Нформатика және есептеуіш техникасы.

ж.

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Экономикалық информатика

_____________inf 1105___________

(модуль шифры)

__Жалпы міндетті_____

(модуль түрі)

BA, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 – Есеп және аудит, 5В050600 - Экономика, 5B050507 - Менеджмент

(модуль деңгейі (ВА/МА/Phd), мамандық шифры)

Кредит саны: 1

Оқыту түрі: Күндізгі

Семестр: 1, 2

Студенттер саны:

Астана 2013 жыл.

ннің оқу-әдістемелік кешенін гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.м. Анетова А.Ж., оқытушы Кошербаева Ж.Е. дайындады.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.

Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д.

______________ «_____» _____________________________ ___________ ж.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.

Төрайым т.ғ.к., доцент Мукатаева Л.К

__________________ «_____» _________________________ ___________ж.

Жаңарту мерзімі «___» _________________________ 20___ ж.

ПОӘК мазмұны

1. Модуль пәнінің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компоненттен болса);

2. Модуль пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы (таңдау бойынша компонент);

3. Модуль пәнінің бағдарламасы (Syllabus);

· Модуль пәнінің бағдарламасының (Syllabus)титульдік беті;

· Оқытушы туралы мағлұмат және байланыс ақпараты;

· Модуль пререквизиттері (Prerequisite module);

· Модуль мазмұны;

· Модуль пәнінің тәжірибелік, семинарлық, лабораториялық сабақтарының тақырыптық жоспары;

· МБСӨЖ және СӨЖ орындаудың тақырыптық жоспары;

· Әдебиеттер тізімі;

· Студенттердің бағалары жөнінде ақпарат;

· Бағалау критерийлері;

· Аппеляция процедурасы.

· Пәннің оқу – әдістемелік қамтамасыздандырылу картасы

4. Тәжірибелік және лабораториялық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар;

5. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар (дәстүрлі, интерактивті және инновациялық әдістер);

6. БТМ (Hand-outs)– белсенді таратпа материалдар;

7. Студенттердің оқу жетістіктерінің бағасы мен бақылаулар бойынша материалдар (емтиханға дайындық сұрақтарының тізімі);

8. Мамандандырылған аудиториялар тізімі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директоры

т.ғ.к., доцент Мукатаева Л.К

_____________________________

ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Модуль пәнінің атауы: «Информатика»

Оқу нысаны: күндізгі болім

Барлығы - 1 кредит

Курс - 1

Семестр – 1

Экзамен ___1___ семестр

Тәжірибелік сабақтар – 10 сағат

Лабораториялық сабақтар – 5 сағат

ОБСӨЖ Контактілік – 5 сағат

ОБСӨЖ Консультативтік – 3 сағат

СӨЖ - 22 сағат

Жалпы көлемі – 45 сағат

А С Т А Н А – 2012 ж.

Пән оқытушысы туралы мәліметтер:Анетова Айжан Жакановна, техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасы, 442 каб.

Ғылыми қызығушылығы:студенттердің ойлау қабілетін дамыту және студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту барысында ақпараттық технологияның көмегіне жүгіну жолдарын арттыру.

Кошербаева Жанар Ерженісқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасы, 442 каб.

Реквизит алды (пререквизиты):Оқытылатын пәнді меңгеру үшін информатика және АЕТ, математика, физика пәндері бойынша базалық білімдер қажет.

Модуль пәнінің мазмұны: Ақпараттық технологиялар туралы жалпы мағлұматтар, жаңа ақпараттық технологиялар, ақпараттық технологиялардың жіктелуі, негізгі компьютерлік технологиялар, экономикалық объектілерді басқарудағы ақпараттық жүйелердің орны мен ролі, қазіргі ақпараттық жүйелердің негізгі қамтамасыздандыру бөліктері.

Пән мақсаты: информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерін таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсінік беру: студенттерге алгоритмдер мен блок схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.

Пән мәселесі:студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игеру; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және ақпараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игеру.

Білім, дағды және қабілет минимумы:Пәнді оқу нəтижесінде студенттер келесіні меңгеруі керек:

- дербес компьютерде жұмыс əдістерін, операциялық жүйелерді, программалық қамтамаларды, əртүрлі редакторларды, кестелік процессорларды, деректер қорын басқару жүйелерін, қолданбалы программалар пакеттерін білу;

- компьютер көмегімен экономикалық жəне басқару мəселелерін шешуге алгоритмдер мен программаларды құрастыру;

- экономиканың салаларындағы информациялық жүйелерді, деректер қорын жобалауды жəне құруды үйрену;

- экономикалық ақпаратты талдау əдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсете білу;

- арнайы экономикалық жəне басқару есептерді шешуге қолданбалы программалық қамтамаларды қолданып үйрену;

- компьютерлік желілердің қызметтерін қолдану жəне дүниежүзілік ауқымды Internet желісінің, E-mail, WWW,телекоммуникациялар қызметтерін қолдану;

- компьютерлік жүйелердің жəне информациялық технологиялардың жиі кездесетін өзгерістерін қадағалау.

ПӘН МАЗМҰНЫ

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Модуль пәнінің тақырыптары мен мазмұны Сағат саны
1. Информатика және ақпараттық технологиялар. 1.1 Информатика пәні 1.2 Информатика ғылым мен технология бірлігі ретінде.
2.   Қазіргі информатика құрылымы. 2.1 Ақпарат және оның түрлері, қасиеттері 2.2 Компьютерде ақпаратты көрсету
3.   ЭЕМ архитектурасының негізгі түсініктері 5.1 Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. 5.2 Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы. Енгізу-шығыру және тоқтату. компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары.
4.   Алгоритмдік шешімдерді талдау. 6.1Тапсырмаларды шешу стратегиялары. 6.2 Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру.
  Қазіргі ақпараттық жүйелердің негізгі қамтамасыздандыру бөліктері. Қазіргі бағдарламалық қамтамасыздандырылуға шолу. 7.1 БҚ жіктелуі. 7.2 Операциялық жүйелер.
Компьютерлік желілер. 9.1Желілер және телекоммуникациялар. 9.2 Желілік қауіпсіздік. Компьютерлік желілерде ақпаратты алу және жіберу.
MS Word мәтіндік редакторында үрдістерді автоматтандыру 10.1Форматтау және документтерді стильдік безендіру 10.2 Microsoft Equation 3.0. формулалар редакторы
  Кестелік процессорлар. 11.1. Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау. 11.2 . Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері
  Деректер базасын басқару жүйесі. 14.1 Сұраныстар құру. 14.2. Форма түрінде деректерді көрсету.
Графикалық бағдарламалық қамтамасыздандырудың иерархиясы 15.1Графикалық редакторы. 15.2 Растрлы және векторлы графикалық редактор
  Барлығы – 10 сағат (3 сағ. модуль бойынша)

Лабораториялық сабақтардың тақырыптық жоспары

Модуль пәнінің тақырыптары мен мазмұны Объем в часах
1. Информатика және ақпараттық технологиялар Компьютерде ақпаратты көрсету
Операциялық жүйелер мен желілер негіздері. Антивирусты қорғау. Архиваторлар.
3. MS Word мәтіндік редакторында үрдістерді автоматтандыру Форматтау және документтерді стильдік безендіру
4. Кестелік процессорлар Деректерді фильтрлеу
5. Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базасының есебі
  Барлығы -5 (2 сағ. модуль бойынша)

ОБСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары

Модуль пәнінің атауы: Экономикалық информатика  
Тақырып №   ОБСӨЖ (контактілік және консультативті) СӨЖ
Модуль пәнінің мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі) Өткізу формасы Модуль пәнінің мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі) Өткізу формасы
1. Қазіргі информатика құрылымы. Деректер тасымалдағыштар. Деректермен операциялар. Графикалық ақпараттарды көрсету 1 с, 2 апта   Консультативті Информатиканың математикалық негізі. 4 с, 2-апта   Презентация құру
2. ЭЕМ архитектурасының негізгі түсініктері 5.1 Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. 5.2 Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы. Енгізу-шығыру және тоқтату. компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары 2 с, 5 апта   контактілі Дербес компьютердің негізгі бөліктері және оларды белгілеу. Компьютердің сыртқы құрылғылары. 5 с, 5-апта   Реферат, ауызша сұрау
3. Операциялық жүйелер мен желілер негіздері. 8.1 Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер. 8.2 Ақпаратты қорғау 2 с, 8-апта   контактілі Операциялық жүйелердің қызметтері. ОЖ жіктелуі. ОЖ даму тарихы. 5 с, 8-апта   Презентация құру
4. Компьютерлік желілер. Желілер және телекоммуникациялар. Желілік қауіпсіздік. Компьютерлік желілерде ақпаратты алу және жіберу. 2 с, 9-апта   контактілі Желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Хаттамалар. ip-хаттаманы белгілеу. 5 с, 9-апта   реферат
5. Қазіргі қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруға шолу. 10.1 Презентациялар құру және безендіру 10.2 Интерактивті презентациялар. 2 с, 10-11-апта   контактілі Презентация құру бойынша бағдарламалық қамтамасыздандыру мүмкіндіктері. 5 с, 10-апта   реферат
6. Мәтіндік процессор. Мәтіндік редактор құралдарымен құжаттарды безендіру 1 с, 11-апта   консультативті Құжаттарды форматтаудың негізгі ережелері. 4 с, 11-апта   Презентация құру
7. Кестелік процессор 12.1 Кестелік процессор көмегімен экономикалық тапсырмаларды шешу 2 с, 12-апта   контактілі Кестелік процессор көмегімен экономикалық тапсырмаларды шешу 5 с, 12-апта   реферат
8. Деректер базасын басқару жүйесі. 13.1. Деректер базасын қолдану 2 с, 13-14-апта консультативті Деректер базасымен жұмыс. Есептер мен формалдарды өңдеу 5 с, 13-апта   Презентация құру
  Барлығы (контактілі – 5 с., консультативті - 3 с. (оның ішінде – 2сағ. модуль бойынша)) Барлығы - 8 с     Барлығы - 22 с  

ƏДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер

  1. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д. Теоретические основы информатики. – М., Наука, 1997
  2. Аладьев В.З. и др. Основы информатики. М., Филин, 1999
  3. Кушниренко А.Г. Информатика мен есептеуіш техника негіздері
  4. Кушниренко А.Г. Основы информатики и вычислительной техники.
  5. О. Камардинов, Есептеуіш техника жəне программалау. Алматы, Республикалық баспа кабинеті 1997 ж.
  6. Информатика: Учебник, - 3-е перераб. изд./Под ред. Н.В. Макаровой. – М.:Финансы и статистика, 2007. – 768 с.
  7. Бадд Тимоти Объектно-ориентированное программирование и их действии Спб, Питер, 1997, 464 с.
  8. Гласс Р. Руководство по надежному программированию: Пер. С.англ. М.Финансы и статистика, 1982.
  9. Гласс Р., Нуазо Р. Сопровождение программированного обеспечения: Пер с анг. М., Мир, 1983.
  10. Дал У., Дейкстра Э. Хоор К. Структурное программирование: Пер с анг. М., Мир, 1975
  11. Информатика/ [Н.В.Макарова, Л.А.Матвеев, В.Л.Бройдо и др. Под ред. Н.В.Макаровой – 3-е перераб. Изд. М., 2003-765 стр.]
  12. Информатика / Под.ред. С.В.Симоновича – 2-е изд.- Спб, 2004

13. Демидчик Н.Н. Использование MS Excel и MS Access в экономических информационных системах: Учебное пособие.- Астана, 2002. – 118 с.

