .
2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1)Задание 1деп өзгертіңіз.
3. Кестені 4- суреттегідей толтырыңыз.
4-сурет
4. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:
§ С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.
§ Әрі қарай ЕСЛИфункциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45%түрінде жазамыз.Шартқа сәйкес:
§ Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
§ Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
§ ОКбасылады;
7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.
2 -жаттығу. Аттестация 3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .
1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2деп өзгертіңіз;
2. Кестені 5- суреттегідей толтырыңыз;
5- сурет
3. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :
§ В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числатізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына 0жазылады;
4. Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;
5. Формулалар жолының сол жағындағы
белгісіне шертіледі;
6. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы Ифункциясы белгіленеді;
7. Ифункциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;
8. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;
§ Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
§ Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
9. ОКбасылады;
10.Формула қалған ұяшықтарға жазылады.
3-жаттығу.Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.
1. Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3деп өзгертіңіз;
2. А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;
3. В2 ұяшыққа келесі,
=Если(А2<=0; (1+2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функциикөмегімен жазыңыз;
4. Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;
5. Функция графигін тұрғызыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
2-кестедан алынады)
1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /2-кесте, 1-тапсырма/.
2. Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /2-кесте , 2-тапсырма/.
2-кесте
№ вар | х жатқан аралық | 1 -тапсырма | 2 - тапсырма | |
ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантын D= b2-4ac … тауып және ЕСЛИ функциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (Егер D>0, екі түбір бар) | ||||
Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады. Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз. | ||||
Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады. Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИфункциясын қолданыңыз. | ||||
Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде логикалық функцияларды қолданыңыз | ||||
Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса - 10 %, 2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады. Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды қолданып есептеңіз. | ||||
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?
2. Еслифункциясы қалай жазылады және орындалады?
3. И функциясы қалай жазылады және орындалады?
4. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?
5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?