Тапсырма. Тұрақты тоқтың тармақталған сызықты электр тізбек-терін есептеу.

Кіріспе

«Электр тізбектерінің теориясы» (ЭТТ) курсын оқығанда есептеу – сызба жұмыстарының (ЕСЖ) маңызы өте зор. ЕСЖ-н орындау студентке теориялық жағдайларды практикалық есептеу жасағанда қолдануға, электр тізбегін өз бетінше талдап үйренуге, ал олар ЭТТ курсын жақсы меңгеруге көмектеседі.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда 2-семестрде оқытылатын ЭТТ-нің негізгі бөлімдерінің төрт ЕСЖ-на тапсырмалар мен нұсқаулар келтірілген. №1 ЕСЖ-ы тұрақты тоқтың тармақталған сызықты электр тізбегін, электр тізбегінің негізгі әдістерін қолдана отырып есептеуге арналған. №2 ЕСЖ-ы бірфазалы синусоидалды тоқтың сызықты электр тізбегін комплекстік (кешен-ді) әдіспен есептеуге, ал №3 ЕСЖ-ы аралас қабылдағыштары қосылған сину-соидалды тоқтың электр тізбектерін есептеу, №4 ЕСЖ ЭҚК-ң периодикалық синусоидалды емес сызықты электр тізбектерін есептеу қарастырылады.

Есептеу-сызба жұмыстарын орындағанда мына шарттар орындалуы керек:

- өз нұсқасын таңдап алуы керек, тапсырманың тексін ЕСЖ-ның түсінік-темесінде қысқартусыз көшіріп жазылуы керек;

- есептеу сызба жұмысының әр кезеңіне атау беру керек, жұмысты А4 парағының (форматының) бір жақ бетіне орындау керек;

- түсініктемеде есептеу кейіптемелер (формулалар) мен соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен бірге оларды тексеруге мүмкіндік беретін арасындағы есептеулерді де көрсету керек;

- титульды бетте студенттің аты-жөні, тобы және нұсқасы (вариант) көрсетілуі керек;

- анықталған өлшемдері бар көрсеткіштері (параметрлері) үшін сәйкес есептеу бірілігін жазу керек, кешендік теңдеулер мен элементтердің үстіне нүкте қою қажет;

- түйіндердің, көрсеткіштердің, резисторлардың, индуктивтіктердің (ора-малардың), сыйымдылықтардың аттарын, тоқтың және кернеудің оң бағыт-тарын өзгертпеу керек;

- лездік шамалардың қисығы, векторлық, топографиялық және де қосымша жабыстырылған миллиметрлік немесе торлы қағазда орындау керек;

- графикте көрсетілген шамалардың аттарын жазу керек. Масштабты сызбамен немесе диаграммамен жұмыс істеу ыңғайлы болатындай етіп таңдау керек. Түсініктемеде сүлбелерді сызғыш, циркуль және трансфортирді қолдана отырып карандашпен орындау керек;

- қолданылған әдебиеттің тізімін келтіру керек.

тапсырма. Тұрақты тоқтың тармақталған сызықты электр тізбек-терін есептеу.

Тұрақты тоқтың тармақталған сызықты электр тізбектерін есептеу үшін 1.1-1.3-кестелерде және 1.1-1.10-сүлбелерде берілген электр тізбектері үшін келесі тапсырмаларды орындау керек.

а) Кирхгоф заңдары бойынша теңдеулер жүйесін құру;

б) Контурлық токтар әдісі және түйіндік потенциалдар әдісі бойынша теңдеулер жүйесін құрып, барлық тармақтардағы токтарды есептеу. Сонымен қатар екі әдіспен есептелген токтардың жауаптарын салыстырып кестеге енгізе отырып, есептеу қателігін анықтау керек;

в) Қуаттардың баланс теңдігін құрып қандай дәлдікпен орындалатындық-тарын тексеру;

г) тоғын активті қосполюсті әдісімен (эквивалентті генератор әдісі) анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар:

а) Контурлық токтар және түйіндік потенциалдар әдістерімен есептеген-де, тоқ көзін оған балама ЭҚК көзімен ауыстыру керек;

б) Түйіндік потенциалдар әдісімен есептегенде «1» немесе «а» түйінін жерге қосу керек.

1.1-кесте

Оқуға түскен жылы   Аты-жөнінің бірінші әрпі
Тақ АБВ М0Ю ТНЯ ГРЩ КИС ЖУШ ЧХЛ ДЦЭ ПЕ ЗФ
Сүлбенің № 1.1 1.2 1.3 1.4 1.5 1.6 1.7 1.8 1.9 1.10
Жұп ЖУШ ГРЩ ЗФ ДЦЭ ЧХЛ ПЕ М0Ю АБВ ТНЯ КИС
Сүлбенің № 1.10 1.9 1.8 1.7 1.6 1.5 1.4 1.3 1.2 1.1

1.2-кесте

Оқуға түскен жылы   Сынақ кітапшасының соңғы санының алдындағы саны
Тақ
Жұп
- - - - -
- - - - -
- - -
- - - - -
- - - - -
- - - - - - -

1.3-кесте

Оқуға түскен жылы   Сынақ кітапшасының соңғы саны
Тақ
Жұп

1.1-сүлбе 1.2-сүлбе

1.3-сүлбе 1.4-сүлбе

1.5-сүлбе 1.6-сүлбе

1.7-сүлбе 1.8-сүлбе

1.9-сүлбе 1.10-сүлбе

Наши рекомендации