Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
Дәріс мақсаты:Археографияның ғылыми пән ретінде дамуын, оның революцияға дейінгі қалыптасу тарихын көрсету.
Тірек сөздер:Археография ғылыми пән ретінде, археографиялық ой, археографиялық қор, археографиялық экспедициялар, археографиялық мекемелер, Археографиялық комиссия.
Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:
1. Археографияның ғылыми пән ретінде қалыптасу кезеңдері
2. Революцияға дейінгі археография
Археография (архео-archaios көне, grapho-жазба) тарихи деректерді зерттеу және жариялау әдістерімен шұғылданатын көмекші пән, ғылыми пән ретінде Батыс Еуропада XVII ғасырда, Шығыс елдерінде XIX ғасырда, Ресейде XVIII ғасырдың II жартысынан бастап дамиды.
Археография ғылыми пән ретінде археографиялық тәжірибенің ортақтастыру негізінде қадымдап құрыла бастайды, және өзінің даму тарихында көптеген өзгерістерге ұшыраған. Ал жекелеген археографиялық дағдылардың қалыптасуы түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты жазбаша деректердің пайда болуы мен таралуына қатысты болды.Мысалы көне жылнамашылар өз заманының тарихын жазу үшін басқа да ерте құжаттарға сүйенген және олардың үзінділерін мәтіндеріне қосқан. Жылнамалардың дамуы мен көбеюіне байланысты деректерге көшірме жасау әдістері де қалыптасқан. Ресейде көшірмелер жасау XVI ғасырдың басы мен XVII ғасырда дамиды. Ресейде археографиялық дағдылардың дамуына кітап бастырушылық ісі әсер еткен. Бұндай істің алғашқы кезеңінде діни кітаптар шығарыла бастады. Басылымды дайындау барысында мәтінді дәлме-дәл көшіру және де деректерді жариялау әдістері пайда болып, дамиды.
Археография ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасайтын болсақ, ол ХІХ ғасырдан бастау алғанын көреміз. Айталық XIX ғасырда граф Н.П.Румянцев құжаттарды тек қана шығарып қойған жоқ, сонымен қатар Ресейдегі және шетелдегі тарихи материалдарды жинауға атсалысты.
Европада ұлттық қозғалыс ірі мемлекеттерде бірде қоғам (мысалы, Германияда), бірде өкіметтік ұйымдар (мысалы, Франция, сәл кейінірек Англияда) арнайы тарихи құжаттарды шығаратын ұйымдар ашылды. Ресейде тарихи құжаттарды жинау және жариялау мақсатында 1834 жылы Археографиялық комиссия құрылды. Ал XIX ғасырдың 50-60 жылдары революциялық қозғалыстары өрлеген кезде, XVIII ғасырда мәлім болмаған оқиғалардың барлығын енді өкімет өзінің қолына алып, орыс тарихының жаңа кезеңіне тән құжаттарды шығара бастады. 1866 жылы орыс тарихи қоғамы құрылып, 148 томдық дипломатиялық қатынастарға арналған жинақ шығарды.
Ресей зерттеушілері археография ғылымының қалыптасу тарихын төрт кезеңге бөледі:
І. ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап – ХҮІІІ ғ. – эвристикалық кезең, яғни, бұл кезеңде құжаттар жинақтала басталды..
ІІ. ХҮІІІ ғ. – археография қосалқы тарихи пәндер ретінде қалыптасты.
ІІІ. ХІХ ғасырдың бірінші ширегі – “археография” терминінің пайда болуы және ғылыми пән ретінде қалыптасуы.
ІҮ. ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы – археография нақты ғылыми пән ретінде қалыптасты [8,22б].
XVIII ғасырдағы Археография. XVIII ғасырда құжаттарды жариялау кең етек алды. Басында олар саяси және практикалық мақсатта жарияланды. Уақыт келе құжаттар ғылыми зерттеу мақсатында да жариялана бастады.
