Тақырыбы: бұршақ дақылдары

Лекцияның жоспары:

1.Қазақстанда өсірілетін бұршақ дақылдарының биологиялық сипаттамасы.

2.Негізгі түрлері.

3.Халық шаруашылығындағы маңызы.

Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні: Қазақстанда дәнді-бұршақ дақылдарының ішінде асбұршақ егіс көлемі жөнінен бірінші орын алады. Бізде асбұршақ 100 мың гектар жерге себіледі. Соңғы жылдары оны мал азығы үшін пайдалану мәселесі кең етек жайып келеді. Өйткені одан көк балауса, сүрлем, шөп, шөп ұны, пішендеме алуға болады. Асбұршақ дәнінің кұрамында 26—30% белок, 48% крахмал, минералды тұздар, витаминдердің С, РР, В топтары және каротин бар. Ал минералды тұздардан фосфор жэне калий кездеседі. Асбүршақтың көк балаусасын жүгеріге қосып сүрлем салғанда, ол азықтың белогын кебейтіп 80 кг азот сіңіреді. Бидайдан 30 ц өнім алынып, сапасын арттырады. Одан алынған шөпте 14— 23%, топанында 8%, ал сабанында 5 процентке дейін протеин болады .

Асбұршақтың көк балаусасында, сурлемінде, үнтақталған шөбінде алмастыруға келмейтін барлық амин қышқылы кездеседі.

Мәселен, лизин ұнтақталған шөп ұнында жалпы белок құрамына шаққанда — 5,3%, сүрлемде — 4,7% және көк балаусада — 4,3%, метионин сүрлемде — 3,3%, кок балаусада — 1,4% жэне үнтақталған шөпте—1,5%, ал триптофан сурлемде — 2%, көк балауса мен ұнтақталған шөпте 1,6%. Сонымен, қорыта келгенде асбұршақ сабаны малға өте құнды азық болып ибылады. Оның 100 килограмын-да 23 азық өлшемі және 3 кг қорытылатын протеин, көптеген минералды тұздар (әсіресе кальций) бар. Туралған немесе буланған ас бұршақ сабанын малға таза күйде, ал кейбір жағдайда басқа асбұршықтармен араластырып та береді.

Асбұршақтың 100 кг дәнінде 114,8 азық өлшемі, 19,5 кг қорытылатын протеин болады. Оның агротехникалық маңызы өте зор. Мәселен бір жаз ішінде 1 гектар жерге 40—50 кг азот жиналады. Асбұршақ тамырлары азот

жинайтындықтан, сондай-ақ кейбір тұздарды жылдам ыдырататын қасиеті болғандықтан ол басқа дақылдарға өте жақсы алғы өсімдік бола алады.

Қазақстанда асбұршақтың екі түрі: кәдімгі асбұршақ және боз бұршақ мал азығындық өсіріледі.

Асбұршақ бір жылдық шөп тәріздес өсімдік. Сабағының іші куыс, тамыры діңгек тамырлы, негізгі тамыр 1,5 метртереңдікке дейін кетеді. Ал қосалқы тамырлары жердің жырту қабатында орналасады. Тамырдың толық жетілуі өсімдіктің гүлдеуіне сәйкес жүреді. Ондағы азот сіңіргіш бактериялар ауадан таза азот жинайды. Егер бүл кезде су жетіспесе, азот аз жиналады, жейде оның түзілмей де қалуы мүмкін. Асбүршақ сабағының биіктігі 40—250 см. Соған орай сүйеніші болмаса сабағы жығылып қалады. Қос қанатты жапырағы тарамдалған мұртпен шектеледі. Олардың төменгі жағында екі үлкен жанама жапырақ болады. Асбұршақ мүртшалары арқылы басқа тік тұрған нэрсеге жабысып, бойлап өседі. Гүлі ақ болады. Әрбір бұршақ юбының ішінде 3-тен 10-ға дейін дән орналасқан. Дәнінің формасы— дөңгелекше, беті — тегіс немесе аздап қатпарланған. Дәнінің реңі сарғылт, жызғылт, көгілдір. 1000 дәннің салмағы сорт түріне қарай 100—300 грамм аралығында.

Асбұршақ тұқымы 1—2° С градус жылылықта өнеді. Жаңа өніп шыққан өскіні 4—5 градусқа дейінгі суыққа төзе алады.

