Пәннің cипаттамасы

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Модуль пәнінің атауы «Қазақ тілі»

Барлығы__6___ кредит

Курс ___1, 2___ Семестр _1, 2, 3__

Практикалық сабақтар __90_ сағат

СОӨЖ ___45___ сағат

СӨЖ __135___ сағат

Емтихан __1, 2, 3__ семестр

Барлығы ____270___ сағат

Аралық бақылау ______6_____

Қорытынды бақылау түрі __емтихан___

А С Т А Н А – 2012ж.

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы(SYLLABUS)

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, № 312 аудитория

Оқытушы туралы мәлімет: С.М.Сапина - ф.ғ.к., А.Қ.Утанова - ф.ғ.к., А.А.Утегенова - ф.ғ.к., доцент, К.К.Қанафиева– п.ғ.к., доцент, Ж.Т.Нурканова – аға оқытушы, Г.Ж.Мауленова – қазақ тілі мен әдебиеті магистрі, аға оқытушы, А.Дәлелбекқызы – филология магистрі, аға оқытушы

Байланыс уақыты: (Office-hour):дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Байланыс телефондары: 70-30-47 (10-93) ішкі коммутатор арқылы - 87015290091(ұялы)

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі.

Кредиттің саны – 6, сабақ 1,2,3 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиттері:“Қазақ тілі” курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен грамматикасынан (мектеп бағдарламасы), қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.

Пәннің постреквизиттері: “Қазақ тілі” курсынан алған білім «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Тіл мәдениеті» курстарында жалғасын табады. Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

В1 деңгейі бойынша:

-бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;

-өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;

- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;

- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;

- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылғанға қатысты өз ойын білдіре алуы;

- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аннотация дайындай алуы тиіс.

В2 деңгейі бойынша:

- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;

- өз көзқарасын дәлелдей отырып кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;

- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;

- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;

- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;

- электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.

С1 деңгейі бойынша:

- жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;

- қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;

- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;

- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;

- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;

- маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы;

- алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс.

Пәннің cипаттамасы

Практикалық қазақ тілі орыс бөлімдерінің студенттеріне қазақ тілін оқытуға арналған. Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді. Оқу-әдістемелік кешен модульдік оқыту жүйесіне құрылған. Ұсынылып отырған бағдарлама студенттердің білім деңгейлерін ескере отырып (В1, В2 және С1 модульдері), сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері; есітіп түсіну, сөйлеу, жазу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып,соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Мамандығына бейімдеп оқыту мәтіндері және ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге әрбір деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандартты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі, тақырыптар жүйелі логикалық байланыста алынады. Мамандыққа қатысты терминдердің лексикалық мағаналарын қазақша түсіндіруге баса назар аударылады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес В1, В2 және С1 модульдері үшін тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі.

Жоғарғы оқу орындары үшін қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы ҚР «Тілдер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес және ҚР Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2010 жылғы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген шараларды іс жүзінде асыру мақсатында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 3 қарашасындағы №514 бұйрығымен бекітілген «Тілдердің үштұғырлылығы (қазақ, орыс және шетел тілдері)» ҚР Мемлекеттік жылпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрылған.

Наши рекомендации