WWW –сервердің функциялары

Дәріс. World Wide Web түсініктемесі

З Web- серверінде сайтты орналастыру

Сайт жасау

Бүгінгі күнде Internet-тің кең тараған сервисі - WWW - World Wide Web, немесе жай ғана Web (бүкіл әлемдік өрмек). Web абстрактік ақпараттық жазықтық. Онда пайдаланушыға өз-ара сілтемелермен байланысқан шексіз құжаттар архиві ұсынылады. Мұндай текстерді гиперсілтемелер немесе гипермедиа деп атайды. Ақпарат, мәтін, бейне, дыбыс немесе видео бейне түрінде берілуі мүмкін.

W WW жобасын 1989 жылы Швейцарияда Тим Бернерс-Ли ойлап жасаған. Оның ойынша W WW бүкіл әлемдегі ғалымдарға зерттеулерінің нәтижелерімен Интернет арқылы алмасуға мүмкіндік беретін жүйе болуға тиіс еді. 1992 жылы Амермкалық супер компьютерлердің ұлттық орталығына NCSA (National Center for Supercomputing Applications) Web құжаттарды бейнелейтін алғашқы Mosaic программасы жасалған. Бүгінгі күнде Web құжаттарды бейнелейтін көптеген программалар бар, оларды браузерлер (browser) деп атайды. Ақпаратты түйінділерде бейнелеуге мүмкіндік беретін программаларды Web-серверлер деп атайды. Олардың жұмыс істеу схемасы қарапайым: клиент ақпаратқа сұраныс жібереді, сұранысқа сервер жауап қайтарады. Сұранысты анықтау үшін Web-браузерде арнайы URL (Uniform Resource Locator) жолын толтыру қажет. URL адресациясының құрылымы Сізге таныс. Мысалы,http:/www.kz.net.

Сонымен, WWW - World Wide Web дегеніміз гипертексті информацияларды тарату үшін Интернет жүйесін тасымалдау арнасы ретінде пайдаланатын глобальды жүйе.

WWW-нің көмегімен Интернеттің басқа да кез-келген сервистеріне кіруге (FTP, Gopher, Telnet) мүмкіндік бар.

Келесі анықтамаларға тоқталық.

Web-беттер – www-нің құрылымдық бірлігі. Оның құрамына информацияның (текстік немесе графиктік) өзі және басқа парақтарға сілтемелер кіреді. Оның адресі URLадресімен анықталады. Интернеттң бір түйінінде орналасатын Web-беттер Web-сайтты құрайды. Мысалы, WWW – кітапхана да, WWW тораптар – осы кітапханадағы кітаптар, WWW –беттер – осы кітаптың парақтары. WWW – торап –құжат; ол арқылы құжаттың басқа да әртүрлі элементтеріне түсуге болады. WWW – торап: беттер, гипертекстер жиынтығы.

Браузер – Интернетке қосылған компьютерде www-нің информациялық ресурстарынан қажетті құжаттарды қарау және іздеуге арналған программа. Желіден кез-келген файлды алуға болады. Көптеген браузерелр ішіне пошталық бағдарламалар, гипертекстер (гипермәтіндер) редакторлары енгізілген.

Қазіргі кезде кең таралған браузер – Netscape Navigator. Соңғы кезде онымен Microsoft Internet Explorer браузері бәсекелесуде.

Гиперсілтемелер

Гиперсілтеме – бір құжаттағы басқа құжатқа сілтеме. Бір құжаттың текстінде асты сызылған түйінді сөз немесе таңбаша сурет кездесуі мүмкін, онымен сырт еткізіп, саусақ суреті көрсетілген таңбаша арқылы осы объект туралы мәлімет «дәлелдеме» аламыз, яғни басқа құжатқа кіреміз. Осы құжаттан үшіншісіне түсуге, артқа қайтаруға және т.с.с. операциялар жүргізуге болады.

Сілтеме жасалатын құжаттар жергілікті желі компьютерлерінде немесе шалғайдағы компьютерде болуы мүмкін.

WWW архитектурасы.

WWW архитектурасы, Интернет-тің басқа да сервистері сияқты, клиент-сервер принципімен құрылған.

Программа-сервердің негізгі мақсаты компьютерде сақталып отырған информацияларға кіруді ұйымдастыру болып саналады. Программаны жүктегеннен соң программа-сервер программа-клиенттен сұраныс күту режимінде жұмыс істейді. Көп жағдайларда программа-клиент ролінде www-нің қатардағы қолданушылары пайдаланатын Web-браузерлер болады. Мұндай программалар серверден қандай-да бір информация алу үшін, оған өз сұранысын жібереді. Сол уақытта екі прогамма арасында байланыс орнатылып, программа-сервер клиентке оның сұранысына жауап береді де, артынша екеуінің арасындағы байланыс үзіледі.

