Тақырыбы: топырақтану ғылымына жалпы түсінік
Лекция №1
Лекция жоспары:
1.Топырақтану ғылымының мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік.
2.Топырақтану ғылымының негізгі бағыттары және басқа ғылымдармен байланысы. 3.Топырақтану ғылымының тарихы. Топырақтану ғылымын дамытудағы В.В.Докучаевтың ролі.
Лекция мақсаты:Топырақтанудың ғылым ретінде дамуы, топырақ туралы түсінік қалыптастыру, топырақтанудың негізгі бағыттарымен таныстырып, В.В.Докучаевтың топырақтану ғылымының дамуындағы ролін түсіндіру.
Қолданылатын әдістер:Лекция консультация.
Лекция мәтіні:Топырақтану – топырақтар туралы, оның түзілуі (генезисі), құрылысы, құрамы, қасиеттері, олардың географиялық таралуы; топырақтың басты маңызды қасиеті – құнарлылығының қалыптасуы мен дамуын анықатйтын сыртқы орта факторлары; топырақтарды ауыл- және халық шаруашылығында тиімді пайдалануды зерттейтін ғылым болып табылады.
Топырақтану бөлек ғылыми пән ретінде ХІХ ғ аяғында В.В.Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев сияқты орыс ғалымдарының еңбектері арқасында қалыптасқан.
Топыраққа ең алғаш ғылыми тұрғыдан анықтаманы В.В.Докучаев берген: «Топырақ дегеніміз су, ауа, тірі, өлі әр түрлі ағзалардың табиғи жолмен әсер етуінің нәтижесінде тау жыныстарының «күндізгі немесе сыртқы горизонттарын» атады.
Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың аяқ кезінен басталды. Топырақты топырақтану ғылыми зерттейді. Мұның ғылыми негізін салған В.В.Докучаев болды, ал П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев, В.Р.Вильямс, К.К.Гедройц, Л.И.Просолов, С.С.Неустроев, К.Д.Глинка, В.И.Вернадский, И.Н.Антипов-Каратаев сияқты белгілі ғалымдар оны әрі қарай дамытты.
Қазақстанда 1945ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының Топырақтану институты құрылды, ол Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады. Сонымен қатар институт жер суландыру, топырақты әртүрлі жерлерде тиімді пайдалану әдістерін анықтау бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл салада А.И.Бессонов, А.В.Мухля, В.М.Боровский, Ө.Оспанов, Ш.М.Шолтырев, Т.Т.Тазабеков т.б. ғалымдар жемісті еңбек етуде.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Россияда топырақтанудың генетикалық бағыты пайда болды. Бұл бағыт 1883 жылы басылып шыққан В.В.Докучаевтың “Орыстың қара топырағы” атты монографиясымен тікелей байланысты еді. Аталған монографияда топыраққа мынадай анықтама берілген:“Топырақ белгілі бір ауа арйы жағдайында, тірі организмдердің (оның ішінде микроағзалар да) әсерінен тау жыныстарының беткі қабатынан пайда болған минерал-органикалық табиғи дене”.
Топырақтың негізгі, маңызды қасиеттерінің бірі - оның құнарлылығы - өсімдіктерді қалыпты өсіп, дамуы үшін қоректік заттармен, сумен, олардың тамыр жүйелерін ауаның, жылудың, жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету қабілеттілігі. Топырақтың дәл осы қасиетін В.Р.Вильямс «жер шарының құрлық бөлігінің беткі қабатының өсімдіктер өндіруге қабілетті бөлігі деп атады».
Сонымен, топырақтану, топырақты бөлек табиғи дене, өндіріс, адамзат еңбегінің құралы ретінде қарастырады. Ауылшаруашылығында өндірістік құрал ретінде топырақ келесі маңызды ерекшеліктермен сипатталады:
1.Еш басқа құралмен ауыстырылмайды
2.Топырақ шектелген ресурс болып табылады
3.Бір орыннан екінші орынға жылжымайды
4.Құнарлылық. қасиетімен ерекшеленеді.
Топырақтану – жаратылыстану ғылымдарының бөлігі болып табылады. Ол физика, химия, математика сияқты фундаментальді ғылымдармен, ауылшаруашылық, экономика салалаларымен тығыз байланысты.
Топырақтанудың маңызды бөлімдері: топырақтардың қалыптасуы және дамуы (генезисі); топырақ жамылғысы, құнарлылығы және оларды агротехникалық, мелиорациялық жолдармен реттеу принциптерін зерттейді. Ерекше бөлімі ретінде топырақты классификациялау (жіктеу) ажыратылады. Ол топырақты картаға түсіру, оның құнарлылығын кешенді түрде сипаттап, еліміздің біркелкі жер кадастрын жасау және оларды әрі қарай математикалық талдауға қажетті мәліметтерді жинақтауды қарастырады. Топырақтың қалыптасуы мен дамуы, оның қасиеттері, құрамы сияқты күрделі құбылыстарды зерттеу үшін бір жүйеге келтірілген химия, физика т.б. ғылымдардың әдістерін қолданады.
