Көкеніс дақылдарының негізгі зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.

Қырыққабат зиянкестері.Қырыққабаттың ақ көбелегі - Pieris brassicae L. (Lepidoptera отряды, Pieridae тұқымдасы). Қырыққабатты, шомырды, шалғамды, тарнаны, рапс пен басқа крестгүлді дақылдарды зақымдайды. Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғарғы бұрыштары қара, артқы қанаттарында – ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Аталықтарға қарағанда аналықтарында алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады. Жоғарғы жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы 40-45мм жетеді, құрттың үсті сұрғылт-жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған; денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтар мен нүктелерден тұратын сурет бар; екі жағы мен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.Қырыққабаттың ақ көбелегі қуыршақ сатысында талдарда, шарбақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде қыстайды. Ол субстратқа жібек белдікшесімен бекітіледі. Сәуірдің аяғында – мамырдың басында көбелектердің ұшуы байқалады. Ұрғашылары лимон-сары түсті бөтелке тәрізді жұмыртқаларын қырыққабат жапырақтарының төменгі жағына 15-200 данадан салады. 8-12 күннен соң жұлдызқұрттар пайда болады. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар жапырақтардың жоғарғы қабығына тиіспей, төменгі жұмсағын жейді, ересек жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарды жуан тарамыстарын ғана қалдырып тегіс жеп қояды. Құрттар 15-30 күн бойы қоректеніп, одан кейін қуыршақтанады. Қолайлы жағдайларда 10-20 күннен кейін жаңа ұрпақ көбелектері пайда болады. Жаз бойы қырыққабат ақ көбелегінің 2-4 ұрпағы дамиды.Күресу шаралары. Арамшөптермен күрес жүргізу қажет, кішігірім учаскелерде жұлдызқұрттарды қолмен жинау керек. Жұмыртқа салу кезінде үш рет трихограммалар жібереді (1 га жерге 45 мың дарақтан). Жапырақ дегелек кезеңінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі. 5% астам өсімдіктерде жұмыртқа табылған жағдайда немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дегенде 5-10% егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдызқұрттан келсе, не болмаса жапырақ үсті 25% зақымданғанда инсектицидтерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қырыққабат ақ көбелегінің әрбір ұрпағының кіші жастағы жұлдызқұрттарына қарсы инсектицидтермен өңдеуді ЭЗШ саны асқанда «Тізім...» регламенті бойынша жүргізеді.

Қырыққабат қоңыр көбелегі – Barathra brassicae L. (Lepidoptera отряды, Noctuidae тұқымдасы). Жұлдызқұрттар көп қоректі, олар қызылшаны, асбұршақты, салатты, пиязды, темекіні зақымдай алады, бірақ көбінесе қырыққабатты артық көреді.Көбелек қанатын жайғанда 40-50 мм, көбелектің алдыңғы қанаттары қара-қоңыр, ішкі жағына қарай екі толқынды көлденең жолақтары бар; қанатының ортасында екі қара жиектелген дақтар орын алған, олардың сыртқы жағындағысы ақшыл бүршік тәрізді, ал ішкісі – қара дөңгеленген болып келеді. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 35-45 мм, екі жағында сұрғылт-жасыл, сарғыш-қоңыр, кейде қара түсті жуан кіршең-сары жолақтары және арқасында үш ақшыл көлденең жолақтары болады.Қуыршақ топырақта 5-10 см тереңдікте қыстайды. Көбелектердің ұшып шығуы сәуір-мамыр айларынан бастап тамыздың соңына дейін байқалады; көбелектер ымырт түскенде, әсіресе кешкі 10-нан түнгі 12-ге дейінгі кезеңде белсенді түрде ұшады. Аталықтары жапырақтың төменгі жағына бір ұяда 10-40 данаға дейін сұр жартылай шар тәрізді жұмыртқа салады. Құрттар 5-12 күннен кейін пайда болады. Жұлдызқұрттар бастапқыда бірге өмір сүріп, үшінші жастан бастап жапырақтың астыңғы жағындағы жұмсақпен қоректенеді, олар өсімдікке өрмелеп шығып, жапырақтарға қисық формадағы тесіктер жасайды. Ересек жұлдызқұрттар қырыққабат қауданында өз нәжістерін қалдыратын терең жолдар тесіп шығады. Жұлдызқұрттар 25-50 күнде дамиды да, топыраққа еніп, сонда қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 12-30 күнге созылады және шілденің аяғында – тамыздың басында екінші ұрпақ көбелектерін кездестіруге болады. 1-2 ұрпақ дамиды.Күресу шаралары. Қыстап жатқан қуыршақтарды жою үшін терең сүдігер жырту қажет. ЭЗШ саны 1-3 жұлдызқұрт/өсімдікте 5% егіс танабында табылса немесе 5-8 жұлдызқұрт/м2. Мөлшерден көп болған жағдайда зиянкеске қарсы жою шаралары қажет. Өңдеуді «Тізімге...» сәйкес препараттармен жүзеге асырады.

