Тақырыбы: көкөніс дақылдары
Лекцияның жоспары:
1.Көкөніс шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы. Түрлері, шығу тегі.
2.Биологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлілігі.
3.Жабық грунттағы көкөніс дақылдарын өсіру.
4.Қырыққабаттар, олардың түрлері. Биологиялық ерекшеліктері.Қиярды ғылыми негізде егіп, өсіру. Қызанақтар, ғылыми негізде көшетпен және көшетсіз өсіру, оларды күту ерекшеліктері, сорттары.
Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: Қызанақ - алқа тұкымдасына жатады. Жылуды тілейтін бұл дақылдың вегетация дәуірі ұзақ болады, сондықтан бұларды көшет күйінде өсіреді. Соңғы жылдары кешет отырғызбай, қызанақ тұкымын тікелей грунтка сеуіп өсіре бастады.
Қызанақ – бағалы құңды өсімдік, сабағы тік бойлап өседі, Қызанақ дақылы ашық күн сәулесі түсетін топырақта жақсы өседі. Қызанақ үшін ең қолайлы топырақ — оңтүстіктің ерте көктемде жақсы жылынатын жеңіл қарашірінді құнарлы қара топырақ. Қызанақ дақылы топырақтан жемістерін түзеу үшін бойына көптеген қоректік элементтерді сіңіреді. Осы топырақтағы РН-6,0 аспауы қажет. Қызанақ-өздігінен тозаңданатын өсімдік. Қызанақ өз табиғатында – көп жылдық мәдени өсімдік. Бірақ ауылшаруашылық тәжірибесінде, оны біржылдық дақыл деп санайды(Сурет 4 ).
Қызанақтың даму фазасы: өскіннің пайда болуы, алғашқы нақты жапырағының шығуы, тамыр мен жер үстіндегі мүшесінің өсу салмағының артуы, бутонның түзілуі, гүлдеуі, жемісінің қалыптасуы мен пісуі. Қалыпты температурада, ылғалдылығы жеткілікті болса 3-4 күнде тұқымы өнеді, содан кейін 3-4 алғашқы өскін пайда болады, 6-10 күннен кейін алғашқы жапырақ шыққаннан кейін 5-6 күнді артына салып жаңа жапырақтар шығып биіктеп өседі. Жапырақпен бірге сабақ пен тамырда қарқынды өседі.
Қызанақтың өсіп-өну кезеңінде, өсіресе тіршілік барысында топырақтағы жылу, ылғал, қоректік элементтер және ауа режимдеріне жоғары талап қояды. Қызанақ өсімдіктерінің көпшілігі климаты жұмсақ, жылы жақтан шыққан, сондықтан олар температураға, ылғалға, жарыққа едәуір талап қояды. Қызанақ жылылық сүйетін дақылдар - 1ºС суықты көтере алмайды, +10º-тан төмен температурада нашар өседі; бұлар үшін температура күндіз 20-25, ал түнде 15-18º болса, жақсы өседі.
Майда жемістерінің салмағы 70 грамға дейін, 70-90 гр дейінгі орташа, 100гр жоғарысы үлкен болады. Жемістеріндегі ұялардың саны —жеміс жапырақтарының қосындысына тең болады, ал тұқымдық ұялар — 3-тен 20-ға дейін және оданда көп болады. Ұялары аз сорттарының жемістерінде тұқымдар көп, ал көп ұялы сорттардың жемістерінде тұқымдар аз болады. Жемістерінің қабықшалары неғұрлым жұқа болса дәмді болады. Жұқа қабықшалы жемістер тасымалдауға және сақтауға төзімсіз. Қалың қабықты, тығыз жемістер онша дәмді емес, тәттілігі жағынан жұқа қабықтыларға қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ, қалың қабықтылар тасымалдауға, сақтауға төзімді келеді
Қызанақ көп сабақтанып, жанама бұтақтанып өсіп-өнетін дақыл. Сондықтанда жемісті өте көп береді.. Өз еркімен тозаңдануын және өздігінен тозаңданатын қызанақты өсірген кезде, сорттардын, арасында бос орын қалу керек. Қызанақ биіктігі 30-40 сантиметрден 7-8 метрге дейін жетеді. Жемісті өте көп береді.. Өз еркімен тозаңдануын және өздігінен тозаңданатын қызанақты өсірген кезде, сорттардын, арасында бос орын қалу керек. Қызанақ биіктігі 30-40 сантиметрден 7-8 метрге дейін жететін түкті, өткір иісті бір жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жақсы жетілген, жан –жаққа жайылып өседі. Түптенгеннен кейін жанама тамырларымен топыраққа мықтап бекиді. Сабағы бұтақталған, сыңғыш келеді, сондықтан жемістері ұлғая келе сынып кетпес үшін ағаш немесе темір қазықтан тірек жасап, көтеріп бекітіп қояды.
