Дәріс Графикалық редакторлардың форматы

Жалпыға белгілі болғандай, кез келген бағдарлама тек осы бағдарламаға тән форматы бар фаилдағы ақпараттарды сақтайды. Егер көптеген бағдарламалар тек бір ғана мақсатқа арналған болса, мысалы, мәтіндік редакторлар, онда бағдарламашылар кезекті тәсілдер арқылы бірыңғай жұмысты жүзеге асыруға тырысуда, мысалы - конвертерлер. Графика саласында бейнелердің әр түрлілігі және оларды қолдану шеңберінде графикалық бейнелердің әр түрлі форматтары бар.

Форматтың қолданылуы. Кеңейтілген формат қолдану қажет, өйткені осы жағдайда құрастырылған графикалық мәліметтер базасы басқа қосымшаларға қол жетімді болады, ол өз кезегінде жұмыстық кеңдігін және нұсқаулығын қамтамасыз етеді.

Форматтың кеңдігінен басқа сипатаммаларды есептеу қажет: бейнелердің түрлерін қолдау, қолданылатын түсті модельдер, қысу мүмкіндіктері мен форматтардың сыйысымдылығы.

Томенде форматтардың ең кең тараған мысалдары келтірілді.

1. ВМР (Windows Bitmap) - Paint графикалық редактордың форматы. Windows-пен жұмыс істейтін басым бағдарламалармен пайдаланылатын форматы. Осы форматта экранның түс етегі ретінде пайдаланатын суреттер жазылған. Ол индексталған түстерді пайдаланады және платформадан тәуелсіз. Баспа қызметінде қолданылмайды.

2. WMF форматы (Windows MetaFile). Берілген формат Windows ортасында графикалық фаилдарды айырбастау үшінMicroSoft фирмасымен әзірленген арнайы формат болып табылады. Осы форматта жазылған файлдар осы немесе басқа графикалық объектке тән барлық параметрлер сақтайды.

3. TIFF форматы (Tagged Image File Format) сканерленген бейнелер үшін арнайы әзірленген ең кең тараған графикалық формат болып табылады. Сканерленген қара-ақ және түрлі-түсті бейнелер үшін пайдаланады.

4. HPGL (Hewlett-Packard Graphics Language) форматы. Берілген формат плоттерлермен жұмыс жасау үшін пайдаланады. Алдын ала бейнені плоттер арқылы шығармас бұрын оны .PLT кеңейтуімен файлда сақтау қажет.

5. РСХ форматы. растрлық графика үшін ең көп тараған формат болып табылады. Осы форматпен CorelDraw бағдарламалық пакетке кіретін CorelPhotoPaint бағдарламасы жұмыс істейді.

6. ERS форматы (Encapsulated PostScript). ERS форматындағы файлдар мәтін мен растрлық графика үйлестіруге мүмкіндік береді. ERS форматы іс жүзінде барлық бағдарламаларды таниды.

7. DXF форматы (Drawing eXchange Format). DXF форматы арқылы CAD бағдарламасы (САПР - автоматтандырылған жобалау жүйесі ) және басқа графикалық бағдарламалар арасында айырмас жасауға мүмкіндік береді. Үлгі ретінде AutoCAD бағдарламасына графикалық файлдардың экспорты келеді.

8. GIF- LZW ақпаратын жоғалтуынсыз қысу алгоритмін пайдаланатын формат. Түстің максималды тереңдігі - 8 бит (256 түс). Мұнда анимация жазу мүмкіндігі бар. Пиксельдердің тұнықтығын қамтамасыз етеді. Берілген формат Web-бетін құру кезде кең қолданылады.

9. PNG - GIF форматын ауыстыру мақсатында жасалған.Deflate қысу алгоритмін ақпаратты жоғалтуынсыз пайдаланады (LZW жаңартылған). Түстік максималды тереңдігі - 48 бит. Тұнықтылығының градиентті маска каналдарын қолдайды (256 тұнықтылығының деңгейлері).PNG - жаңа формат, сондықтан әлі кең таралмаған. Әсіресе Негізінен Web-дизайнда қолданылады. JPEG (JPG) 10. JPEG (File Interchange Format) ақпаратты жоғалтуымен қысатын алгоритмін пайдаланатын формат, файл мөлшерін 100 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Түстің тереңдігі - 24 бит. Пиксельдердің тұнықтылығы қолданылмайды. Тым қысқан жағдайда шекараларда дефекттер пайда болады. JPEG форматын толықтүсті фотографияларды қысқанда қолдануға болады. Қайта қысқан жағдайда сапасы одан әрі нашарлауын есепке ала отыра, JPEG-де тек жұмыстың соңғы нәтижесін сақтауға ұсыныс беріледі. JPEG Web-беттерін құрған кезде кең қолданады, сонымен қатар фотографиялардың үлкен коллекцияларын сақтаған жағдайда.

11. PSD - Adobe Photoshop графикалық редактордың форматы. RLE ақпаратын жоғалтуынсыз сақтайтын алгоритм қолданады. Осы бағдарламада құрылатын барлық ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. осыдан басқа Photoshop кең қолданылуына байланысты, берілген формат барлық қазіргі компьютерлік графиктердің редакторлармен қолданылады.

12. RIFF Resource Interchange File Format - CorelPainter графикалық редактордың форматы. Осы бағдарламада құрастырылатын барлық ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Painter жұмыс жасау кезде аралық нәтиже сақтау үшін пайдалану тиіс.

13. PDF (Portable Document Format) - бір уақытта мәтін мен графиканы сақтау үшін арналған формат. PDF форматында мәліметтер Adobe Acrobat мәтіндік редактормен сақталады. Графикті қысу үшін LZW тәсілі қолданылады.

Наши рекомендации