14. Демидчик Н.Н. Анализ в MS Excel и разработка информационных систем в MS Access: Учебное пособие.- Москва, МСГИ, 2002. – 96 с.

15. Джапарова Г.А. Основы информатики. Уч. пос.

16. Дубовиченко С.Б. Компьютерные сети и интернет

17. Информатика для юристов и экономистов/ Под. ред. С.В.Симонова.

18. Информатика и ЭВМ: Учебная программа / Сост.: Б.Б.Оразбаев и др.

19. Сергеева И.И. Информатика. Учебник.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Е.К.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дəулетқұлов Информатикадан 30 сабақ, Алматы, «Шартарап» 2001 ж.
  2. Е.Балапанов, Б.Бөрібаев, Г.Мадьярова, Жаңа ақпараттық технологиялар, Алматы 2000 ж.
  3. Е.Балапанов, Б.Бөрібаев, Р.Дүзбаева, Г.Мадьярова, Windows 95/98 операциялық жүйесі. Лабораториялық практикум. Алматы 2002 ж.
  4. Е.Абдильдин, Е.Балапанов, Б.Бөрібаев, Интернетке кіріспе. «Бүкілдүниежүзілік өрмек». Əдістемелік құрал. Алматы 2002 ж.
  5. Нұрсадықова Р.К. Информатика пəнінен электрондық кестелер мен мəтіндік редакторға арналған əдістемелік құрал. ¤скемен 1999 ж.
  6. В.З.Аладьев, Ю.Я.Хунт, М.Л.Шишков, Основы информатики. Учебное пособие М.: Филин 1998 г.
  7. Экономическая информатика и ВТ, под ред. В.П.Косарева. М.: Финансы и статистика, 2004 г.
  8. Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В.Макаровой, 2000, Финансы и статистика
  9. Информатика, практикум по технологии работы на компьютере под ред. проф. Н.В.Макаровой, 1997, Финансы и статистика
  10. Морозевич А.Н. Основы экономической информатики, Минск, БГЭУ, 1998
  11. Экономическая информатика, под ред. проф. В.В.Евдокимова, Санкт-Петербург, 1997
  12. Информационные системы в экономике, под ред. проф. В.В.Дика, Финансы и статистика 1996
  13. Фигурнов В.З. IBM PC для пользователя, М., ИНФРА, 1998
  14. Office 97, WORD 97, Excel 97 без проблем, М. Бином, 1997
  15. Матюшок. Экономические расчеты в Excel 7.0
  16. Волоха А. В. Word 2003. – Харьков: Фолиант, 2004. - 400 с.
  17. Харт-Дэвис Г. MS Office Excel 2003. М.: АСТ, 2005. - 428 c.
  18. Левин Дж. Р., Бароди К., Левин-Янг М. Internet. – СПб.: Питер, 2004. - 304 с.
  19. Пауэлл Т. Web-дизайн. - 2-е изд., перераб. и доп.: Пер. с англ. - СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 1072 с.
  20. Сергеева И.М., Музалевская А.А., Тарасова Н.В. Информатика: Учебник. – М.:ФОРУМ: ИНФРА-М, 2006. – 336 с.

Глоссарий

Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін “information” сөзінен шыққан. Ақпарат – бұл қоршаған орта туралы анықталмағандықты білдіретін мәліметтер.

Ақпараттық үрдіс- ақпаратты қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі.

Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмеленуін болдырмау үшін жүргізілетін шаралар кешені.

Ақпараттандыру – адам қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерінде ақиқат білімдердің толық және дер кезінде пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.

Ақпараттық жүйе– қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.

Ақпараттық ресурстар – кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

Алгоритм- орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті ұйғарым.

Алмасу буфері – құжаттар мен қосымша программалар арасында мәтіндік немесе графикалық информация алмасуға арналған жад аймағы.

