БАССҮЙЕКСІЗДЕР ТИПТАРМАҒЫ – ACRANIA
ХОРДАЛЫЛАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ
ТИП ХОРДАЛЫЛАР – Chordata
Тип тармағы Қабықтылар (Личинкахордалылар) – Tunicata, seu Urochordata
Класс Асцидиялар – Ascidiae
Класс Сальпалар – Salpae
Класс Аппендикуляриялар – Appendiculariae
Тип тармағы Бассүйексiздер – Acrania
Класс Басхордалылар – Cephalochordata
Тип тармағы Омыртқалылар, немесе Бассүйектiлер - Vertebrata, seu Craniota
Бөлiм Жақсыздар – Aqnatha
Класс Птераспидоморфтар – Pteraspidomorphi
Кластармағы Телодонттар – Thelodontia
Класс тармағы Түрлi қалқаншалылар – Heterostraci
Класс Цефалоспидоморфтар – Cephalaspidomorphi
Кластармағы Сүйектi қалқаншалылар – Osteostraci
Кластармағы Қалқаншасыздар – Anaspida
Класс Дөңгелек ауыздылар – Cyclostomata
Кластармағы Миногалар (тiлтiстер) – Petromyzones
Кластармағы Миксиналар – Myxini
Бөлiм Жақтылар – Gnathostomata
Алғашқы су жануарлары – Anamnia
Класүстi Балықтар – Pisces
Класс Сауытты балықтар – Placodermi
Класс Жақжелбезектiлер – Acanthodii
Класс Шемiршектi балықтар – Chondrichthyes
Кластармағы Қарапайым (ежелгi) акулалар – Cladoselachii
Кластармағы Ксенакантидтер – Xenacanthida
Кластармағы Тақтажелбезектiлер, немесе акула балықтар
– Elasmobranchii
Кластармағы Бүтiнбастылар – Holocephali
Класс Сүйектi балықтар – Osteichthyes
Кластармағы Калаққанаттылар – Sarcopteryqii
Кластармағы Сәулеқанаттылар –Actinopteryqii
Класүстi Төртаяқтылар – Tetrapoda, seu Guadrupeda
Класс Қосмекендiлер, немесе Амфибиялар – Amphibia
Кластармағы Доға омыртқалылар – Apsidospondyli
Кластармағы Жұқа омыртқалылар – Lepospondyli
Алғашқы құрлық жануарлары – Amniota
Класс бауырымен жорғалаушылар, немесе Рептилиялар – Reptilia
Кластармағы Анапсидалар – Anapsida
Кластармағы Проганозаврлар – Proqanosauria
Кластармағы Ихтиоптеригиялар – Ichtyostegia
Кластармағы Синаптозаврлар – Synaptosauria
Кластармағы Лепидозаврлар – Lepidosauria
Кластармағы Архозаврлар – Archosauria
Кластармағы Синапсидтер, немесе Аңтәрiздiлер – Sinapsida, seu Theromorpha
Класс Құстар – Aves
Кластармағы Кесiрткеқұйрықтылар, немесе Ежелгi құстар – Archaeornithes
Кластармағы Желпуiшқұйрықтылар, немесе Нағыз құстар – Neornithes
Класс Сүтқоректiлер, немесе Аңдар – Mammalia, seu Theria
Кластармағы Алғашқы аңдар – Prototheria
Кластармағы Аңдар – Theria
ТУНИКАТАЛАР ТИПТАРМАҒЫ – TUNICATA
ҚабықтыларTunicata – хордалы жануарлардан ертеде бөлініп шыққан қарапайым құрлысты топ. Дене формасы қапшық немесе бөшкетәрізді, ұзындығы 0,3 см-ден 50 см-ге дейін жетеді. Пиросомалардың колонияларының ұзындығы 30 м-ден асуы мүмкін. Хордалыларға тән белгілер дернәсілдік (личинкалық) кезеңде анық білінеді, сондықтан бұларды кейде личинкахордалылар Urochordata деп атау осыған байланысты. Барлығына ортақ белгі хордалары тек құйрық бөлімінде болады. Сондықтан да оларды құйрықхордалылар деп те атайды. Барлық өкілдері теңіздерде мекендейді. Кейбір түрлері қозғалмай бір орынға бекініп тіршілік етсе, екіншілері су ішінде жай қозғалып тіршілік етеді (1-кесте). Денесі қабықпен немесе туника деп аталатын затпен қапталған. Суды жұтқыншақта орналасқан желбезек саңылаулары арқылы өткізіп, пассивті қоректенеді. Нерв жүйесі ганглиялардан тұрады, ол ауыз бен атриопор тесіктерінің арасында орналасқан. Сезім мүшелері нашар дамыған. Қантасымалдау жүйесі – қуыс типті. Гермофродиттер немесе қосжыныстылар. Көпшілігі жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы да көбейеді.
Типтармағы 1400-дей түрді біріктіретін 3 класқа жіктеледі.
1 класс – Асцидиялар – Ascidia
2 класс – Сальпалар – Salpae
3 класс – Аппендикуляриялар – Appendiculariae
БАССҮЙЕКСІЗДЕР ТИПТАРМАҒЫ – ACRANIA
Бассүйексіздер типтармағына майда, пішіні балықтың шабағына ұқсас келген теңіз жануарлары жатады. Хордалы жануарларға тән белгілер сақталады: ішкі тірек қаңқа – хорда мен түтіктәрізді жүйке жүйесі бар; жұтқыншақты екі жағынан желбезек саңылаулары тесіп өтеді және ол тыныс алу қызметін атқарады; асқорыту жолында бауыр өсіндісі болады. Типтармағына 30-35 түрді біріктіретін 1 класс Басхордалылар – Cephalochordata жатады.
БАССҮЙЕКТІЛЕР НЕМЕСЕ ОМЫРТҚАЛЫЛАР ТИПТАРМАҒЫ–
CRANIOTA SEU VERTEBRATA
Омыртқалылар – жоғары ұйымдасқан хордалы жануарлар. Белсенді қоректенеді: қорегін іздеп табады, қуып жүріп ұстайды, ұстаған қорегін майдалайды. Белсенді қоректенуге байланысты қимыл-қозғалыс жасау жүйесі жақсы жетілген. Хорда омыртқа жотасымен алмасқан, миды қорғайтын бассүйек жетілген (осыған орай Бассүйектілер деп аталады), көпшілігінде қорегін ұстайтын және оны майдалайтын жақтары дамыған. Жұп аяқтары мен олардың белдеулері қалыптасқан. Орталық жүйке жүйесі, сезім мүшелері күрделі.
Тіршілік деңгейінің өсуі, көбеюінің жетілуі және ұрпағына қамқорлық жасауына байланысты омыртқалылар Жер шарының барлық түкпірлерінде – теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда және құрлықта – тропикалық аймақтан Арктика мен Антарктидаға дейін кең тараған. Қазіргі кезде Омыртқалылар типтармағына 42 мыңға жуық түр бірігеді. Типтармағы 2 бөлімге бөлінеді: 1 бөлім Жақсыздар – Agnatha және 2 бөлім Жақтылар - Gnathostomata.