Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары

Лекция жоспары:

1. Орманды-дала зонаның орманды сұр топырақтары

2. Жазық территориялардың, таулы алқаптардың топырақтары

Лекция мақсаты:ТМД, Қазақстандағы таралған топырақтарға сипаттама беріп, олардың өзіндік ерекше белгілері туралы түсінік қалыптастыру.

Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні:Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан шы-ғысына қарай – Шығыс Қазақстан об-лысына дейін созылып құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90.4 млн гектардй (республика террито-риясының 33.8 %), яғни бұрынғы ҚСРО-дағы мұндай зонаның 70 % жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағының біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстік тің қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара то-пырақ (4). Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4 %. Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сиреп, топырақтың қарашірігі азаяды., топырақтың түсі жай қара қо-ңырға айналады (5). Топырақ қарашіріндісінің мөлшері 3%-дай. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді далада топырақ түсі тіпті ашық қара қоңырға ауысады (6). Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері не барі 1.5-2 %. Ауадан түсетін ылғла мөлшері өте айнымалы. 4) Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы күңгірт қара қоңыр, онда суарыл-майтын жаздық бидай егіледі. Бірақ олардан алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта есеппен жылына түсетін ылғал 250-280 мм. Мұнда құрғақшылық 3-4 жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27.7 млн гектардай (республика жерінің 10.3 %), 5) ал зонаның орталық бөлігінде жай қарақоңырлы топырақтарда құрғақшылық жиі болғандықтан, суарылмайтын егін өнімі мұнда тұ-рақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның көлемі 24.3млн гек-тар жер, Қазақстан жерінің 8.9%. Негізсіз жыртылып кеткен жер көлемі 4млн гектарға жуық. Бұл зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе, күңгірт қара қоңыр зонаша-да жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар желмен ұшуға бейім, оның өзі топырақтың жел эрозиясына қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, топырағында фосфор аз болғандықтан, фосфорлы тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зонашада-ғы негізгі егістік жерлер тың игеру кезінде игерілген.

Шөлді-далалы зонашада солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді ай-мақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара қоңыр, көбінесе сортаң-данған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орта есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістіктің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффициенті аймақта шамамен 0.2-0.3, яғни 20-30%. Бұл қазіргі уа-қытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақыттарда жақсы. Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп, тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда ғана іске асады. Суаырмайтын егін аз мөлшерде, ойпат-ты, шалғынды жерлерде ғана егіледі. Мұнда егілетін дақылдар – тез пісетін тары, арпа т.б. мал азықтық дақылдар. Көлемі 38.4 млн гектар, яғни Қазақстан территориясының 14 %-ын алып жатыр.

Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыс-тарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан об-лыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан. Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері аз. Ылғалдану коэффициенті 0.1-0.05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғал-дың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық,1000С-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 47000-ке жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезеңі өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер де табиғаттың осындай қысышлығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сон-дықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1.5 %. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген ьау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а.сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар (7), терістік шөл; б.жусанды сор шөптер өсетін сұр-құба топырақтар (8), орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада да, әсіресе, соң-ғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көп кездеседі.

Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналас-қан тақыртүктес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға болмайды. Өйткені, осы жердің ыстығына бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл қойлары, “шөл кемесі” атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір бағалы дақылдар, суға да қанығып мол өнім береді. Дегенмен, осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-бақшаға айналдыруға болады деген бос қиялға берілуге болмайды. Себебі, қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екін-ші жер көл болып бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі теңгертетін заңдылықтың барын да ескерген жөн.

Таулы алқаптардың топырақтары.

Қазақстан территориясында жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда едәуір. Дегенмен республикамызыдың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар – Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары. Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы толық мәлімет Аболиннің Ленинградта шыққан “Балхаш өңірінің шөл даласынан Хан тәңірінің қарлы биіктігіне шейін” деген классикалық еңбегінде келтірілген.

9)Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы - белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бүл белдеу - таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы басқаша.

Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бүл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары - күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.

Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бүл аймақтың топырағы негізі-нен таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған сәйкес түсетін ылғалдың мөлше-ріне байланысты, топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түстң және ашық қара қоңыр топырақтар зонашасы кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Батыс Тянь-Шань тау етектерінде күңгірт сұрғылт топырақтар мен ашық қара қоңыр топырақтар орнына қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Осы үш зонашаның соңғысында ғана, яғни күңгірт сұрғылт түсті және ашық қоңыр топырақтар таралған алқапта ғана суарылмай-тын егіс өседі, ал сұрғылт және ашық сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайынша жақсы өнім алынбайды. Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі астықтары, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай,яғни республика жер көлемінің 5.2 %-на жуық.

Тау етегі шөлді далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-далалы белдеуі басталады. Бүл аймақта таулардың топырақ климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тян-Шаньда таудың қара топырақтары. Бүл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе астықты дақылдар өседі, мал жайылымына да қолайлы. Аймақ таулы, жыралы болып келетіндіктен, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан көбіне табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Бүл алқапта суарылатын және суарылмай-тын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі. Алматының әйгілі “Апорт” алмасы да осы аймақта өседі, тамаша өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.

Орташа таулы, шалғынды-орманды белдеуі таулы-далалы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін жетеді. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. Топырағы аса құнарлы қара топырақ пен күңгірт қара түсті орман топырағы. Таудың қара топырағындағы қарашірінді мөлшері 10-12%-ке жетеді. Жер бетінің бедеріне, аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері негізінен жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы. Көп жері орман ағаштары, негізінен Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4млн гектардай.

Биік таулы-шалғынды және шалғынды-далалы белдеу - биік таулы аймақтарда орын алады. Бұл аймақтың ауа райы орта таулы аймақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары - биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды-далалы топырақтар.

Бақылау сұрақтары:

1.ТМД, Қазақстан топырақтарының қысқаша сипаттамасы.

2.Орманды-дала зонаның орманды сұр топырақтарының өзіндік ерекшеліктері.

3.Орманды-дала және дала зонасының қара топырақтары.

4.Жазық территориялардың, таулы алқаптардың топырақтарының қалыптастуы.

Дебиеттер

1.Омарова З.М., Абдраимова Қ. Топырақ экологиясы. Дәрістер жинағы. Кентау, 2007.

2.Т.Т.Тазабеков және басқалар. Топырақ және қоршаған орта. Алматы, 2001.

3.Е.Ә.Исаханов, Т.С.Мұсаев. Топырақ механикасы, Алматы, 1994.

4.А.Н.Дурасов, Т.Т.Тазабеков. Почвы Казахстана. Алма-Ата. Изд-во “Кайнар”. 2000.

5.В.Н.Степанов, А.Н.Киселев. Агрономия негіздері. “Колос”, 1982.

6.Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. -Алматы: Ғылым, 1998.

Лекция №15

Наши рекомендации