Топырақ туралы эмпирикалық мағлұматтар адамзаттың жабайы өсімдіктерді жинап, оларды алқаптарда өсіру кезінен бастама алды. Топырақ жайлы ең алғашқы ілімді ежелгі грек философтары Аристотель, Теофраст еңбектерінде жақсы, әдемі, құнарлы, кедей, азған, құнарсыз деген ссипаттамаларынан кездестіруге болады. Бірақ, топырақтану туралы ғылым әлдеқайда кейін қалыптасты.
ХVІІІ ғ. аяғында ХІХ ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада топырақ туралы екі бағыт пайда болды – агрогеологиялық және агромәдени химиялық.
Агрогеологиялық бағыттың жақтастары Фаллу, Берендт, Рихтгофен топырақты тығыз тау жыныстарының үгілуінің нәтижесінде пайда болған борпылдақ тау жынысы ретінде қарастырды. Олардың көзқарасы бойынша өсімдіктерге қоректік заттарды жолдан сіңіріп алатын пассивті роль берді.
Агромәденихимиялық бағыт А.Таэр, Ю.Либихтың еңбектерімен тығыз байланыс-ты. Бұл бағыттың өкілдері топырақты қорек элементтерінің көзі деп қарастырды.
Таэр өсімдіктер топырақтың органикалық заттарымен (гумусты теория) қоректе-неді деген тұжырым айтты. 1840 жылы Таэрдың «Егін шаруашылығы және өсімдіктер физиологиясының химиясы» деген еңбегі жарық көріп, онда ол өсімдіктер топырақтан минералды қорек элементтерін сіңіреді деп жазды.
3.В.В.Докучаев (1846-1903) жаңа жаратылыстану, немесе генетикалық топырақтану ғылымының негізін қалаушы. Ол ең алғаш топырақты өзіндік табиғи дене, оның қалыптасуы топырақ түзуші климат, жер бедері, өсімдік және жануралар дүниесі, топырақ түзуші жыныстар және жасы сияқты күрделі бес фактордың қатынасы екенін дәлелдеді. Ол, топырақтың үздіксіз уақытта, кеңістікте ауысып отыратынын көрсетті.
В.В.Докучаевтың әрі қарай қаратопырақтарға, сұр-орманды, шымды-күлденген топырақтарға жасаған экспедициялық зерттеулері топырақтарды ең алғаш олардың экологиялық жағдайларын ескере отырып салыстырмалы-географиялық әдістерді жа-сауға және топырақтың ең алғаш табиғи-тарихи классификациясын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
В.В.Докучаев Солтүстік жартышардың топырағының классификациясын жасады. Онда 5 әлемдік географиялық аймақтар бөлінген (бореалдық, тайгалық, қаратопырақты, аэральды, латеритті). Олардың әрқайсысы белгілі бір топырақтың түрінің дамуымен, үгілу құбылыстарымен, климаттық жағдайларымен, өсімдіктер, жануарлар түрлерімен және жер бедерімен сипатталады. Ол топырақты зерттейтін әдістер дайындап, топырақ түзілудің көптеген заңдылықтарын ойлап тауып, эффективті құнарлылықты жоғарылатудың практикалық шараларын ұсынды.
Топырақ туралы ғылым геология, геохимия, минералогия, геоботаника, орман, егін, өсімдік шаруашылықтарына, географияға үлкен әсерін тигізді.
В.В.Докучаев өзінен кейінгі ұрпағына өте көп әдебиеттер – 225 басылымнан шыққан еңбектерін қалдырды. Оның басты еңбектері «Орыстың қаратопырағы» (1883), «Топырақ аймақтары туралы ілім» (1899), «Нижегородск губерниясының топырағын бағалау туралы материалдар» (1884-1886), «Полтавск губерниясының топырағын бағалау туралы материалдар» (1889-1894) т.б.
Бақылау сұрақтары:
1.Топырақтану ғылым ретінде қай жылдары қалыптасты?
2.Топырақ туралы түсінікті ең алғаш рет кім ұсныды?
3.Топырақтанудың негізгі бағыттары.
4.Топырақтану қандай ғылым салаларымен тығыз байланысты?
5.Топырақтанудың экология ғылымымен байланысы неде?
6.Топырақтанудың тарихы.
7.Топырақтану ғылымын дамытудағы Докучаевтың ролі қандай?
8.Топырақ туралы Докучаевтың қандай еңбектері бар?
Дебиеттер
1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.
2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.
3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.
4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.
5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум
6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193.
Лекция №2