Қырыққабат күйесі - Plutella maculipennis Curt. (Lepidoptera отряды, Plutellidae тұқымдасы).Жұлдызқұрттар крестгүлді дақылдарды: қауданды және гүлді қырыққабатты, мал азықтық шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 14-17 мм жетеді. Алдыңғы кіші сұрғылт-қоңыр немесе қара-қоңыр қанаттарының ішкі жағында ақ толқынды жолағы бар; артқы қанаттары сұр ұзын шашақты. Ересек жұлдызқұрттар жасыл түсті, ұзындығы 9-12 мм, олардың денесі аяқ жағына қарай кішірейіп келген және сирек ұзынша қылшықтар басқан.Зиянкес қуыршақ кезінде ақ ұзынша жұмсақ пілләда түрлі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарында қыстайды. Көбелектер сәуірдің аяғында – мамырдың басында ұшып шығады. Көбелектер сопақша ақшыл-сары жұмыртқаларын жапырақтың төменгі бетіндегі тарамыстарды бойлай бір-бірден немесе 4 данадан салады. 3-7 күннен кейін жұлдызқұрттар пайда болады, олар әуелі жапырақ жұмсағымен қоректенеді, 2-3 күннен кейін жапырақ бетіне шығып, «кішкене терезе» қылып жеп қояды. Жоғарғы жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарда тесіктер жасайды. Қатты зақымданған өсімдіктерде қаудандар дамымай қалады. Жұлдызқұрттар 12-15 күнде дамып, қуыршақтанады. 1-2 аптадан соң жаңа ұрпақ көбелектері ұшып шығады. Жаз бойы қаракүйе үштен сегіз ұрпаққа дейін бере алады.Күресу шаралары. Қыстау сатысын жою үшін топырақты күзде терең қопсыту. Арамшөптермен күресу, шірне беретін өсімдіктермен көкөніс дақылдарын жақын отырғызу. Жапырақ дегелек немесе қауданның түйінделуі кезінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі және кем дегенде 10% егіс танабында әр өсімдікте 2-5 жұлдызқұрт табылса «Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен бүрку жүргізеді.

Көктемгі қырыққабат шыбыны - Delia brassicae Bouche. (Diptera отряды, Athomyiidae – гүлшілер тұқымдасы). Қырыққабат, тарна, шомыр, шалғам мен басқа екпелер мен тұқымдықтарды зақымдайды. Көктемгі қырыққабат шыбынының ұзындығы 6-6,5 мм. Денесі сұр түсті, арқасында үш жіңішке жолағы бар, құрсағының жоғарғы жағында қара жолақ өтеді. Қанаттары түссіз, қара тарамысты. Құрты ақ түсті, ұзындығы 6-8 мм. Артқы жағында 14 төмпешіктері бар, олардың төменгі төртеуі өте ірі және барлық денесінде екі-екіден орналасқан.Қуыршақ кезінде топырақта 10-20 см тереңдікте жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы қайың мен беде қышаның гүлдеу кезеңімен сәйкес келеді және бұл сәуір айында болатын құбылыс. 7-10 күннен кейін аналықтары ақ ұзынша жұмыртқаларын топыраққа, әсіресе топырақ пен өсімдік сабағының арасындағы тесікке, кейде топырақ бетіне, сирек жағдайда крестгүлді дақылдардың төменгі жапырақтарының ішіне салады.Жұмыртқадан шыққан құрттар көшеттердің тамырларын, сабақтарының негізі мен тамыржемістерін жеп қояды, бұдан кейін бұралаң жолдар жасайды. Құрттар 20-30 күн қоректенеді, бұдан кейін қуыршақтанады да, 15-20 күннен соң жаңа ұрпақтың ересек шыбындары пайда болады. Құрттар шырышты бактериозға ұшырайды, осының салдарынан кейде қырыққабат тұқымдықтары түгелдей жерге түсіп қалады. Қырыққабат шыбынының крестгүлді дақылдарда қоректенуі нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулайды, жапырақтары солып, көкшіл-қызғылт түске боялады, қатты зақымданған өсімдіктер өліп қалады. Екінші ұрпақ шыбынының ұшып шығуын мамырдың үшінші онкүндігінде – маусымның басында байқауға болады. Екінші ұрпақ құрттары шілде мен тамыз айларында зиян келтіреді, одан кейін топырақта қуыршақтанып, сонда қыстап шығады. 2-3 ұрпақ береді.Күресу шаралары. Қырыққабат шыбынының жұмыртқаларын жою үшін жерді өсімдіктің тамыр мойнынан 15 см алысырақ қазып тастайды да, оның орнына қатар аралықтарындағы жаңа топырақтан салады. Түптеу қосымша тамырлардың пайда болуына және өсімдіктің төзімділігінің артуына негіз болады. Төзімді және сау көшеттерді отырғызу. Қырыққабат пен басқа айқышгүлді дақылдарды жинап алғаннан кейін учаскеден қабықшаларды алып тастау және топырақты қайта қазу. Көшеттерді отырғызып болған соң 4-5 күні сабақтың тамырлы бөлігі мен өсімдік айналасындағы топырақты тексереді. 10% өсімдікте 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұмыртқа немесе 5-6 құрт табылса, «Тізімге...» сәйкес препараттарды іріктеп алып, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізеді.

Қырыққабат бітесі – Brevicoryne brassicae L. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қырыққабат бітесі қырыққабатты, тарнаны, рапс пен басқа да айқышгүлді өсімдіктерді зақымдайды. Сұрғылт-ақ балауызды өңезбен қапталған жәндіктің ұзындығы 1,5-2,0 мм құрайды. Жәндіктер колониялармен өмір сүреді. Жұмыртқалар өсімдік қалдықтарында (мысалы, қабықшада) немесе айқышгүлді арамшөптерде қыстайды. Көктемде 10-12°С температурада жұмыртқалардан құрттар шығады, олар 4 жастан өтіп, ұрықтанбай-ақ 40 дерңәсіл дейін туа алатын қанатсыз негіз салушы ұрғашыға айналады. Жаздың ортасында, қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болғанда, біте азық-түліктік айқышгүлді дақылдарға ауысады. Қырыққабат жапырақтарының зақымданған жерлері ауырып, қауашақтанады. Өсімдіктерді биттер шамадан тыс басып кеткенде, нашар қаудан түзіледі немесе ол мүлдем қалыптаспай қояды. Тұқымдықтардағы зақымданған жапырақтар ширатылып, кеуіп, түсіп қалады, түйіндер дамымай қалады. Сонымен қатар, біте өзінің кілегей нәжістерімен қаудандардың бетін ластайды. Бір жыл ішінде біте 15 ұрпаққа дейін береді (бір ұрпақ жағдайға байланысты 4-12 күнде дамиды). 3 немесе 4 ұрпақта басқа айқышгүлді өсімдіктерге ұшып кететін қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болады. Осы жерде олар бірнеше ұрпақ беріп, едәуір жиынтық-колониялар құрады. Қыркүйек айында жынысты аналықтар пайда болады. Олардан аталық бітелерге айналып, ұрықтанған аналықтары дернәсілдер туады. Ұрықтанған аналықтары арамшөптерге, қабықшаларға және қырыққабаттың ширатылмай қалған жапырақтарына бар болғаны 2 немесе 4 жұмыртқа салады.Күресу шаралары. Айқышгүлді арамшөптерді, қабықшалар мен басқа жинаудан қалған қалдықтарды жою. Топырақты терең сүдігер өңдеу. Энтомофагтарды тарту үшін крестгүлді дақылдардың тұқымдықтарының айналасына шатыр тәрізді дақылдарды (сәбіз, аскөк және т.б.) отырғызу қажет. Егістерді тексеруді қаудандар түйінделе бастаған кезеңде, әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама қарастырып, жүргізеді. Экономикалық зияндылық шегі - 5-10% өсімдікте уақ бітелер колониясы табылуы. Бітелерге қарсы екпелер мен егістерді өңдеуді зиянкестер саны ЭЗШ жоғары болғанда «Тізімге...» сәйкес жүргізеді.

99.Жеміс ағаштарының негізгі зиянкестері және оларға күресу шаралары.

