Тақырыбы:Тұрақты ток тарауын бекіту.

Жамбыл атындағы орта мектебі

Тақырыбы:

Тұрақты ток тарауын бекіту

Физика пән мұғалімі: Г.С. Джапсарбаева

Көктөбе ауылы

Тақырыптық жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты ток тарауын бекіту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ ( 1-кезең- 5 минут, 2 кезең – 25 минут, 3 кезең – 15 минут)

1. Сабақтың мақсаты:

- Білімділік :Тұрақты ток туралы білімдерін қалыптастыру

- Тәрбиелік : өз бетінше жұмыс жасауға , жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне , өзінің шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшелітерді, ана тілін ескеретін, оларды күнделктіөмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.

- Дамытушылық: әрбір оқушының деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылыоның қабілетіне жеке құзырлылығын дамыту.

2.Сабақтың мазмұны:

I-III кезеңдік тапсырмалар ( Оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар – кілтінде берілген)

3.Сабақтың әдіс – тәсілі:

I кезеңде – сұрақ- жауап:

II кезеңде – а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі:

б) дикуссия

в) практикада бекіту әдісі.

III кезең – үшдеңгйлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы 12- баллдық рейтинг жүйесі бойынша бағалаудың « қосу» әдістері.

Формасы.

I кезеңде- фронталды , жеке.

II кезеңде – а) топтық,

б) фронталды

в) ұжымдық.

III кезеңде- жеке.

5.Көрнелітер:

I кезеңде – жұмыс дәптері , тақтадағы «ашық журнал» , мұғаліммен оқушылардың жеке журналдары.

II кезеңде а) оқулық слайдтар,On-line тақтасы:

б) оқулық жұмыс дәптері:

в) оқулық, жұмыс дәптері, тақта , бор.

III- кезеңде жұмыс дәптері , тақтадағы «ашық журнал» , мұғаліммен оқушылардың жеке журналдары.

Сабақтың өту барысы:

I кезеңде – а) ұйымдастыру ;

б) үй тапсырмасын тексеріп, тақтадағы «ашық журналға» белгілеу ;

в) «көпір » тапсырмаларын тексеру:

II кезеңде – а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Мұғалімнің тақтадағы «ашық журналдағы» алдында өткен тақырып бойынша жиналған жалпы ұпай санын өзінің жеке журналына және сынып журналына баға түрінде тіркеуі.

б) мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізу;

в) тақтамен , оқулықпен жеке практка жүзінде бекіту жұмысы.

III кезеңде- бүгінгі тақырып бойынша дұрыс орындалған деңгейлік деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейіноқушылардың өзіне тақтадағы « ашық журналға » белгілетіп отыру , сабақтың соңында жиған алғашқы ұпайларын қорыту , оларды оқушылардыңжеке журналдарына тіркету және қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келуге беру. Үш деңгейді толық орындаған оқушыға төртінші деңгейдің олимпиядалық немесе ғылыми жобадан фрагмент тапсырмаларын беру. Қосымша , келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі «көпір» тапсырмарын орындап келуге беру.

Физика 8 ә сынып

Тақырыбы:Тұрақты ток тарауын бекіту.

