Зертханалық жұмыс
MS Access. Конструктор режимінде кесте құру
Жұмыстың мақсаты: Жаңа деректер қорында кесте құрудың ең қарапайым түрі конструктор режимінде кесте құрып үйрену.
Жұмыстың орындалу реті:
1 кезең. MS Access –ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру.
1. Access–ті жүктеңіз. Ол үшін Пуск–Программы - MS Access команда-ларын орындаңыз.
2. Пайда болған терезеден “Имя файла ”жолына ат беріп Создать батырмасына басыңыз.
2 кезең. Конструктор режимінде кесте құру
1. Ашылған «Студент: деректер базасы» терезесінде объектілер орналасқан: Кестелер(Таблицы),Сұраныстар(Запросы),Қалыптар(Формы),Есептер(Отчеты),Макростар(Макросы), Модульдер(Модуль). Кесте объектісін таңдап “Режим-Конструктор”батырмасын басыңыз.
2. Пайда болған «Сохранить»терезесінде кестеге ат береміз.
3. 3 бағаннан тұратын кесте пайда болады, кестенің 2 бағанын: 1. “Өрістің аты”(Имя поля);2 . “Өрістің түрі”(Тип данных)және әрбір жолдың қасиеттерін (Свойства) пайдалана аламыз.
19.1.-сурет. Конструктор көмегімен кесте құру терезесі.
4. Студент өзіне тиісті мәліметтерді енгізуі керек. Ол үшін төменде берілген үлгілерді қолданыңыз:
Үлгі 1.
Өрістің аты (Имя поля) | Өрістің түрі (Тип данных) |
Фамилиясы | Текстовый (Мәтіндік) |
Туған жылы | Дата/время (Дата/уақыт) |
Үй телефоны | Числовой (Сандық) |
Курс | Числовой (Сандық) |
Үлгі2 Үлгі3..
5.Құрылған кестені “Х” (Жабу, Закрыть) белгісімен жауып, кестені «Студент» атымен сақтаңыз, кілт сұраған жолға “Жоқ” (Нет) батырмасын шертіңіз.
6. Құрылған кестеңіз Кестелер (Таблицы) обьектісіне орналасты, енді осы кестені “Ашу” (Открытъ) командасы арқылы ашыңыз.
7. Ашылған кестедегі бағаналарға берілген мәліметтер кестенің өріс аты болып орналасады, ал деректер түрі өрістің атына сай қабылданады.
8. Енді кестені топтастарыңыз туралы мәліметтермен толтырыңыз (10 жазылым).
10. Дайын болған кестені жабыңыз.
11. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
Ескерту:Егер кесте толтыру барысында енгізілетін мәлімет қабылданбаса, онда міндетті түрде кестені жауып, Конструктор режимінде кестенің “Деректер түрі” (Тип данных)тексеру қажет.
Бақылау сұрақтары:
2. Деректер қандай объектіде сақталады?
3. Конструктор арқылы кестені қалай құруға болады?
4. Кесте өрісі және жазылымының айырмашылықтары неде?
5. Деректер қоры дегеніміз не?
6. Деректер типтерін атаңыз?
Зертханалық жұмыс
MS Access. Кесте режимі көмегімен екі кесте құру, оларды өзара байланыстыру және MS Excel электрондық кестесіне экспорттау
Жұмыстың мақсаты:Студенттерге кесте режимі арқылы кесте құру тәсілімен таныстыру. MS Access деректер қорында екі кесте арасында байланыс құрып үйрету. Деректер қорын MS Excel электрондық кестесіне экспорттау тәсілімен таныстыру.