.Алма күйесі – Yponomeuta malinellus Zell. (Lepidoptera отряды, Yponomeutidae тұқымдасы)Ұсақ көбелектер ақ түсті, қанатын жазғанда 18-20 мм дейін жетеді, алдыңғы қанаттарында үш қатар қара дақтар бар, артқы қанаттары сұр, ұзын шашағы бар. Жұлдызқұрты ақшыл-сары, арқасын бойлай екі қатар қара дақтары бар. Басы мен аяқтары қара. Жоғарғы жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы шамамен 18 мм.Бірші жастағы жұлдызқұрттар алма ағашының екі-үш жылдық бұтақшаларының қабығында қалқанша астында қыстайды. Көктемде бүршік ашылған кезде олар қалқанша астынан шығып, жас жапырақтарға еніп, шағын тесіктер түзеді. Алма гүлдеген кезде жұлдызқұрттар тесіктерден шығып, өрмек ұяларын түзеді және жапырақ жұмсағымен қоректенеді, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Жұлдызқұрттың дамуы 40-45 күнге дейін созылады. Қоректеніп болған жұлдызқұрттар ұяларында өздеріне піллә жасайды және үлкен топтармен қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 2-3 аптаға дейін созылады. Пайда бола бастаған көбелектер түнде ұшады және 1-2 аптадан кейін бір қабықта тобымен 20-80 дана жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын көбелек кілегей сұйықтықпен қаптайды, олар кейін құрғап, қатып қалады. 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар шығып, қыстап қалады. Алма күйесі бір ұрпақта дамиды.Күресу шаралары. Шағын учаскелерде жұлдызқұрттарды өрмек ұяларымен қоса жинап, жою. Өлі қабықтарын тазартып, өртеу. Күзде немесе көктемде түскен жапырақтарды жинап алып, қордалайды; ерте көктемде ағаштардың бөрікбастарын төрт жағынан қарап, 0,5 м бұтақтарын зерттейді және қабығындағы алма күйесінің барлық қалқаншаларын санайды. ЭЗШ саны 2 м ағашта 2 қалқаншаны құрайды. Өңдеуді «Тізімге...»... сәйкес препараттармен жүргізу ұсынылады.

Алма жеміс жемірі – Laspeyresia pomonella L. (Lepidoptera отряды, Tortricidae тұқымдасы). Алманы, алмұртты, өрікті, алқорыны, шабдалыны және басқа тектес өсімдіктерді зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 18-22 мм жетеді, алдыңғы қанаттары көптеген көлденең жолақтары бар қара-сұр түсті, қанатының басында қола түстес жылтырмен шағылысатын ірі қоңыр дақ («айна») бар; артқы қанаттары қоңырқай сұр, ашық түсті шашақпен жиектелген. Жұлдызқұрттың ұзындығы 18-22 мм, ашық-қоңыр, басты қызғылт түсті болып келеді. Соңғы жастағы жұлдызқұрттар өспей қалған қабық астындағы өрмек пілләларында, қабық жарықшаларында, ескі ыдыстағы топырақтың жоғары қабатында қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады, ал алма гүлдеп болғанда, көбелектер ұшып шығады. Аналықтары дөңгелек жұмыртқаларын бастапқыда жапырақтарға, кейін жемістерге салады. 10-12 күннен кейін одан жұлдызқұрттар шығады. Олар жеміс жұмсағына еніп, тұқым қалтасына дейінгі жолды кеміріп, тұқымдарды жеп қояды. Бір жұлдызқұрт 2-4 жеміске дейін зақымдай алады. Зақымданған жемістер түсіп қалады, нашар сақталады. Дамыған жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Жазғы кезеңде зиянкес 1-3 ұрпаққа дейін береді.Күресу шаралары. Ағаш түптерінің шеңберлерін қазу. Ағаш діңдерін тазарту. Тосқауыл белдіктер орнату. Жарық және еліктіргіш торлар ілу. Үзіліп түскен жемістерді жинау. Пайдалы энтомофагтарды қорғау. Егер аптасына торға қыстап шыққан ұрпақтан аталықтары және жазғы ұрпақтан 3-4 еркек көбелектер түссе немесе 100 ц/га жоспарланған түсімде зақымданған жемістер мөлшері 2% болса, онда мұндай жағдайда түсімділікті белсенді түрде қорғау қажеттілігі туындайды. Өңдеулерді «Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен жүргізу ұсынылады.

