Банктің меншікті капиталы, оның құрамы мен функциялары

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1. Банктің меншікті капиталы

2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар

Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Банктің меншікті капиталы –банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:

- Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);

- Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;

- Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;

- Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;

- Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;

Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

· Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;

· Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;

· Ағымды шығындарды жабады;

· Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;

· Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.

Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.

Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:

1. Қорғаныс қызметі;

2. Шұғыл қызметі ,

3. Реттеуіш қызметі;

4. Айналым қызметі;

5. Резервтік қызметі;

1. Қорғаныс қызметі.Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне жардем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.Сондықтан да, оның азаюі банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

2. Шұғыл қызметі.Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.

3. Реттеуіш қызметі.Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтерді сатып алу шарттарын қамтиді. Пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдалаланады.

4. Айналым қызметі.Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

5. Резервтік қызметі.Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

Наши рекомендации