Антивирустық программа – компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын, әрі олардың кері әсерін жоятын программа.

Архивтеу – файлды немесе файлдар тобын тығыздау процесі.

Аппараттық жасақтама – компьютерлік жүйенің жҗмыс істеуіне қажетті барлық аппараттық құралдар жиынтығы.

Байт – 8 биттен тұратын ЭЕМ жадының немесе ондағы мәліметтердің бірлігі.

Бейнеадаптер – монитордағы бейненібасқару үшін бас тақшаға орнатылған немесе кеңейтуге арналған қосқыштарға жалғанатын схемалық тақша.

Бейнекарта – бейнекамера, бейнемагнитафон немесе кез-келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы

Гипермәтін - экранда ашық тҗрған құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылдам ауысуды жүзеге асырады.

Дербес компьютер – жеке пайдаланушыға арналған кіші өлшемді жөн бағалы, өмбебап микропроцессор; үстелге қоятын, ықшамды, қалтаға салып жүретіндей етіп жасалған, жеке пайдаланушыға арналған компьютер.

Десте – желі арқылы тасымалданатын мәліметтерді сипаттайтын жалпы аталым.

Домен– бір бір компьютерден басқарылатын немесе желілік түйіннің жалпы басшылығымен жұмыс істейтін қатынастар әрекетінің немесе желілік ресурстардың тобы.

Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.

Жад – мәліметтерді қабылдауға, сақтауға және беруге арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.

Жедел жад – берілген мезетте атқарылатын программалар мен оларға дер кезінде қажетті мәліметтерді сақтайтын электрондық жад.

Жергілікті желі (локальная сеть) – жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын, бір-біріне жақын орналасқан компьютерлердің есептеу желісі.

Компьютерлік желі – мәліметтерді компьютер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары.

Конструктор – мәліметтер қоймасы нысандарының (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтап, құрастыру режимі.

КЭШ жад– процессор мен жедел жад арасында буфер ретінде қолданылатын мәліметтер алу уақыты жедел жадқа қарағанда өте жылдам жад түрі.

Информатика- адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған программалар жиынтығы; компьютерлерге арналған алгоритмдер мен программаларды әзірлеу.

Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету үшін керек тәсілдер мен ережелердің келісілген жиынтығы.

Қолданбалы программалық жасақтама – қолданушының нақты есептерін шешуге арналған программалар жиынтығы.

Сыртқы жад – мәліметтерді ұзақ сақтауға арналған алынып-салынатын жад құралдары (магниттік диск, иілгіш магниттік диск т.с.с.).

Слот – компьютердің жүйелік тақтасында кеңейтудің алып-қосу ойығы.

Стример – қатқыл дискідегі мәліметтерді резервке сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жҗмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) – бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау.

Модем – компьютерлік желілері жүйесінде цифрлық сигналдарды аналогты түрге және керісінше түрлендіретін модулятор және демодулятор құрылғылары.

Операциялық жүйе – компьютер мен қолданушы арасындағы диалогты ұйымдастыратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаратын, компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысын үйлестіретін өзара байланысқан жүйелік программалардың жиынтығы.

Файл - белгілі бір атаумен аталып, реттеліп жазылған байттар тізбегі, дискідегі аталған аймақ.

Файл пішімі – файл мәліметтерін дискілрде сақтау, экранда немесе қағазда бейнелеу тәсілдерін анықтайтын оның құрылымы.

Электрондық почта – компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелтуді, хабарларды оқу мен сақтауды жасақтайтын қызметтік программалар жүйесі.

Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа.

Утилиттер – операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін көмекші программалар.

Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға Балдардың сандық эквиваленті Оқу пәнін меңгеру дәрежесінің %-дық мөлшері Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық  
С 2,0 65-69
С- 1,67 60,64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мөлшері төмендегідей анықталады:

Егер де модуль бір пәннен құралса, онда сол пән бойынша қорытынды бақылаудың нәтижесі модуль бойынша қорытынды баға болып табылады.Мұнда пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған жұмыс түрлері (практикалық, зертханалық, есеп-графикалық, курстық) бойынша бағалар да қорытынды бағаға кіреді және төмендегі формула бойынша есептеледі:

нформатика және есептеуіш техникасы. - student2.ru

мұндағы:

Р1 және Р2 – бірінші және екінші аралық бақылау бағалары;

Э – емтихан бағасы;

ИМ – пән модуліне қорытынды емтихан бағасы;

0,4 және 0,6 – сәйкесті емтихан бағасы мен аралық бақылау бағасының салмақ коэффиценті.

Егер модуль бірнеше компоненттерден тұратын болса, онда емтихан негізгі компоненттен (Эок) болады, ал басқа компонентердің қорытынды бақылау түрі реферат, эссе, жобалық жұмыс, курстық жұмыс (Эдк) болып табылады және төмендегі формула бойынша есептеледі:

нформатика және есептеуіш техникасы. - student2.ru

мұндағы:

Эок – негізгі компонент бойынша емтихан;

Эдк – басқа компоненттер бойынша емтихан;

ККМ – модульдің компоненттер саны;

0,4 және 0,6 – сәйкесті емтихан бағасы мен аралық бақылау бағасының салмақ коэффиценті.

ИМ – пәндер модуліне қорытынды емтихандық баға.

Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы

«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қателіктер, дәлсіздік жібермеген болса, жұмыстың бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй жұмыстарын өз уақытында және дұрыс орындаса, егер ерекше ойлау қабілетін көрсетсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, пәнді оқу барысында өз бетімен қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, өз бетімен бағдарлама материалдарын жүйелей алатын болса қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) егер студент бағдарлама материалының 75% -нан төмен емес бөлігін меңгерген, есептеулерде (жауаптарда) өрескел қате жібермеген, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын өз уақытында орындаған және оларды принципиалды ескертулерсіз тапсырған, оқытушылардың нұсқаулары бойынша қосымша әдебиеттерді қолданған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, жіберілген принципиалды емес дәлсіздікті немесе принципиалды қателіктерді студенттің өзімен түзетілген, оқытушының көмегімен бағдарлама материалын жүйелей алатын болса қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) егер студент бағдарлама материалының 50% -нан төмен емес бөлігін меңгерген болса, бақылау және лабораториялық жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау барысында оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиум тапсыру барысында дәлсіздік және принципиалды емес қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен ғана шектелсе, материалды жүйелеуде ауыр қиыншылық көрген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық емес» бағасы (F; 0; 0-49%) егер студент бағдарламада қарастырылған негізгі материал білімінде кемшіліктерді байқаса, бағдарламамен қарастырылған материалдың жартысынан көбін меңгермеген, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген, жауаптарда принципиалды қателіктер жіберген болса, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерімен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаған, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемеген болса қойылады.

Апелляцияға беру тәртібі. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент емтихан өткізілген соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді. Емтихан сессиясы кезінде (аралық аттестаттау) ректордың бұйрығымен біліктілігі апеллирленетін пәннің профиліне сәйкес келетін оқытушылардан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

Берілген күннен бастап екі күн ішінде арызды студент пен оқытушының қатысында апелляциялық комиссия қарайды.

Апелляция нәтижелері хаттамамен оформляется және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихандық ведомості жасалады. Ол негізгі емтихандық ведомостіге қоса тіркеледі.

Апелляция нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихан ведомостісі жасалады да, ол негізгі емтихан ведомостісіне қоса тіркеледі.

Студент апелляция нәтижелерімен таныстырылуы (ауызша немесе жазбаша) қажет.

Апелляция пәні болып табылмайтын емтихандар бойынша бағаны өзгертуге рұқсат етілмейді.

3.ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРЫЛУ КАРТАСЫ

нформатика және есептеуіш техникасы.

Наши рекомендации