Жасыл алма бітесі – Aphis pomi Deg. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Шекілдеуікті жемістер тұқымдастарын зақымдайды.Қанатсыз ұрғашы бітелердің ұзындығы 1,5-2 мм, ақшыл-жасыл, қара-қоңыр басы және шырынды түтікшелері бар. Аталықтары аналықтарынан кішірек болып келеді. Дернәсілдері 0,5-1,5 мм, ашық немесе қара-жасыл түсті, қызыл көздері бар.Жұмыртқалар бүршіктерінің басында немесе бір жылдық өркендерде қыстайды. Дернәсілдері бүршік жарғанда жұмыртқадан шыға бастайды. Олар өсімдік шырынымен қоректенеді және 12-15 күннен соң ұрықтанбай-ақ дернәсілдер пайда болатын қанатсыз негіз салушы аналықтарғае айналады. Бітелердің екінші ұрпағында басқа ағаштардың жас өркендеріне ұшып келетін қанатты көшпелі аналықтары пайда болады. Күзде бітелер тобында аталықтары және аналықтары пайда болады. Жұптасудан кейін аналықтары қыстауға қалатын 5 жұмыртқадан салады. Климаттық жағдайларға қарай жазғы мезгілде біте 10-15 ұрпақ береді. Күресу шаралары. Шыбықтар мен тамыр шыбықтарын кесу. Бүршік жарғанға дейін 0,5 метрлік төрт бұтақта 30 астам жұмыртқа болса, ал вегетация кезеңінде 100 жапырақта 15 бітелер тобы байқалса, «Тізім...» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдеу жүргізу қажет.

Алма бүргешіркейі – Psylla mali Forst. (Homoptera отряды, Psyllidae тұқымдасы). Ересек жәндік сарғыш-жасыл түсті, күзге қарай қоңырқай түске енеді, денесінің ұзындығы 2-3 мм. Дернәсілдері жалпақ, қызғылт-сары, көздері қызыл, аз қозғалады. Жұмыртқалары қабықжарықшаларында, жеміс бүршіктерінің ұшында және өркендердің басында қыстайды. Көктемде шыққан дернәсілдер жарылған бүршіктерге еніп, оларды зақымдайды. Бұдан кейін бүргешіркейлер жапырақ сабағында, гүл шанақтарында қоректенеді, оларды тәтті сұйықтықпен жауып, оларға күйе саңырауқұлақтары орнығады. Нәтижесінде жапырақтары бүрісіп қалады, гүлдері мен гүл шанақтары қурайды, түйіндері үзіледі, жемістерінің формалары өзгереді, дәмдік сапасын жоғалтады, түсім төмендейді. Алма гүлдегеннен кейін екі апта өткен соң пайда болатын ересек дарақтар бақша ішіне тарайды. Күзге қарай бүргешіркейлер алма ағашына қайтып келіп, қызғылт сары жұмыртқалар салады.Күресу шаралары. Ағаштарды ескі қабықтардан тазарту. Түскен жапырақтарды жинап, жою. Топырақты күзде қазу. Зиянкестер көп болған жағдайда «Тізімге...» сәйкес препараттармен химиялық өңдеу жүргізу ұсынылады.

Жемістің қоңыр кенесі – Bryobia redikorzevi Reck. (Arachnoidea класы, Acariformes отряды, Bryobiidae тұқымдасы). Жеміс ағаштарының түрлі тұқымдарын, әсіресе алманы, өрікті, алмұртты, алшаны қатты зақымдайды.Аналықтары қызыл-қоңыр түсті үлкен сопақша формалы, ұзындығы 0,6 мм; аталықтары ұзын- сопақша формалы, ұзындығы 0,3 мм.Өркендердің қабығына салынған жұмыртқалар көбінесе бүршіктердің басында қыстайды. Жұмыртқалар көп болған жағдайда қабығы қызғылт түске айналады. Көктемде бүршік жарғанда, жұмыртқалардан құрттар шығып, жапырақ шырынымен қоректенеді. Кененің қоректенуі нәтижесінде жапырақтары кіршең-сары түске енеді, дамымайды, түсімділік пен ағаштардың аязға төзімділігі төмендейді. Бір жылда 4-5 ұрпақ беріп дамиды.Күресу шаралары. Қатты зақымданған бұтақтарды кесу және жағып жіберу. Ерте көктемде немесе күзде діңдер мен қаңқасы қалған бұтақтарды қурап қалған қабығынан тазартады. Экономикалық зияндылық шегі болып 10 см бұтақтардың 20 кесіндісіне 200 жұмыртқадан келуі саналады. Акарицидтермен өңдеуді «Тізім...» ережесі бойынша жүргізу ұсынылады.

Наши рекомендации