Орыс тарихнамасы мен археографияның дамуында Татищевтің рөлі үлкен. Өзінің «История Российская с самых древнейших времен» еңбегінде ол қолданылған деректерге әсіресе жылнамаларға назар аудартты. Зерттеудің критикалық және деректерді басылымға шығарудың жолын айқындады.
1760 жылы Ғылым академиясы жылнамалар басылымы: Иван Барков дайындаған- Кенинсбергтік; А.Л. Шлецер мен Семен Башилов дайындаған- Никовловтың 1 бөлімінде екі бағыт айқындалды: критикалық және деректі дәлме-дәл жариялау жолы. Бұл әдістердің өзіндік жақсы және кері жақтары болды.Осындай әдістер тарихи-заңгерлік деректерді жариялаған «Русская правда» және 1550жылғы «Современник» басылымдарында қолданылды.
Басылымға шығатын деректің мәтінін жазуда критикалық әдістің қолданылуы , ескертпелер, алғысөздер, кей кезде жолкөрсеткіштердің құрастырылуы жарияланған құжаттың кең қолданысқа түсуін қамтамассыз етті. Шлецердің Никонов жылнамасын басылымға дайындау барысында қолданған мәтінді дәлме-дәл жариялау әдісі де үлкен қызығушылықты тудырды, өйткені ол мәтінді деректе жазылған сөзбе-сөз түрінде жарыққа шығарды.
XVIII ғасырда деректерді жүйелі түрде іздеу және жинау процессі мына тарихи есімдермен байланысты: Петр I, В.Н. Татищев, Г.Ф. Миллер, М.М. Щербатов, Н.И. Новиков, И.И. Голиков және тағы басқалары. Бұл істе көп жұмысты Г.Ф. Миллер атқарды, ол оң жыл ішінде Берингтің екінші Камчатка экспедициясында көптеген құнды деректер жинады. Оның жұмысына Татищевтің «История Российская», Степен кітабын және де басқа деректерді, Н.Н. Бантыш-Каменскиймен бірігіп шығарған дипломатиялық деректерін жатқызуға болады.
М.В. Ломоносовтың түрлі ғылым салаларына сонымен қатар тарих ғылымына қосқан үлесі зор. Өзінің «Древняя Российская история» еңбегінде ол отан тарихының кейбір жаңа көзқарастарынан асып түсті. Оның отан және шетел деректеріне деген критикалық көзқарасы да маңызды.
Орыс археографиясының даму жолында үлкен орынды Н.И. Новиковтың басылымдық қызметі алуда. Ол даярлаған екі басылымында да «Древняя российская вивлиолики» еңбегінде көптеген құнды және әркилы деректер, соның ішінде акт материалдары да кең қолданысқа енгізілді. Аса назарды көптеген археографтар қолданған оның басылымға даярлау ережелері аудартқан. Бұл археографияның тарихи қосалқы пән болып дамуының айқын көрінісі.
Орыс археографиясының дамуына И.И. Галиков те үлес қосқан. Ол дайындаған құжаттар басылымы «Деяния Петра Великого» құжаттар базасын кеңейтті. Бұл дүниелермен тек қана оның замандастары қолданып қоймай, А.С. Пушкин, В.Г. Белинский зерттеп, олармен қазіргі таңда да қолдануда. Н.И. Новиковтың құжаттарды басылымға даярлау ережелерін қолданған М.И Голиков ереженің жекелеген баптарын дамытты.
Алдыңғы тәжірибені қолдана білген XVIII ғасыр археографтары хабарлама, тарихи-заңгерлік, акт деректерін жариялау әдістерін тануы XIX ғасыр археографиясының дамуына ерекше негіз болды.
XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
XIX ғасырдың I жартысында Ресейде феодал- крепостной қатынастарының шиеленісі мен қатар капиталистік қатынастардың дамуы тездетілді. Бұл процесстер 1861 жылы крепостной құқығының жойылуы мен капиталистік қатынастарының орнығуына әкеп соқты.
