Бүтіндік мәселесін
Информатика» экзамен жауаптары
E-learning» электрондық оқыту негізі неде? Электрондық оқыту әдістерін айқындаңыз.
Электрондық оқыту жүйесі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Соңғы он жыл интернеттің және адамдар арасындағы қатынасудың жаңа әлемнің қарқынды дамумен белгілі болды. Құбылыстың басты жағында World Wide Web тұрады. Мыңдаған сайттар ұсынылады, ашылады және адамға әртүрлі жаңа қызмет көрсетулер түрлері ұсынылады. E-learning 2015 жылы электронды оқытумен білім беру ұйымдарының 50% қамту және 2020 жылғы көрсетілген 90% дейін жеткізу мақсаты қойылған. Электронды оқыту e-learning жүйесі жаңа ақпараттық қатынастық технологиялардың кең мүмкіндігі арқылы жалпы орта білім берудің көптеген маңызды мәселелерін шешуге ықпал етті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты:білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.
E-learning - бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Қазіргі таңда e-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды енгізіліп отырған оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. ҚАЗАҚСТАН Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша e-learning жүйесі білім берудің модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды.
E-learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктербереді:
· Берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін өте қолайлы және ыңғайлы;
· Оқу материалдарын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;
· Интерактивті, өйткені мұғаліммен оқушылар синхронды және асинхронды әрекеттесу арқылы оқуға болады.
E-learning технологияларының көмегімен педагогикалық үрдісте қолданылатын келесі әдістерді бөлуге болады.
1. Виртуалды топтық жұмыс- бұл бір берілген тапсырма бойынша жұмыстанатын топта оқитын оқушылардың біріккен жұмысы, олар өз беттерінше немесе кеңесшінің көмегімен хабар алмасу және әрекеттесу нормаларын белгілейді, виртуалды ортада өз жұмыстарының бағыттарын жіне оған жету жолдарын таңдайды.
2. Бейне әдіс – бұл ақпаратты көрнекіліктер арқылы қабылдайтын әдіс (оқу бейнефильмдерді пайдалану, бейнетренингтер, бейнеэкскурсиялар, эксперт-мамандардың видеожазбалары және т.б) Бейнеәдіс келесі міндеттерді атқара алады: білімділік, бақылаушылық, қорытындылау, жүйелілік.
3. Блог әдіс- бұл мәтін, суреттер, мультимедиа, соның ішінде авторлық жазулар(посттар) қарауға мүкіндік беретін оқушының оқу-танымдық қызметінің әдісі.
Сонымен бірге бұл бағдарламаның артықшылығы– қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын/сайтын/ ашып, мектептің тарихы, оқушы, мұғалім рейтингісін, құрмет тақтасы, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілігі және т.б мәліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығы.
E-learning жүйесі бүгінгі таңда көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы үлгілердің бірі болып табылады.
Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін талдаңыз
Криптография– мәліметтердің өзгеру әдістерінің жиынтығы, яғни мәліметтерді айқынсыз бейнеге әкелуге бағытталған мәліметтерді қорғаудың екі басты мәселесін шешу.
Жасырындық мәселесін
Бүтіндік мәселесін
Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әртүрлі типінде сақталған ақпараты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.
Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістері:
1. Шифрлеу
2. Кодтау
3. Басқа түрлері
Шифрлеу- қорғалатын хабардың әрбір символы өзгеруге жатады.
Шифрлеу тәсілдері:
· Ауыстыру
· Алмастыру
· Аналитикалық өзгеру
· Гаммирлеу
· Аралас шифрлеу
Кодтау – қорғалған элементтердің кейбір элементтері (жеке символдар міндетті емес) алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады.
Кодтау тәсілдері:
· Мағыналық кодтау
· Символдық кодтау
Басқа түрлерге: кесу, тарату, мәліметтерді қысу әдістері жатады.