Оқушыларды бағалау
7.Үйге тапсырма беру.Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым.Жер қыртысының қозғалысы.
Сабақ берілген сыныптар:6б
Күні:22.11
Сабақтың тақырыбы:Жанартаулар,ыстық бұлақтар,гейзерлер.Құрлықтағы таулар олардың жіктелуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға жанартаулар, ыстық бұлақтар,гейзерлер,олардың пайдасы мен зияны, зардаптары жөнінде түсіндіру.
Дамытушылығы:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі:Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру.а)оқушылармен амандасу
ә)оқу құралдарын тексеру
2.Үй тапсырмасын сұрау:
1)Жер қыртысының қозғалыстары?
2)Жер сілкіну?
3.Үй тапсырмасын қорытындылау.Жер қыртысының қозғалыстарының түрлеріне тоқтала отырып,жер сілкінуге процестеріне тоқталу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1)Жанартау түрлері
2)Гейзерлер
Жаңа сабақтың мазмұны: Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім.Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 кm³ жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі.Жанартау, латынша лат. vulcanus – «от», «жалын» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан.
Лава | Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылатын магма |
Көмей | Магма ошағынан жоғарыға қарай өтетін өңеш |
Кратер | Көмейден жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы |
Атқылау каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды
· орталық және
· жарықтық деп бөледі.
Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы мүмкін.
Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды. Оның ең көп тараған типтері:
· конус тәріздес жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде),
· күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы кезінде) және
· көлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық лава аққан кезде).
· Биіктігіне қарай таулар(слайд)
·
· аласа орташа биік биік
· (400-1000 м.) (1000-2000 м.) (2000 м.)
Сарыарқа Карпат Кавказ
· Маңғыстау Қырым Тянь-Шань
Мұғалжар Алтай Гималай
Осымша мәліметтер
-Қәне бәрің ойлаңдар,тізімде қандай таулар бар?
1.Волга 6.Байкал 11.Жайық
2.Анд 7.Гималай 12.Балқаш
3.Амазонка 8.Каспий 13.Альп
4.Кордильер 9.Тибет 14.Арал
5.Алтай 10.Тянь-Шань 15.Карпат
16.Көкшетау 17.Жерорта 18.Ертіс
Жаңа сабақты бекіту:
1.Сөнген жанартаулар?
2. Сөнбеген жанартаулар?
3.Ұйқыға кеткен жанартаулар?
4.Биіктігіне қарай таулар нешеге бөлінеді?
Оқушыларды бағалау
7.Үйге тапсырма беру.Оқып келу.
Сабақ берілген сыныптар:6б
Күні:29.11
Сабақтың тақырыбы:Құрлықтағы жазықтар олардың жіктелуі.Мұхит түбінің жер бедері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жазық ұғымдарын қалыптастыру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.
Дамытушылығы:Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелілігі:Жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру.а)оқушылармен амандасу
ә)оқу құралдарын тексеру
2.Үй тапсырмасын сұрау:
1) Таудың төбе мен қыраттан қандай айырмашылықтары бар?
2) Таулардың географиялық орнын қалай анықтауға болады?
3) Таулардың биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?
Й тапсырмасын қорытындылау.Таулар және олардың пайда болуы туралы оқушылардың білімдерін жинақтау.