IV.Пайдаланылған әдебиеттер
СӨЖ
Тақырыбы: Жел және оның түрлері (Жергілікті желдер)
Орындаған: Нысанбай Ерболат
Тексерген: Жексенбаева А.К.
Алматы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жел дегеніміз не және ол қалай пайда болады
2. Жел жылдамдығы мен бағыты қалай анықталады
3. Желге қандай күштер әсер етеді
4. Жергілікті желдер дегеніміз не және олардың толық сипаттамасы (Бриз, таулы – аңғарлы желдер, Фен, Бора, мұздық желдер, ағын желдер, муссондар мен пассаттар және т.б желдер).
ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.
Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.
Желдің пайда болуы-қысым айырмашылығына байланысты. Желдің бағытын өлшейтін құрал- флюгер жел бағар, желдің жылдамдығын өлшейтін құрал- анемометр.
Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.
Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады.
Жел және оның түрлері.Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.
Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер).
Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады.
Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады.
Мұздықтық желдер - көптеген үлкен тау мұздықтарының үстімен және мұздықтың жылжыған бағыты бойынша төмен құлдилай соғатын желдер. Мұздық бетіндегі ауаның суынуынан пайда болады да, ондаған, кейде жүздеген метрлік ауа қабатын қамтиды. Антарктида мен Гренландия мұздықтарының теңіз жағалауларына таяу жерлерде мұздықтық желдер өте күшті соғады.
Жергілікті желдер — белгілі бір аймақтың табиғи-географиялық ерекшеліктеріне (орографиялық құрылымына, үлкен су қоймаларының болуы, т.б.) байланысты болатын табиғи құбылыс. Олар жылдамдығы, бағыты, қайталанып соғуы, т.б. ерекшеліктерімен байқалады. Жергілікті желдер жергілікті атмосфералық айналымға байланысты да туады (бриз, тау-аңғар желі, мұздық желі, бора, фен, т.б.). Сонымен қатар, жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты туындайтын жергілікті желдер бар (Ауған желі, сирокко, хамсин, Құралай желі, Ебі желі, Шілік желі, т.б.).
Бриз (фр. brise — жел) — теңіздердің, көлдердің (кейде ірі өзендердің) жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел.
Құрлық пен судың бірдей жылынбауы салдарынан беткі ауа қабаттарындағы атмосфералық қысымда айырма пайда болады да, ауаның қозғалысы басталады. Күндізгі бриз (теңіздік) теңізден қызған құрлық бетіне (жағалауға), ал түнгі бриз (жағалық) салқындаған құрлық бетінен теңізге қарай соғады. Бұл табиғи құбылыс негізінен жаз айларына тән. Себебі, жазда құрлық пен теңіз үстіндегі тәуліктік ауа темп-расының айырмасы 20ӘС-қа дейін жетеді.Бриз жер бетінен жүздеген метр (кейде 1 км-ден астам) биіктікке дейінгі ауа қабатын қамтиды, ондаған қашықтыққа дейін соғады. Теңіздік Бриздің жылд. 7 м/с-қа дейін жетеді. Бриздер теңіздер мен үлкен көлдердің жағалауында байқапады. Олар су айдындары мен құрлық арасындағы тәулік ішіндегі температура мен қысым айырмашылығынан пайда болады. Күндіз жел теңізден жағалауға (теңіздік бриз), ал түнде жағалаудан теңізге (жағалық бриз) бағытталады. Бриздердің жылдамдығы, әдетте, 3—5 м/с, тропиктерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Теңіздік бриз құрлықта ауа температурасын төмендетіп, салыстырмалы ылғалдылығын арттырады. Мәселен, Үндістандағы Мадраста теңіздік бриз әсерінен ауа температурасы 2—3°С-қа төмендеп, ылғалдылық 10—20%-ға жоғарылайды, ал Батыс Африкада бұл көрсеткіштер тиісінше 10°С пен 40%-ды құрайды.
Фен(нем. Fohn, лат. favonius— жылы батыс желі) - таулардан аңғарға қарай соғатын қатты өкпек, жылы жел. Ол ауаның тау жотасының қырқасынан асып, ық беткейіне төмен құлаған кезінде пайда болып, адиабатты жылынады. Мұндай жағдайда температура мен ылғалдылық күрт өзгеріп, қардың еруі мен көшкін жүруін тездетеді. Фен көбінесе тәулікке жуық соғады. Ол барлық тау жүйелерінде, әсіресе Кавказ, Памир, Альпі тауларында байқалады.
Бора — теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен төмен соғатын суық жел. Бора көбіне қысты күні соғады. Бора Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында, Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады.
Бора (грек. boras — солтүстік жел) аласа жоталардың (300 — 600 м) ық беткейімен градиенттік қысым мен тартылыс күші әсерінен үлкен жылдамдықпен (40 — 60 м/с) төмен қарай бағытталып соғады. Қазақстанда Солтүстік Балқаш өңірінде байқалады.
ü
ü Бора — тау беткейінің бойымен төмен карай құлдилай соғатын қатты суық жел. Феннен айырмашылығы Бора аласа жоталарды (300—600 м) қиып ететін суық ауа массасының басып кіруінен пайда болады. Бора ауырлық күші мен қысым градиентінің әсерінен өте тез жылдамдықпен беткейдің ық жағымен құлайды да, адиабаталық аз жылынады. Көбінесе қыста ішкі жазықтар мен жазық тауларды жьшы теңіздерден не ірі сукоймалардан жоталар бөліп тұратын жерлерде пайда болады. Мұндайға Адриат теңізі жағасындағы Триест борасы, Байкал көлі жанындағы Сарма борасы, тағы да басқалары жатады.
Муссон (фр. mousson, араб.: маусым – жыл мезгілі), жер бетіне таяу тропосфераның төменгі қабатындағы ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы.
Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа өзгеріп тұрады. Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен мүхиттың біркелкі ысымауы. Атмосферада циклонды, антициклонды аймақтардың түзілуі, құрлық пен теңіздің әркелкі жылынып, суынуы, олардың арасындағы қысым айырмашылығы, жылу режимінің өзгеруі салдарынан ауа жылына екі рет орын ауыстырып ығысады. Жаздық ылғалды (мұхиттық) муссон мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелсе, қысқы (континенттік) муссон құрлықтан мұхитқа суық, құрғақ ауа тасымалдайды. Муссондар тропиктік және тропиктік емес деп бөлінеді. Тропиктік муссонның бағыты және жылдамдығы жоғары, әсері күшті; олар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға тән, онда ылғалды мезгілде бірнеше мыңдаған мм жауын-шашын түседі. Тропиктік емес муссон Шығыс Азияға тән. Мұнда муссонның әсері шамалы. Қысқы құрғақ муссон Сібірдің өте суық ауасын Тынық мұхиттың жағалауына әкеледі; Жазғы ылғалды муссон мұхит жағалауына мол жауын-шашын апарады. Муссон атмосфераның жалпы айналымы жүйесінде маңызды орын алады және муссонды климат бар елдер экономикасының дамуына елеулі әсер етеді.
Муссондар циклондар мен антициклондар неғұрлым тұрақты болатын және олар маусым бойынша күрт айырмашылық жасайтын аудандарда қалыптасады. Муссондарды тропиктік және тропиктік (экваторлык) муссондар деп жалпы екі топка бөледі.
Тропиктік емес муссондар жылдың бір мезгілінде құрлық пен мұхиттың жылынуының әркелкі болуына байланысты туындайды. Олар, негізінен, солтүстік жарты шарда айқынырақ байқалады. Мұнда материктердід шығыс жағалаулары коңыржай және субтропиктік ендіктерде муссондық циркуляция ықпалында болады. Өйткені бұл аудандарда батыс желдерінің әсері азаяды, сондықтан құрлық пен көршілес орналаскан мұхит айдыны арасындағы температура мен қысым айырмашылығы маусымдық тұрақты желдердің (муссондардың) пайда болуына жағдай жасайды. Қоңыржай ендіктерде батыс желдерінін багытына қарама-қарсы соғатын жазғы муссондар құрлыққа жауын-шашын әкеліп, ауа температурасын едәуір төмендетеді.
Ең тұрақты және айқын байқалатын муссондар тропиктік ендіктерде пайда болады. Тынық және Атлант мұхиттарының тропиктік ендіктерінде жыл бойы пассаттар басым келеді. Сондықтан тропиктік муссондар тек Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен оған көршілес Шығыс Азия мен Индонезия жағалауларында ғана айкын байқалады. Муссондық циркуляция Үнді мұхиты алабының тропиктік ендіктерде жатқан үлкен кеңістіктерін қамтиды. Бұл Үнді мұхитының екі ірі құрлыктың аралығындағы орнымен және екі жарты шарда орналасуымен түсіндіріледі.
Тропиктік (экваторлық) муссондардың пайда болуына субтропиктік антицикпондар мен экваторлық төмен қысымды алаптың жыл мезгілдеріне қарай орын өзгертуі тікелей әсер етеді. Шілдеде экваторлық төмен қысымды алап солтүстік жарты шардың неғұрлым жоғары ендіктеріне қарай, ал қаңтарда, керісінше оңтүстік жарты шарға қарай ығысып, орын ауыстырады. Субтропиктік антициклондар да осы бағытта ығысады. Экваторға көршілес аймақтарда қоқымдық орталықтардың жыл мезгілдеріне қарай күрт орын ауыстыруына байланысты басым желдердің де бағыты өзгереді. Тропиктік муссондарға екі жарты шардың жыл ішінде біркелкі жылынбауы да себепші болады.
Шығыс бағыттан соғатын қысқы, муссон пассаттардың бағытына сәйкес келеді. Қысқы муссон кезінде ауаның материктен мұхитқа бағытталуы құрғақ кезеңнің осы мерзімге сәйкес келуіне себепші болады. Бағыты пассаттарға қарама-қарсы болатын жазгы муссон кезінде ауа мұхиттан материкке бағытталады, сондықтан жаңбырлы кезең, негізінен, жаз мезгіліне сәйкес келеді.
Пассат (нем. Passat, ис. viento de pasada — көшкенге қолайлы жел) — Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және экваторлық ендіктерінде субтропиктік жоғары қысымды аймақтардан экваторға қарай жыл бойы соғатын тұрақты желдер; Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарларда субтропиктік жоғарғы қысымды облыстардан экваторға қарай соғып тұратын тұрақты желдер; қос жарты шардағы субтропиктік жоғарғы қысым аймағы (25 градус — 30 градус ендіктер) мен экватор арасындағы жыл бойы байқалатын тұрақты түрдегі ауа массаларының тасымалдануы.
Жер бетіңе жақын ауа қабатыңда үйкелу мен Кориолис күшінің әрекетінен, Солтүстік жарты шарда Солтүстік-Шығыс желі, ал Оңтүстік жарты шарда — Оңтүстік-Шығыс желі қалыптасады.
Жердің өз өсімен айналуының әсерінен өзінің алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда солтүстік-шығыс, Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат желдері басым болады. Пассаттар мұхиттардың үстінде (әсіресе Тынық және Атлант мұхиттарында) тұрақты және айқын байқалады. Материктердің үстінде атмосфера қысымының жергілікті ерекшелігіне байланысты оншалық байқалмайды. Пассаттарда қозғалатын ауа қабатының қалыңдығы субтропиктік жоғары қысымды өңірде (25-30° ендіктер) 1—2 км құраса, экватор маңында бүкіл тропосфера қабатын қамтиды. Одан жоғарыда жел қарама-қарсы бағытта соғады (қ. Антипассат). Пассаттар атмосфераның жалпы циркуляциясы жүйесіне кіреді.