Тапсырма (М) WEB браузер дегеніміз не? WEB браузерді қалай пайдаланады?

Вижинердің шифрлау жүйесі.


К= (k0, k1, k2…, kn-1)

Пайдаланушы кілті деп аталатын кілт тізбегінің соңынан бастайық және тізбекті қайталап, жүйелілікті шексіздікке дейін созамыз. Осы жолмен жұмысшы кілтті аламыз

K= ( k0, k1…,kn-1 ), kj= k( j mod r), 0 ≤ j≤ ∞

Мысалы, егер r= ∞ болса және пайдаланушы кілті 15 8 2 10 11 4 18-ге тең болса, онда жұмысшы кілт периодты түрде қайталанып отырады:

15 8 2 10 11 4 18 15 8 2 10 11 4 18...........

Гаммерлеу әдісі

Гаммерлеу кең қолдануға ие болған криптографиялық түрлендірудің бірі болып саналады. Гаммерлеу мен Вижинер шифрдағы шексіз кілттер арасындағы шекара шартты емес. Гаммерлеу арқылы шифрлау принципі шифр гаммаларын генерациялауда қорытындылады. Мәліметтерді қайта шифрлау процесі кілт белгілі блоғанда шифр гаммасын қайта генерациялау кезінде жүзеге асады. Егер шифр гаммасы қайталанатын бетті тізбектен тұратын болса, онда шифрланған мәтінді ашуға қиын болады. Негізінде, шифр гаммасы әрбір сөз шифрына өзгеру керек. Бұл жағдайда крипто тұрақтылық кілттің көлемімен анықталады. Егер қаскүнемге бастапқы мәтіннің фрагменті және шифргамма белгілі болса, онда гаммерлеу әдісі әлсіз болады.

Тапсырма (С) Криптографиялық әдістер

Бөтен адамдарға оқуға мүмкіндік бермейтіндей түрлендіру әдісімен ақпаратты қорғау проблемасы адамзатты бұрынғы заманнан толғандырды. Криптографияның тарихы адамзат тілінің тарихымен жасты. Сонымен қатар, ежелгі қауымдастықтарда онымен тек қана таңдаулылар иемденгендіктен алғашқы жазу криптографиялық жүйемен тең болған. Оған мысал ретінде Ежелгі Мысыр, Ежелгі Үндістанның қасиетті кітаптары бола алады. Жазу-сызудың кең таралуына байланысты криптография жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы криптожүйелер біздің эрамыздың басында кездеседі. Сондықтан Цезарь хат жазуда өзінің атымен аталған жүйелі шифрді пайдаланды. Криптографиялық жүйе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста қарқынды дами бастады. Соғыстан кейінгі уақыттан қазіргі күнге дейін есептеу құрылғыларының пайда болуы, криптографиялық әдістерді өңдеу мен жетілдіруді жеделдетті. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері автоматтандырылған жүйелерде ЭЕМ- дерде өңделетін немесе әртүрлі типтегі ЗУ- да сақталатын ақпаратты қорғау үшін пайдаланады. Криптографиялық түрлендіру рұқсат етілмеген алдын- алу тәсілі ретінде көпғасырлық тарихқа ие. Қазіргі кезде көптеген шифрлар әдістері жетілдірілген және қолданудың теориялық және практикалық негіздері құрылған. Бұл әдістердің көбісі ақпаратты жабуда ойдағыдай пайдалануы мүмкін. Қандай себептен ақпараттық жүйелерде криптографиялық әдістерді пайдалану проблемасы қазіргі кезде аса маңызды болды. Бір жағынан, компьютерлік жүйелерді, соның ішінде үлкен көлемді мемлекеттік ақпараттарды, әскери, коммерциялық және жеке тұлғалардың рұқсат етілмеген мәліметтері жіберілетін интернет глобальді жүйесі пайдаланады. Екінші жағынан, жаңа қуатты компьютерлердің жүйелі және нейронды есептеу техникасының пайда болуы шешуге мүмкін емес деп саналған криптографиялыұ жуйеге сенімсіздігін арттырды. Ақпараттарды түрлендіру жолымен қорғау проблемасымен криптология айналысады ( kryptos- құпиялы, logos- ғылым ). Криптология 2 бағытқа бөлінеді- криптография және криптоанализ. Бұл бағыттардың мақсаты бір-біріне қарама-қайшы. Криптография ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін іздеу және зерттеумен айналысады. Криптоанализ ортасы – ақпаратты кілтсіз шешу мүмкіндігін зерттейді. Қазіргі заманғы криптология 4 үлкен бөлімнен тұрады:

1.Симметриялы криптожүйелер

2.Ашық кілтті криптожүйелер

3.Электронды қолтаңба жүйелері

4. Кілттермен басқару

Криптографиялық әдістерді пайдаланудың негізгі бағыттары- ақпаратты байланыс салалары арқылы жіберу ( мысалы, электронды почта) , жіберілетін хабарламалардың шығынын растау, тасығыштағы шифрланған түрдегі ақпаратты сақтау ( документтер, мәліметтер базасы ). Сонымен, криптография ақпаратты оқу тек кілтін бергенде ғана мүмкін ететіндей түрлендіреді. Ақпаратты шифрлау және қайта шифрлау кезінде қандай- да бір алфавит негізінде құрылған текстер қарастырылады. Бұл терминдер мынандай мағына береді. Алфавит – ақпараттарлы кодтауда пайдаланылатын белгілердің соңғы жиыны. Мәтін - алфавит элементтерінің реттелген жиыны. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерде пайдаланылатын алфавиттердің мысалы ретінде келесілерді келтірйге болады:

1. орыс алфавитінің 32 әрпі мен бос орын ( пробел );

2. ASCII және КОU-8 стандартты кодына кіретін символдар;

3. Бинарлық алфавит;

4. Сегіз ретті немесе он алты ретті алфавит;

Тапсырма (D) Ашық кілтті жүйелер

Криптографиялық жүйелер қанша күрделі және сенімді болғанмен, олардың тәжірибе жүзінде ең осал жері- кілттерді тарату проблемасы. Екі ақпарат жүйелерінің субъектілерінің арасында конфеденциалды ақпаратпен алмасу керек болса, онда бір субъект кілтті генерирлеп, конфеденциалды түрде қайта жіберуі тиіс. Яғни, жалпы жағдайда кілтті тарату үшін қандай да бір крипто жүйені пайдалану керек. Жасалған қорытындылар негізінде бұл проблемаларды шешу үшін, классикалық және қазіргі заманға алгебра ашық кілтті жүйе ұсынған. Қысқаша айтқанда, ақпараттық жүйелердің 2 адресаттың әрқайсысы бір- бірімен анықталған ережемен байланысты 2 кілтті генерирлеу керек. Бір кілт ашық, ал екінші жабық деп жарияланады. Ашық кілт адресатқа хабарлама жібергісі келетін кез келген адамға рұқсат етілген. Құпиялы кілт түрінде қалады. Бастапқы мәтін адресаттың ашық кілтімен шифрланады да, өзіне жіберіледі. Шифрланған мәтін сол кілтпен қайта шифрлана анмайды. Хабарламаны қайта шифрлау тек қана адресатқа белгілі жабық кілт арқылы жүзеге асады.

Қандай себептен ашық кілтті жүйелермен ақпаратты қорғауда 2 өте маңызды талап қойылады:

¾ Бастапқы мәтінді түрлендіру болу керек және ашық кілт негізінде қайта ашылмау керек.

¾ Жабық кілтпен ашу кілт сияқты қазіргі замандағы технология деңгейінде жүзеге аспауы керек және де шифрді шешу күрделілігінің нақты бағасы болады.

¾ Ашық кілтті крипто жүйелердің алгоритмін 3 бағытта қолдануға болады:

¾ Таратылатын және сақталатын мәләметтерінің дербес құралдары ретінде

¾ Кілттерді тарату құралы ретінде. Ашық кілтті крипто жүйу алгоритмі дәстүрлі крипто жүйелерге қарағанда сыйымды. Сондықтан тәжірибе жүзінде ашық кілтті крипто жүйе алгоритмі көмегімен кілттерді тарату ыңғайлы. Содан кейін қарапайым алгоритм көмегімен үлкен ақпараттар тасқынымен алмасуды жүзеге асыруға блоады.Пайдаланушыларды аутентификациялау құралдары қолтаңба бөлімінде.