Асбұршақ 18—25° С жылылықта ате тез өніп-өседі. Өсімдіктің сабағы, бұтақтары, жапырақтары өсіп-жетілу үшін 12—16° С жылылық қажет, ал гүл шоғырлары жетілу үшін 16—20° С, бұршақша, оның ішінде түқым құрылу үшін 16—22°С керек. Тамырындағы азот жинайтын түйнек бактериялар 20— 25° С жылылықты қажет етеді. Тұқым өнуі кезінде ылталдың мол болғанын жақсы көреді. Асбұршақ тұқымының бөртуі үшін және өсуі үшін дән салмағына шаққанда артық 100—110% ылғал керек. Бүл астық дақылдары тұқымы өсу үшін керек судан 2—2,5 есе артық. Топырақ ылғалының шамадан тыс мол болуы және жер асты суының жақын жатуы өсімдіктің бой тжртып өсуін жэне жетілуін тежейді.Асбұршақ топырақ талғағыш. Ол қара топырақты, қара қошқыл жерлерде мол өнім береді.

Асбұршақ сорттары. Қазақстанда асбұршақтың ерте, орташа мерзімде және кеш пісетін сорттары аудандастырылған.

Раменский 77 — Бүкіл Россиялық қант қызылшасы және қант ғылыми-зерттеу институты өсіріп шығарған. Сорт орташа мерзімде піседі, есіп-жетілу кезеңі 85—90 күнге созылады, қүрғақшылыққа төзімді. 1000 дәнінің салмағы — 230—240 г. Дәнінің реңі — ашық сары, үлкендігі — орташа. Аскохитоз ауруына төзімділігі орташа, бұршақ қүртымен зақымдалмауы орташадан жоғары. Өнімі — мол., Маңғышлық және Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, ОҚО облыстарында аудандастырылған.

Уладовский 208 — Уладов-Люлинецк қант қызылшасы жөніндегі селекциялық-тәжірибе станциясы өсіріп шығарған. Кеш пісетін сорт, өсіп-жетілу кезеңі 85—110 күнге созылады. Қүрғақшылыққа төзімді. Дэнінің үлкендігі—орташа, көгілдір, деңгелек, сырты жылтыр. 1000 дәннің салмағы— 160—170 г. Аскохитоз және ақүнтақ ауруына төзімділігі орташа. Бүршақ құртымен қатты зақымдалады. Мол өнімді. Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.

Чшиминский 210 — Башқұрт ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеуинституты өсіріп шығарған. Орташа мерзімде піседі. Түқымынын өнуіненголық піскеніне дейін 78—85 күн кетеді. 1000 дәнінің салмағы 270—290 г.

Дәні ірі, реңі — қызғылт сары. Қостанай облысында аудандастырылған.

Неосыпающийся 1 — Ворошилов облыстық ауыл шаруашылығытәжірибе станциясында өсіріп шығарылған. Орташа мерзімде піседі,құрғақшылықта жэне піскенде бүршағы жарылып, дәні төгілмейді. Дәні —орташа, формасы — дөңгелекше, реңі — қызғылт жэне қызғылт сары. 1000 дәнінің салмағы — 214,9-236,8 г. Өнімі жақсы. Шығыс Қазақстан облысында ауданандастырылған.

Ауыспалы егісте алатын орны. Асбүршақ арам шөптен таза, құнарлы,ылғалы мол жерлерге егіледі. Оңтүстік облыстарда күтімі жақсы болғанкүздік бидайдан кейін және отамалы егістерден соң егуге болады. Оның аурулары мен зиянкестері бір болғандықтан басқа дәнді-бұршақ дақылдарынан кейін себуге болмайды. Қызыл бас бедеде түйнек ұзын тұмсығы қыстап шығатындықтан, асбұршақты оған жақын егудің қажеті жоқ. Мал азығындық ауыспалы егісте асбұршақ бір жылдық шөпке арналған танапқа егіледі. Асбұршақ басқа дақылдарға өте жақсы алғы өсімдік бола шады. Сондықтан ол ауыспалы егісте бидай егілетін екі танап арасына, немесе бидай егістігі мен отамалы егістік аралықтарындағы танапқа егіледі.

Топырақ өңдеу. Егер асбұршақ астық дақылдарынан соң егілсе ол жер 4 - 5 см тереңдікте сыдыра жыртылады, ал тамырсабақты және буылтық шымырлы арам шөпті жер болса, жырту тереңдігі 10—12 см-ге жетеді. Күз айында сүдігер көтеріледі. Алғы өсімдік картоп болғанда сүдігер көтерілмей, жер тек қопсытылады. Қыс айларында қар тоқтату жұмыстарын жүргізіп, көктемде қар суын тоспалайды. Қар ерісімен ылғал жинау жұмыстары басталады. Бір-екі із салып тырмалайды. Тұқым себер алдында культиватормен қопсытып, оған қосымша тырмаланады. Кейінгі кезде топырақты тұқым себер алдында өңдеу мен себу жұмыстарының арасында алшақтық болмас үшін топтасқан КА-3,6 агрегаты пайдала-нылатын болды. Осы агрегат бір жүріп өткенде, жерге тыңайтқыш сіңіреді, қопсытады, дөңбектейді және тұқым себеді.

