Бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу

1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттеу туралы куәлік алуға құқылы.
2. Аккредиттеу осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген салалардың әрқайсысы бойынша бөлек жүргізіледі.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көрсетілген ұжымдық басқарудың бір, екі және одан да көп салаларында қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алуы мүмкін. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Аккредиттеу туралы куәлікті алған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым құқықтарды басқару туралы шарттар жасасқан құқық иеленушілердің құқықтарын басқарумен қатар мұндай шарттар жасаспаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқылы.
46-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі

1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу ерікті болып табылады және оны осы Заңға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның өтініші негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуді мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды акредиттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде (бұдан әрі - аккредиттеу жөніндегі комиссия) уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Акредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және оның интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.
4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша түрде өтініш жібереді. Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
5. Уәкілетті орган өтінішті қабылдайды және өтініштерді тіркеу журналында нөмір беріп әрі қабылдау күнін көрсетіп, олардың есебін жүргізеді.
6. Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы, егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, қорытынды қабылдауға құқылы. Аккредиттеу жөніндегі комиссия қорытындысы отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең болса, аккредиттеу жөніндегі комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие болады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруді жүргізу арқылы шешім қабылдауына және өз өкілеттіктерін басқа адамға беруіне жол берілмейді.
7. Аккредиттеу жөнiндегi комиссия отырысының қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган отырыс аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде аккредиттеу туралы шешiм қабылдайды және өтiнiш берушiге бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк бередi.
Аккредиттеу туралы қорытынды шығарған кезде аккредиттеу жөніндегі комиссия мыналарды:
1) заңды тұлға ретінде тіркелген кезден бастап осы салада қызметін кемінде екі жыл жүзеге асырғанын;
2) жиналған сыйақыны кемінде сегіз рет бөлу және төлеу жөніндегі жұмыс тәжірибесінің болуын;
3) авторлардың және пайдаланушылардың ұйым қызметі туралы оң пікірлерінің болуын;
4) басқа мемлекеттердің құқық иеленушілердің мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі осындай ұйымдарымен өзара мүдделілік білдіру туралы қолданыстағы шарттардың болуын;
5) ұйымның осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді тиісінше орындауын;
6) басқа мемлекеттердің мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарына мүдделерді өзара білдіру туралы қолданыстағы шарттардың негізінде сыйақының тиісті сомаларының аударылғаны туралы растайтын құжаттардың болуын;
7) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерін назарға алуға тиіс.
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттар ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтер толық болмаған;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
4) ұйым осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
8. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
9. Аккредиттелген ұйымдар туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
10. Қайта тіркелген не қайта ұйымдастырылған жағдайда, аккредиттелген ұйымдар көрсетілген мәліметті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қайта тіркеу не қайта ұйымдастыру туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды және аккредиттеу туралы куәлікті он жұмыс күні ішінде қайтарады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті береді.
11. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау

1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе өзге де авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым уәкiлдiк берiлген орынға жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей өз қызметi туралы мынадай ақпарат беруге мiндеттi:
1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер;
2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерi;
3) жалпы жиналыстың шешiмдерi;
4) талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның жылдық балансы, жылдық есебi, сондай-ақ аудиторлық есебі;
5) мұндай ұйымды білдіруге уәкілеттік берілген адамдардың тектерi.

2. Уәкiлетті орган мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардан ұйым қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi қосымша ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқылы.

Наши рекомендации