HTML тілінің негізгі тəгтерін пайдалану. Алғашқы Web бетін құру.

Web –технологияға кіріспе. HTML тілі туралы қысқаша деректер.

Web-технологиялар

Ерекшеліктері

Артықшылыұқтары

Негізі Web, Веб, Internet, Интернет – сөздерін синоним деп те қарастыруға болады.

Веб-технологиялар– Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Анықтама.Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.
Анықтама2.URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.
Мысал: http://www.yandex.ru/all_services.html
URI –ға енеді:

1. Ресурсқа қол жеткізу әдісі, яғни хаттамасы (http).

2. Ресурстың желілік адресі(www.yandex.ru).

3. Сервердегі файлдың толық жолы (all_services.html).

Ерекшеліктері

Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

· Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет

· Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер ( браузерлердің типі мен тарихы, қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна)

· Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады;

· ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз;

· публикацияларда басқа публикацияларға берілген сілтемелер орны мен материалдар көзіне тәуелсіз түрде беріле алады;

· іздеу машиналардың белсенді жұмысы (іздеу машиналардың тарихы, рөлі мен қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна);

· контентті беру мен тираждау тегін.

Артықшылықтары

Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-құжаттарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-құжаттарды жасау программалауға ұқсас болған­мен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақ­тар түрінде бейне­леуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер ара­сында мә­лі­мет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау ха­т­тамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы(WWW немесетек Web) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (Hyper­Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-торапта­рында) орна­ластыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интер­нетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжат­тарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Кез келген тәг “кіші” (<) си­м­волынан басталады да, “үлкен“ (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұ­рыш­тық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз – тәг орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Тәгтің ағылшын тіліндегі аты оның қызметімен сәйкес келеді. Олардың жазы­л­уында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріп­терді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.

HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір аб­зацқа ғана әсер етеді. Осыған орай керекті сөз тіркес­терін қоршап тұрған екі тәг қатар қолданылады: бірі абзацты – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) баст­алуы тиіс.

Кейбір тәгтер өз жазылу орнына ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, тек жалқы тәг жазылады (мысалы, сызық жүргізу). Егер қате кетіп, тәг ретінде HTML тілінде қолданыл­майтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.

Броузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейн­еленбей, тек керекті мәтін немесе суреттер көрі­ніп, тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

HTML тілінің негізгі тəгтерін пайдалану. Алғашқы Web бетін құру.

HTML құжатының кез келгені <HTML> тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте <TІTLE> ... </TІTLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузер­лер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.

Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын <BODY> ... </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады. Бұл қос белгі HTML-құ­жат­тың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.

Наши рекомендации