Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі. 9.3.1 Оқытушыдан зертханалық жұмысты орындауға нұсқа нөмірін алып
9.3.1 Оқытушыдан зертханалық жұмысты орындауға нұсқа нөмірін алып, «Начало работы» батырманы басып жүйеде тіркеліңіз (9.1 суретті қараңыз).
9.1 сурет – «Начало работы» терезесі
9.2 сурет – «Поверка автоматического потенциометра» (Автоматты потенциометрді тексеру) зертханалық стендінің интерфейсі
9.3.2 Тапсырма бойынша автоматты потенциометрді тексеруге
зертханалық стендтің сұлбасын жинаңыз (9.2 суретті қараңыз).
9.3.3 Желіге өлшеу құралдарын қосыңыз: ПП-63 зертханалық потенциометр мен КСП автоматты потенциометрді.
9.3.4 Жұмыс тоқтың шамасын бақылау «К» режимінде ПП-63 зертханалық потенциометрдің жұмыс тоғын қалпына келтіріңіз (9.3 суретті қараңыз).
9.3.4.1 ПП-63 потенциометрдің «Контроль-Измерение» ауыстырып-қосқышын бақылау «К» қалпына орнатыңыз.
9.3.4.2 «Рабочий ток» тұтқаларымен гальванометр көрсеткішін «0» қалпына орнатыңыз.
9.3 – «Контроль рабочего тока»(Жұмыс тоқты бақылау) режимінің терезесі
9.3.5 Автоматты потенциометрдің негізгі қателігін анықтаңыз. Ол үшін ПП-63 зертханалық потенциометр көмегімен КСП автоматты потенциометр шкаласының барлық цифрленген белглері үшін (өлшенетін шаманың өсу және кемуі мәндерінде) термоЭҚК көрсетулерін жазып алыңыз (9.4 суретті қараңыз).
9.3.5.1 ПП-63 потенциометрдің режимін ауыстырып-қосқышынын («Контроль-Измерение») «И» өлшеу қалпына орнатыңыз.
9.3.5.2 Реттелетін кернеу көзінің (ИРН) «Напряжение» тұтқасын айналдырып, автоматты потенциометр кірісіне кернеуді байсалды беріп отырып, оның көрсеткішін шкаланың тексерілетін белгісіне орнатыңыз (9.4 суретті қараңыз).
9.3.5.3 Гальванометр панелінен төмен орнатылған резисторлар тұтқаларын айналдырып гальванометр көрсеткішін «0» қалпына орнатыңыз.
9.3.5.4 Резисторлар тұтқаларының астында орнатылған терезелірен ПП-63 зертханалық потенциометрдің көрсетулерін жазып алыңыз (9.4 суретті қараңыз).
9.3.5.5 КСП шкаласының барлық цифрленген белгілері үшін өлшенетін шаманың өсу және кемуі мәндеріне 9.3.5.2 - 9.3.5.4 п.п. қайталаңыз.
9.3.6 Термопараның суық дәнекерленушілерінің (бос шеттерінің) температурасын анықтау үшін бөлме термометрінің көрсетулерін жазып алыңыз.
9.4 – «Поверка» (Тексеру) режимінің терезесі
9.3.7 Автоматты потенциометрді тексерудің хаттамасын толтырыңыз (9.1 кестені қараңыз).
9.3.8 Шкаланың әр тексерілетін белгісі үшін КСП аспабының негізгі келтірілген қателігін анықтаңыз:
- өлшенетін шаманың өсетін мәндері үшін
;
- өлшенетін шаманың кемитін мәндері үшін
,
мұндағы , - негізгі қателік, %;
- термопараның термоЭҚК мәні, ол КСП шкаласының қарастырылып отырған цифрленген белгісінің термоЭҚК мәні мен ( ) термопараның бос шеттерінің ( ), термоЭҚК мәні арасындағы айырмашылық, мВ;
, - ПП-63 үлгілі потенциометр көрсетулері, мВ;
- КСП потенциометр шкаласының соңғы мәндеріне сәйкес термо-ЭҚК шамасы, мВ;
- КСП потенциометр шкаласының бастапқы мәндеріне сәйкес термо-ЭҚК шамасы, мВ;
9.3.9 Шкаланың әр тексерілетін мәндері үшін Цельсий градустарымен КСП абсолютты қателігін анықтаңыз:
- өлшенетін шаманың өсетін мәндері үшін
;
- өлшенетін шаманың кемитін мәндері үшін
,
мұндағы - КСП шкаласының соңғы мәні, ,
- КСП шкаласының бастапқы мәні, .
Температура мәндерін анықтау үшін «Справочные материалы» батырманы басып, анықтамалық ақпаратты (термоэлектр түрлендіргіштердің бөліктендіру кестелірін) қолданыңыз (9.5 суретті қараңыз).
Зертханалық стендке қайта қайту үшін «Назад» батырмасын басыңыз.
9.3.10 КСП автоматты потенциометрдің вариацияларын анықтаңыз.
Шкаланың әр мәні үшін вариация шкаланың осы белгісіндегі өлшенетін шаманың өсетін және кемитін мәндеріндегі көрсетулерінің айырмашылығы ретінде есептеледі.
Вариация мәні мВ бірліктерінде келесі формуламен есептеледі
.
Вариация мәні бірліктерінде келесі формуламен есептеледі
,
мұндағы - КСП шкаласының 100 мәніне сәйкес термопараның термоЭҚК-і.
9.5 сурет – «Справочные материалы» терезесі
Тексеру хаттамасы
«___»_________________________20___ж.
Типі ____________________ электронды потенциометрді тексеру
Зауыт №______________
Өлшеу шектері ____________________
Бөліктендіру ______________________
Рұқсат етілген қателік ______________________
9.1 к е с т е с і – Негізгі қателіктер мен вариацияны анықтау
Шкаланың тексерілетін белгісі | Кесте бойынша термоЭҚК | Қоршаған орта-ның темпер. | Қоршаған орт. температурасының термоЭҚК | Термо-ЭҚК айырмашыл. | Үлгілі потенц. бойынша термоЭҚК | Қателік | Вариация | |||||
Т | В | В | ||||||||||
мВ | мВ | мВ | мВ | мВ | % | % | мВ | |||||
Есеп беру құрамы
Есеп беруде келесі болуы керек:
- зертханалық жұмыстың мақсаты және тапсырмалары;
- виртуалды зертханалық стендтің сұлбасы;
- қолданылатын өлшеу құралдарының моделдері мен техникалық сипаттамалары;
- автоматты потенциометрді тексерудің хаттамасы;
- негізгі келтірілген және абсолютты қателіктері мен вариацияны есептеулері;
- жұмыс бойынша қорытынды.