Программалар арасында информациялар алмасу үшін НТТР (Hypertext Transfer Protocol – гипертексті жіберу протоколы) - протоколы пайдаланылады.

WWW жүйесі ТСР/ІР коммуникациялық протоколдар негізінде жұмыс істейді.

WWW –сервердің функциялары

WWW –сервер құрастыру үшін арналған программалық жасақтамалар тізімі өте үлкен. Бұл серверлердің құрылымы мен конфигурациясы әртүрлі болғанымен, ортақ мәселер де аз емес. WWW –сервер орнату кезінде пайда болатын негізгі каталогтарды қарастырайық.

Конфигурация каталогы. Бұл жерде сервердің жұмысшы сипаттамаларын анықтайтын файлдар орналасады. Бұл каталогтың желі үшін маңызы зор болғандықтан оны өзгертуге рұқсат етілген адамдар саны өте шектелген.

Администратордың саймандық каталогы. Бұл каталог сервердің администраторы пайдаланатын утилиттерден тұрады. Бұл жерде енуді басқару программалары, криптографиялық кілттер генерациялары және іздеу индекстері қалыптастырылады.

Операцияларды тіркеу файлдарының каталогы (LOG файлдар) . Бұл жерде серверге кірудің барлық процедуралары ,сонымен қатар, болатын қателер мен тоқтатылулар тіркеледі.

CGI каталогы. Бұл каталогта интерактивті есептер орындауға және мәліметтер базасына кіруді ұйымдастыруға қажетті, оның ішінде динамикалық өзгерістері болатын құжаттарды қалыптастыру үшін пайдаланатын CGI-скриптер орналасады.

Сонымен қатар, бұл жерде администратор-программистке серверге өзінің жеке функцияларын қосуға, яғни оның мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Құжаттар каталогы (құжаттардың түбірлік каталогы). Бұл каталог сервердің құжаттар каталогының иерархиялық ағашының негізін құрайды.

WWW -клиенттердің екі түрін келтіруге болады: web-браузерлер және қызметтік қосымшалар.

web-браузерлер www-мен тікелей жұмыс жасау және одан информациялар алу үшін пайдаланылады.

Қызметтік web-қосымшалар сервермен кейбір статистикалық мәліметтер алу үшін немесе ондағы информацияларды индекстеу үшін хабар алмасады. (осы жолмен информациялар іздеу жүйелерінің мәліметтер базасына түседі.). Бұдан басқа қызметтік web-клиенттер де бар. Олардың жұмысы осы берілген серверде информацияларды сақтаудың техникалық жағымен байланысқан.

Программа-клиент www-серверден алатын құжаттар көп жағдайларда арнайы бір тілде жазылған текстік файл түрінде болады. Ол тілді, html (HyperText Markup Language, бөлудің гиперстекстік тілі) деп атайды. Бұл тіл келісімдер жиынынан тұрады. Осы келісімдерге сәйкес текстік файлдарға оның форматталуы мен браузердің терезісіндегі сыртқы бейнесін анықтайтын белгі қойылады. Дәл осы html тілінің келісімі бойынша құжат авторларына оған суреттер мен бейнелер кіргізуіне және web-кеңістігінің басқа ресурсрына гипертекстік сілтемелер жасауға мүмкіндік береді.

Әрине, клиент серверден тек қана текстік файлдар ғана сұрамайды, сонымен қатар графиктік суреттер, аудио- и видеомәліметтер және тағы сол сияқты басқалар - былайша айтқанда, гипертекстік сілтеме көрсете алатын кез-келген рсеурсты сұрай алады.

Таңдаған сілтемені талдай отыра, клиент оған сәйкес протокол көмегімен информациялық серверге қосылады да өзіне қажетті информацияларды ала алады.

UrL – ресурстардың әмбебап локаторы.

world wide web сервисі Internet-тің информациялық серверлерінде орналасқан файлдарды адрестеу үшін UrL (Uniform resource Locator, Универсальный локатор ресурсов) пайдаланады. UrL-адрес құрамында протокол аты (ол бойынша http, gopher ресурстарына ену жүзеге асырылады), сондай – ақ сервер және ондағы сақталып отырған файл адрестері болады.

Internet-тің UrL-адресінің форматы төменде келтірілген (квадратты жақшада адрестің қажет емес элементтері де көрсетілген):

Наши рекомендации