Төменде ең көп таралған ашық кілтті жүйелер қарастырылады. Ашық кілтті крипто жүйелердің алгоритмінің көп түрлілігіне қарамастан, солардың ішінде ең белгілісі- RSA крипто жүйесі. Бұл жүйенің 1977 жылы негізі салынып, өзінің жасап шығарған Рона Ривест, Ади Шамир және Леонардо Эйдельман аттарына сай RSA атына ие болды.

Алгоритмді сипаттау.

Шифрлау жүйесі мен математикалық проблемаларды қарастырмас бұрын, проблеманың күрделілігін анықтау керек. Алгоритм дегеніміз- шешуді қажет ететін, проблеманы сипаттайтын процесс.

Осы күнге қауіпсіз және тиімді жүйенің 3 типі қарастырылады:

¾ Факторлаудың бүтіндік проблемасы (IFR): RSA және Rabin- Уильям.

¾ Логарифмнің дискретті проблемасы (мәліметтерді жіберу процесі).

¾ Логарифмнің дискретті проблемасының эллиптикалық қисығы (ECD 4 P).

Ақпаратты қорғау әдістері

Ақпаратты сақтаудың және тасымалдаудың жай амалдарымен бірге

қазіргі уақытқа дейін,әдейі қол жеткізуден қорғайтын келесідей тәсілдері бар және әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ:

¾ қол жеткізуге шек қою;

¾ қол жеткізуді анықтап айыру;

¾ қол жеткізуді бөлу;

¾ ақпараттың криптографиялық түрлендіру;

¾ қол жеткізуді тексеру және есепке алу;

¾ заңды шаралар ;

Көрсетілген әдістер тек ұйымдастырылған немесе техникалық құрылғылар көмегімен ғана жасалатын.Ақпараттың автоматтандырылған өңделуі пайда болғаннан кейін, ақпараттың физикалық тасуышы өзгерді

және жаңа түрлермен толықтырылды, сондай-ақ оны өңдеудің техникалық құрылғылары күрделенді.

Өңдеудің күрделенгенінен бастап, соның ішінде техникалық құрылғылар санының көбеюінен кейін, кездейсоқ әсер етудің саны мен түрі көбейді, сонымен қатар мүмкін болатын рұқсатсыз қол жеткізу арналары да көбейді. Көлемдердің өсуімен, ақпараттың шоғырлауымен, қолданушылар санының көбеюімен және басқа да жоғарыда көрсетілген себептермен бірге ақпаратқа әдейі рұқсатсыз қол жеткізу ықтималдығы да көбейді. Осыған орай есептеу жүйелерінде ақпаратты қорғаудың ескі әдістері дамып, жаңа қосымша әдістері пайда болуда:

¾ аппаратуранының істен шығуы мен адамның қателерін, сондай-ақ программалық қателерді табуды және диагностикасын қамтамасыз ететін функционалды тексеру әдістері;

¾ ақпараттың дұрыстығының өсу әдістері;

¾ ақпаратты авариялық жағдайдан қорғау әдістері;

¾ аппаратураның ішкі монтажына, байланыс тізбегіне және техникалық басқару органдарына қол жеткізуді тексеру әдістері;

¾ ақпаратқа қол жеткізудің шегін айыру және тексеру әдістері;

¾ қолданушылардың, техникалық құрылғылардың, ақпараттар мен құжаттарды тасуыштардың ұқсастыру (идентификация) және аутетификация әдістері;

¾ ақпаратты қосымша сәлелену мен бағыттаудан қорғау әдістері;

Әдістердің әрқайсысын толығырақ қарастырайық және мәліметтерді өңдеу жүйесінде: есептеу жүйесінде, желілерде және БЖА-да олардың мұнан былайғы қолдану мүмкіндіктерін бағалайық.

Тапсырма (Е) Ақпаратты шифрлау әдістерін қысқаша шолып өту және олардың түрлері

Ақпаратты криптографиялық түрлендіру әдісімен қорғау оның құрама бөліктерін (сөздерді, әріптерді, буындарды, сандарды) арнайы алгоритмдер немесе ақпараттық шешімдер мен кілттер кодасы арқылы түрлендіруге негізделген, яғни оны белгісіз түрге келтіру. Шифрланған ақпаратпен танысу үшін кері процесс қолданылады: декодалау (дешифрлау). Криптографияны қолдану ЭЕМ тораптарындағы, жадының жойылған құрылғыларындағы (сақталған), жойылған объектілер арасында ақпаратпен алмасқандағы мәліметтерді жіберу кезіндегі қауіпсіздікті аса жоғарылататын көп таралған әдістердің бірі болып табылады. Әдетте түрлендіру үшін (шифрлау үшін) берілген алгоритмді іске асыратын, кең көлемді адамдар тобына белгілі болуы мүмкін беллгілі бір алгоритм немесе құрылғы қолданылады. Шифрлау процесін басқару периодты түрде өзгеретін және бір ғана алгоритм немесе құрылғыны неше қайталап қолданған кезде ақпараттың әр уақытта түрлі-түрлі берілуін қамтамасыз ететін кілттің кодасы арқылы іске асады. Кілт белгілі болса, шифрланған мәтінді оңай ашып алуға болады. Ал кілт белгісіз болып, оның орнына шифрлау алгоритмі белгілі болса, бұл іс-әрекеттің орындала қоюы мүмкін емес.

Тіптен ақпаратты жай ғана түрлендірудің өзі сол ақпараттың мазмұнын көптеген жаттықпаған ереже бұзушылардан сақтауға мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады. Ақпаратты шифрлаудың құрылымдық сұлбасы 10.1-суретте көрсетілген.

Кодалар мен шифрлар ЭЕМ пайда болғанға дейінгі көптеген ғасырлар бойы пайдаланылған. Кодалау мен шифрлаудың арасында айырықша айырмашылық жоқ. Тек қана айта кететін жайт, соңғы кезде тәжірибеде «кодалау» сөзін ақпаратты техникалық жабдықтарда өңдеу кезінде цифрлық түрде көрсету мақсатында пайдаланылады, ал «шифрлау» - рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау мақсатында ақпаратты түрлендіру кезінде. Қазіргі кезде шифрлаудың кей әдістері жақсы жетілген және классикалық болып табылады. Рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау жабдықтарын жасау үшін шифрлаудың кейбір дәстүрлі әдістермен танысуымыз керек: орналастыру,орыналмастыру, комбинирленген және т.б.

Түрлендірудің қорғау әдістеріне қойылатын негізгі талаптар:

¾ қолданылатын әдіс тек қана шифрланған мәтіні бола тұра, бастапқы мәтінді ашуға бағытталған талпыныстарға жеткілікті мөлшерде төзімді болуы қажет;

¾ кілттің көлемі оны есте сақтауды және жіберуді қиындатпау керек;

¾ шифрлау мен дешифрлау үшін қолданылатын кілт пен ақпаратты болмауы қажет: қорғаныштық түрлендірулеріне кететін шығындар ақпараттың сақталуының белгіленген дәрежесіне сәйкес болуы қажет.

¾ шифрлау кезіндегі қателер ақпараттың жойылуын тудырмау керек. Шифрланған хабарды байланыс арналары арқылы жіберуде қателердің пайда болуы кесірінен қабылдағышта мәтінді ашу кезінде қиындықтар тумайтынына сенімді болуымыз керек;

¾ шифрланған мәтін ұзындығы бастапқы мәтін ұзындығынан аспауы қажет;

¾ ақпаратты шифрлауға және дешифрлауға қажетті уақытша және құндылық ресурстар ақпарат талап ететін қорғанышдәрежесімен анықталады.

Көрсетілген талаптар негізінен дәстүрлік қорғаныштық түрлендіру жабдықтарына сай келеді. Үлкен тығыздықпен жазылатын және ұзақ уақыт бойы үлкен көлемді ақпаратты сенімді түрде сақтайтын жады құрылғыларының дамып келуімен кілттің көлеміне шектеу қою төмендетілді. Электронды элементтердің пайда болуы және дамуы ақпаратты түрлендірумен қамтамасыз ететін аса қымбат емес құрылғыларды жасауға мүмкіндік берді.

Бірақ ақпаратты жіберу жылдамдықтарын арттыру әлі де осы ақпаратты өңдеу жылдамдығынан көпке қалып барады. Бұл сәйкессіздік тәжірибелік түрде жете алатын ақпаратты жіберу жылдамдығына зақым келтірмей, з-талапты біраз мөлшерде бәсеңдетуге мүмкіндік береді. ЭЕМ-ді пайдалану жағдайларында 4-талаптың қатаңдығы төмендеді. Шынымен де, аппарат жабдықтары сенімді және қателерді табу, жөндеу әдістері дамытылған болғандықтан, бұл талап әлсіреді. Сонымен қоса, ЭЕМ және АБЖ (автоматтандырылған басқару жүйелері) тораптарындағы мәліметтерді жіберу технологиясы хабарды жіберу кезінде қате табылған жағдайда ақпаратты қайта жіберуді қарастырып қойған.

Қорғаныштық түрлендірулердің қазіргі кездегі әдістерін үлкен төрт топқа бөлуге болады: орналастыру, орыналмастыру, аддитивтік және комбинирленген әдістер.Орналастыру және орыналмастыру әдістері әдетте кілттерінің ұзындығының қысқалылығымен сипатталады, ал олардың қорғанышының сенімділігі түрлендіру алгоритмдерінің күрделілігімен анықталады.Орналастыру әдісінің негізгі мәні – бастапқы мәтінді әрқайсысында қайта орналастыру жүргізілетін бөліктерге бөлу.Бұл әдіске бастапқы мәтінді кез-келген матрицаға жолдар бойынша жазып, оны осы матрицаның бағандары бойынша оқуды, Гамильтон маршруттары деген маршруттар жиынтығынан тұратын сегіз элементі бар кестені, бағдарламалық және аппараттық жолмен іске асырылатын басқа да тәсілдерді, мысалы, бойымен ақпаратты параллель жіберетін электрлік тізбектерінқолданатын аппараттық жолмен жасалған алмастыру блогын мысал ретінде айтуға болады.

Орналастыру әдісіне алгоритмнің қарапайымдылығы,қорғаныштың тө-мен деңгейі тән.Орыналмастыру алмастыру әдісінің мәні – белгілі бір алфавиттен алынған бастапқы мәтіннің белгілерін қабылданған түрлендіру кілті бойынша басқа алфавиттің белгілерімен алмастыру.Бұған бастапқы белгілерді келесі алфавиттің осы орындағы белгілерімен алмастыруды, Вижинер кестесін, матрицалар алгебрасын пайдаланып алмастыруды мысалға келтіруге болады.Аддитивтік әдістерге түрлендіру алгоритмдерінің қарапайымдылылығы сәйкес, ал олардың сенімділігі Кілт-тің ұзындығын арттыруға негізделген.Жоғарыда аталған барлық әдістер симметриялық шифрлауға жатады: шифрлауға да, дешифрлауға да бір ғана кілтті қолданамыз.

Соңғы кездерде симметриялық емес шифрлау әдістері пайда болды: шифрлауға бір кілт (ашық), ал дешифрлауға екінші кілт (жабық).

Комбинирленген әдіс шифрлаудың қолайлы әдістерінің бірі болып табылады. Шифрлаудың негізгі әдістері – орналастыру мен орыналмастыру әдістерінің қосылуы нәтижесінде күрделі түрлендіру аламыз, осы туынды шифр деп аталады. Бұл шифрды қолдану орналастыру мен орыналмастыруды жеке-жеке қолдануға қарағанда күштірек криптографиялық түрлендірулер береді. Бұл әдіс АҚШ-тың федералдық стандарты NBS-та (ол тағы DES деп аталады) қолданылады. Ол отанымызда МЕСТ 28147-89 длінеді және 1990 жылдың шілде айында енгізілген.

