Ыркүйек сәрсенбі 2007 жыл, ашығуымның үшінші тәулігі
Ыркүйек дүйсенбі 2007 жыл, ашығуымның бірінші тәулігі
1,2 қыркүйек күндері Әсел мен Серіктің үйіне барып моншаға түстім. Ыстық пармен денемдегі уларды қуып біраз жеңілдеп қалдым. 1қыркүйекте кешке «Аталар жолы ордасына» Жомартты, Бақытбекті алып бардым. Жомарттың ішінде сайтан бар деді, бірақ аталар осы сайтанын қуып шығарамыз деп айтты. Екі айдан кейін жалақысы 700-800 шет ел ақшасына өседі деп бата берді. Дипломды сатып алғансың деп айтты, себебі мамандығы банкы жұмысына сәйкес емес екендігін көріп тұр. Жомарт осы айтқандардың біреуін де түсінген жоқ, бата беріп тұрған кезде түрі сайтанның түріне ұқсап кетіп далаға арбаңдап атып шықты, біраздан кейін қайта кірді. Маған құрбандық шалып зекет беру керек екендігін айтты, 2-3 айдың ішінде тұлпар аласың деп бата берді. 40 тәуліктік ашығу кезінде 21-ші және 36-шы тәулікте сынақ болатынын ескертті. Батаны Асан ата берді. Қазіргі орналасқан жері Каменкада Рысқұлов көшесінде № 32 үйде екен, осы үйді ұстазымыз Нәзира (Нәзипа) Өмірбекқызы сатып алыпты. Тел: 8-701 788 77 80, № 4, 11, 128, 312 автобустар барады – «Полиция» немесе «Мешіт» аялдамасы.
Ашығуға 2 қыркүйекте жексенбіде кешкі сағат 20-да кірдім. Түсте өзім білетін Құран сүрелерінің аяттарын оқып ниет еттім. Бірінші тәулікте өзімді орташа сезіндім, кешке қарай тамақ ішкім келді, бірақ шыдадым. Кешке антилипидный шәйді қанғанымша ішіп, кордицепс пен цинкті 5-6 капсуласын қабылдадым. Кеше түстен кейіннен кешке дейін аштыққа кірер алдында тамаққа тойып алғанмын, көбінесе жүзім жедім. Қарнымның еті ауырып кетті. Содан ба білмеймін ертеңіне таңертең екі қабат үлкен дәретке отырдым. Ішім тазаланып дәрет мол шықты.
Кешке Досым Омаров келді, екеуміз түн ортасы ауғаншы әңгімелестік. Досекең Шәкәрімді жазып бітіріпті, өз айтуы бойынша «Абайтану» кітабынан артық болмаса кем емес. Көптеген сұрақтарыма жауап алдым, қасиетті «Ясін» Иа, Син сүресін талдадық, әсіресе 5-6 яттарды. Түнде түс көрмей жақсы ұйықтадым. Ашығудың алдында ұйқым бұзылып мазам кетіп жүрген.
Ыркүйек сейсенбі 2007 жыл, ашығуымның екінші тәулігі
Таңертең өзімді жақсы сезініп тұрдым, көңілім көтеріңкі тамаққа зауқым мүлдем жоқ. Тұрғаннан кейін антилипидни шәй ішіп 5-6 кардицепс пен цинк қабылдадым. Таңғы 9-дан аса үлкен дәретке отырдым. Сағат 10-ға таман жергілікті дәрігерге барып тексерілдім. Салмағым 98,5 кг, оң қолымның қан қысымы 130/80, ал сол қолымдікі 120/70, қан тамыр соғу жиілігі 1 минутта 80. Өзімді әлсіз сезінемін, бірақта көңіл күйім көтеріңкі.
Түске таман «Алтын орда» базарына барып «Тяньши» офисіне бардым. Офистің иесі Сәуле Бердібекқызы деген келіншек тел: 8-705 713 54 72, сондай-ақ осы жерде КИЗ-де тұратын Алтынқыз деген келіншекпен таныстым тел: 8-702 136 19 39, (8271) 55-2-30 үйінікі. Осы екі келіншек те менің жазған кітаптарымды түгел сатып алып аштықты ұстап жүр екен. Құдай бұйырса сенбі күні «Асан ата ордасына» менімен бірге барып бата аламыз деп отыр. Аштық туралы біраз әңгіме айттым. Осы жерге кітаптарымды тастадым, аралап жүріп сататын кісі бар екен.
Кешке таман 2 лимонды, балды ыстық қайнаған суға салып 2 литрдей іштім, соңынан «Таң» сусынын. Біраздан кейін ішім сұйық болып өтті. Кардицепс пен цинкті күніне 2 қабат үзбей ішудемін. Арсений үлкен жаңа телевизор сатып алып келді.
ыркүйек сәрсенбі 2007 жыл, ашығуымның үшінші тәулігі
Түнде түс көрмей жақсы ұйықтадым, ұйқым түзелді. Таңертең сергек ояндым. Душқа түсіп Жаратушыға ниет етіп өзім білетін Құран сүрелерінен аяттар оқып кардицепс пен цинкті қабылдадым 5-6 капсуладан. Түске дейін компьютормен жұмыс жасадым, жазу жақсы жүрді. Жазғанда шабыттанудамын.
Түсте ыстық суға бал, лимон қосып қалауымша, соңынан «Таң» сусынының 2 құтысын кешке дейін іштім. Түстен кейіннен бастап ішім өте бастады, ішімнен қап-қара қоқыстар шықты, соңынан үлкен дәретім сұйылып 2-3 қабат отырдым. Белім ауыра бастады, ал кешке шекемнің оң жағы ауырды. Ұзақ жылғы тәжірибемнен байқап жүрмін, ашығуды бастаған алғашқы күндерінде қай жеріңде кесел болса, сол жерің ауырып сыр бере бастайды.
Күндіз өзіміздің ауылда тұратын Саня деген студент жігіт келіп спутниковый антеннаны жөндеп беріп кетті, кабельді ауыстыру керек деді. Жөндеген еңбегіне Айнұр 2000 теңге берді. Арсений сатып алып келген телевизорды қосып кешке дейін әр түрлі бағдарламаларды көріп жаттым, жұмыс істейін десем белім ауырып қозғалтпай қойды.