Тақырып. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу әдістері
Дәрістер жоспары
1.Горизонталь бұрышты жеке әдіспен өлшеу
2.Вертикаль дөңгелектің нөлін анықтау
3.Вертикаль бұрышты өлшеу
Жеке бұрыш әдici. Горизонталь бұрыштарды жеке бұрыш әдiciмен өлшеу мынадай жүйелiлiкпен жүргiзiледi:
1) сол жақтағы дөңгелек кезiнде (CD) жетекшi Винттердiң көмeгiмен дәл нысаналағаннан кейiн алидаданы бекiтiп,ақырғы нүктенi (А) нысаналайды даесептеуiн алады (46-сурет);
2) алидаданы босатып, алдыңғы нүктенi (В) нысаналап b есептеуiн алады; Сонда вертикаль дөңгелектiң (1) орны кезiнде (CD) жүрicтiң сол жағындағы орналасқан бұрыштың мaнi алдыңғы және артқы нүктелердiң есептеулерiнiң айырымы болып табылады:
Βсd=b-α, (49)
осы әрекеттер бiрiншi жартылай тәсiлдi құрайды;
3) аспаптың қaтe жiберуiн азайту үшiн лимбаның орнын шамамен 90º-қа өзгертедi де дүрбiнi зенит арқылы ауыстырып, оны оң жақтағы дөңгелек (OD) жағдайына келтiредi;
4) оң жақтағы дөңгелек (OD) кезiнде екiншi жартылай тәсiлдi орындайды, яғни 1-және 2-пункттерде көрсетiлген әрекеттердi қайталайды; содан кейiн бұрыштың βOD мәнін шығарады. Егер алдыңғы нүктедегi есептеу артқы нүктедегiден кем болған жағдайда, онда бұрышты есептегенде оған 360º-ты қосады. Eкi рет жартылай бұрыш өлшеу тәсiлi толық бұрышты құрайды. Бiрiншi және екiншi жартылай бұрыштардың өлшеу нәтижелерiнiң айырмашылығы теодолиттiң есептеу құрлысының eкi есе дәлдiгiнен артып кетпеуi керек, яғни
Егер айырмашылығы арнайы рұқсат етiлген саннан артпаса, онда бұрыштың орташа артық мaнi былайша табылады
Барлық есептеулер өлшеу журналына жазылады (5-кесте)
Жүрiстiң оң жағындағы горизонталь бұрышты өлшеу және есептеу жоғарыдағы жүйелiлiкпен жүргiзiледi, тек мұнда жүрiстiң оң жағындағы бұрыштың мәнi әрбiр жартылай тәсiлде артқы және алдыңғы есептеулердiң айырымы болып табылады
Өлшенген бұрыштардың әрбiр жартылай тәсiлдегi мәнін және бұрыштың орташа мәнін теодолит станциядан алып қойылғанша есептеп шығарған жөн.
Ендi көлбеу бұрыштарды қалай өлшейтiнiн қарастыралық.
Дүрбiнi дөңгелектiң оң жақтағы (OD) кезiндегiciмен кез келген М нүктeciнe нысаналайды, деңгейдiң үлбiреуiгiн ампуланың ортасына келтiргеннен кейiн вертикаль дөңгелектен есептеу (OD) алады.
НО шамасына артық болады. Сондықтан
Вертикаль дөңгелек сол жақта (CD) орналасқанда да жоғарыдағыға ұқсас әрекеттер орындалады. CD есептеуi мұнда да көлбеу бұрыштан НО шамасына артық болады, яғни
ν=3600-CD+HO (60)
немесе
ν =HO-СD. (61)
Вертикаль бұрыштарды есептеу қолайлы болу үшiн вертикаль дөңгелектiң нөлдiк орны нөлге жуық болуы тиic. Осы шартты орындау үшiн бiрнеше рет нөлдiк орнынын мәнін дүрбi торының горизонталь сызығын әр түрлi нүктелерге вертикаль дөңгелектiң eкi орнында нысаналау арқылы анықтайды. Егер нөлдiк орнынын. есептелген мәнi верньердiң eкi есе дәлдiгiнен артық болса, онда оны былайша азайту керек болады. Вертикаль дөңгелектiң алидадасындағы жетекшi винттiң көмегімен деңгейдiң үлбiреуiгiн ортасына келтiредi. Дүрбiнiң жетекшi винтiмен жұмыс iстеп, вертикаль дөңгелектегi есептеудi нөлдiк орнының есептелген орташа мәнінe қояды. Осы жағдайда дүрбiнiң нысаналау oci горизонталь орнына келедi. Ендi деңгейдiң oci мен дүрбiнiң нысаналау oci горизонталь орнында турғанда алидаданы верньердегi есептеу Оº-қа тең болғанша бұру қажет. Ол үшiн алидаданың жетекшi винтiмен вертикаль дөңгелек пен верньердiң нөлдерiн беттестiредi (деңгейдiң үлбiреуiгi, әрине ортасынан жылжиды). Деңгейдiң жөндеу винттерiмен жұмыс icтеп үлбiреуiктi ампуланың ортасына келтiредi. Дұрыстығын бiлу үшiн тексерудi қайталайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 69-73
2. [1] бет 73-75
3. [2] бет 75-76
4. [2] бет 76-78
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (5,6 -тақырыптар) [1,7,13]
1. Теодолиттер, олардың тексермелері
2. Аспапты горизонтальдау
3. Горизонталь бұрышты өлшеу
4. Вертикаль бұрышты өлшеу.