Жапырағы тілімделген өркен бойына кезектесіп орналасады. Гүлдері майда, сары түсті шашақ гүлшоғырына жиналған. Аталықтарының саны 5-9 –ға дейін болады. Тозаңқаптары 2-3 –тен біріккен, аналығы 5-8 ұялы. Жемісі көп тұқымды. Жемісін тағамға пайдаланады, тұздайды, консервілейді, шырын алады. 25-28 градуста жақсы көктейді, суыққа төзімсіз. Тұқымдары көктеп шыққаннан соң, немесе көшеттері отырғызылып өскеннен кейін сабағында 6-11 жапырақтары пайда болады да, гүлдей бастайды. Сабақтары көп бұтақтанып жанама бүйірлік өскіндері қалыптасады.
Ерте пісетін сорттары 6-8 жапырақтан, ал кеш пісетіндері 9-11 жапырақтан кейін гүлдейді, осы гүлшоғырларынан кейін ортаңғы сабақ өсуін тоқтатып, негізгі өсу жанама бұтақтарға ауысады. Ерте пісетін сорттарының жанама сабақтарының ұзындығы — 60-80 см кеш пісетіндерінің 150-200 см дейін жетеді. Ерте пісетіндерінің жанама сабақтарында 1-2 жапырақтан кейін гүлшоғырлары мен жемістері қалыптасады, ал кеш пісетіндерінде 3-4 жапырақтан кейін гүлшоғырланады және жемістенеді.
Гүлдері қос жынысты, сары түсті, ұсақ шашақ гүлшоғына шоғырланған. Гүлдегеннен кейін жемістерінің даму кезеңі 2 мерзімге созылады.
Піскен жемістері әртүрлі пішінді — домалақ, дөңгелек, жалпақ, алмұрт, өрік тәрізді болып келеді
Тез дамитын тамыр жүйелері өте өсімтал, тұқымдары егілгеннен кейін бірінші болып тамырлары пайда болады. Содан кейін ғана тұқымдардың жарнағынан жапырақшалары көктеп шығады, ал осы орында өсетін болса тамыр жүйелері топырақтың 150 см терең қабатына дейін, ал жан-жағына 80-100 см дейін жайылады.
Көшеттермен отырғызылатын болса, тамыр жүйелері 80-90 см топырақ қабатына, ал 60-70 см жан-жағына ене алады. Олардың гүлдегеннен жемісі піскенге дейін 50-65күн.
Қазіргі таңда ерте пісетін Белла Ғ1 сорттары өсірілуде. Сонымен қатар ерте пісетін қызанақтың жаксы сорттарына: Бизон 1, Маяк, Алпатьев 905; орташа пісетін жақсы сорттарға: Эрлиана, оңтүстік үшін: Маяк, Актөбе (ерте пісетіндер) Таманец, Краснодорец (орташа пісетін штамбты сорттар) сорттары жатады. Көкөніс дақылдарының арасында көп таралғандардың бірі қызанақ құнарлылығымен, өте дәмділігімен және жұғымдылығымен халық тағамға көбірек пайдаланатын көкөнісі. Өсіру кезінде су мөлшерден көп болса, азот тыңайтқышы көбірек сіңіп, соның әсерінен жемістері сулы, дәмсіз болады.
Қызанақ жемістерінің құрамы табиғат жағдайына жөне өсіру технологиясына байланысты болады. Қызанақға көптеген ауру үйір болады, сондыктан оның тұқымын гранозанмен, сулемамен, НИУИФ-2-мен өңдейді. Ауру алғаш біліне бастаған кезде, өсімдіктерге бордос сұйыктығының 1 проценттік ертіндісімен бүркейді.