Ыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес.

Жоғары парафинді мұнайларды өндіру кезінде жер үсті және жер асты қондырғыларының бойында парафин шөгінділерінің қатуы үлкен қиындықтар тудырады.

Парафин шөгінділерінің пайда болуының алдын алу мақсатында 5 игеру горизонттарының көптеген ұңғыларының мұнайына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мұнайдың газсыздануы парафиннің шөгуін тудыратын негізгі процесс.

Мұнай қабат бойымен ұңғы түбіне жылжу барысында қысымның түсуі әсерінен өз бойындағы газынан айрыла бастайды. Бұл мұнайдың тұтқырлығы мен тығыздығын жоғарылатып оның жылжу процесін баяулатады. Сонымен бірге мұнай ұңғы түбінен сағаға қарай қозғалуы кезінде өзінің температурасынанда айрылады.

Мұнай температурасының мұнайдың парафинмен қанығу температурасына дейін азаюы, парафин кристалдарының пайда болуына жағдай туғызады. І, ІІ және ІІІ объектілердегі мұнайдың парафинмен қанығу температурасы, сәйкесінше 47.7, 48.3 және 51.1-ге тең.

Парафин шөгінділерін жою және алдын алу мақсатында Құмкөл кен орнында келесідей әдістерді қолданады:

Ø Жылулық әдіс – ыстық мұнаймен өңдеу;

Ø Механикалық әдіс – арнайы парафин тазартушы қырғыштар қолдану.

2007 жылы кен орында парафин шөгінділерін жою мақсатында 907 рет профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Профилактикалық жұмыстарды жүргізу өндіру ұңғылары қорының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еттеді.

Қазіргі кезде парафин шөгінділерімен күресудің тиімді және әмбебап әдістері енгізілуде. Сол әдістердің бірі мұнай қозғалатын құбырлар бойына ингибиторларды енгізу болып табылады.

«АҚ Торғай Петролеум» аумағында мұнай өндіруші ұңғылардың (№2179д, 2171, 3081, 3093, 3096, 3104) жер асты қондырғыларында қатты нашар еритін тұздардың шөгуі байқалған. 3081 ұңғыдан алынған тұз шөгіндісі сынамасының химиялық анализі, оның құрамының күрделі екендігін көрсетті. Ол төмендегі кестеде келтірілген.(2.5-кесте)

2.5-кесте-Тұз шөгіндісінің химиялық анализі

Сынама алынған орын Тұздың құрамы, %
ВаSO4 SiO2 құм CaSO4 CaCO3 MgCO3 Fe жалпы Мұнай
3081 ұңғы 23.3 2.2 - 68.0 3.5 - 3.0

Тұз шөгінділерінің пайда болу себебін анықтау мақсатымен кен орынның 9 өндіруші ұңғыларынан (№ 1р, 1042, 1068, 1084, 3033, 2141, 2148, 3061, 3066) зерттеуге қабат суының сынамалары алынды.

Химиялық анализ көрсеткендей мұнай қабатының суы хлоркальцийлі; құрамында барий 190 мг/л, стронций 760 мг/л және биокарбонат иондары 430 мг/л аралығында.

Альбсеноман қабатының суы сульфат-натрийлі типке жатады; құрамында сульфат иондары 500 мг/л, ал гидрокарбонат иондары 140 мг/л тең. Бейорганикалық тұздардың пайда болуы келесідей себептерге байланысты:

Тұнба тұзуші, құрамы бойынша әртүрлі су иондарының араласуы;

Термобарлық жағдайдың өзгеруі;

Жалпы минерализацияның өзгеруі.

Құрамы бойынша әртүрлі сулардың араласуы кезінде тұздар пайда болатын келесідей типтік химиялық реакция жүреді:

ВаСI2 + Na2SO4 = BaSO4↓ + 2NaСI

CaСI2 + 2NaHCO3 = CaCO3↓ + 2NaСI + CO2 + H2O

MgСI2 + 2NaHCO3 = MgCO3↓ + 2NaСI + CO2 + H2O

SrCI2 + Na2SO4 = SrSO4 + 2NaСI

Әлемдік тәжірибеде мұнай өндіру кезінде тұз шөгу процесімен күресу мақсатында, өндірілген сұйықтың құрамына ингибиторлар қосу көп тараған. Ингибиторлар тұздың пайда болуын баяулатып, шөгу процесін толықтай тоқтатады.

Құмкөл кен орнында мұнай өндіру кезінде қиындататын факторлардың қатарына сұйықпен бірге құмның шығу процесі жатады.

Қабаттың тау жынысы бұзылуға дайын тұратын ұңғыларда жоғары өнімділікке жету өте қиын. Құмның сұйықпен бірге шығуына әртүрлі себептер әсер етеді.

Құмның шығуы мұнай өндіру кезінде пайдалану және СКҚ колоннасы бойында құм тығындарын тудырады. Оларды жою және алдын алу үшін келесідей әдістер қолданылады:

Ұңғыны тік және кері жуу;

Гидробурмен жуу;

Ұңғы түбіне арнайы сүзгілер қою;

Ұңғы шығымын азайту.

Құм шығуын тоқтату үшін ең қарапайымда, арзан әдіс ұңғы түбіне сүзгілер орнату. Кен орында гравийлі сүзгілер көп қолданыс тапқан. Ал құм тығындарын жою үшін, ұңғыларды концентрациясы 24 % болатын тұз қышқылдарымен өңдейді.

Наши рекомендации