Тыңаңтқыш енгізу. Асбұршақ фосфор және калий тыңайтқыштарын, ал балғын кезінде азот тыңайтқышын енгізсе жақсы өседі. Сондықтан күзде ол егілетін жерге 2,5—3 ц суперфосфат жэне 1—1,5 ц калий түзын енгізген дұрыс. Азот тыңайтқышын культиваторлаған кезде гектарына 0,5 ц есебімен енгізу керек.

Тұқымды себуге дайындау және себу. Тұқымды ірілігіне қарай іріктеп, бірқалыптыларын бөліп алады. Күн көзіне жайып, себуге екі жұма қалғанда 1 ц тұқымды 400 - 600 гмөлшерде ТМТД-мен және тигаммен дәрілейді. Асбұршақ

тұқымын нитрогинмен өңдеу оны өсірудің ең негізгі технологиялық элементтерінің бірі болып саналады. Асбұршақты оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс облыстарда ерте егілетін астық дақылдарымен бір мезгілде себу қажет. Солтүстік облыстарда май айының үшінші он күңдігінде асбұршақ бұршақшалары пайда болады. Дән де осы кезде түзіледі. Бұл осы кезде жауатын жауын-шашынға сәйкес келеді. Шығыс Қазақстан ебяысында ең қолайлы себу мерзімі — майдың бірінші он күндігі. Тұқым ттғарына 120-200 кг. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда суармалы жерде 1,2-1,4 млн, ал суарылмайтьш ылғалы мол жерлерде - 1,0 - 1,2 млн, Солтүстік Қазақстан жэне Шығыс Қазақстанның ылғалды аудандарында 0,9—1,2 млн дана дән. Жеңіл топырақты жерлерде тұқымы ұсақ сорттар 4-5 см тереңдікке, тұқымы ірі сорттар 6 сантиметрге дейінгі тереңдікке, ал ауыртопырақты жерлерде тұқым мұнан гөрі тағыздау (3-4 см) сіңіріледі. Асбұршақ тұқымы СУК-24 астық сеялкасымен себіледі. Себу кезінде тестарына 10-15 кг түйіршіктелген суперфосфат беріледі. Жел эрозиясы балып тұратын жерлерде СЗС - 2,1 сеялкасы қолданылады. Түқым жарылмас үшін,бүл сеялканың себу тетігін жоғары деңгейге көтеріп қояды. Асбұршақты сеуіп болысымен оны дөңбектеу жүмыстарына кіріседі. Бұл щмыстарды жүргізу үшін ЗҚКШ-6, ККН-2,8, 2ККН-2.8, ЗККН-2,8 дөңбектері пайдаланылады.

Асбұршақтың сабағы жапырылып құлап қалады. Сөйтіп оны жинап алу қиындайды. Сондықтан асбұршаққа демеу болатын дақылдар, ең алдымен, сұлыаралас себіледі. Мұнда асбұршақтың себу нормасы 20 процент кемітіліп, оның орнына 30 - 40 кг сұлы түқымы қосылады. Соңғы жылдары асбұршақты жүгерімен, күнбағыспен араластырып сеуіп, көк балауса алуға, сүрлем салуға пайдаланады.

Егістікті күтіп-баптау. Егістікті асбұршақ өскіні шықпай тұрып жәнежер бетіне шыққан соң, жеңіл тырмамен тырмалап қопсытады. Сонымен бірінші тырмалау дэн себілген соң 4—5 күннен кейін жүргізіледі, алекінші тырмалау өсімдік өскінінің бой кенде басталады. Тырмалау асбұршаққа еш-қандай зиян келтірмейді, өйткені олардьщ тамыры бүлкезде 15—20 см тереңдікке сіңіп кетеді. Арам шөптерге қарсы өсімдіктер жер бетінешықпай түрғанда гербицидтер шашылады. Мәселен бір гектарға 1,5— 2 кг мөлшерінде прометрин, өсімдіктің 3—5 жапырағы шыққанда гектарына 2-3 кг мөлшерінде 2М-4ХМ гербицидімен өңделеді. Суармалы жерде асбұршақ жаз бойы 1-3 рет суарылады.

Асбұршақ жинау.Мал азығына толық гүлдеп, бас сала бастаған кезде, дәні үшін төменгі жақтағы бұршақтарының басы піскен кезде жиналады. Сонымен, өсімдік бойындағы бұршақтардың 70—75% толық пісіп-жетілгенде дестеге орайды. Ол үшін КЗН-2,1 немесе ҚС-2,1, бұған қосымша ПБ-2,1 және ариаулы дәнді-бұршақ оратын ЖБА-3.5А қондырғылары қолданылады.

Орылған дестелер өздігінен жүретін астық комбайндарымен бастырылады.

Асбұршақтың зиянкестер тудыратын аурулары. Асбұршақты ең алдымен бұршақ қоңызы зақымдайды. Қазақстанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда олар зиянын көп тигізеді.Бұл қоңыздарқамбада сақталатын дәндер мен дақылды бастырғаннан кейін қалған дәндерде қыстайды. Апрель-май айларында ұшып шығады. Беденің, ошағанның және басқа арам шөптердің гүл тозаңдарымен қоректенеді. Қоңыздар 3—5 км қашықтыққа ұшып бара алады.

Асбұршақ өсімдігі гүлдеген кезде қоңыздар жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқаларын жасыл бұршақтың ұлпасынан шығатын, 8—10 см-ге жаппай қатты қатып қалатын тамшыларша салады. Балапан құрттары бұршақтың ішін кеулеп, дәнін жейді. Асбұршақ егетін оңтүстік аудандарда қоңыздардың бір тобы күзде ұшып шығып, ағаш қабығының астын және басқа жерлерді пана-лап, қыстап шығады. Зияндалған бұршақ егіске себуге де, азыққа да жарамайды.

Оларға қарсы күрес шаралары:

1. Егінді ең қысқа мерзімде ысырапсыз жинап, бастырып алу, кейіннен щызды сыдыра жырту және сүдігер көтеру;

2. Бүршақ қоңызы жаппай ұшу кезінде егісті гектарына 1 кг хлорофоспен немесе 1 кг метофоспен зарарсыздандыру.Асбұршақта аскохитоз ауруы да кездеседі.

Белок мөлшері жөнінен соя мен люпинге жететін өсімдік жоқ.

Дәнді бұршақ тұқымдастары амин қышқылдық құрамы жағынан астық тұқымдастарға қарағанда көш ілгері. Олар алмастыруға келмейтін амин қышқылдарды көп түзеді.

Екіншіден, бір гектардан алынатын белок түсімі астық дақылдарына. қарағанда, дәнді-бүршақ тұқымдастарда көп болады. Мәселен, бидай егістігінің бір гектарынан 30 ц астық жиналса, одан 360 кг, ал ас бұршақтан — 690 кг, соядан — 1260 кг белок алынады.

Үшіншіден, дәнді-бүршақ тұқымдастардан алынған өсімдік белогы өте арзанға түседі. Өйткені 1 тонна қорытылатын протеиннің қүны астық дақылдарының дәніндегі қорытылатын протеинге қарағанда ас бүршақ құрамындағы мөлшері—2,5—3 есе, соя шротындағы мөлшері—15—18 есе төмен. Дәнді-бұршақты дақылдар белогы құнының арзан болуы олардың азотты қоректенулеріне байланысты.

Төртіншіден, белок дегеніміз — биологиялық синтезге енген азот. Сондықтан өсімдік белогын өндіру дақылдарды азот тыңайтқыштарымен-қамтамасыз етуге топырақтағы азоттың құрамына, топырақтың табиғи құнарлылығына тығыз байланысты. Сонымен, бұршақ дақылдары ауадан азот элементін қабылдайды да белок құрайды. Қымбат минералды тыңайтқыштарды үнемдеуге көмектеседі. Биологиялық зат алмасуға ауадағы бос азот элементін қосып, қосымша белок түзеді. Сонымен тамырдағы азот түйнегінің 130—180 кг, асбұршақ — 70—100 кг, мал: азығындық бұршақ — 90— 120 кг азот жинайды.

Бесіншіден, барлық көп жылдық бүршақ түқымдас дақылдар көптеген өсімдіктерге ауыспалы егісте өте жақсы алғы өсімдік бола алады. Бұлар тамырымен орғаннан кейін қалған паясы жерге бірталай азот жинап, көптеген минералды элементтер қалдырады. Мысалы, бірінші жылғы қызыл беде егістігінде өсімдіктер қалдығы мен тамырында гектарына 60—70 кг, жоңышқаның үшінші-төртінші жылында 80—110 кг азот қалады. Сол жерлерді жыртып, басқа өсімдіктер сепкенде олар осы жиналған азотпен

қоректенеді, өнім күтуге болады. Бірақ шамадан тыс қолданылған химиялық заттар табиғат қорғау мәселесіне кері әсерін тигізуде.

Соңғы жылдары Ресейдің оңтүстігінде, Орта Азия мен Қазақстанның құрғақ аймағында екпе жайылымдар жасау үшін пайдалануға болатын мал азықтық өсімдік түрлерінің саны 40-тан асып жығылады . Соның ішінде жерсіндіру жұмысы мен мәдени дақыл ретінде сынау үшін ұсынылған өсімдіктер қатарында бұршақ тұқымдас Onobrychis Adans туысының түрлері бар. Дегенмен Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аймағында көптеген пайдалы шаруашылық және агротехникалық маңыздылығына қарамастан эспарцетті екпе жайылым жасау ісіне пайдалануға бағытталған ғылыми ізденістер жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар оның жергілікті шөл аймақтағы экологиялық-биологиялық ерекшеліктері және шаруашылық-пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жоқтың қасы.Қорыта келгенде бұршақ дақылдары ең жоғары сапалы және өте арзан өсімдік белогын өндірудің қайнар көзі болып табылады.

Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдермен, егістік алқаптардың көлеміне сәйкес, түсіммен топырактан азот алшактанады. Егер дәнді дақылдардың 25ц/га түсіміне қажетті азотты есептесек; 14млн га-1,4млн т. азот қажет болады. Ол дегеніміз топырақты толтыруға қосымша көздерін табуға әкеледі. Біздің планетамызда азоттың бірінші бастауы -ауа, әр гектардың үстіндегі ауа құрамында 80мың т. әйтседе осы мол қорларды адам ағзасында мал ағзасында пайдаланылмайды. Олар азотты өсімдік ағзасымен синтезделген белок түрінде тағаммен және азықпен алады.

Дебиеттер

1. Негрука В.И., Бутенко Р.Г. Биотехнология сельскохозяйственных растений – М.: Агропромизад, 1997 г. – 301 стр.

2. Петров Д.Ф. Генетика с основами селекции. Изд.2-е, доп. Учеб. Пособие для ун-тов. М., Высш. Школе, 2006 г. -416 стр.

3. Горин А.П. Руководство к практическим занятиям по селекции и семеноводству полевых культур. – М.: Сельхозиздат, 2003 г. -575 стр.

4. Новоселова А.С., Константинова А.М., Кулешов Г.Ф. (и др). Селек-ция и семеноводство многолетних трав. М.: Колос, 1998 г. - 303 стр.

5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. – М.: Колос, 2004 г. -344 стр.

6. Гужов Ю.Л. Генетика и селекция сельскому хозяйству. – М.: Просвещение,

1994 г.-240 стр.

7. Уильямс У. Генетические основы и селекция растений. – М.: Колос, 1968 г. – 448 стр.

8. Бриггс Ф и Ноулз П. – М.: Колос, 2002г. -399 стр.

Дебиеттер тізімі

1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.

2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.

3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.

4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.

5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум

6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193. – 448 бет.

7.Омарова З.М., Абдраимова Қ. Топырақ экологиясы. Дәрістер жинағы. Кентау, 2007 - 50 бет (әдістемелік оқу құралы) – Түркістан: Ясауи хабаршысы, 2005. -60бет.

8.Т.Т.Тазабеков және басқалар. Топырақ және қоршаған орта. Алматы, 2001.

9.Е.Ә.Исаханов, Т.С.Мұсаев. Топырақ механикасы, Алматы, 1994.

10.А.Н.Дурасов, Т.Т.Тазабеков. Почвы Казахстана. Алма-Ата. Изд-во “Кайнар”.

11.В.Н.Степанов, А.Н.Киселев. Агрономия негіздері. “Колос”, 1982.

12.Мамырбекова А.К. Биосфера туралы ілімнің негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. -Кентау, 2002.-59 бет.

13.Новиков Ю.В. Охрана окружающей среды. М.: Высшая школа, 1987. -287с.:ил.

14.Романов В.С., Харитонова Н.З. Охрана природной среды. Мн.:Выш.шк., 1986.-247с, ил.

15.Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. -Алматы: Ғылым, 1998. 168б.

16.Коробкин В.И., Переделькин Л.В. Экология.-Ростов н/Д: Изд-во «Феникс», 2001 - 576с.

17.В.И.Фурсов. Экологичекие проблемы окружающей среды. Алма-Ата, Ана тілі, 1991.

18.Н.Ф.Реймерс. Природопользование. М.: Мысль, 1990.

19.Т.А.Акимова, В.В.Хаскин. Экология. Учебник. М.:ЮНИТИ, 1998, 455с.

Наши рекомендации