Excel бағдарламассымен танысу
Зертханалық жұмыс
Компьютер құрылғысымен танысу. Компьютер классында жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережесі
Жұмыстың мақсаты:
1 Компьютер классындағы жұмыс істеу тәртібімен және қауіпсіздік техникасымен танысу.
2 Компьютер құрылғысының принцптері және негізгі бөліктерімен танысу.
3 Өзіндік жұмыстың тапсырмасын орындау.
Құрал - жабдықтыр:компьютер классы.
«Компьютер» сөзі есептегіш немесе есептегіш құралы деген мағынаны береді. Компьютердің әдеттегі арифмометр және әртүрлі есептегіш құрылғыларынан айырмашылығы,ол күрделі есептеу операцияларын адамның қатысысыз алдан ала белгілленген бағдарламалар арқылы шешеді. Сондай-ақ компьютерде алынғын нәтижелерді сақтайтын арнайы сақтау жадысы болады.
ПЭВМ негізгі компоненттері:
1 орталық процессор;
2 енгізу құрылғысы;
3 сақтау құрылғысы;
4 шығару (вывод) құрылғысы.
Орталық процессор ақпаратты өңдеу және барлық есептеу жұмыстарын жүзеге асырады. Бір интегралды схемадан тұратын процессор, микропроцессор деп аталады. Ал күрделі машиналарда процессор интегралды схемалардың жиынтығынан тұрады.
Енгізу құрылғылары ақпаратты компьютерге енгізу қызметін жүзеге асырады (мысалы, клавиатура).
Есте сақтау құрылғысы әртүрлі бағдарламаларды, көрсеткіштерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға бағытталған.
Шығару құрылғылары нәтижені компьютерден сыртқа шығаруға бағытталған (мысалы, принтер).
Компьютер классында тиым салынады:
- мұғалімсіз немесе лаборантсыз класқа кіріп компьютерді қосуға;
- компьютер классына сыртқы киімен кіруге;
- компьютерге арналған үстелге сөке, пакет және т.б заттарды (дәптер мен қаламнан басқа) қоюға;
- шулауға және қатты сөйлеуге;
- мұғалімнің рұқсатынсыз басқа компьютерлік бағдарламаларға, папкаларға немесе құжаттарға кіруге;
- мұғалімнің рұқсатынсыз және вирустарға тексерусіз студенттің өзінің жеке басына қатысты электронды тасымалдағыштарды (флешка, диск,дискеталар) қодануға;
- компьютер кластарында тамақтануға және темекі тартуға тыйым салынады.
Компьютер классында жұмыс жасау тәртібі:
- ПЭВМ жұмысты тек жұмыс дәптеріне тіркелгеннен кейін ғана бастауға болады;
- жұмысты бастамас бұрын тапсырма алып, оның мақсаты мен орындалу тәртібін анықтап, мұғалімнің ауызша түсініктемесін мұқият тындау керек;
- жұмысты әрқашан бір компьютерде орындау керек. Басқа компьютерге тек компьютер жұмыс жасамағанда немесе орнында болмағанда рұқсат етіледі;
- егер компьютердің жұмыс жасалмайтыны анықталса мұғалімге немесе лаборантқа айту керек;
- компьютерден түтін немесе жағымсыз иістер шыққан кезде оны тоқ желісінен айырып, шұғыл түрде мұғмліге немесе лаборантқа айту керек;
- тапсырманы орындап болысымен оны мұғалімге тапсырып, бағдарламадан шығып, компьютерді өшіру керек.
Студенттерге тапсырма:
1 Компьютер классының жұмыс жасау тәртібімен танысу
2 Компьютердің құрылғыларымен танысу («Мой компьютер», «Свойства»)
3 Берілген компьютерде орнатылған бағдарламалармен танысу.
4 «Microsoft Word» бағдарламасында топтың өткен сессиядығы үлгерім кестесін теру.
5 Әр студенттің әрбір пәннен үлерімінің орташа баллын есептеп шығару.
Бақылау сұрақтары:
1 Компьютердің негізгі болтары мен құрылғысын атаңыз?
2 Заманауи компьютерлердің құрығысы мен жұмыс жасау принцптері?
3 Бағдарламаларға қалай кіруге және қалай шығуға болады?
4 Ақпаратты өңдеуден өткізуді қандай бағдарламалар жүзеге асырады?
Зертханалық жұмыс
Excel бағдарламассымен танысу
1 «Microsoft Excel» бағдарламасында жұмыс жасау принціпін меңгеру.
2 Бағдарламаның басқарылуын, интерфейсін және обьектілерін меңгеру.
3 Өзіндік жұмыстың тапсырмасын орындау.
Құрал - жабдықтыр:компьютер классы.