Сипаттамасы DES RSA
Жұмыс жылдамдығы Шапшаң Баяу
Қолданылатын функция Орыналмастыру және орналастыру Дәрежеге енгізу
Кілттің ұзындығы 56 бит 300.. 600 бит
Аз шығындалатын криптоанализ Барлық кілттік кеңістік бойынша таңдау Модульді талдау
Криптоанализдің уақыттық шығыны Жүзжылдықтар Кілттің ұзындығына байланысты
Кілттің генерациялау уақыты Милисекундалар Оншақты секундалар
Кілттің түрі Симметриялық Асимметриялық

1-кесте DES және RSA криптографиялық алгоритмдерінің сипаттамасы

DES стандарты орналастыру, орыналмастыру, гаммалау әдістерін

комбинирлеп қолданады, ұзындығы 32 бит болатын шифрланатын мәліметтердің әр бөлігі 15 рет түрлендіріруге ұшырайды, ал кілт ретінде кездейсоқ гамманың белгілер тізбегін генерациялауға қолданылатын ұзындығы 56 бит болатын тізбек пайдаланылады. Мұндай кілт гамманың 1016

түрлі комбинацияларын береді.Ашық кілтті жүйелер криптографияның соңғы жетістіктері болып келеді. Мұнда екікілт қарастырылған, оның бірін бірі арқылы табу мүмкін емес. Бірінші кілтті (ашық) ақпаратты шифрлау үшін жіберуші қолданады, екіншіні – қабылдаушы ақпаратты оқу үшін қолданады. Ашық кілтті криптографиялық жүйелер қайтымсыз біржақты функциялар пайдаланады.

Бұл әдісті зерттеуді Диффи және Хеллман бастаған еді, кейін Р.Л. Ривест, А. Шамир және Л. Адельман қайтымды функциялар жиынтығы ретінде анықталатын құпия жүрісі бар қайтымсыз функцияны қолдануға негізделген кілтті қолдануды ұсынды .Шифрлаудың симметриялық жүйелерінің ары қарай дамуы IDEA (International Data Encryption Algorithm) жаңа алгоритмнің пайда болуына әкелді. Бұл Швейцарияда жасалды. Бұл тиімді, көп қолданылатын алгоритмдердің бірі болуы мүмкін. Бұл блоктық шифрлау алгоритмі, ол ұзындығы 64 бит ашық мәтіннің блоктарын сондай ұзындықты шифрланған мәтіннің блоктарына айналдырады. Шифрлау кілтінің ұзындығы 128 бит. Мәліметтерді шифрлауға да, дешифрлауға да бір алгоритм қолданылады.

Тапсырма (F) Веб шолғыш(браузер)

Веб шолғыш (ағылш. web browser) — интернеттегі не басқа кез келген желілердегі http://https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т.б.) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.

Кейбір шолғыштар электрондық поштамен, ftp протоколымен, жаңалықтар тобымен жұмыс істеуге, сондай-ақ веб парақтағы дыбыстық және бейне файлдарды сияқты мультимедиа құрамасын ойнатуына мүмкіндік береді.

Mozilla Firefox

Mozilla Firefox ([moʊˈzɪlə ˈfaɪɹfɑks] / [moʊˈzɪlə ˈfaɪəfɒks]) — еркін таратылатын веб браузер.Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орын алады.Mozilla Firefox ашық стандарттарды қолдайтын еркін таратылатын Gecko қозғалтқышының негізінде жасалған.

Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде-ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматты түрде жаңарту қасиеттері бар. 2 000-нан астам кеңейтулерді қолдану арқылы Firefox мүмкіндіктерін шексіз арттыруға болады.Mozilla Firefox ресми түрде Microsoft Windows, Mac OS X және Linux операциялық жүйелеріне шығады.[

Mozilla - бағдарламалық қамтама өндіретін дәстүрлі компания емес. Дүниенің әр түпкіріндегі пайдаланушының Интернеттегі тіршілігін жақсартуға бағытталған тегін әрі ашық кодты бағдарламалық қамтама мен технологиялардыжасап шығаруды өз алдына мақсат еткен әлемдік қауымдастық. Программистер, маркетологтар, тестерлер мен заңгерлер Вебтың ашық әрі бәріне ортақ ресурс болып қала беруін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Марапаттарға ие болған ашық кодты бағдарламалық өнімдер бен технологиялар әркімге тегін әрі 70 астам тілдеұсынылады.