XIX ғасырдың I жартысында болып өткен әлеуметтік өзгерістермен қатар жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың дамуымен қатар жүрді, елде жаңа ғылыми ұйымдар пайда болды. Тарихты зерттеуге деген қызығушылық артты. Буржуаздық және дворяндық тарих ғылымы өткен әлеуметтік, экономикалық және мәдени проблемаларды өздігінше сипаттауға тырысты. Бұл XVIII ғасырға қарағанда тарихи деректерді жинау мен басылымға дайындауда кең өрісті талап етті.
Осыған байланысты археография дами түсті.
Егерде XVIII ғасырда жекелеген тарихшылар: Татищев, Щербатов, Голиков және тағы басқалары деректерді жинаушы, жариялаушы және зерттеуші ретінде болса, енді XIX ғасырдың бас кезінен бастап тарихи деректерді жариялаумен арнайы айналысатын бір топ археографтар пайда болды. Олар: Р.Ф. Тимковский, К.Ф. Калайдович, П.М. Строев, Я.И. Бередников. XIX ғасырдың I жартысындағы археографияның айрықша ерекшелігі болып тарихи құжаттарды жинау мен жариялаумен айналысатын арнайы археографиялық ұйымдардың пайда болуы еді.
Деректерді көптеп жариялау науқаны ұжымдық жұмыс пен мемлекеттік қаржы және қолдауды талап етті. Бұларсыз үкіметтік ұйым мұрағаттары мен ведомствалар мұрағаттарын жан-жақты зерттеу мүмкін емес болды. Үкіметтің арнайы археографиялық ұйымдар құруының өзіндік мақсаттары болды: идеология күресінің күшеюіне байланысты үкімет жариялау жұмысын өкілетті топтардың мүддесіне сай жұмыс істеткізгісі келді. Осылайша декабрист Бестужевтің 1837 жылы өзінің ағасына жазған хатында былай делінген: «үкімет біздің мемлекетке дейінгі тарихқа қатысты актлерді жариялау үшін барлық әдістерді қолдануда».
Басқалардан бұрын 1804 жылы Мәскеу университеті жанында Тарих және ресей көне ескерткіштер қоғамы құрылады.
Бұдан кейін түрлі тарихи қоғамдар басқа университтерде құрыла бастайды: 1805 жылы Қазанда - Отан тарихы қоғамы құрылады. Бұл қоғамның «еңбектері» жылнамаларға, археологияға, славян философиясына және шығыс көне ескерткіштеріне арналды. 1817 жылы Харьков университеті жанында Ғылым қоғамы құрылып, оларда «еңбектерін» жариялады. 1834 жылы Ригада Лифляндия, Курляндия және Эстляндияға қатысты деректерді іздеу және сақтау мақсатында Тарих және көне ескерткіштер қоғамы құрылады. Қоғам өзінің міндеті етіп жылнамалар, хронографтар және басқа да тарихи ескерткіштерді жариялау жұмысымен айналысты.
Ғылыми қоғамдармен қоса тарихи деректерді жариялау үшін ресми ұйымдар құрыла бастайды. Мәскеу шетел құжаттарының бас мұрағат коллегиясы жанында 1811 жылы мемлекеттік мадақтамалар мен келісімдерді жинастыру және жариялау комиссиясы бекітіледі. 1829-1834 жылдары Ғылым академиясының археографиялық экспедициясы өтеді, нәтижесінде 1834 жылы Петербургте халық ағарту министірлігі жанында археографиялық комиссия құрылады. Деректерді басылымға даярлау методикасы жасала бастайды, бұл басылым алғысөздерінде және кейбір жекелеген арнайы еңбектерде көрініс табады.
Тарихи құжаттарды жариялау масштабын кеңейту үшін басылымға даярлау методикасын құрастыру қажет болды. XIX ғасырдың I жартысында негізгі сауалдар бойынша көзқарастар айтылды: дерек мәтінін жариялау әдістері, жылнамаларды классификациялау, негізгі тізімдерді іріктеу. Бұндай сауалдар, ойлар мен көзқарастар мақалалар, қолжазбалар, ережелер мен басылым алғысөздерінде жазылды.
