ГеодезиядаҒы проекциялау Әдісі.
Кеңістіктегі әр түрлі бейнелер мен заттарды қағаз бетінде кескіндеу үшін проекциялау әдісі колданылады. Жердің физикалық бетіндегі нүктелердіц орны эллипсоидтың бетіне нормаль болып есептелетін тік сызық арқылы проекцияланады. Осы проекциялау нәтижесінде нүктенің тікбұрышты (ортогональды) проекциялары алынады.
Жер бетінің едәуір территориясын кескіндеу жердің денгей-лік бетіне жасалынады, бұл жағынан оған тік сызықтар нормаль болып есептеледі. Жер беті Р (2-сурет) жердің деңгейлік бетінің бір бөлігі болсын делік. Сонда жердің физикадық бетін-дегі бір-бірінен едәуір қашықтықтағы А, В, С және D нүктелері деңгейлік бетке Р тік сызықпен проекцияланады. Тік сызықтар-дың денгейлік бетпен қиылысатын а, b, с және d нүктелері жер бетінің тиісті нүктелерінің горизонталь проекциялары деп аталады.
Жер бетінің А, В, С және D нүктелерінің орны деңгейлік бет-тен жердің физикалық бетіндегі нүктелерге дейінгі тік сызық-тардың (аА, bВ, сС, dD) ұзындығымен және тиісті география немесе тікбұрышты координаталармен анықталады.
Деңгейлік беттен жердің физикалық бетіндегі нүктелерге дейінгі ара қашықтық (метрмен алынған) нүктенің абсолют би-іктігі деп аталады (мысалы, Н ). Кез келген баска Р1 жазыктығына параллель шартты денгейлік беттен берілген нүктеге дейінгі ара қашықтық (метрмен алынған) нүктенің шартты биіктігі деп аталады. Бір нүктенің екінші бір нүктенің деңгейлік бетінен біршама кашықтығының айырмасы салыстырмалы биіктік (һ) деп аталады. Вертикаль қашықтықтың сандык мәні биіктік деп аталады.
Мысалы, НА =810,793 м А нүктесінің абсолют биіктігі болса, ал Н'а=10,793 м осы нүктенің шартты биіктігі болып саналады. Ал Һ—Нв — На А нуктесімен салыстырғандағы В нүктесінің салыстырмалы биіктігі болып табылады.
Деңгейлік беттің орташа жағдайын мұхит деңгейін көп жылдар бойы бақылау аркылы анықтайды. Қазақстанда абсолют биіктіктің бастапкы саны ретінде Кронштадт футштогының нөлі кабылданған.
Футшток дегеніміз бөліктері бар мыс тақта, осы бөліктер бойынша оқтын-оқтын теңіз деңгейі есептеліп отырады. Кронштадт футштогының нөлдік бөлігі шамамен Балтық теңізінін орташа деңгейімен дәл келеді. Жер бетінің шағын ауданын кескіндеуде берілген нүктелер горизонталь жазықтыққа V (3-сурет) бір-біріне параллель перпендикулярмен проекцияланады. Аа, ВЬ, Сс, Dd проекциялау сызықтары U жазықтығына перпендикуляр болса, онда аЬ, Ьс, сd және dа жақтары мен олардың арасындағы (β1 β2 β3 β4) бүрыштары жердің тиісті жақтары мен бұрыштарының горизонталь проекциясы, ал жазық аЬсd тертбұрышы жердің физикалық бетінде орналасқан АВСD төртбұрышының горизонталь проекциясы болып табылады.
Егер жергілікті жердегі АВСD төрт бұрышының горизонталь проекцияларының аЬ, Ьс, сd, dа жақтарының ұзындығы және олардың арасындағы горизонталь бұрыштары (β1 β2 β3 β4) белгілі болса, онда оның горизонталь проекциясын (аЬсd) кағазға тусіруге болады.
Жер бетінде тікелей АВ, ВС, СD, DА ара қашықтықтарын жәие β1 β2 β3 және β4 горизонталь бұрыштарын өлшеуге болады. Жер бетіндегі өлшенген түзудеи (DС=s) оның горязонталь жазыктыктағы проекциясының (DС1=s1 ) ұзынды-гына көшуге болады. Жердегі түзудін горизонталь жазықтығын-дағы ортогональ проекциясынын ұзындығы осы түзудің горизанталь ұзындығы деп аталады. Түзудің көлбеу бұрышы жердегі DС түзуі мен онын горизонталь жазыктығындағы DС1 проекциясыннн арасындағы вертикаль жазықтыкта орналасқан, сондықтан оны тікелей өлшеуге болады. DСС1 үшбұрышынан жердегі түзудіц горизонталь ұзындығын s1=s соs v формуласы бойынша аныктайды. Демек, жердегі фигураны горизонталь жа-зыктықта кескіндеу үшін онын кабырғаларының горизонталь ұзындыктарын және қабырғалары арасындағы горизонталь бұрыштарын білу қажет.