ТопографиялыҚ карталардыҢ жол-жол сызыҒы жӘне номенклатурасы

Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан баска осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады.

Карталардың номенклатурасы негізін 1 : 1000000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.

Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1 : 1000000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды карастырамыз.

М-41 бет 1 : 100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3, . . , 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.

1:100000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1 : 50000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетінің номенклатурасы М-41-60-Б болады.

Осы бетті 4-ке бөлуден 1 :25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41--60-Б-г-4 болады.

1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып 1 : 10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1 :5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1 : 5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады.

1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу ушін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді; оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1: 2000 масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады.

Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 2-кестеде берілген.

2 - к е с те Карталардың номенклатурасы

Масштаб Беттің өлшемі Номенклатура үлгілері     Номенклатура үлгілері
Ендікте Бойлықта
1 :1000000 1 :500000 1:200000 1 : 100000 1 : 50000 1 :25000 1 :10000 1 :5000 1 : 2000 4° 2° 40' 20' 10' 5' 2'30" 1'15" 25" 6° 3° 1° 30' 15' 7'30" 3'45" 1'52",5 37",5 М-41 М-41-А М-41-ХХХ М-41-60 М-41-60-Б М-41-бО-Б-г М-41-60-А-а-1 М-41-60 (256) М-41-60 (256-н)

1 : 5000, 1 :2000, 1 : 1000 және 1 :500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км2-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады. Оның рамкасының

топографиялыҚ карталардыҢ жол-жол сызыҒы жӘне номенклатурасы - student2.ru топографиялыҚ карталардыҢ жол-жол сызыҒы жӘне номенклатурасы - student2.ru

өлшемі 1: 5000 масштаб үшін 40Х40 см, ал 1 : 2000, 1 : 1000 және 1 : 500 масштабтар үшін 50X50 см болады. Бұл жағдайда жол-жол сызықтың негізі ретінде 1 :5000 масштабтағы картаның беті қабылданып, олар араб цифрымен белгіленеді. Оған 1 :2000 масштабтағы картаның 4 беті сәйкес болады. Олардың әрқайсысы 1 :5000 масштабтағы беттің нөміріне орыс алфавитінің бас әріптерінің (А, Б, В, Г) бірін қосып жазу арқылы белгіленеді. Мысалы: 14-Б.

1 : 2000 масштабты картаның бетіне рим цифрларымен (I, II, III, IV) белгіленген 1 : 1000 масштабтағы төрт бет жәие араб цифрымен (1, 2, 3, ..., 16) белгіленген 1 : 500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді.

Осыларға сәйкес, 1 : 1000 масштабтағы карта бетінің номенклатурасы 14-Б-ІУ (17-сурет), ал масштабы 1 : 5000 үшін 14-Б-16 болады.

Геологиялық барлау жұмыстарын келешекте жүргізілетін ауданның керекті карта беттерін табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға арналған карталардың кұрама кестелері атты жинактар бар. Олар меридиандар мен параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне сәйкес келетін торларға бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады.

ПЛАНДАР МЕН КАРТАЛАРДЫҢ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРІ

Топографиялық карталардың шартты белгілері шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар меи цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.

Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырады.

Біркелкі объектілердің әр түрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапкы графикалық белгілермен беріледі.

Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және касиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.

Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабтық контурлы шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардың көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мумкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан, яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фон-дық бояу тустері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызыкпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.

Масштабтан тыс (нүктелік) шартты белгілермен сұлбасын картаның масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, кұдық және т. б.). Масштабтан тыс шартты белгілер — тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын шағын геометриялық фигуралар. Масштабтан тыс шартты белгілер нуктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы нүктелермен картадағы объектілердін координаталарын және өзара қашықтығын анықтайды.

Өзендер, каналдар, жолдар және баска сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.

Жазулар және тусіндірме шартты белгілер масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде колданылады да, олар объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет аткарады. Елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т. б. аттары толык жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің жанында орналасады; олар объектілердің маңызын немесе касиетін түсіндіреді. Мыса-лы, мк.— мектеп, вкз.— вокзал. Цифрлық белгілер көбіне объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара қашықтығын, т. б.) көрсету үшін қолданылады.

Топографиялык карталарды түрлі-түсті безендіру оның көрнекілігін және айқындығын анағұрлым арттыруға септігін тигізеді. Бояулардьң түсі кескінделетін объектілердің шын өңіне негізінен сәйкес болады; ормандар — жасыл, гидрография — көк, жер бедері — коңыр, елді мекендердің сұлбалары, темір жолдар, көптеген өнеркәсіптік, халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері — қара бояулармен боялады.

Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілерін геодезия және картография бас баскармасы белгілейді және оларды түсіру жұмыстарын жүргізетін барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс. Іс жүзінде қолдануға қолайлы болу үшін кестелер түрінде шығарылады.

Наши рекомендации