1814 жылы «Сын отечества» журналында Петербург қоғамдық кітапханасының директоры А.Н. Оленин және сол кітапхананың қызметкері А.И. Ермолаевпен «Краткое рассуждение о издании полного собрания русских летописей » атты мақаласы жарияланды. Мақалада авторлар жылнамалар тізімін бөлек сөзбе-сөз басылымға жариялау керектігін айтады. Яғни мұқаба күйінде жариялау.
Оленин және Ермолаевтар ойынша жылнамаларды жариялағанда тек жазу стилі мен пунктуациясын сақтап қана емес, сонымен қатар қолданыстан шығып кеткен әріптер және азбука цифрьмен қоса шығару керек деп есептеді. Оленин мен Ермолаев негізінен дерек критикасынан бас тартты.
Бұған қарсы жылнамалар мәтінін басылымға дайындау әдістері жайлы өзгеше ойлар Р.Ф.Тимковскиймен Мәскеу университеті жанындағы Тарих және көне ресей ескерткіштері қоғамының мүшесі К.Ф. Калайдовичтің «Қолжазбаларында» Олениннің мақаласын талқылау барысында айтылды. Олардың пікірінше жылнама мәтіні ғылыми даярлаудан өту керек, яғни пунктуацияны қою және мұқабадағы қысқарған сөздердің түсініктемесін жасау қажет деді. Тимковский мен Калайдович Оленин мен Ермолаев ұсынған әдіске қарсы болды және осылайша жарияланған жылнамалар білімді мен білімсіздерді дұрыс жолдан тайдырады деп есептеді және екінші критикалық басылымның қажет болып қалу жағдайын айтты.
Жылнама деректер мәтінін басылымға дайындау әдістері сауалын П.М. Строев «Софийский временник» алғысөзінде қозғады. «Софийский временник»- ті жариялағанда мүмкіндігінше дәлдікті сақтағанын айтып, Строев Шлецер мен басқалары талаптанған мәтіннің сөзбе-сөз жариялануына қарсы болды. Оқырман мәтінді дұрыс түсіну үшін Строев мәтіндегі қолданыстан шыққан әріптерді ауыстыру, үтірлердің дұрыс қойылуын және жазушылардың жіберген орфографиялық қателерін түзеу керек деп есептеді. Қателерді түзегенде Строев оларды ескертпелерге жазу керектігін айтты, яғни оқырман мәтін мұқабасын да түзетулерді де көру мүмкіндігіне ие болады. Көріп отырғанымыздай автордың әрқайсысында өз әдісін дұрыс деп есептеді, алайда бұл екі әдіс те: критикалық және дипломатиялық басылым түрі мен міндеттеріне байланысты екеуі де архоеграфияда қолдануда. Бірақ сонау кезде мынадай сауал болған емес.
XIX ғасырдың басында жылнамалар тізімін cатыларға топтастыру мәселесі айтыс тудырды. Жылнамарды басылымға даярлау жайлы Н.М. Карамзин «Истории государство российского» еңбегінің I томына жазған «Об источниках»- та ол қандай қателіктер жібергендігі жайлы айтты. Карамзин мынаны байқады: ең бастысы түзетілген жылнамаларға ғылыми баян жасалмағанын көрді.
Карамзин жылнамалар тізімін шығу жеріне, уақытына, шығу жағдайына классификаиясын жасау керектігін айтқан және жыланамалар топтарынан ең көне және толық тізімді жариялау ойы да дұрыс еді.
1835 жылы Я.И. Бередников «Археографиялық экспедиция актілерін жариялаудың басты ережелерін» жасады және осыған толықтыру ретінде басылым алғысөздерінде бөлшектеп келтірілген «жазу ережелерін» жасады. Дәл сол уақытта Н.Г.Устрялов жүйелі жолкөрсеткіштің үлгісін жасап, оны құрастырудың шарттарын белгілеген. Аталған шарттар археографиялық комиссияның отырысында талқыланған болатын.
