Иілгіш дискілердіҢ жинаҚтаҒышы немесе дискжетек.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф) және қоректену кабелі (жіңішкерек болады). Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі–қорек көзіне қосылады. Дискіні дискжетек тілігіне орнатқан кезде дискінің ішкі корпусында айналатын двигатель іске қосылады. Жазуды оқу головкасы дискінің бетіне бастырылып және оның радиусының бағыты бойынша қозғалады.
ДИСКЕТА(3,5) (ИІЛГІШ МАГНИТТІК ДИСК).
Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.
Конструкторлы түрде дискета, магнитты қаптамасы бар иілгіш диск түрінде қорапқа тұйықталған болады. Дискетада шпиндель жетектің тесігі болады. Қорапта головкаға жазу-ды оқу үшін, металл пердемен жабылған ену тесігі жәнеде жазуды қорғау үшін арналған тілік немесе тесік бар.
Лекция
Тақырыбы: Микропроцессорлар.
Жоспары:
Микропроцессор түсінігі. Микропроцессор жасау технологиясының түрлері. Микропроцессор (поколения) буындары және олардын негізгі мүмкіндіктері.
Микропроцессордың жалпыланған кұрылымы. Микропроцессордың негізгі өндірістік салалары. Болашактағы микро-процессор. Микропроцессорлік жинақтар.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер іздеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оны ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордыңүстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.
Орталық процессор өңдеу операцияларын орын-дауға және компьютердіңбарлық сыртқы құрылғыларын басқаруға арналған. Процессордыңжұмыс істеуі Start сигналы келіп түскеннен кейін басталады.
Процессордың жұмыс істеу принципі , проргаммадағы командаларды тізбектеп орындауға негізделген. Әр операция тактылык генератор арқылы бір немесе бірнеше уақыт тактысын үлестіріп алады. Келесі операциялар тізбегі орындалады:
- Дешифраторға команданыңкеліп түсуі және оның декодталуы;
- Командаға байланысты жадтан немесе регистрлерден операндтардың таңдалуы;
- Нәтиженің жадтың регистріне немесе ұяшығына орналасуы;
Микропроцессор Pentium Pro, Intel конструкция тектестерінің ішінде еңсо ғысы. Pentium Pro –ныңайрықша ерекшелігі, оныңкөлемі 256 килобайттық кірістірілгенКЭШжадболып келеді. Орталық процессор және L2 КЭШжадарасындағы берілгендермен алмасу, 64 разрядтық байланыс каналы арқылы іске асырылған. Сонымен қатар, сыртқы жүйе және жадтың байланыс каналы,
осы 64 разрядтық шина болып табылады. Процессор өтулерді есептегіш модул-дер арқылы қандай орамдар ықтималырақ болатындығын және сәйкесінше қандай топтарды нұсқауға сәйкес келесі циклде өңдеу қажеттігін анықтайды. Бұл уақытта Pentium Proжиырмадан бастап отызға жуық нұсқауларды өтпелі уақытқа салыстырмалы программалық есептегіште қарайды. Супер скалярлы модулде командалардыңедәуір озып кетуі және орындалуы іске асады. Командалар сәйкесінше процессор үнемі бос болмайтындай етіп, белгілі бір тәртіппен орындалады. Егер Pentiumекі нұсқауды бір циклде өңдейтін болса, онда Pentium Proүш параллелді конвейерда, үш нұсқауды бір циклде өңдейді. Алдыңғы моделдердегі сияқты, Pentium Pro-ның кірістірілген математикалық сопроцессоры бар.
Процессор– көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын орындалатынын білдіреді.
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16 – разрядты Intel – 8086 процессоры болып табылады. IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel – 80286, Intel – 80386, Intel – 80486, Intel – Pentium 60, 66, 75, 90, 100, 133; Intel Pentium ММХ, Intel Pentium Pro Intel Pentium II, Intel Celeron, Intel Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.
Процессордың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтері (моделдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 133, 150, 166, 200 және 233 Мгц жиілікпен жұмыс істейді.
Мультиплексор.Мультиплексор(коммутатор) – бір шығуы бар комбинациялық көпкірулі схема. Мульиплексордың кірулері ақпараттық және ( ) болып бөлінеді. Әдетте , мұндағы k және n – сәйкес басқарушы және ақпараттық кірулер саны. Басқарушы кіруге келіп түсетін код ақпараттық кірудің біреуін анықтайды, ол айнымалының мәні шығуына беріледі.
