Тақырып. Сызықты бағдарлау, магниттік және шын азиуттар мен дирекциондық бұрыштар байланысы
Дәрістер жоспары
1. Азимуттар, дирекциондық бұрыштар және румбылар
2. Шын және магниттік азимут байланыстары
3. Тура және кері азимуттар, дирекциондық бұрыштармен полигонның ішкі және сыртқы бұрыштарымен байланысы.
Жердегi сызықты бағдарлау дегенiмiз, оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу.
Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретiнде шын азимуттар, магниттiк азимуттар және диpeкциондық бұрыштар қызмет етедi. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тiлiнiң бағыты бойымен О°-тан 360°-қа дейiн өлшенедi. Шын азимут деп (9-сурет), сағат тiлiнiң бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстiк бағытынан осы белгiлi бiр алынған бағытқа дейiнгi есептелетiн горизонталь бұрышты атайды
Магниттiк азимуттар компаспен немесе буссоль мен өлшенедi. Магниттiк азимуттан шын азимутқа көшу үшiн магнит тiлiнiң бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) бiлу қажет.
2- сурет. Магниттік азимут, дирекциондық бұрышты анықтау
Магииттiк азимутты А м анықтап және магниттiк бұрылуды δ, яғни шын және магниттiк меридиандар арасындағы бұрышты бiле отырып шын азимутты (А) табуға болады: δш, δб - магнит тiлiнiң сәйкесiнше шығыс және батыс бұрылулары. Жер бетiнiң әрбiр нүктесiнде магниттiк бұрылудың шамасы әр түрлi және 500 жылға жуық кезең iшiнде магнит тiлi өзiнiң орнынан шамамен 22,50-қа eкi жаққа ауытқиды. Демек, сызықты магниттiк меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетiнің шағын учаскелерiнiң пландарын жасаған кезде ғана қолданылады.
Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесiнде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондық бұрыш жиi қолданылады. Дuрекцuондық бұрыш (α) дегенiмiз остік меридианның солтүстiк бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тiлiнiң бағыты бойымен осы бағытқа дейiн есептелетiн горизонталь бұрыш екендiгi шығады.
Әрбiр сызықтың түрлі нүктелерiндегi дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда тұрақты болып табылады. АВ бағытының а дирекциондық бұрышы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кepi бұрыш деп аталады.
Нақты бiр нүктедегi кез келген сызықтың шын азимуты мен дирекциондық бұрышының арасындағы, айырмашылық осынау нүктедегi шын меридианның зонанын. oстік меридианымен жақындасуына тең.
α = А—γ,
α = Ам + δ – γ;
Горизонтарльды бұрыштар мен дирекциондық бұрыштар байланысы (8, в-сурет):
αп= αп-1±180°-βпр;
αп= αп-1 ±180°+βлев,
Геодезиялық өлшеулердi өндеу кезiнде сызықтардың бағытын сүйiр бұрыш арқылы анықтауға тура келедi. Бұл жағдайда румбалар қолданылады. Oсьтік меридианның жақын бағытынан eкi жаққа қарай бiр нақты сызыққа дейiн есептелетiн сүйiр бұрыш румба деп аталады. Румбалар О°-тан 90°-қа дейiн өзгередi және әрбiр ширектегi шамасы бiрдей болуы мүмкін. Бағытты бiр мәнде анықтау үшiн румбаның сандық мәнінің алдында ширектiң аты көрсетiледi.
І ширек (СШ) r=α;
ІІ ширек (ОШ) r2=180°-α2;
ІІІ ширек (ОБ) r3= α3-180°;
IV ширек (СБ) r4= 360°- α4;
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 20-21
2. [1] бет 21-22
3. [1] бет 22-23
4. [1] бет 23-24
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]
1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.
2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.
4-тақырып. План, карта, жер беті бедерінің бейнеленуі, карталар мен пландаар номенклатурасы. Масштабтар, олардың түрлері мен дәлдігіДәрістер жоспары
1План және карта, масштабтар туралы түсінік
2.Топографиялық карталар мен пландар номенклатурасы
3. жер бедері карталар мен пландарда жер бедерін бейнелеу, топографиялық пландар мен карталардың шартты белгілері
4. План немесе карта бойынша инженерлік есептерді шығару.
Пландағы, яғни картадары кесiндi ұзындығының жердегi тиiстi кесiндiнiң горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб әрбiр план мен карта бетiнiң рамкасының оңтүстiк қабырғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетiледi.
Картография уақыт пен кеңicтiктегi процестер мен құбылыстардың өзара байланысы және өзгеруi туралы географиялық карталарды жасаумен әдiстердi пайдалану туралы ғылым. Карта дегенiмiз жер бетiнiң едәуiр территориясының жердiң қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салғанан жазықтықтағы кiшiрейген кескіні. Карта арқылы шешiлетiн мiндеттердiң сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлi карталардың қажеттiлiгiн тудырады.
Олар ipi масштабты - 1 : 500, 1: 1000, 1: 2000, 1: 5000,1 : 10000, 1: 25000, 1: 50000,
орта масштабты -1:100000, 1:200000,
ұсақ масштабты - 1 : 500000, 1 : 1000000 болып бөлiнедi.
1 : 500, 1 : 1000, 1 : 2000 және 1 : 5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады.
Топографиялық карталар үлкен территорияларра жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлiнуiн жол-жол сызық, ал беттiң белгiciн картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбiр бетi трапеция болып саналады, оған номенклатура берiледi. Карта бетiнiң номенклатурасы рамканың солтүстiк қабыррасының үстiнде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ipi болып саналатын елдi мекендердің аты жазылады.
1-кесте. Масштаб
Масштаб | Беттің өлшемі | Номенклатура үлгілері | |
Ендікке | Бойлықта | ||
1:1000000 1:500000 1:200000 1:100000 1:50000 1:25000 1:10000 1:5000 1:2000 | 4° 2° 40' 20' 10' 5' 2'30'' 1'15'' 25'' | 6° 3° 1° 30' 15' 7'30'' 3'45'' 1'52'',5 37'',5 | М-41 M-41-A M-41-XXX M-41-60 M-41-60-Б M-41-60-Б-г M-41-60-А-а-1 M-41-60(256) M-41-60(256-и) |
Топографиялық карталардың шартты белгiлерi шартты белгiлерден, оларды түрлi-түстi безендiруден, түсiндiрме жазулармен цифрлы белгiлерден туратын бiртутас жүйе болып табылады. Шартты белгiлер және олардың түр-түстерi жердiң әр түрлi объектiлерiн және тектік түрлерiн көрнекті көрсетедi. Түсiндiрме жазбалар және цифрлық белгiлеулер шартты белгiлердi кескiнделетiн объектiлердiң жеке ерекшелiктерi туралы мәлiметтермен толықтырады.
Шартты белгiлер өзiнiң атқаратын мiндетi және қасиеттерi жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсiндiрме шартты белгiлер болып бөлiнедi.
Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгiлеpiн Геодезия және картография бас басқармасы белгiлейдi және оларды түcipy жұмыстарын жүргiзетiн барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиic. Ic жүзiнде қолдануға қолайлы болу үшiн кестелер түрiнде шығарылады.
1:1 000 000 масштабты беттің номенклатурасы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 25-26
2. [1] бет 27-28
3. [1] бет 28-29
4. [1] бет 29-30
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (3,4 -тақырыптар) [1,7]
1. Масштаб. Масштаб дәлдігі
2. Номенклатура, карта және план
3. Карта бойынша инженерлік есептерді шығару
4. Картаның масштабтары.