І.аймаҚтыҢ табиҒи жаҒдайларына сипаттама
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ.........................................................................................................
НЕГІЗГІБӨЛІМ............................................................................................
1. Суғарылатын аймактың табиғи жағдайларына сипаттама................
2. Ауыспалы егістік кұру.........................................................................
3. Ауыл шаруашылык дақылдарының суғару тәртібін анықтау........
4. Ауыл шаруашылық дақылдарының суғару тәртібін Қазақ СШҒЗИ нүсқауларымен анықтау.......................................................................
5. Ауыспалы егістің гидромодуль ординаталарын анықтау.................
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
Кіріспе
Мелиорация - жерді жаксартуға бағытталған техникалық және шаруашылық - ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топыракты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамсыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты катерлі құбылыстардан корғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауылшаруашылық дакылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазакстан үшін айрықша мәні бар: республика жереінң басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәрірлерінен бастап-ақ білген. Қазакстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына карай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды.Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ак өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызады.Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жүмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалык, химиялык,орман, мәдени-техникалык жұмыстар, т.б. жүргізіледі.
Қант қызылшасы - қызылша туысына жататын екі жылдык бағалы техникалык дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант кызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылы өсу кезеңінің ұзақтығы 100-125 күн. Қант кызылшасы құнарлы мал азықтық дақыл. Қант қызылшасының сығындысында 15% кұрғақ затттар, 3% клетчатка,0,7% күл,0,1% май жэне 1,2% протеин болады.
Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасыньщ тұқымы қант зауыттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі 5,6°С жылығанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сэуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Оған топырактың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс. Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралықтары 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант кызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі.
Арпа - манызды біржылдық малазықтық, азық-түліктік жэне техникалық дақыл. Арпа дәнінде орта есеппен 60% крахмал, 12-13% акуыз, 2%-дан астам май, 3%-ға таяу күл, 5-7% клетчатка, коп мөлшерде дәрумендер бар.
Арпа астығы халықаралық сауда да сұранысқа ие. Қазакстанның арпа экспортының 70%-дан астамы ТМД елдерінде шығарылады, оның ішінде негізгі және дәстүрді сатып алушы ел катарына Рсей жатады.
Арпа - жаздық және күздік түрде дамитын өсімдік. Ұзақ күннің өсімдігі. Тамыр жүйесі шашакты, сабағы сабан, бидайға карағанда беріктілігі әлсіздеу, соның нэтижесінде жапырылуға бейім. Арпаның Қазақстанда өсірілетін сорттарының өсіп-жетілу кезеңінің ұзактығы 60-80 тәулік.
Арпа жылуға аз талап қояды, оның тұқымы 1-2'С жылылықта өне бастайды, алайда мұндай жағдайда көктеуі 20 тәулікке дейін созылады. 5-6°С температурада көктеуі 8 тәулікке дейін кысқарады.
Егін көгі 7-8°С бозқырауды жақсы көтереді, алайда жекелеген сорттары одан төмен температураны көтере алмайды. Арпа кұрғақшылыққа төзімді өсімдік, дегенмен өнімнің төмендеу деңгейі сортқа және өсіру технологоиясына байланысты өзгереді.
Жоңышқа - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия, Африкада өсетін 100-ге жуык түрі бар. Қазакстанда 18 түрі кездеседі.Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі жэне 13,7 кг корытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышкасы, "Дархан 90", т.б. Жоңышқа - ылгал жэне жылу сүйгіш дақыл. Егіндік жэне мал азыктық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.
І.АЙМАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫНА СИПАТТАМА
Жамбыл облысы
Жамбыл облысы Қазакстанның оңтүстік -шығысында орналаскан.
Облыс ауылшаруашылығында аймактың едәуір үлес салмағы зор бүкіл тәлімі егіншіліктің 60% суармалы күздік бидай, жүгері, жоңышқа, кант кызылшасы т.б дақылдар егіс шогырландырылған Жамбыл облысының бүкіл егіншілік көлемінің 26%, жайылымның 31 %, шабындықтың 15% осы аймақтың үлесіне тиеді.
Табиғаты және жер бедері. Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан,Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км²..Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
Климаты.Облыстың өзіне тән климат ерекшелегі-қуаншылығы мен континенттілігі . Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің табиғи көрінісі көлемді және әртүрлі. Облыста есімдіктердің 3 мыңға жуық түрі бар. Аңшылыққа пайдаланылатын жердің жалпы көлемі 13,9 мың га. Онда 40 түрлі жануарлар мекендейі. Балық шаруашылығы 27,8 мың га жерді алып жатыр. Оның ішінде 81 су қоймасы 59 су қоймасы балық шаруашылығына жарамды. Әсіресе Тасөткел, Псеріс-Ашыбулақ ірі су қаймалары ерекшеленеді. Мұңда ақ амур, карп, сазан, көксерке, табан, вобла балықтарының түрлері басым. Облыс территориясында 3 қорық жұмыс істейді: "Берікқара шатқалы" мемлекеттік қорығы 17,5 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерде Қызыл кітапка енгізімен 50 ден аса ағашты-бұталы өсімдіктерді, жануарлардан архар , үнді жайрасын жумақ шыбын ұстағымын кездестіруге болады. "Қарақұндыз шатқалы" мемлекеттік қорығы 3,07 мың га жерді алып жатыр, орналасқан жері Іле Алатауның батыс сілемі. Алма, шие, жүзім, алша жеміс ағаштары үйеңкі, ақ акация, тұт ағаштары, грек жаңғағы ағаштары учаскелерімен алмасып отырады. Андасай мемлекеттік қорығы Шу өзенің оң жағалауында Мойынқұм ауылынан батысқа қарай орналасқан, көлемі 1000 мың га. Мұндағы өсімдіктердің басым көпшілігі бетеге, биюргун, сексеул, бұталы ағаштар. Жануарлардан архар, Қулан, елік қабан, қоян, қырғауыл құр мекендейді. Облыс агрорлы-индустриялды-23,8% жалпы өнеркәсіп, 20,2%-ауылшаруашылығы, 16,6% транспорт және байланыс, 6,5% қурылыс, 9,2% сауда, 27,7% басқа салалар. Облыстың 7 ауданы аграрлы сектор, қалған 3 ауданында таулы-кен комплекстерінің арқасында өнеркәсіп дамыған. Облыс өнекәсібінің дамуына облыс орталындағы мекемелер де едәуір үлес қосуда. Жамбыл облысты фосфорит және ерігіш шпатты ишкізаттың бірегей базасы болып табылады.
Топырақ жағдайы.Облыстың топырағы вертикал белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазык бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Тау етегінде сүр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланын кызыл коңыр топырактары қалыптасқан. Жамбыл облысының топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде әртүрлі. Ең төменгі белдем (600м) каланың солтүстігінде. Одан жоғары 900-1300 м биіктіктегі қарашіріндісі орташа қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдеменің (800-1000м) қара топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. Топырақ - климат жағдайы қолайлы тау бөктерінде шаруашылыкты қаркынды жүргізуге мүмкіншілітер мол. Мүнда тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдар, суармалы жер жағдайында механикалык жеміс және бақша дақылдары, картоп өсіріледі.