Тақырыбы: Ауылшаруашылығында пестицидтерді қолдану ерекшеліктері

Лекцияның жоспары:

1.Пестицидтер туралы жалпы түсінік.

2.Түрлері және қолдану ерекшеліктері.

Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні: Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.

Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:

1. хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.

2. Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.

3. Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.

4. Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.

5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.

Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:

· акарецидтер - кенелермен күресу үшін;

· альгицидтер - балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін

құрту үшін;

· антисептиктер - бейметалл материалдарды

микроорганизмдерден қорғау үшін;

· бактерицидтер - өсімдіктердің бактериалды ауруларымен

және бактериялармен күресу үшін;

· зооцидтер - кемірушілермен күрес үшін;

· инсектицидтер - зиянды жәндіктермен күресу үшін;

· лимацидтер - әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;

· нематоцидтер - жұмыр құрттармен күресу үшін;

· фунгицидтер - топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу

үшін.
Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын - стерилизаторларды жатқызады.Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.

Пестицидтердің ыдырау механизмі

Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық, тотығу – тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.

Пайдасы мен Зияны

А.Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4 класқа топтастырды. XX ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Соны мен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мг/кг) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0,41%нда пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3% артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі. Кейінірек ДДТ-ның басқа пестицидтер тәрізді кумулятивтік эффектісі бар екендігі анықталды. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтедіде, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігін сезіп отырған боларсыздар. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ—ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді. Табиғи жағдайда ДДЭбастапқы ДДТ-дан да қауіпті. Себебі ДДЭ-нің ыдырау алғашқысынан да баяу жүреді. Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп, оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн. Бунақденелілермен күресудің кейінде шыққан биологиялық әдісінің бірін айта кетейік. Ол түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану. Түрпілі материалдарды бунакденелілер көп жүретін жерге себеді. Оның үстімен жүріп өткен жәндіктің денесі кеуіп қалады, себебі сыртқы жабыны зақымданады. Түрлі заттардың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға ешқандай зияны жоқ.

Қолдану ережелері. Қолдану регламенті деп, пестицидтердің қолданылу сипаттарын - препараттық күйіндегі белсенді затының концентрациясын, жұмсалу мөлшерін, бүрку санын, қосалқы заттарды қолдануын, керекті мөлшерін анықтайтын өңделетін ауданын, бүрку және өнім жинауға дейінгі аралық мерзімдерін айтады. Пестицидтердің улылығына, қоршаған ортаның нысандар- ында ұзақ уақыт сақталуына байланысты әр препаратқа ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстар талап етіледі. Пестицидтердің регламентін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Кеден одағындағына мүше болатын мемлекеттер аумақтар- ына Мемлекеттік пестицидтер тізіміне тіркелген препараттар кіргізіледі. Пестицидтерді қолданудың қауіпсіздігі белгіленген талап- тарға сай, олардың тиісті қаптамасына, маркіленуіне, гигиена- лық регламенттеу жағдайына байланысты. Халық денсаулығын қорғау және пестицидтердің табиғатта айналымын болдырмау мақсатында жұмыс орнының ауасы, ашық су қоймалары, топырақтағы мөлшерлері шектік рұқсат етілген концентрациямен (ПДК-предельно-допустимая концен- трация) белгіленген. Пестицидтердің тамақ өнімдеріндегі қалдық мөлшерін санитарлық бақылау үшін әр препараттың тамақ өнімдеріндегі жоғары шектік мөлшерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшерлері химиялық зат- тардың жануарларға улылығын, әртүрлі дақылдарда қалдық мөлшерлерінің таралу динамикасын зерттеу барысында анық- талады. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшері адамның 1 кг тамақ рационындағы қауіпсіздігі мг мөлшерінде белгіленеді. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшерлеріне байланысты өнім жинауға дейінгі соңғы бүрку мезгілі анықталады. Соңғы бүрку мезгілі пестицидтердің әсер етуші заттарының физикалық-химиялық қасиеттері, препараттық формасына, бүркілетін нысанаға, климаттық жағдайға және пестицидтердің қоршаған орта нысандарындағы тұрақтылығына байланысты анықталады. Тез ыдырағыш, улылығы төмен препараттардың күту мерзімі 2-20 күнге дейін, ал мейлінше улы препараттар үшін 1-2 айды құрайды. 53 Фосфорорганикалық қосылыстарының көпшілігі үшін күту мерзімі 15-30 күнді құрайды. Жеке және жалпы қауіпсіздік шарттары. Зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі бойынша бірнеше класқа (2-кесте) бөлінеді: -өте қауіпті; -жоғары қауіпті; -шектеулі қауіпті; -қауіптілігі төмен. 2-кесте. Пестицидтердің қауіптілік класы Көрсеткіш Қауіптілік класына арналған мөлшері 1 2 3 4 Пестицидтің жұмыс орнын- дағы ауадағы мөлшері (ПДК) мг/м3 10,0 СД50 асқорыту мүшелеріне енгізгенде, мг/кг 2500 Пестицидтерді қолданудағы ережелер: Барлық пестицидтер канцерогенді, кумулятивті, адам имму- нитетін төмендететін заттар. Сондықтан, қауіпсіздік ережеле- ріне жеңіл тұрғыдан қарауға болмайды, өйткені оның зиянды әсері уақыт өте білінеді. Пестицидтермен жұмыс істегенде міндетті түрде респира- тор және адам терісін қорғайтын киім кию керек, өйткені пестицидтер тері, ауадан өкпе арқылы қанға өтеді, ары қарай ағзаның бүйрек, бауыр жасушаларын зақымдайды. Пестицидтермен жұмыс істегеннен кейін міндетті түрде ағзадан токсиндерді шығаратын сүт, Е витаминіне бай тағамдар қабылдаған жөн. 54 Сонымен қорыта айтсақ, өсімдікті зиянды ағзалардан қорғаудың негізгі жолы - химиялық препараттарды қолдану болып табылады. Сондықтан, пестицидтерді қолданудағы басты мәселелердің бірі - қоршаған орта нысандарының олар- дың қалдық мөлшерлерімен ластануын және адам ағзасына зиянды әсерін мейлінше төмендету. Ол үшін мынандай іс шаралар жүргізілуі тиіс: уыттылығы төмен зиянды ағзаларға биологиялық, эконо-· микалық тиімді қосылыстарды синтездеп алу; пестицидтердің санитарлық-гигиеналық талаптарына сай· ауылшаруашылық өнімдеріндегі қалдық мөлшерлері үнемі қадағалануы тиіс; ауыспалы егістіктерде химиялық препараттардың жүйелі· түрде қолданылуы; пестицидтерді қолдану регламенті, сақталу, тасымалдау· жағдайларының қатаң сақталуы; пестицидтермен жұмыс істейтін білікті мамандар дайын-· дау және ауылшаруашылық фермерлерімен өсімдік қорғау мамандары тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Пестицидтерді сақтау, тарату және тасымалдаудың

Дебиеттер тізімі

1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.

2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.

3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.

4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.

5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум

6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193. – 448 бет.

Лекция №22

Наши рекомендации