I кезең (5-7 мин)
«Көпір» тапсырмалары ( оқушылар үйде орындап бүгінгі сабаққа дайындалып келеді) Сұрақтарға жауап бер: 1.Шалаөткізгіштегі электр тогы дегеніміз не? Ж: Шалаөткізгіштегі электр тогы деп электр өрісі әрекетінен электрондар мен кемтіктердің қарама-қарсыбағытталған реттелген қозғалысын айтады 2.Электролиттегі электр тогы дегеніміз? Ж: Иондардың реттелген қозғалысы 3.р-n – типті шалаөткізгішті кристалдар Кандай қасиетке ие? Ж: бір жақта өткізгіш қасиетіне ие. 4.Есеп тексеру
II кезең Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар(15мин)  
Теориясы « Білу» (Кім? Не? Нені?Қашан?Қандай? Қалай? Не істеді)   Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемдерді толтыр. 1.Электр тогы деп нені айтамыз? Ж: Еркін электр зарядтарының тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы . 2.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Ж:Өткізгіштің белгілі бір бөлігіндегі ток сол бөліктегі кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал болдады. 3.Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі ? Ж: өткізгіштің ұзындығына, меншікті кедергісіне тура пропорционал және көлденең қимасына кері пропорционал. 4.Электр тогының жұмысы неге тең? Ж:Ток күшінің, кернеудің және жұмыс істелген уақыт аралығының көбейтіндісіне тең. 5.Электр тогының қуаты дегеніміз не? Ж:уақыт бірлігінде жасалған жұмысты айтамыз. 6.Ағылшын физигі М.Фарадей 1832 жылы экперимент жүзінде қандай заңдылықты ашты? Ж: Фарадей заңы –электролиз заңы. 7. Тәжірибе жүзінде өткізгіштердің жылулық әрекетін тапқан кімдер? Ж; Ағылшын ғалымы Дж.Джоуль мен орыс ғалымы Э.Ленц.    
Теориясы « Түсіну» (Неге?Неліктен? Себебі? Не үшін?) Себебін түсіндір жаз: 1.Электрплитанның күйіп кеткен сымын жөндеп, оны біршама қысқартты . Бұл элктрплитаныңжұмысына әесрін тигізе ме? Ж: Ток артқанда спираль қызады 2.Қандай жағдайларда шалаөткізгіштікдиэлектрик бола алады? Ж:Температура төмендегенде.    
  Теориясы « Талдау» (Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде) Тақырыптың басты идеясын жаз , деген болу керек Тиісті шамаларды негізгі теңдеуден түрлендіріп тап, өлшем бірліктерін көп нүктенің орнына қой. Тақырыптың басты идеясын жаз:Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.  
Теориясы : «Жинақтау» (Қортынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйелі, кесте , сызба т.б. түрінде)
В (Ватт)
Ом (ом)
В (Вольт)
А (ампер)
P
R
U
Ι
Электр қуаты
кедергі
кернеу
Ток күші
Электр құбылыстары

Практикасы : «Қолдану» (Қарапайым тапсырмалар ) Элементар заряд дегеніміз не? Ол нешеге тең? Ж: электронның заряды е=1,6* 10 -19кл  
Практикасы : «Баға беру» ( Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)   24 В кернеу адам өміріне қауіпті ме ? Ж: ...............
ΙΙΙ кезең Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау15(мин)
Ι деңгей (5 балл)
Теориясы : «Білу» (Кім?Не? Қашан? Қандай?Қалай? Не істеді?)   Сұрақтарға жауап бер. 1. «электр тогы» ұғымын кім кірістірді ? Ж: ағылшын ғалымы Андре Мари Ампер . 2.Кернеуді ойлап тапқан ғалым? Ж: орыс ғалымы Александро Вольта . 3. Кедергіні ойлап тапқан ғалым? Ж: Неміс ғалымы Георг Симон Ом.    
Практикасы : «Қолдану» ( ΙΙ кезеңдегі қарапайым тапсырмаларүлгісіндегі тапсырмалар орындалады) 1. 15 секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 кл электр заряды өтеді , тізбектегі ток күшін табыңдар. а) 1,8кА в)18А с) 180мА д)8А е)8Дж   2. 1гВт = 102Вт 20гВт=? 1кВт = 103Вт 400кВт=? 1МВт = 106Вт 0,06МВт=?  
ΙΙ деңгей ( 5 балл+4 балл=9 балл)
Теориясы « Түсіну» (Неге?Неліктен? Себебі? Не үшін?) 1. 24 В кернеуге 1,5 А ток күшіне есептелінген шам 10 минут жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар. А) 216к Дж с) 216Дж В) 21,6кДж д)2,16кДж е)3,6 кДж    
Теориясы « Талдау» (Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде) Тақырыптың басты идеясын жаз , деген болу керек   1.       3.   4.    
Практикасы : «Қолдану» (Қарапайым тапсырмалар ) Слайдтағы тұрған құрал жабдықтарды ата. Амперметр, вольтметр, резистор, электроскоп,резистор, кілт
ΙΙΙ кезең ( 5 балл+4 балл+3 балл=9 балл)
Теориясы : «Жинақтау» (Қортынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйелі, кесте , сызба т.б. түрінде) 1. Тізбек бөлігінде 3 кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120Дж жұмыс атқарған кернеуді тап. А) 360В с) 40В В)0,36 кВт д)4 кв е) 40 Вт 2.Тотияйын ертіндісін элетролиздеуде 50 мин ішінде 6 гр мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? K= 3.94 * 10-7кг/Кл) А) 6 А в)12 А В) 300 А с) 24 А
Практикасы : «Баға беру» ( Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)   Сұраққа жауап беріп отырып , түсіндір. 1.Токтың қуатын алу үшін не істейміз? Ж: Өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп көбейту. 2.Тұрғын үйге берілетін кернеу 220 В болғанда, Тұтынатын ток күші 10 А-ден аспауы тиіс.

Наши рекомендации