Minsker Zeitung» газетінен «Белоруссияға қайтып оралу» атты мақала
24 желтоқсан 1942 ж.
(Белоруссие остарбайтеры. Документы и материалы в двух книгах. Кн. 1. 1941 – 1942. Мн., 1996. С. 232)
Әсіресе енді жұмыс істей бастаған археографтарда тақырыптың мына элементі, атап айтқанда, құжат мазмұнын белгілеу көп қиыншылық тудырады. Ол құжатта айтылатын оқиғаларды нақты, сонымен бірге қысқаша тұжырымдауы тиіс. Егерде оқиғаның болған мерзімі мен орыны құжаттың датасы мен жазылған орынына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы тақырыпта ескертілуі тиіс:
Минскілік жасырын жұмыс атқарушылар Б. А. Маньковский, К. Н. Борисенко, П. Д. Барановтардың А. Ф. Мясников атындағы зауытта 1943 ж. 16 қыркүйегінде орын алған диверсия туралы акті
20 қыркүйек 1943 ж.
(В непокоренном Минске. С. 110)
Тақырыптық және қор бойынша басылымдарда көп жоспарлы құжаттар тақырыптарында негізгі мәселелер көрсетіледі.
Бір тектес мәселелерді жариялағанда мазмұнды тақырыпта ашу мәселесі құжаттар сипатына байланысты шешіледі, мәселен, хаттамалар мазмұны әдетте ашылмайды:
РКП(б) І Минск жасырын аудандық конференциясы мәжілісінің хаттамасы
15 шілде 1918 ж.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1971. Т.1. С. 145)
Құжат түрлерінің атауы оның мазмұнын сипаттайтын жағдайда, тақырыпта тек құжат түрі көрсетіледі:
Гроднен воеводствосы көтеріліс жасаушы повет комиссарларына арналған нұсқау
Наурыз айының соңы – маусым айының басы 1863 ж.
(К. Калиновский. Из печатного и рукописного наследия. Мн., 1988. С. 70)
Әскери құжаттардың тақырыбында мазмұны жинақталған түрде беріледі:
16-армия жауынгерлеріне Минск қаласын қалдырып кетуге байланысты жаңа шепке шегіну туралы және барлық бағыттарда белсенді қорғаныс ұйымдастыруға бұйрық
9 тамыз 1919 ж.
№ 148 Могилев қ.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг. Т. 2. С. 174)
Жедел құжаттар (директивалар, бұйрықтар) мазмұнын белгілеуде тапсырма жеке міндеттерді тізбелемей, жалпы түрде құрастырылады:
Батыс майдан командованиесінің майдан армияларына шабуылға шығу туралы директивасы
КФ/139 12 мамыр 1920 ж. 1 сағ. 20 мин.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг. Т. 2. С. 289)
Нумерациясы бар құжаттар бөлігін (хаттамада, есепте, баяндамада) жариялаған кезде үзінді екендігі тақырыпта «есептен», «хаттамадан үзінді», т.б. түрде көрсетіледі:
Белорус республикалық кәсіподақ кеңесінің кәсіподақтар мәдениет мекемелерінің байқауы есебінен үзінді*
1949 ж. 15 қарашадан кейін
_________________________
* «Ұйымдастырылған шаралар», «Дәрістік насихат», «Көркемөнерпаздардың өсуі», «Мектептен тыс балалармен жұмыс» бөлімдері алынып тасталған.
(Библиотечное дело в БССР. Документы и материалы. 1941 – 1958. Мн., 1984. С. 69)
Хаттамалардың бір бөлігі ғана жарияланған жағдайда тақырыпта тек жарияланатын бөліктің мазмұны ғана көрсетіледі, ал құжаттың басқа түрлерінде – барлық құжаттың мазмұны мен тиреден кейін – жарияланатын бөліктің мазмұны беріледі:
Советтік Социалистік Белорус Республикасын салтанатты түрде жариялау туралы және БССР Әскери-революциялық комитетіндегі міндеттерді бөлісу туралы Минск губ. бойынша партиялық-ұйымдастырушылық үштік мәжілісінің хаттамасынан
30 шілде 1920 ж.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг. Т. 2. С. 414)
БССР ХШК төрағасы Н. М. Голодедтің БССР ОАК 111-сессиясының «1936 ж. халық шаруашылығы жоспары туралы» 11-шақырылымында – 1936 ж. өнеркәсіп жұмысының қорытындысы туралы баяндамасынан
2 ақпан 1936 ж.
( Индустриализация Белорусской ССР (1926 – 1941). Мн., 1975. С. 294)
Құжаттың түріне байланысты олардың датасын қоюдың да ерекшеліктері болады. Мысалы, іс қағаздарын жүргізу құжаттары оларға қол қойылған күнмен; жеделхаттар – жіберілген күнмен (ол белгісіз болған жағдайда қабылданып алынған күні көрсетіліп,ол туралы міндетті түрде мәтінге түсініктемеде ескертіледі); ұжымдық құжаттар – қабылданған күнмен; бекітілгеннен бастап күшіне енетін құжаттар (жарғылар, ережелер, нұсқаулықтар, т.б.) – олар бекітілген күнмен; авторлық құжаттар – олар жазылған күнмен даталанады. Белгілі бір уақыт аралығында жасалған құжаттардың (күнделіктер, вахталық журналдар, мыт кітаптары, т.б.) тақырыптарында тиреден кейін олардың жасалған бастапқы және соңғы датасы көрсетіледі. Мұндай құжаттар үзінділермен жарияланған жағдайда тақырыбында тек жарияланатын мәтіннің жазылған күні көрсетіледі.
Жедел мәліметтер және басқа жедел хабарларға жататын құжаттар мәлімет келтірілген күн және сағатпен даталанады:
Батыс майдан командованиесінің 15- және 16-армия командованиелеріне және Солтүстік топқа Молодченко және Минск қалаларының ауданын басып алу туралы директивасы
№ 01249/оп/сек., Витебск 19 мамыр 1920 ж. 17 сағ. 10 мин.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг. Т. 2. С. 296)
Әскери есеп беру-ақпараттық құжаттар тақырыптарына, баяндамаларға, есептерге және т.б. ұзақ мерзім ішіндегі немесе белгілі бір датадағы мәліметтерді хабарлайтын құжаттарға, құжаттың жасалу датасы болуына қарамастан, осы дата қойылады:
Витебск губерниялық атқару комитеті әскери бөлімінің губерния аумағында 1918 ж. 9 наурызынан 15 сәуірге дейін әскери бөлімдерді қалыптастыру туралы баяндамасынан
1918 ж. 15 сәуірінен ерте емес
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг. Т. 1. С. 83)
ХVІ – ХVШ ғғ. кітаптары (жазба, мыта, кіріс, т.б.) бірінші және соңғы жазбалар мерзімімен, ал бір жыл уақытқа арналғандары – тек жылмен даталанады: