Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің таралуы мен дамуы жайлы шолу. Олармен күресу шаралары

3.1.1.Саршұнактар (Citellus):

Ерекше қауіпті зиянкес қатарындағы сарышұнақ наурыз айының19-шы күні Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің Қосүйеңкі учаскесінде жол жиектерінде, канал және атыз бастарында зиянкестердің шығуы анықталды.

Тексеру жұмыстары ескі жоңышқа, бидай танаптарында, шабындық жерлерде, мал жайылымдық жерлерден және жол жиектерінде жүргізілді. Ауа температурасы төмендеп, түн мерзімдерінде ауытқуына байланысты зиянкестердің індеріне қайта тығылып қалуыда бақыланды. Жаппай шығуы сәуір айының бірінші он күндігінде басталды.

Саршұнақтар зиянкесіне тексеру жұмыстары көп жылдық шөптер, жайылымдар, егіс алқаптары, тың жерлерде, құм төбелерде, жалпы ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер қорында жүргізілді. Сәуір айының ушінші он күндігінде саршұнақтардың шағылысу науқаны басталды. Сарышұнақтардың жас төлдері мамыр айының екінші он күндігінде індерінен шыға бастады. Сарышұнақтар бойынша мониторингтік тексеру жұмыстары жоспарланған 4,0 мың гектарда жүргізіліп, оның залалданғаны 0,050 мың гектар болды. 1 гектарға індердің орташа тығыздығы 4-5 інге дейінгі аралықта тіркелді. Ересек сарышұнақтар бүгінгі күнге дейін қоректеніп жүр, май жинауда, ішінара ұйқыға кетуі байқалуда. Саршұнақ зиянкестеріне қарсы жүргізілген мониторингтік тексеру жұмыстарының қорытындысы төмендегі кестеде көрсетілген.

Ауыл шаруашылық жерлеріндегі сарышұнақтарды

көктемгі тексеру мәліметінің қорытындысы

(19.03.2015-6.05.2015)

Мың.га

Ауылдық округ аты Тексерілгені Залалданғаны Өңдеуге жататыны
Жоспар Нақты Барлығы Оның ішінде 1 гектардағы ін саны
5 дейін 10 дейін 20 дейін 30 дейін 30 жоғары
Еңбекші 1,5 1,5 0,020 0,020          
Майлытоғай 1,5 1,5 0,020 0,020          
Гигант 1,0 1,0 0,010 0,010          
Барлығы 4,0 4,0 0,050 0,050          

Саршұнақ зиянкестерінің жазғы таралуы, жас күшіктердің қоректенуі мен ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқаптарында орналасуын анықтау мақсатында жазғы мониторинг жұмыстары маусым айының үшінші он күндігінің аяғына бастап жүргізіле бастады. Жоспарланған 5,0 мың гектарда жүргізіліп, залалданған көлемі 0,080 мың гектарды құрады. Зиянкестердің орналасу тығыздығы 1 гектарда 3-4 дана ін шамасында болды.

Ересек еркек саршұнақтар қоректеніп, жаксы қон жинап, салмағы 850-1500 грам шамасында болып, қысқы орынға шілде айының аяғында орналаса бастады. Саршұнақ зиянкестеріне қарсы жүйелік бақылау жұмыстары 9,0 мың гектар жер көлемінде атқарылды.

Ауыл шаруашылық жерлеріндегі сарышұнақтарды жазғы -күзгі залалдану мәліметі қорытындысы

Мың.га

Ауыл округ аты Тексерілгені Залалданғаны
Жоспар Нақты Барлығы Оның ішінде 1 гектардағы ін саны
5 дейін 10 дейін 20 дейін 30 дейін 30 жоғары
Еңбекші 1,5 1,5 0,03 0,03        
Майлытоғай 2,0 2,0 0,03 0,03        
Гигант 1,5 1,5 0,02 0,02        
Аудан бойынша 5,0 5,0 0,08 0,08        

2015 жыл саршұнақтардың салмақ жинауына қолайлы болып, қысқы ұйқыға жақсы қон жинап алды. 2016 жылы саршұнақтардың саны қалыпты болуы болжамдалады.

Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары

Бидай трипсі (Haplothrips tritici Kurd):

Күздік бидай дақылының зиянкесі бидай трипсінің қыстау кезеңіне тексеру жұмыстары сәуір айының 1-ші он күндігінде жүргізілді. Тексеру барысында бидай қалдықтары мен бидай сабандары қаралды. Зиякестердің қыстау кезеңінде екендігі анықталды. Ақмая а/о Ақмая шаруа қожалығының бидайлықтарында 0,050 мың гектар жер көлемінде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Залалданғаны 0,008 мың гектарды құрауда. Қорытындысы бойынша орналасу тығыздығы төмен 0,6-0,8 дана, жоғарғы саны 1 данадан болды.

Бидай трипсінің 1 сабақтағы көктемгі санын

анықтау мәліметінің қорытындысы

Мың га

Ауылдық округ аты тексерілгені Залалданғаны Оның ішінде 1 сабаққа
дейін дейін дейін дейін жоғ
Ақмая 0,05 0,008 0,008        
               
Барлығы 0,05 0,008 0,008        

Бидай трипсінің ересек зиянкестеріне қарсы мониторинг жұмыстары Гигант, Керделі, Төнкеріс ауылдық округтерінің бидай алқаптарында жүргіздік. Трипс ересек зиянкестері канал жағаларынан, арамшөптерден, шабындықтардан бидай алқаптарына мамыр айының басында орналаса бастады. Мамыр айының екінші он күндігінің соңы мен үшінші он күндігінде трипс зиянкестері жұмыртқа сала бастағандығы тіркелді. Орналасу тығыздығы мен зақым келтіруі төмен дәрежеде. 1 сабақтағы зиянкестердің орташа саны 0,5-1,0 данадан. Тексерілген көлем 0,350 мың гектар болса, залалданған көлем 0,020 мың гектарды құрады.

Бидай трипс қоңызына қарсы тексеру мәліметінің қортындысы

Ауылдық округ аты тексерілгені Залалданғаны Оның ішінде 1 сабақтағы саны
Төмен Орташа Жоғары
Гигант 0,1 0,01 0,01    
Керделі 0,1 0,01 0,01    
Төнкеріс 0,15        
Барлығы 0,35 0,02 0,02    

Мониторинг жұмыстары Керделі, Еңбекші, Гигант, Төнкеріс ауылдық округтерінің күздік бидай алқаптарында атқарылды.

Бидайдың буаздану кезеңінен толық қамырлануына дейін зақым келтіретін трипс құрттарының тығыздығы 1 масақта орташа 0,3-0,5 дана болып, жоғарғы саны 0,8-1 данадан келсе, зақым келтіруі төмен, пайызы 2,5-3,0 % аралығында болды.

Күздік бидай дәнді дақылы қамырланып, толық пісуге жақындағанда, яғни орымнан бұрын бидай трипстері бидай масағынан түсіп, өсімдік қалдықтарында, бидай сабандарында тіршілігін жалғастыра бастады.

Жалпы бидай трипсінің зақым келтіруін анықтау мақсатында 0,4 мың гектар жер көлемінде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, оның 0,040 мың гектарында зиянкестердің зақым келтіруі анықталды.

Бидай септориозы.(Septoria nadorum Berk. S. Tritici (Rob.Et. pesm))

Аудан көлемінде септариз ауруы жауын шашынды, ылғылды жылдары көрінеді. бірнеше жылғы бақылаулар нәтижесінде бұл ауру негізінен күздік бидайдың жапырақтарында ғана кездесіп отырады. Оның үстіне зақымдалу әдетте 3-ші жапырақтан жоғары аспайды. Құрғақшылықтың әсерінен аурудың дамуы әдетте жоғары болмайды. Көктемде едәуір уақыт белгі беріп, бидай буын ату кезеңіне өткенше ауру белгілері сақталғанмен, одан әрі жазғы ыстықтар басталғанда ауру барынша әлсірейді. Ауруды тарататын споралар (пикнидиялар) әдетте бидайдың өсіп жетілу кезінде пайда болмайды (біздегі құрғақ және ыстық ауа райыының әсерінен), олар әдетте өсімдік қалдықтарында күзде, көктемде пайда болады. Шиелі ауданы бойынша күздік бидай септориоз ауруына қарсы 0,050 мың.га тексеріліп, ауру белгілері байқалмады. Мамыр айының бірінші-екінші-үшінші он күндігінде жауын шашынсыз, желді, ыстық болуы ауру қоздырғыштарының дамуымен таралуына қолайсыз жағдай тудырды. Өңіріміздегі ауа райының ыстық, құрғақ желді болуы септариоз ауру қоздырғыштарының таралуымен дамуына қолайсыз жеп болжануда.

Күздік бидай

Шиелі ауданы бойынша маусым айының екінші он күндігінде күздік бидай сабақтану дәуірі биіктігі 15-20 см. Керделі а/о қарасты «Халық» ШҚ «Бам» «Шәулімше» бөлімшесіне қарасты жерлердегі күздік бидайдың тамыр шірігіне 0,050 мың.га мониторингтік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу-тексеру барысында 0,009 мың.га орташа және төменгі дәрежеде зақымдалғаны анықталды. мониторингтік тексеру жүргізілді. Ауру өсімдіктің қосымша және жанама тамырларында байқалды. Ауру қоздырғыштарының дамуы мен таралуына суару үрдісінің бұзылуынан деп болжануда. Алдағы уақытта ауа райының ыстық желді күндердің көп болуы, және күздік бидайдың тамырларының жетіле дамуы ауру қоздырғыштарының дамуы мен таралуына қолайсыз болады деп болжануда. Аудан бойынша барлығы 0,050 мың.га тексеріліп, 0,009мың.га орташа және төменгі дәрежеде залалданғаны анықталды. Таралуы 2,3 %, дамуы 1,3 %

Наши рекомендации