Гидрометриялық өлшемдер мүлде болмаған жағдайда қалыпты ағындыны анықтау. 2 страница
ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ– 1) сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді; 2) жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде алғашқы қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектердің сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы. Жер асты суларының ластануы өндіріс орындарының сарқынды суларының жер бетіне бейберекет жіберілуінен, суғармалы жерлердің, елді мекендердің коммуналдық-тұрмыстық және басқа да ақаба сулардың жерге сіңуінен және т.б. салдарынан болады. Құрамында ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, сынап т.б.) бар сулар адам денсаулығына өте зиянды. Сапасының өзгеру деңгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді: 1) аздап (сәл) ластанған – су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ пайдаланудың нақтылы түрлері үшін шектелген рауалы шоғырланудан (ШРШ) төмен; 2) ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан бірнеше есе артық; 3) өте ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан әлдеқайда артық және ластану кезіндегі ерітінді құрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері ластағыш заттектердің түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттектердің ену жағдайлары, ластану ауқымының белгілері бойынша жіктеледі. Ластанған сулар Қазақстанның кейбір өндірісі дамыған Риддер, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда және мұнай өндіретін Каспий жағалауында кездеседі.
Жер асты суларын ластанудан қорғау. Жеке құрамды бөліктер шамасының мүмкін деп табылған шектен асып түсуінен және жалпы минералдануының жоғарылауынан пайда болған сапалық өзгерістер нәтижесінен жер асты суларының пайдалануға жарамсыз болуы, оның ластануы болып табылады. Жер асты сулары ластануының төмендегідей түрлері болады:
Бактериялық ластануды патогендік бактериялар тудырады. Бактериялық ластану эпидемиялық аурулардың тарауына себепші болады. Жер бетінде пәрменді жарықшақтанған аудандарда бактериялық ластану аса қауіпті. Егер аэрация зонасында қалыңдығы 3—5 м-дей сазды және құмды шөгінділер болса, әдетте жер асты сулары бактериялардан таза болады.
Химиялық ластану жиі ұшырайды және одан тазарту да қиын. Химиялық ластануға тұрмыста және өндірісте қолданылып ағызылған сулар, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар себепші болады. Бұлар жер асты суларына көбіне су ерітінділері түрінде аэрация зонасы арқылы түседі. Сондықтан, жер суаруға ағызылған сулар пайдаланылатын егістік далаларында, минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттар молынан қолданылатын суармалы жерлерде химиялық ластану қаупі туады. Әсіресе, грунт сулары мұндай ластануға көбірек шалынады. Аэрация зонасындағы құмды-сазды шөгінділердің қалыңдығы едәуір болғанның өзінде де, бұл сулар ластануға шалынады. Сулы пласт жұтпаған заттардан болған химиялық ластану жер асты суларында белгісіз ұзақ уақыт бойына сақталады. Химиялық ластанумен күресудің басты тәсілі — сақтық шараларын жүргізу.
Механикалық ластану аз тараған. Өйткені карст суларынан өзге сулар механикалық қоспалардан жылдам тазарады.
Радиоактивтікластану атом қондырғыларыныңжұмысынәтижесінде уран кендері және радиоактивтік элементтердің коспалары бар өзге кендер пайдаланылатын аудандарда пайда болады. Радиоактивтіқоспалар тау жыныстарына молынан сіңеді, сондықтан жерасты суының тасқынымен баяу тарайды. Ластанудың кейбір түрлері сулы жыныста ұзақ сақталады.
Шаруашылық пен ауыз суы ретінде пайдаланылатын жер асты суының әрбір суқабылдағышының төңірегінде санитарлық корғау зонасы немесе танабы болуы қажет. Бірінші зонаға қатаң режим қойылады. Артезиан суларын пайдаланғанда бұл зонаның радиусы 30—50 метрден, грунт суларын пайдаланғанда 50 метрден кем болмауы шарт. Шектеуші аталатын екінші зонаның радиусы гидрогеологиялық жағдайларға және суды алудың сипатына байланысты. Санитарлық қорғау зонасының жобасы суқабылдағыш жобасының құрамды бөлігі ретінде жасалады.
Жылулық ластану жер асты суларының жер бетіне жеткен біразы жылы сумен араласуы нәтижесінде немесе сіңіруші скважиналар арқылы ағызылған технологиялық суларды айдауға байланысты температураның жоғарылауы нәтижесінде пайда болады. Жер асты суларын пайдалану оларды сарқылу мен ластанудан сақтау жөніндегі мемлекеттік бақылауды КСРО Геология министрлігінің ұйымдары және мемлекеттік санитарлық қадағалау орындары жүзеге асырады.
17.Өзен аңғарының элементтері
. Өзен аңғарының элементтері. Өзен аңғарының элементтеріне оның: табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, өзен аңғарының беткейлері, террасалары және аңғардың жар қабағы (кемері) (2.4-сурет) жа-тады.
2.4-сурет.Өзен аңғарының элементтері.
Табаныдеп өзен аңғарының тегіс келген еңістігі бар бөлігін айтамыз.
Тальвег — аңғардың табанынын. ең терең нүктелерін қосатын ирек сызық.
Арна — өзен суы үнемі үздіксіз ағатын өзен аңғары-ның бөлігі.
Жайылма— өзен аңғарының тасқын немесе су тасуы кезінде су басатын бөлігі.
Аңғардың беткейлері — өзен аңғарының екі жағалау-ын шектейтін, еңістігі өзен арнасына бағытталған жер беті. Беткейлердің беті жыра, сай және басқа да жуып-шаюәрекеттерінен болған элементтерден тұрады. Эрозиялықкұрылымдар беткейлерді құрайтын топырақ құрамына өсімдік жамылғысына және оның құламалығына қатысты өзгеріп отырады.
Террасалар— тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғар беткейлер шегінде сатылап орналасқан алаңдар. Жайылма ең төменгі терраса болып есептеледі.
Жар қабақ (кемер)— өзен аңғары мен қоршаған кеңістіктішектеуші сызық.
Өзен аңғарының тереңдігі едәуір мөлшерде құбылыгі . Жазық аудандарда аңғарлар саяздау, терекдігі е ондаған метрден, 200...300 метрге дейін; таулар-акғарлардың тереңдігі 2...4 мың метрге дейін жетеді. Өзенаңғарының ені әдетте оның жоғары ағысынан гіағысына қарай кеңейе береді, ал кейде, өзен арнасынынтау қыраттарын басып өтуіне байланысты өзен Ірының жіңішкеруі де мумкін.
18.Гидросфера және әлемдік су қоры
Гидросфера— біздің ғаламшарымыздың (планетамыздың) су қабығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық суы— өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды.
Жер бетінің ауданы 510 млн. км2-ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2-ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал кұрлықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздьщ 29% бөлігі тиесілі.
Су және құрлық Жер шарында біркелкі таралмаған. Солтүстік жарты шарда құрлықтардың үлесіне 100 млн. км2 немесе 39%-і тиесілі, ал оңтүстік жарты шарда — 49 млн. км2 немесе 19%. Солтүстік жарты шарда су басқан аймақтың ауданы 155 млн. км2, яғни 61%-ке тең, ал оңтүстік жарты шарда — 206 млн. км2 немесе 81% (әрбір жарты шарды жеке-жеке алып қарағанда).
Жер шарының су айнасы бірыңғай әлемдік мұхитдеп аталатын су көзінен тұрады. Бірқатар ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік мұхит әр түрлі мүхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға жәие бұғаздарға бөлінеді.
Бас суайрық құрлықты екі беткейге бөледі: 1) Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттарға құятын өзен ағындыларын құрайтын (60%) беткей; 2) Тынық және Үнді мұхиттарына құятын өзен ағындыларын құрайтын беткей (40%). Екінші қатардағы суайрықтарға аталған мұхиттардың ішкі алаптарының суайрықтары мен ішкі ағындылар және тұйық аймақтардың суайрықтары жатады.
Ішкі ағындылардың үлкен аймағы — Арал-Каспий, оған Еділ-Жайық, Кура, Сырдария, Әмудария және басқа өзендерінІн, алаптары жатады. Тұйық аймақтар қатарына Сахара, Аравия және Орталық Австралия шөлдері кіреді.Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2-ге тең (2.1-кесте). Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су — 91 мың км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн. км3 мөлшерінде деп есептелсе тұщы сулардың жалпы қоры — 3,5 млн. км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53%-ін құрайды. Егер, біз тұщы судың негізгі массасы мұздықтарда жиналғанын есте ұстасақ, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі шұғыл кемиді және шамамен гидросфераның 0,80% бөлігін құрайды.
Жер шарының әр түрлі аймақтарының сумен қамтамасыз етілуі көрсеткіштері ондағы орналасқан халықтық санымен және табиғи қорлардың орналасуымен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қажеттілігімен әркез санаса бермейді. Еуропа мен Азияда әлем халықтарынын, 77 % -і орналасқан, ал осы аумаққа жылма-жыл айналымға түсетін тұщы су қорларының тек 33%-і ғана тиесілі. Егер біз тек жылма-жыл айналымға түсетің өзен, көл және бөгендердің ғана суларын есепке алатын болсак, онда Жер бетіндегі әрбір адамға орташа есеппен жылына 11,6 мың м3 су тиесілі болған болар еді
19.Өзенді қоректену көзіне байланысты жіктеу
Қоректену көзі және онымен байланысты ағындының жыл бойында өзгеруі өзеннің су режимін сипаттайтын және оның алаптық, географиялық сипаттарымен байланысын көрсететін негізгі белгілері болып табылады. Сондықтан гидрология ғылымында осы белгілерге негізделген жіктеу кеңінен қолданылады.
Қоректену көздеріне негізделген өзендердің бірінші жіктелуін 1884 жылы А. И. Воейков ұсынды. Онда өзендердің қоректену көздері мен ағындының жыл ішіндегі өзгеруін атмосфералық жауын-шашынның сипатына, қар еруіне және булануға байланысты талдауға негізделгеи. Оған қар суымен қоректенетін жазықтық және тау өзендері, жылдын, жылы кезінде жаңбыр суымен қоректенетін, шөл аймақтарының құрғап қалатын және полярлық аймақтың уақытша өзендеріне бөлінген тоғыз типін ұсынды. А. И. Воейков ұсынған, соңғы кезде көптеген совет және шет ел ғалымдарының еңбектерінде дамытылды.
1938 жылы М. И. Львович өзендердің қоректену типтері және ағындының маусымдық таралуын негіз етіп, өз жіктелуін ұсынды. Мөлшерлік бағалау гидрографтарды (кар, жаңбыр, мұз, жер асты суларын) талдау арқылы жасалады. Кез келген қоректену көзінің (тип) мөлшері жылдық ағындының 80%-інен көп болса, онда оған ерекше мән беріледі, ал өзге коректену көздері есепке алынбайды. Егер қоректің ағындағы үлесі 50— 80% аралығында болса, онда қоректену көзі басымдылық мәнге ие болады. Егер әрбір коректену көзінің үлесі 50%-тен аспаса, онда өзен аралас қоректену типіне жатқызылады да, қай қоректену көзі басым екені көрсетіледі. 50—80% үлес салмақтарының көрсеткіші, мұздық суымен қоректенетін өзендерден өзге барлық өзендер типтеріне анықтауыш ретінде қабылданған. Ал мұздық қоректену типіндегі иегізгі қорек көзінің үлесі 25—50%-тен аспайды.
Өзендердің ағындысының жыл маусымдарында таралуы өзендерді бөлудің екінші белгісі болып табылады.
Нәтижеде барлық өзендер төрт басты типтерге бөлінген: 1-қар суымен қоректенетін, 2-жаңбыр суымен қоректенетін; 3-мұздықтар мен биік таулардағы қар суымен қоректенетін, 4-жер асты суларымен қоректенетін өзендер. Бұл өзен маусымдық құбылмалылыққа байланысты тағы 38 топқа бөлшектенеді.
Қорытынды ретінде бұл жіктеу бойынша өзендердің типтерінің дүние жүзінде таралу картасы жасалған.
1946 жылы совет ғалымы В. Д. Зайков гидрографтарды талдау негізінде өзендердің су режимінің снпатына қарай өз жіктелуін ұсынды. Ол бойынша бұрынғы КСРО өзендерінің барлығы негізгі үш топқа бөлінеді: 1) суы көктемде таситын өзендер; 2) су тасу кезеңінде жылдьң жылы мезгіліндегі өзендер 3) барлық жыл мезгілдерінде тасқын режимдегі өзендер.
Бірінші топқасу тасу кезеңі, көктемгі қардың еруінен, жылда бір мезгілде қайталанып отыратын өзендер жатады. Көктемгі су тасу кезеңінің сипатына және жылдық басқа мезгілдегі су шығынының режиміне қарай бұл топтағы өзендер бес типке: қазақстандық, шығыс еуропалық, батыс сібірлік, шығыс сібірлік және алтайлық болып бөлшектенеді.
Екінші топқасу тасу кезеңі жылдың жылы мезгіліне тап келетін әрі жауын-шашынмен немесе биік таулардағы қарлардың еруімен айқындалатын өзендер жатқызылады. Бұл топ екі типке бөлінеді: қиыршығыстық және тяньшандық.
Үшінші топқажылдың кез келген мезгілінде, қысқа әрі жиі болып тұратын тасқындық режимдегі өзендер жатады. Бұл өзендерде тасқынаралык уақытта ағынды төмен деңгейде болады. Бұл топтағы өзендер үш типке бөлшектенеді: қаратеңіз маңы, қырым және солтүстік кавказ.
Б. Д. Зайков жіктелуінің кемшілігі — өзендерді типке бөлу нобай бойынша, әрі ағындыларының генезисі әр түрлі өзендерді күштеп біріктіруі дер едік.
1960 жылы П. С. Кузин Б. Д. Зайковтың жіктеуінің дамытылған әрі жетілдірілген түрін ұсынды. Оның негізгі белгісі ретінде қоректену көзінің басымдылығы мен су режимінің басты фазалары — су тасу мен тасқын кезеңдері белгіленді. ТМД-ның барлық өзендері су режимінің негізгі үш типіне бөлінеді
Жоғарыда көрсетілген өзен типтерінің бойынан географиялық аймақтардың белгілерін, ал оларға қосымша төртінші тип — жер асты суларымен басым қоректенетін, жыл бойы су режимі бірқалыпты өзен типтері кірді.
Негізгі үш тип (10-кесте) су тасу мен таскынның өту мерзіміне байланысты тағы да тип тармағына бөлінеді.
Жіктеудін үшінші кезеңінде өзендерді физикалық географиялық аймаққа жатқызуына байланысты болуы. Бір географиялық аймақтан екіншісіне өткен кезде өзендердің су режимі өзгеріске ұшырап отырады, яғни өзендердің гидрологиялық режимінің табиғат жағдайларымен тығыз байланысы бар.
Су режимінің негізгі типтері және олардың қоректену
көздерімен байланысы
Су режимінің негізгі типтері | Қоректену көздерінің басым түрлері |
I. Суы таситын өзендер II. Суы таситын әрі тасқын болатын өзендер III. Тек тасқындық режимдегі өзендер | Қар суы Қар және жаңбыр суы Жаңбыр суы |
20.Табиғаттағы су айналымы: Кіші немесе мұхиттық су айналымы
Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Табиғаттағы су (ылғал) айналымы— күн энергиясы мен салмақ күші әсерінен туындай отырып, жер шарына тән ылғалдың (судың) толассыз қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс: ауа ағындарымен аспанға көтерілген Әлемдік мұхит айдыны мен құрлық бетінен буланган ылғал (су) түйіршіктері конденсацияга ұшырайды да жауын-шашындар түрінде жер бетіне (Әлемдік мұхит және кұрлық бетіне) қайтадан түсіп отырады.
Кіші немесе мұхиттық су айналымы — мұхиттар мен теңіздердің бетінен буланған ылғал құрлыққа тасымалданбай, су бетінен аспанға тік көтеріліп конденсацияға ұшырап, теңіздер мен мұхиттардың бетіне жауын-шашын болып қайта оралуы
21.Су режимі туралы жалпы түсінік
Су режимі деп су объектілерінің уақытқа байланысты су деңгейінің су шығынының өзгеру ерекшеліктерінің бірлескен жағдайын айтамыз. Бұл анықтаманың кеңірек түсінігі-су объектілерінің гидрологиялық режимі.
Өзеннің-гидрологияық режимі көпжылдық маусымдық және тәуліктік құбылмалылығымен ерекшеленеді:
1) су деңгейі (су деңгейінің режимі),
2) сулылығының (ағынды режимі),
3) мұздық көрсеткіші (мұздық-режим),
4) судың температурасы (термикалық режим),
5) ағыспен тасылатын қатты заттардың мөлшері мен кұрамы (тасындылар режимі),
6) еріген заттардың шоғырлануы мен құрамы (гидрохимиялық режимі),
7) өзен арнасының өзгеруінің (арнадағы процестер режнмі).
Өзен арналарында оның гидрологиялық режимі әсер ететін, гидротехникалық ғимараттардың бар-жоғына қарай реттеліп, табиғи немесе тұрмыстық режимдерге жіктеледі.
Гидрологиялық режимнің сипаттамаларының ішінде ерекше орын алатыны-өзендердің ағындысы. Ол сумөлшерінің дәрежесін, энергиялық су қорларын және осы аймақ көлемін-дегі сужолының шамасын сипаттайды.
22.Өзен жүйесі туралы жалпы түсінік
Өзендеп едәуір мөлшерде айқын калыптаскан тұрақты арнасы бар, өзінің су жинау алабына түсетін атмосфералық, жауын-шашындармен әрі жер асты суларымен қоректенетін ағынды суды атаймыз. Өзен арнасы әдетте, тұрақты ағынды суы бар болып келеді, ал кейбір кұрғақшылылық аудандарда суы уақытша тартылып қалуы мүмкін, климаты катаң, суық аудандарда арнадағы су қатып қалады.
Ағып өтетін жердің бедеріне байланысты өзендер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жазықтық өзендер – 300—500 метрлік ойпаттар мен жазыктарда ағады; 2)тау өзендері — бедері 300—500 м-ден биік тау жоталары мен кыраттарды басып өтеді.
Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі агысы. Атырау.Кез келген өзеннің басталатын жері, яр-ни бастауы болады. Өзеннің бастауы жер астынан қай-йап шығатын бұлақ, батпак, көл, мұзарт немесе екі саланың қосылатын орны болуы мүмкін.
Көлден басталатын өзендердің басталуының айқын көрінісі бар. Бүған Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немеее Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады.
Жазық аудандарда өзендер әдетте батпақтардан бастау алады. Оған Пин батпақтарынан ағып шығатын Днепр мен Висла өзендерінің салалары жатады. Екі өзеннің қосылу жағдайында бастау болып үлкен өзен, ал екі өзеннің ұзындығы тең болса, онда бастау ретінде сол жақ саласы кабылдануға тиіс. Әдетте ірі өзендерді жоғары, орта және төменгі ағыс үлескілеріне бөледі. Бұ.л бөлу ағын судың молдығына, жердің орографиялык, жағдайына, ағыс жылдамдығына, көліктік-шаруашылық пайдаланылуына және басқа да сипаттарына қатысты жүргізіледі.
Өзендердің жоғарғы ағысы ағынның үлкен еңістігімен және жылдамдығымен, тайыздығымен, айтарлықтай жуып-шаю және тасымалдау әрекетімен сипатталады.
Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді, сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.
Ал, төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағыста жуып-шаю шикізатының шөгіндегі.түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасының кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.
Өзеннін басқа өзенге: көлге (бөген) немесе теңізге құятын жерін өзенніқ сагасы деп атайды. Өзендердің сағаларында көл, теніздердің өзендермен өзара әсерінің нәтижесінде жер бедерінің күрделі формалары мен тарамдары (жеңдер), яғни атырау пайда болады.
Өзен атыраулары әдетте екі типке: дельта мен эстуарийге бөлінеді.
Дельтадеп тарамдалып кеткен, теңіздің тайыз бөлігіне келіп құятын өзеннің тасып әкелген шөгінділерінің нэтижесінде пайда болған атырауды айтады.
Эстуарийдеп өаеннің теңіз жағына қарай кеңейе беретін воронка тәріздес (терең) сағасын айтамыз, ол теніздінтолысуымен қайтуы болатын жағалауларға тән. Салалар әсеріне ұшырамаған эстуарийді лиман деп атайды.
Өзеннің атырау аймағы элементтерге — атырау алды,сағалық және сағалық теңіз кемерге бөлінеді.
Атырау алды үлескісі өзенге тән режимге ие, оньң жоғары шекарасы болып өзеннің төменгі ағысындағы, теңізтасуының әсері жетпейтін жері саналады, төменгі иекарасы — негізгі арнаның салаларға бөлінетін жері, и эстуарийлерде — өзен суы мен теңіз суы араласатын белдем.
Өзеннің сағалық үлескі атырау алды үлескінің төменгі шекарасынан теңіз етегіне дейін, немесе эстуарийдіңаралдық құрылымдарына дейінгі кеңістік. Теңіз етегі – шартты сызық, теңіз жақтан баспаған дельтаны немесе су асты қайраңын орай жүргізіледі.