Мультиплексор келесі функцияны іске асырады:
егер .
Мультиплексорды іске асыру үлгісі (n=4, k=2) 4-суретте көрсетілген. Мұнда мультиплексор екілік басқарушы кодты дешифрлейтін, дешифратордың шығу сигналдарымен басқарылатын екі кіруі бар конъюнкторлардың (олардың саны ақпараттық кірулер санына тең) жиынтығы түрінде құрылған. Конъюнкторлардың шығулары НЕМЕСЕ схемасымен біріктірілген.
3–Сурет. Мультиплексор схемасы
Мультиплексорлар коммутаторлар ретінде кеңінен қолданылады. Коммутатор – параллель кодты тізбектіге түрлендіру үшін қолданылатын сигналдар селекторы, ол кодтарды салыстыру, генераторлар схемаларын құруда қолданылады.
Демультиплексор. Демультиплексор – мультиплексор функциясына кері функцияларды орындайтын схема, яғни, бір ақпараттық кіруі ( ), n ақпараттық шығуы ( ) және k басқарушы кіруі ( ) бар комбинациялық схема.
Демультиплексор келесі функцияны іске асырады:
Демультиплексор жұмысы логикалық теңдеулермен сипатталады:
Осы теңдеулер көмегімен құрылған демультиплексор (n=4, k=2) схемасы 4-суретте көрсетілген.
Демультиплексорды тізбектелген кодты параллельге түрлендіру үшін қолданған тиімді.
Мультиплексор және демультиплексорды бірге қолдану параллель кодты тізбектіге жіне тізбектіні параллельге түрлендіріп ақпараттың тізбектей берілуін қамтамасыз етеді. Осындай қолданыста басқарушы сигналдар ретінде екілік санауыш шығулары қолданылады.
ДК–де есептерді шешуге арналған құжаттар мен бағдарламалардың жиынтығы бағдарламалық қамсыздандыру деп аталады. (БҚ – Software). Бағдарламалық қамсыздандыру жүйелік және қолданбалы болып бөлінеді. Компьютерді басқаруға, қолданушының басқа да бағдарламаларын құруға қажетті және қолданушыға әр түрлі қызметтер жиынын беретін бағдарламалық қамсыздандыру жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру деп аталады (System Saftware). Оны төмендегідей классификациялауға болады: операциялық жүйелер, сервистік жүйелер, бағдарламалық құралдар және техникалық қамтамасыз ету жүйелері.
Операциялық жүйе (ОЖ) – ДК-дің барлық құрылғыларының жұмысын және қолданбалы бағдарламалардың орындалу үрдісін басқаратын бағдарламалардың жиынтығы. ОЖ келесі операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді: ДК құрылғыларының жұмыс істеуін қадағалау; бастапқы жүктелі процедурасын орындау; ДК-дің барлық құрылғыларының жұмысын басқару; қолданушы мен ДК арасындағы арасындағы қарым – қатынасты орнату; қолданбалы бағдарламаларды жүктеу және орындау; оперативтік жады, процессорлық уақыт және қолданбалы бағдарламалар арасындағы перифериялық құрылғылар сияқты ДК ресурстарын бөлу.
Бағдарламалық құралдар – бағдарламалық қамсыздандыруды дайындауға арналған бағдарламалар. Оған бағдарламалау жүйелері кіреді. Бағдарламалау жүйелеріне перифериялық құрылғылар және процессордың командалар жүйесі, әр түрлі бағдарламалау жүйелерінің трансляторлары (компиляторлар және интерпретаторлар) кіреді. Қазіргі кезде процедураға – бағытталған бағдарламалау жүйелері жиі қолданылады, оларға MS Visual Basic, Borland Delphi және жасанды интеллект құралдары жатады.
Техникалық қызмет жүйелері – компьютер жұмысы кезіндегі ақауларды анықтауға арналған ДК-дің бағдарлама-аппараттық құралдарының жиыны. Олар машинаның бөлек түйіндерін, блоктарын және бүкіл машинаның жұмыс істеу қабілетін тексеруге арналған. Оларды ДК-ге диагностика жүргізу, тестілік бақылау, аппараттық бақылау және бағдарлама-аппараттық бақылау құралдары деп бөлуге болады.
Лекция