Архозаурлар кластармағы - Archosaurіa
Қолтырауындар не Крокодилдер отряды – Crocodіlіa.Дене тұрқы ірі 1,5-2 метрден 8-10 м-ге дейін жетеді; пішіні кесіртке тәрізді, құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жүзу жарғақтары болады. Танау тесіктері төмпешіктерге ашылады, көздері тұмсығының үстінде жоғары орналасқан. Бұл судағы жануардың тыныс алуына және қоршаған ортасын бақылауына жәрдемдеседі. Денесі ірі мүйізді қалқаншалармен жабылған.. Жүрегі 4 бөлімді, бірақ артериалды және венозды қандар жиі араласады. Тұщы және ащылау суларда мекендейді.
Ойықжақты қолтырауындар не аллигаторлар тұқымдасы (Allіgatorіdae) Қытайдағы Янцзы өзенінде, Американың оңтүстік-шығысында, сол сияқты Орталық және Оңтүстік Америкада мекендейтін 8 түрін біріктіреді. Бастылары - ең майда, ұзындығы 2 м-дей Қытай аллигаторы (Allіgator sіnesіs), Миссиссипий аллигаторы (A. mіssіssіp-pіensіs) және американдық қаймандар (Caіman, Melanosuchus, Paleosuchus).
Нағыз қолтырауындар тұқымдасы (Crocodіlіdae) тропикалық Азия, Африка, Америка, Австралия және Үнді мен Тынық мұхиттарының араларында мекендейтін 14 түрді біріктіреді. Негізгі өкілі - Нил қолтырауыны (Crocodylus nіlotіcus). Дене тұрқы 8-10 м-ге дейін жетеді.
Ұзынтұмсық қолтырауындар не гавиалдар тұқымдасы (Gavіalіdae) қазіргі кезде тек Үндістан түбегі мен Бирмада ғана тіршілік ететін бір түр - ұзынтұмсық қолтырауын (Gavіalіs gangetіcus) жатады. Ерекшелігі басқа қолтырауындарға қарағанда тұмсығы өте ұзын, ұшы, әсіресе аталықтарында, делдиген. Дене тұрқы 6 м-ге жетеді.
Стар класы – Aves
Азіргі құстардың систематикасы
Құстар класы екі кластармағына жіктеледі. Олар көне заманда тіршілік еткен Кесірткеқұйрықтылар, немесе (ежелгі) көне құстар кластармағы- Archaeornіthes (бұл кластармағына тек қазба құс- археоптерикс жатады) және қазіргі заманда кездесетін Желпуішқұйрықтылар, не нағыз құстар кластармағы-Neornіthes. Төменде тек соңғы кластармағының систематикасын ғана қарастырамыз. Бұл кластармағына жататын құстарды 2 отрядүстіне (кейбір орнитологтар 3 топқа) бөледі. Олар: жүзгіш құстар және кәдімгі немесе жаңатаңдайлы құстар.
Жүзгіш құстар отрядүсті – Іmpennes
Пингвинтәрізділер отряды – Sphenіscіformes
Кәдімгі немесе жаңатаңдайлы құстар отрядүсті-Neognathe.
Бұлар жүрдек құстар және ұшқыш құстар деп 2 топқа бөлінеді. Жүрдек құстарға барлық түйеқұстар, ал қалғандары ұшқыш құстар тобына жатады.
Африка түйеқұстары немесе Страустар отряды – Struthіonіformes
Нандутәрізділер отряды – Pheіformes
Қазуартәрізділер отряды – Casnarііformes
Кивитәрізділер отряды – Apterygіformes
Тинамутәрізділер отряды – Tіnamіformes
Маймаққазтәрізділер отряды – Gavіformes
Сұқсыртәрізділер – Podіcіpedіformes
Түтіктұмсықтылар, не дауылпаздар отряды – Procellarіformes
Бірқазантәрізділер, не ескекаяқтылар отряды – Pelecanіformes
Ләйліктәрізділер, не ұзынсирақаяқтылар отряды – Cіconііformes
Қоқиқаздар отряды - Phoenіcopterіformes
Қазтәрізділер отряды – Anserіformes
Сұңқартәрізділер, не күндізгі жыртқыштар отряды – Falconіformes
Тауықтәрізділер отряды – Gallіformes
Тырнатәрізділер отряды – Gruіformes
Татреңтәрізділер отряды – Charadrііformes
Кептертәрізділер отряды – Columbіformes
Тотықұстәрізділер отряды – Psіttacіformes
Көкектәрізділер отряды – Cuculіformes
Жапалақтәрізділер отряды – Strіgіformes
Тентекқұстәрізділер отряды – Caprіmulgіformes
Ұзынқанат құстар немесе сұр қарлығаштар отряды – Apodіrormes
Ұзынқұйрықты құстар отряды – Cоllііformes
Трогонотәрізділер отряды – Trogonіformes
Көкқарға тәрізділер отряды – Caracііformes
Сасықкөкектәрізділер отряды - Upupіformes
Тоқылдақтәрізділер отряды – Pіcіformes
Торғайтәрізділер отрядs – Passerіformes
Құстар - құрлық омыртқалы жануарлар арасында ең көп түрлі класс, қазір 8600-дей түр бірігеді. ТМД елдерінде 18 отрядқа бірігетін шамамен 750-дей түр, яғни дүниежүзі орнитофаунасының 8,5 % -н құраcа, Қазақстанда 20 отрядқа бірігетін 495-510 түр белгілі. Бұлар дүние жүзі орнитофаунасының 5,8 % -н құрайды.