Mozilla басшылығы Маунтин-Вью, Калифорнияда, ал аймақтық офистері Окленд, Пекин, Копенгаген, Париж, Токио мен Торонтода орналасқан.

Мүмкіндіктері

Firefox браузері барлық мүмкіндіктерді стандартты версияда қолданудың орнына, өз пайдаланушыларына өзіне қажетті мүмкіндіктерді кенейтулер арқылы кірістіре алады.Мысалға ең танымал кенейтулердің бірін алайық - бұл AdBlock, ол [[интернет-сайт|интернет-сайттардағы жарнаманықамалдап, өз қолданушысына көрсетпей қояды. Тағы Mozilla Firefox браузеріне сыртқы түрін өзгертетін қосымшаларды кірістіруге болады. Соның бәрі оны ең икемді браузерлардың бірі болып көрсетеді

Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.

Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы.

Тапсырма (М) WEB браузер дегеніміз не? WEB браузерді қалай пайдаланады?

WEB сайттар HTML атты программалау тілі арқылы құрылады. (Hyper Text Markup Language). WEB парақтарды сіздер арнайы программалау арқылы көре аласыздар. Оның аты WEB браузер деп аталады(Web browser).. Ең кеңінен тараған веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft.com), Netscape Navigator (Netscape.com), Opera (Opera.com), Mozilla (Mozilla.org), AOL (aol.com).

HTML тілінде құрылған браузер сіздерге ақпараттың барлық түрлерін, оның ішінде мәтіндерді, графиканы, дыбысты, анимацияны, слайд – шоуды, бейне және басқа көптеген ақпараттарды көруге болады. Сіздер WEB браузерді пайдалануды білесіздер, ақпарат алуды, оны іздегенде белгілі уақыт аралығы жеткілікті.

WEB браузер сіздерге жеке WEB сайттардың, жеке WEB парақтардан көрсетеді. WEB сайттар былай ұйымдастырылады: ақпараттардың байланысы бірге жиналады, олар WEB парақтарға топталады, яғни біздің көз алдымызға немесе журналды елестетеді, мысалы, сіздің мектебіңізде WEB сайт бар деп есептейік, олардың көптеген парақтары бар делік. Ал жергілікті кітапханалардың басқа WEB сайты болады, яғни олардың парақтары да бөлек болады немесе олардың парақтары бөлек беттерден тұрады. Әрқашанда WEB сайттардың басы болады, ол үй парағы деп аталады. (HOME PAGE). Үй парағы дегеніміз: ол журналдың сыртқы беті немесе газеттің бірінші бетімен пара-пар. Әдетте ол бетте адамдарды еліктіретін картинкалар болады, яғни ол дегеніміз сайттың мазмұнын ашатын тақырып немесе идея. Оның құрамында сайттардың картасы немесе дәлелдеуіш панель болады. Олар сайттардағы басқа беттердің қандай екенін білдіреді. Браузер беттен –бетке секіруге мүмкіндік береді. Бұны желінің ішін аралау деп айтады. Сіз желіге браузердің терезесі арқылы кіре аласыз. Сіз браузерді жүктесеңіз сіздің дербес үй парағыңызды көре аласыз. Сіз үй парағыңызда басқа да беттерді ашуға мүмкіндік аласыз, сіз оны әрдайым өзгертіп отыруыңызға болады. Флэш – бұл WEB браузерде жұмыс істеуге арналған кішкене программа. Ол арқылы дыбысты, анимацияны және интерактивті WEB парақты қосуға болады. Интернет желісіндегі флэш – мультфилмдерде жиі кездестіруге болады және т.с.с. Осының барлығы сіздерге интернет желісінде активті ойындармен ойнауға және детальды ойындармен ойнауға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации