Шөл дегеніміз не Атакама шөліне-географиялық сипаттама
Шөл – ауа температурасы құбылмалы, жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Географиялық орнына қарай: тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктік Шөл немесе мұз Шөлі) шөлдері болып бөлінеді; тауларда шөл (суық биіктаулық шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды.
Негізінен Шөлдерде бұлтсыз ашық күндер саны 197 – 295 шамасында. Жазы ыстық. Қоңыржай белдеулік шөлде шілденің орташа темп-расы 22 – 32С; ең жоғары температурасы 50С; тропиктік және субтропиктік белдеудегі шөлдерде 30 – 38С. Солттүстік Америкадағы Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 С-қа дейін көтеріледі. Шөлдегі топырақ беті кейде 90 С-қа дейін қызады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 175 – 200 мм; Такла-Макан шөліндегі орташа мөлшері 9 мм шамасында. Судың булануы, жерге сіңу шығыны көп болғандықтан, шөл арқылы ағатын кейбір өзендер сағасына жетпей тартылып қалады. Топырақ қабатындағы ылғалдың тапшы болуына байланысты шөлдің өсімдік жамылғысы негізінен кедей, онда тек қуаңшылыққа бейімделген өсімдіктер өседі. Шөптесін өсімдіктен эфемерлер және эфемероидтар көп тараған. Субтропиктік және тропиктік, құрлықтың ішкі бөліктеріндегі шөлдерде, әсіресе Африка, Арабия шөлдерінде суккуленттер, ксерофиттік бұталар және көпжылдық шөптер өседі. Солтүстік Америка және Австрия субтропиктік Шөлдеріндегі өсімдік жамылғысы басқа шөлдерге қарағанда түрлерге бай келеді. Шөл жануарлары өзін қоршаған географиялық ортаның қатал жағдайына бейімделген. Қосаяқ, кесіртке, жылан, құм сарышұнақтары, құм тасбақалары, қарақұйрық, ақбөкен және т.б. мекендейді. Дүние жүзіндегі ең ірі шөл – Сахара. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі шөлді аймақтар: Мырзашөл, Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. Шөлдің ландшафтысы Жер шарының 19%-ында, Қазақстан жерінің 44%-ында қалыптасқан; Шөл белдемі.
Атакама шөлі (ис. Desierto de Atacama) — Оңтүстік Америкадағы Орталық Анд жотасының батыс етегінде жатқан шөл. Тынық мұхит жағалауында (ұзындығы 1000 км-ге жуық) созыла орналасқан. Чили Республикасы аумағының солтүстігіндегі тропиктік белдеуге сәйкес келеді. Құрамына Жағалық Кордильер, ұзына бойы созылған аңғар және Батыс Кордильер жотасының батыс беткейі кіреді. Кайнозой эрасындағы тектоник. қозғалыстар мен жанартау әрекеті нәтижесінде қалыптасқан шөл. Климаты тропиктік пассаттық, Перу суық ағысы әсерінен салқын болып келеді. Жағалауының орташа температурасы ең ыстық айда 19-20°С, ең салқын айда 13-14°С, ал ұзын аңғарларында ыстық айда 230, салқын айда 120С. Жауын-шашын өте сирек түседі (жылдық мөлшері 50 мм), кейбір жылдары мүлдем жаумайды. Жағалық Кордильердің шығыс бөлігінде өте ірі натрий және калий селитрасы, йод, ас тұзының кен орындары, ал Анд тауларының батыс беткейінде ірі мыс кен орны (Чукикамата) ашылған. Шөлдің беткі бөлігінің көпшілігін жылжымалы құмдар мен сортаң жерлер алып жатыр. Бұталар мен кактустер тек ылғал молырақ жерлерде өседі. Перу суық ағысының әсерінен жағалаудағы сулар планктонға және ихтиофаунаға бай келеді. Соның нәтижесінде жағалық жартастар мен аралдар құс базарына айналған. Ондағы құстар саңғырығының қалыңд. 30 м-ге жетеді. Ол азотты тыңайтқыш болып табылатын гуано түзеді. Гуано Чилидің ең басты экспорт өнімі. Үндістер тілінде “А.”- шөлді аймақ деген ұғымды білдіреді.