Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс №1

Тақырыбы: Жергілікті жердің планын түсіру

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жергілікті жердің планын жасаудың алғашқы әдістерімен таныстыру.

Дамыту: Оқу жұмысының төмендегі әдістерін қалыптастыру. Планшетті дайындау, өлшеудің масштабын белгілеу, қашықтықты масштабпен салу.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Көрнекілік: Тұсбағар, планшет, қарындаш, визирь сызғышы, жиналмалы метр т.б.

Жоспары

І.Ұйымдастыру: 1. Топтарға жұмыс бөліп беру

2. Жергілікті жердегі жұмыс

Әр пән мұғалімі өздерінің мектептерінің жағдайына қарай нұсқаны таңдап өткізеді (себебі І нұсқа тапсырмалары класта істелетін жұмыстар болса, ал ІІ нұсқа мектеп ауласында істелетін жұмыстар)

І нұсқа

1- тапсырма. Туристер кесілген орманнан шығып, оңтүстік- шығыстағы тас жолмен 300 м жүріп, солтүстік-шығыстан оңтүстік - батысқа қарай ағып жатқан, ені 5 м өзеннен ағаш көпір арқылы өтіп, өзеннің сол жағындағы шалғындықтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен шығысқа қарай 2 км жүріп, орманшының үйінен өтіп, 1 км солтүстікке жүріп, бұлаққа тоқтайды

Масштаб: 1 см- 500 м бойынша туристердің жүрген жолының планын түсір.

2 тапсырма. Топографиялық карта және суреттегі объект кескіндерінің арасында сәйкестікті орнатыңдар.

3 - тапсырма. Атластағы масштабы 1 см- 900 км жарты шарлар картасын пайдалана пайдалана отырып, Астана қаласымен Сидней қаласының арақашықтығын табыңдар

4- тапсырма. Масштабты пайдаланып, 50 м қашықтықты сызыңдар.

а) 1 см- 10 м

ә) 1 см- 5 м

ІІ нұсқа

Әр оқушы алдын ала белгіленген полюс нүктесінен тұрып төмендегі жұмыстарды анықтайды

1.Планшетті бағдарлау

2.Өзі тұрған жерді нүктемен белгілеу(планшеттің ортасына)

3.Планшетке визирь сызғышын қойып бір шеті белгіленген нүкте арқылы өтіп, ал қабырғасы планға түсірілгелі тұрған заттқа бағыттау керек.

4.Планшетке бағытты жүргізу.

5.Жиналмалы метр арқылы қашықтықты өлшеу.

6.Ең алыста тұрған зат планшетке сиятындай етіп масштаб алу керек.

Өлшенген қашықтықты масштабты пайдалана отырып, көлденең бағытта саламыз.

7. Заттарды шартты белгімен белгілейміз. Осы ретпен оқушылар тағыда бір екі нысанды кескіндейді.

Сарамандық жұмыс №2

Тақырыбы: Бағыттарды, географиялық координаталарды анықтау

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды географиялық координаталарды анықтаудың теориялық білімімен таныстыру.

Дамытушылығы:Жарты шарлар картасымен глобустан географиялық координаталарды табуды уйрену, кескін карта толтыру дағдысын дамыту.

Көрнекілік: Карта, атлас, глобус т.б.

І-нұсқа.

1- тапсырма. Дүние жүзінің жарты шарлар картасымен жұмыс

а) Бір үлкен аралдың орталық бөлігі 200 о.е. және 4700 ш.б.арқылы өтеді. Картадан осы аралды тауып кескін картада белгіле

ә) 440 с.е.және 770 ш.б. қиылысқан нүктені тауып қаланаң атын жаз.

б) 790 о.е. және 1030 ш.б. координаттары бойында жер бетіндегі төмен теипература -980. Осы жердегі зерттеу станциясының атан тап

2- тапсырма. Қалалардың координаталарын табу

Москва  
Санкт-Петербург  
Каир  
Кеиптаун  

Координаталарға қарап нысандарды анықтау

60 ш.б. 460 с.е  
72 0ш.б. 480 с.е  
720 б.б. 320 о.е  
340 о.е 720 б.б.  

3- тапсырма. № 1 гидрологиялық кеменің теңізшілері 10◦ с.е- пен 180◦ б.б.-тағы мұхит тереңдігін анықтауға тапсырма алды. ал № 2 кеме 10◦ с.е.-мен 180◦ б.б- та осындай тапсырма орындауға тиіс. Осы жерлерді кескін картаға үшбұрышпен белгіле.

4- тапсырма. Орталық бөлігі 19◦ о.е.-пен 47◦ ш.б.-та орналасқан аралда ең кішкентай шала маймылдар тіршілік етеді, оның денесінің ұзындығы 12 см. Осы аралдың километрмен есептегендегі ұзындығы мен ені қандай?

сарамандық жұмыс

Тақырыбы: Картадан ірі таулар мен жазықтардың географиялық орны мен биіктігін, жекелеген нысандардың биіктігі мен географиялық координаталарын анықтау.

Мақсаты: Таулар мен жазықтардың координаталарын анықтау,жекелеген нысандардың биіктігін картадан табу.

Көрнекілік: Карта, атлас, оқулық т.б.

Жоспары

1- тапсырма. а) Тауларды биіктігіне қарай бөліп жаз

Аласа таулар Орташа биік таулар Биік таулар
     

2- тапсырма. Мына кестені толтырыңдар.

Жазықтың атауы Жазықтың қай түріне жатады? Кайда орналасқан?
Каспий маңы    
Үнді-Ганг    
Декан    
Сарыарқа    
Амазонка    
Ла-Плата    
Орта Сібір    

3- тапсырма. Таңдауың бойынша белгілі бір жазыққа сипаттам бер.

а) Қандай материкте орналасқан;

ә) жазықтың басқа обьектілерге қатысты орны қандай;

б) қай бағытта еңіс болып келеді;

в) қандай өзендер ағады;

г) жазықтағы қалалар;

ғ) қандай экологиялық проблемалары бар;

4- тапсырма. Төмендегі кестені толтырып, берілген географиялық обьектілерді кескін картаға белгіле.

Жанартаудың атауы Қай материкте орналасқан Абсолют биіктігі (м) Сөнген немесе сөнбеген
Везувий      
Каракатау      
Казбек      
Орисаба      

Наши рекомендации