«Басты ережелерде» келесі сауалдар қозғалды: керек жағдайда акт мәтініне қатысты барлық түр көшірмелерімен жабдықтау, мәтінде байқалған барлық қателерді көрсету,түрлі тізімдерде байқалған ұқсастықтарды түзету. «Ережеде» актілерге ескертпелер мен тақырып беру негіздері және уақыты анықталмаған актілердің уақытын анықтау әдістерінің негізгілері белгіленген. «Софийский временник» алғысөзінде қарастырылған «Жазу ережелері» мәтінді басылымға даярлаудың ғылыми-критикалық әдістерінің кеңінен және детальды қолданған мазмұндамасы болды.
Аталған ережеде деректерді жариялаудың тәжирибесімен акт деректерінің археографиялық рәсімделуі қосарланған.
Жүйелі жолкөрсеткіштерге келер болсақ, Устрялов бұларды «актілерді үшін маңызы бар негізгі заттарды іздеудің кілті» деп қарастырды. Осыған қарамастан ол жолкөрсеткішті хронологиялық және жүйелі деп бөлді. Тақырыпқа Устрялов қарастырылған барлық акт тақырыпшаларын кіргізуді ұсынды, яғни бұл оқырманға бүкіл басылым мазмұнымен танысуды және актілерді қарастыру жұмысын женілдетеді деді.
Жүйелі жолкөрсеткіш Устрялов пікірінше үшке бөлінуге тиіс еді: 1)атаулар жолкөрсеткіші; 2)жер атауы жолкөрсеткіші; 3)ескі сөз атаулар жолкөрсеткіші: сословие, қызмет,сот уәкілдер,үкіметтік ұйымдар, теңге, өлшем,салық және басқа да заттар атаулары. Пән-тақырыптық жолкөрсеткіште мағынасы жақын заттар бір топқа топтастырылды. Жолкөрсеткіштер пішімі мен оларды даярлау әдістерін құрастыру деректерді жариялау методикасының маңызды этапы болды.
«Археографиялық экспедиция» актілерінің алғысөзінде жарияланбаған ережелерге қарағанда кең ауқымды сұрақтар қозғалған: аса құнды тарихи оқиғаларға қатысты деректерді сараптау принциптері; мәтін таңдау (негізінен мұқаба мен соңғы көшірмелері); мәтінді басылымға дайындау әдістері мен баян.
1837 жылы халық ағарту министрлігінің журналында комиссия қолдауымен археография комиссиясының мүшесі П.Г. Устряловтың «Предположение об издании русских летописей и государственных актов» атты мақаласы жарыққа шықты. Мақала авторы XVII ғасырға дейінгі деректерді қыскаша қарастырып, жылнамаларды жариялау әдістеріне сын көзбен қарап, археографиялық комиссияның жылнамалар мен актілерді басылымға дайындау туралы ойларын айтады. Устрялов түпнұсқадағы мәтіннің сөзбе-сөз жарияланып шығуына қарсы болады, оның ойынша сыннан өтпеген мәтіннің пайдасы шамалы. Сонымен қатар Устрялов Шлецердің «Нестор» басылымын сынайды.
Тарихи деректерді басылымға даярлау туралы құнды ойлар тарихшы-декабристермен айтылады. Олар деректерді іздеу мен басылымға дайындау жұмысына аса көңіл бөлді және П.М. Строев, К.Ф. Калайдович, И.П. Румянцева, Н.М. Карамзиндердің археографиялық қызметін жоғары бағалады. Н.И. Муравьев пен Н.А. Бестужев өздерінің ойларымен тематикалық, комплексті және түсіндірмесі бар құжаттар басылымы жағындағы археографтардан асып түсті. Олардың ойларынша құжаттарды жариялау белгілі бір актуальды тақырыпқа арналуы тиіс, тақырыптың обьективті және жан-жақты ашылу мақсатына байланысты басылымдағы деректердің шығу жағдайы түрліше болуы кажет. Басылым, олардың пікірінше, ескертпелер мен тарихи кіріспелермен жабдықталуы тиіс; олар аталған фактілер,оқиғалар мен адамдарға анықтамалар беру керек.