Әдибиеттер тізімі:
1 М.Р. Мидлтон «Анализ статистических данных с использованием Microsoft Excel для Office XP».
2 «Компьютерная биометрия». Под ред. В.Н.Носова. М.: изд-во МГУ. 1990.232с.
3 А.И.Громов,М.Я. Сафин, Т.Е.Аросева и др. «Основы информатики и вычислительной техники». М.:изд-во УДН,1991.
4 В.Э.Фигурнов IBM PS для пользователя. Краткий курс. Москва. ИНФРА-М. 1998. Стр. 15-62.
MS Excel – бұл ауқымды экономикалық – жоспарлық, статистикалық – есептік, ғылыми – техникалық және т.б тапсырмаларды орындауда және электронды кестелерді өңдеуден өткізу үшін қолданылатын күшті және қарапайым бағдарлама болып табылады. Мұнда сандық, мәтіндік немесе графикалық ақпарттар кесте түріндегі құрылымда беріледі.
Электронды кесте, әдеттегі кестедей жолдар мен бағаналардан тұрады, ал олардың қиылысқан жерін ұяшық деп атайды. Электронды кестенің әдеттегі кестеден негізгі айырмашылығы, ол ұяшықтарда бірнеше есептік формулаларды орналастыру мүмкіндігі, сондай–ақ кесте түрінде берілген ақпараттың автоматты түрде өңделуі.
Excel–де жұмыс кітабы ретінде бір файл стандартты кеңейтумен белгіленіп тұрады. Файлдармен жұмыс жасау командасы негізгі мәзірдің «Файл» пунктінде жиналған. Жаңадан жайл құру үшін келесідей командаларды орнындау керек: Файл–Создать, бұдан кейін Excel стандартты «Книга І» атауымен жаңа кітапты ашады.
Excel–дің жұмыс кітабы бір немесе бірнеше «рабочий лист» деп аталатын парақтардан тұрады. Әдетте парақтардың саны 16, бірақ олардың саны 255–ке дейін ұлғаюы мүмкін. Жұмыс парағы – бұл кесте және оларға анықтама беретін мәтіндер орналаса алатын қағаз бетінің электронды аналогтары. Excel–дің жұмыс парағы 65536 жолдан және 256 бағанадан тұрады. Жолдар реттілік бойынша натуралды сандармен нөмірленеді,ал бағаналар латын алфавитінің әріптерімен және олардың қосарланған комбинациясымен белгіленеді. Жолдар мен баағаналардың қиылысуы ұяшықтарды түзеді, олдарды ұшық адрестерімен анықтайды (мысалы, А1). Ұяшықтар 255 символдан тұруы мүмкін. Олар: мәтіндік, сандық, ақшалық қатынаста, пайызды көрсеткіштер, мерзім, уақыт, күн, формула, графиктік объектілер.
Excel–дің интерфейс ортасы
Excel–гі әрбір құжат бір немесе бірнеше парақтардан тұратын, Жұмыс кітабының кестелі жиынымен сипатталады. Қажет жағдайда кітап ондаған немесе жүздеген жұмыс парақтарынан тұру мүмкін. Әрбір парақтың өзінің атауы болады. Бұлар өзалдына жеке электронды кесте болып табылады. Excel файлының кеңейтілуі .xls. болады.
Кітаптың тақырыбы – қосымша немесе онда өңделіп жатқан құжат, сондай-ақ терезедегі басқару тетігі мен жағдайына байланысты болуы мүмкін (мысалы, Microsoft Excel-книга1).
Басты мәзір. Excel–дің барлық функциялары осы мәзір арқылы орындалады.
Формулалар жолы. Қандайда бір ақпарат көздерін енгізуге немесе дүзетуге бағытталған.
Ағымдағы ұяшық.Жұмыс парағында үнемі бір ұяшық ағымды болып табылады. Көптеген операцияларда осы ұяшық қолданылады. Ағымдағы ұяшық қалың қоршаумен белгіленген (указатель текущей ячейки), ал формулалар жолында оның номері (адрес) мен мазмұны келтірілген. Ағынды ұяшықтың орнын ауыстыру клавиатурадағы «стрелкалардың» көмегімен жүзеге асады.
Жолдар мен бағаналардың атаулары. Ұяшықтардың адресациясы үшін қолданылады. Тышқанның көмегімен атауды бассақ, онда сол атауға тиесілі жол немесе бағанадағы ұяшық белгіленеді. Сондай-ақ атаудың көмегімен ұяшықтаң ұзындығы мен көлемінде өзгертеді. Парақтан екінші параққа ауысу тышқанның көмегімен жүзеге асырылады.
Қолданушы параққа өзіне ыңғайлы кезкелген бір атауды бере алады.