1816 жылы «Сын отечества» журналында жарияланған Н.Муравьевтың «Рассуждение о жизнеописаниях Суворова» атты мақаласында археографияның екі маңызды проблемасын көтереді. Суворов қызметі мен XVIII ғасырдың II жартысында Ресейдің әскери тарихын шынайы құжаттар негізінде жеткізу тарихтың негізгі мақсаты деп есептеп, ол Суворовтың хаттарын жинастыру қажеттігін айтады. Бұл басылымға Муравьевтың пікірінше «құнды қағаздар, хат алмасу мен баяндамалары, яғни барлық ресми құжаттары» енуі тиіс болды. Көріп отырғанымыздай бұнда құжат түрінің бәрі кіретін құжаттардың толық жинағын талап еткен. Муравьев көтерген тағы бір проблема басылымға дайындалған құжатардың түсіндірмесі. Оның ойынша Суворов хаттарын басылымға дайындауда сол кездегі оқиғалар мен оқиғаларға қатысты адамдарға түсініктер жазылуы тиіс еді. Бұндай түсініктемесіз уақыт өте келе олар құпия түрінде қалуы мүмкін деді.
Осылайша декабристердің пайымдауларында археографияның маңызды проблемалары көтерілген: құжаттарды іріктеу және оларды түсіндіру.
Аталған ережелер мен әдебиет XIX ғасырдың I жартысында тарихи деректерді басылымға дайындау методикасының дамуының көрінісі және бұл әрекеттер өз нәтижесін берді.
XIX ғасырдың басында археографиялық міндеттері бар арнайы ұйымдар құрыла бастайды. Бұл археографияның арнайы ғылыми пән ретінде қалыптасуының көрінісі, деректерді жариялау әдістері мен олардағы мақалалар, документальды басылым алғысөздерінде және қолжазбаларда өзінің теориялық негізін қалайды. Басылым жайлы қызықты ойлар тарихшы-декабристерден естіледі.
Археографиялық комиссия басылымдарының алғысөздерінде көп назар методика мәселесіне аудартылады. Мәтінді басылымға дайындаудың ғылыми-критикалық жолдары құрастырылады. XVI ғасырдан XIX ғасырдың орта шеніне дейінгі құжаттарды дайындаудың әдістері жасалған, олар сыртқы пішіннің дәлдігін талап етті.
1830-1850 жылы жарияланған құжаттар толық археографиялық рәсімдеуден өтеді; құжаттың тақырыбы және анықтамалық аппараты болады, сақталу жері және құжаттың шынайылық дәрежесі көрсетіледі. Петербург археография комиссиясының басылымында құжаттың алдынғы басылымы да міндетті түрде көрсетілген. XIX ғасырдың бірінші жартысында ғылыми анықтамалық аппарат құрамы жинақталған (ескертпе, жолкөрсеткіш, алғысөз, кесте).
Ескертпелер мәтін аяғындағы және жинақтың арнайы бөліміндегі болып бөлінді. Жолкөрсеткіштердің үш түрі жасалды: атаулық, географиялық және пән-тақырыптық. Алғысөздің құрамы да айқындалды (құжаттың жарияланғаны туралы мәліметтер, басылымға шыққан құжаттың мазмұны мен сипаттамасы, басылымға дайындау әдістері).
Бірақ құжаттарды іздеу мен іріктеу жұмыстары нашар дамыды.
Деректерді басылымға дайындауда үлкен практикалық нәтижелерге қол жеткізілді: Мәскеу университеті жанында құрылған Тарих және көне ресей ескерткіштер қоғамы мен Петербург археографиялық комиссияларының жұмысы арқылы тарихи зерттеулерге септігін тигізген үлкен құжаттық база жинастырылды және бұл елде тарих ғылымының дамуына үлесін қосты.